Статья посвящена проблеме совершенствования идейно-эстетического воздействия театрализованных действия на зрителя. Предложены методики использования художественно-выразительных средств в театрализованном празднике, начиная от сценических действий, слова и всех жанров искусства, решенных в разных планах режиссерского замысла посредством образных решений основных событий праздничного действия, сценического оформления, мизансценического расположения действующих лиц, использования света, музыки, звука для передачи атмосферы и идеи события. Символико-аллегорическое и метафорическое отражение замысла есть основной фактор воздействия на зрителя.
Бұқаралық мерекеде идеологиялық және эмоционалдық әсер құралдарының қолданылуы шарт. Олар бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ықпалымен мереке аясында көрермен эмоционалдық әсер алады. Алайда мерекені ұйымдастырушылардың барлығы жоғары мәнді эмоционалды нәтижелілікке жете алмайды. Теоретиктердің айтуы бойынша эмоциялар мен мазмұндар шығармашылық нәтижеліліктің негізі. Бірақ мамандар ол әдістерді жете игермейді. [1,181].
Мәнерлеу құралдары қойылымның палитрасын анықтайды. Ол ең алдымен жанды сөз, оны іске асыра алатын және іс-әрекетін беретін сезім, көңіл күй және адамдардың ой- жеткізетін бейнелер. Тек жанды сөз ғана сахна кеңістігі мен кез келген аудиторияда қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырады. Одан басқа ол нақты ақпарат тасымалдаушы. Мерекелік іс-шарада ауызша өнер көрсету ұзақ уақытты алуы көрермендерді уақиға атмосферасына енгізу үшін, өнер құралдары әсерін толықтыру үшін қолданылады.
Бұқаралық қойылым ерекшеліктері, сөзді өте орынды да аз қолдануды талап етеді. Ол ерекшелік сөзге аса қаталдық пен талапшылдық тұрғысынан мән беру. Оның визуалді баламасын табуға тырысу. Оны пайдаланған жағдайда көпмәнділік сипат беру. Іс-шараға қатысушылар өнер көруге эмоционалды дайын болғандары маңызды. Сондай-ақ көрсетілетін өнерді қабылдай алуға эмоционалдық дайындық та қажет. Театрландырылған қойылымдардың басқа көрсетілімдерден айырмашылығы осында. Қызықты кейіпкердің, сыйлы қонақтың, осы немесе басқа да бір іс-шараның кейіпкерінің сөзі — әдетте бұқаралық іс-шараларының ажырамас бөлігі.
Көпшілік қойылымдардағы жанды сөзді қолданудың кең таралған түрі — жүргізушінің сөзі. Ол маңызды ойды білдіріп, эпизодтарды жалғайды. Театрландырылған қойылымның көрнекілік және эмоционалдық желісінің тартымдылығы жүргізушінің образдық шешімге сәйкес іс-шараның мазмұн-мәнін жеткізетін толыққанды кейіпкер ретінде қалыптасуына байланысты. Ондай жүргізуші ретінде жалпы немесе ұлттық мәдениетте танымалдыққа ие болған: туған жер, белгілі әдебиет кейіпкері, ел туы, т.б. жанды, жансыз образдар таңдалады.
Театрландырылған қойылымдарда қара сөз ғана емес, поэтикалық сөз де уақиғаны сипаттауға, мәнді хабар жеткізу үшін қолданылады.
Сонымен, көркем-мәнерлеу құрал ретінде сөзді деректі, публицистикалық және көркем-әдеби материал ретінде қолданылады. Көркем-мәнерлеу құралдар ретінде өнердің барлық жанрлары да қолданылады. Олар инсценировка, кинофильмнен үзінді, ән, музыка, би, т.б. көркемөнер номерлері болып қолданылады.
Олар көркем образдық шешімі арқылы әсер етіп, уақиғаларды суреттеп, оның дамуын, тарихи тұрмыстық жағдаятын көрсетіп, бір сәт ішінде күрделі қоғамдық үрдісті, қақтығыстарды көркемөнер құралдары арқылы баяндап бере алады. «Средства искусства, используемые в массовом празднике, эмоционально настраивают его участников, усиливают воздействие происходящих на сценической площадке событий, передают чувства действующих лиц, дополняют и двигают вперед действие» [2,206]. деген пікір айғақтайды.
Театрландырылған қойылымның көркем-мәнерлеу құралы ретінде өнер иллюстрация, уақиға желісінің арқауы және ассоциация түрінде қолданылады. Иллюстрация әдісі өнерді ой жеткізу құралы ретінде пайдаланылса, ассоциация уақиға желісін танымал образдар арқылы әсерлеу, тереңдетіп, заманауи проблемалық шешімін ұсынуда орын алады болады.
Мысалы Ұлы Жеңіс мерекесінің 69 жылы салтанатында Түркістан қаласының бес тұрғыны Ресей, Украина жерлерінде қаза тапқан бауырларының зиратын тауып, оған туған жер топырағын салып, Құран сүпесін бағыштаған адамдар қатысты. Кейіпкерлер шеруі залдан сахна төріне қолдарындағы үлкен гильза-вазаларға салынған гүл шоқтарын апарып қойды. Осы кезде экраннан қаза тапқандардың аттары жазылған бейне материалдар көрсетіліп, диктор барша халық атынан қыршын кеткен жауынгерлерге деген тілегін айтып отырды. Көрермендер сол шеруге қатынасқандай, жоғын тауып, өлілерге тағзым еткендей болды. Шеру — ассоциация, гильза-ваза ассоциация болып қабылданды.
Басқа жағдайда осы ой би арқылы қызыл мата үстіндегі, қалампыр гүлі салынған ескі каскаларды гирлянда іспеттес алып шығып, жерге қойылған каскалар алдына шырақ жағып, қызыл матаны Алматыдағы панфиловшылар ескерткіші бейнесіндегі ер жігіттер құрып, солардың үстіне қызыл мата жабуы арқылы бейнеледі. Қанға шомған шайқаста қаза болған қазақстандықтар ерлігіне тағзым ету ассоциациясы берілді.
Енді көркем-мәнерлеу құрал ретінде музыкаға тоқталып көрейік. Уақиғалар желісін байланыстырушы, мәнді ойдың әсерін күрделендіруші иллюстрациялық материал, негізгі тақырыпқа байланысты да шығарма ретінде музыка бұқаралық шарада қолданылатын, эмоционалдық-идеялық құрал ретінде орны бөлек.
Күрделі уақиғаларды көрерменге әсерлі түрде мән-мазмұнын жеткізуде хор, аспаптық оркестрлер орындауында классикалық шығармалармен көркемдеп қолдану жоғары нәтиже бере алады.
Жүз оқушы, ұлдардан құралған хор әр жерде балаларын құшақтап, қолдарына шырақ ұстап тұрған түрлі ұлт өкілдерінің әйелдерін қоршап тұрып В.Мураделидің «Бухенвальдский набат» әнін орындағанда, Рейгстагқа ту орнату алдындағы шайқаста қаза тапқандарды деректі фильм арқылы көрсеткенде А.Пахмутованың «Поклонимся великим тем годам» әнімен иллюстрациялағандағы көрермендердің орындарынан тұрып қабылдауы — эмоционалдық-идеялық әсер нәтижесі болып қабылданды.
Деректі кино қолдану — бастапқы атмосфераны қалыптастырып, уақиға желісіне көрермендерді ендіру құралы болып табылады.
Сондай кинопрологтардың бірі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ — нің 70 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс — шараның ашылуында қолданылды. Экранда университеттің 1943 жылдан бергі тарихынан сыр шертіп тарихты көз алдына келтіретіндей деректі фильм көрсетіледі. Осы кинопрологтың соңында біз аудиториядан хореограф студенттердің жүгіріп шығып мерекелік іс — шараны бастағанын көреміз. Киноматериал эпизодтың әсерлілігін арттырып, оны көпшілік сахнасының деңгейіне дейін жеткізеді. Осылайша, аталған бағдарламада «Халықтар достығы» деп аталатын би композициясы экрандағы Қазақстан халықтары бірлігін баяндайтын кинокадрлармен ұштастырыла жүргізіледі, ал ол дегеніміз осы университетте оқитын студенттердің кіші ассамблеясы қазақстандықтардың бейбітсүйгіштігінің символы екендігін дәлелдейді. Бұл мемлекеттік саяси ұстанымды қолдау сәті. Би бірмезетте үш экранда көрсетіліп тұрды да, осылайша бидің көркемдігін кеңейтіп, оны бір ерекше бірлік символы ретінде таныта алды.
Мерекелік іс — шараларда көркем фильмдерден үзінді көрсету кеңінен таралған, онда кейіпкерлер экраннан шығып сахнаға түскендей әсер береді. Мұндай тәсіл әсіресе, ұжымдық кештерде көптеп қолданылады, өйткені онда кейіпкер тұлғасын үлкейтіп көрсетіп оның өмірбаянын қазіргі уақытқа жақындатудың мүмкіндігі. «Киноны немесе бейнесюжеттерді театрландырылған көпшілік іс — шараларда қолдалуының мүмкіндіктері ұшан теңіз» [3,461].
Қазіргі кезде мерекелерді би номерлерінсіз елестету қиын. Шымкентте Ұлы Жеңіс күнінің 70- жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс — шарада жаумен күресті бейнелейтін би қойылымының соңында қатысушылар қолдарына шырақ ұстаған күйі бірін бірі құшақтаған аналар, балалар кейпінде үзілген шеңбер іспеттес мизанцена алады. Мұндай мизансценалық шешім, марқұм болған балаларын жоқтаған Атамекеннің образын келтіргендей болған еді. Бұл «Ұлын жоқтаған аналар» тақырыбындағы мизансценалық шешім мерекелік іс — шараның образын ашып, оған өзінше мән берді. Шеңбер — қазақтардың дүниетанымында бірлікті, бөлінбес тұтастықтың символы болып есептеледі.
Көпшілік мерекелік іс — шараларда театрландырылған әрекеттің негізгі маңызды компоненті ретіндегі көркем құралдарының, көркем шешімнің ролі өте зор. Образдық шешім, әрбір маңызды құрамдардың жоғары деңгейде ойластырылуы негізгі ойды жеткізуге көмектеседі. Осылайша, облыстың мерейтойына дайындық барысында суретші (ҚР мәдениет қайратері Қ.Жұмақұлов) сахнаны безендірудің ерекше түрін ойлап тапты. Ол сахна үстін Жердің киімі ретіндегі образдық шешім тапты. Жер жоғарыда, образындағы қария колосниктен сәл төмендеу тек ғана басы көрініп тұрды. Ал оның иығынан төмен қарай сахна үсті түгелімен Оңтүстік Қазақстан облысы Жерін бейнелеген қария киімімен жабылып тұрады. Оның үстінде қатысушылар әрекеті жүрді, яғни, облыстың жетпіс жылдық тарихынан түрлі көріністер көрсетілді. Оңтүстік Қазақстан облысы Жері осы әрекеттің барылығына куәгер ретінде «балаларымен» бірге уақиғаны баяндап тұрғандай әсер берді.
Осылайша нақты әрекет алаңы суретші қоюшыға мерекенің ерекше әсерлі көркем декорациялық образын табуға ой сала алады.
Бұқаралық мерекелерде режиссер жұмысы жарық пен дыбыстың үйлесімділігін тиімді қолдануды талап етеді. Әсіресе, қазіргі техникалық құралдардың дамыған кезеңінде жарық құралдары, дыбыс жазу аппаратуралары жарық пен дыбыс үйлесімділігінің мүмкіндіктерін кең қолдануға жағдай жасайды.
Дыбыс жазу арқылы режиссер мен сценаристке қатысушыларды тарихи жағдаяттарды көзалдына елестетуге, әрекетшілерді өздерін біресе Тәуелсіздік алаңында, біресе космодром алаңында сезінуге және елдің белді тұлғаларының дауысын тыңдауға мүмкіндік береді.
Театрландырылған іс шаралардың сценарийлік көркем құралдарынан басқа да эмоционалық әсерін күшейтуге арналған ерекшеліктері бар. Ол театр өнерінің көркем құралдары ретінде қолданылатын символдық және аллегориялық әрекеттерді жасау барысында пайдаланылады. Олар сахналық алаңның безендірілуінде, кейіпкерлердің киім үлгілерінде, реквизиттерде бейнесін табады. Келесі мақала солардың түрлеріне, қолданылуы технологиясына, мазмұнына арналды.
Әдебиеттер:
- Бордовская Н. В., Реан А. А. Педагогика — С.П.б; 2001.
- Конович А. А. Театрализованные праздники. М. Высш. шк.,1999. — 206С.
- Шароев И. Г., Режиссура эстрады и массовых представлений.- Москва:Просвещение, 2000.- 2-е изд. — 461 С.