Современная школа ориентирована на формирование у учащихся широкого научного кругозора, общекультурных интересов, утверждение в создании приоритетов общечеловеческих ценностей. Так как одна из главных задач современной начальной школы — создание полноценных и необходимых условий для личностного развития каждого ребенка,авторы рассмотрелипути формирование его активной позиции.
Ключевые слова:субъективизация, формирования, исследования, поисковая деятельность, индивидуализация, исследовательская деятельность,модернизация образования.
Оқытуда міндетті болып оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға жағдай жасайтын және баланың жеке тұлғасының дамуы мен даралануына көмектесетін іс — әрекеттер болып табылады. Психологтардың айтуынша бала өзінің табиғи іздемпаздығынан қоршаған ортаны тек онымен қатынасу барысында ғана таниды. Конфуций былай деген: маған айт — мен ұмытамын, маған көрсет — мен есімде сақтаймын, маған өзіме әрекет еткіз — мен үйренемін.
Педагогтардың алдында мынадай мәселе туындайды: оқушылардың дербес оқуына қажетті ойлау мен зерттеу қабілеттерін дамытатын оқыту үрдісін қалай ұйымдастыру керек? Алынған білімдер әр оқушыға тұлғалық маңызды болуы үшін қандай әдестер қолдану керек?
Педагогтардың педагогикалық әрекеттерінің қазіргі мақсаты: оқушылардың бойына зерттеу қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар жасау және іске асыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін мына мәселелер шешіледі:
оқушылардың пәндерге қызығушылығын арттыру және қолайлы оқыту ортасын жасау арқылы сабақтардағы оқыту үрдісін тиімді ету;
өз білімдерін дербес құрастыру және ақпараттық ортада бейімделу қабілеттерін дамыту;
оқу тапсырмаларын орынды орындау үшін өз-өзін ұйымдастыру;
танымдық белсенділігінің деңгейінің өсуіне себептелетін оқу-танымдық, әлеуметтік және ішкі мотивтерді қамтитын оқыту әрекетінің мотивациондық негізін құру.
Зерттеу сабақтарын жүйелі пайдалану әнбебап танымдық әрекеттердің дамуын қамтамасыз етеді және балалар мыналарды үйренеді:
зерттеу сұрақтарын қою;
мәселені тұжырымдау;
гипотезалар ұсыну;
жұмыс жоспарын құру;
бақылаулар жүргізу;
қажетті ақпаратты табу үшін тәжірибелерді жоспарлау және жүргізу,
әртүрлі ақпарат көздерінен керекті ақпаратты белгілеу (кітаптар, энциклопедиялар, схемалар, суреттер, модельдер және т. б.);
ақпаратты жүйелеу;
жұмыс нәтижелерін әртүрлі формада көрсету (сурет, таблица, ауызша немесе жазбаша хабарлама).
Субъект болу — өз әрекетінің бастаушысы болу. Егер 1 сыныптан бастап, балаларда зерттеу дағдыларын қалыптастыру бойынша мақсатталған жұмыс жүргізілсе, өз деңгейлерінде келесілер қалыптастырады:
мақсат қою және өз әрекетін жоспарлау қабілеті;
әртүрлі ақпарат көздерін пайдаланып, керекті ақпаратты мақсатты табу;
жиналған материалды сараптау және реттеу;
жұмысты безендіру;
жұмысты ұсыну;
өзін және басқаларды бағалау.
Сабақтарда субъективизация әдісін қолдану берілген сабақтағы оқу процесін жоспарлауға, мақсатын анықтауға мүмкіндік беру. Сабақ бір уақытта бірнеше есеп шешуге бейімдейтін деңгейден басталады:
жаңа материалды оқуға қажетті бұрын оқылған материал дәстүрлі емес формада қайталанады;
оқушылар сабақтың тақырыбын қалыптастырады, мақсатын қояды [1].
Субъективизация әдісін 1 сыныптағы әліппеге үйрету сабағынан бастап қолдануға болады, әсіресе жаңа әріппен танысқанда өте тиімді. Тілдік материалдың сараптауы, классификация, «артықты» белгілеу, жалпылау негізінде балалар жаңа дыбысты, әріпті қорытындылап, «танысу, айырмашылығын тауып және қайталауға үйрену және т. б». сөздерін пайдаланып сабақтың тақырыбы мен мақсатын құрады. [2]
Балалрды ізденіс шарасына қосу үшін тапсырмаларды қателесуден, дұрыс емес жауап беруден қорықпай өзінің шығару әдісін табуға құштарлығын өсіру керек. Тапсырманы өзіндік орындағаннан кейін барлық ұсынылған нұсқалар сарапталады, қателері көрсетіліп талқыланады. Рационалдырақ шешімдерге назар көбірек аударылады. Бұл басқалардың ойын тыңдау және өзінің көзқарасын дәлелдеу қабілетін дамытуға әсер етеді. Субъективизация әдісін қолдану зерттеу жүргізуді бастауға мотив, зерттеу жұмысы жолына бірінші қадам болатын танымдық қызығушылықтың дамуына әсер етеді. [3]
Кез келген зерттеу қандай ақпарат керек екенін ойластырумен басталады. Сондықтан балалар ақпарат көздерін білуі және олармен жұмыс істей алуы қажет. Бастауыш сынып оқушылары үшін басты және қолжетімді ақпарат көзі — бұл кітап. Олар ғылыми-танымдық әдебиеттермен, «Бұл не? Бұл кім? Неге?» энциклопедияларымен, анықтамалықтармен, тақырыптық сөздіктермен жұмыс істеп үйренеді. Ақпараттық әдебиеттен мәлімет іздеу ережелерін түсіндіргеннен кейін оқушыларға қызықтыратын сұрақтарына жауаптарын өздеріне табу ұсынылады.
Қосымша әдебиетпен жұмыс істеуде, балалар керек мәліметті өз бетімен мақсатты іздеуге, сараптауға және маңыздылығы бойынша сұрыптауға үйренеді. Бұл ақпараттық біліктілігінің қалыптасуына әсер етеді.
Оқушылар алынған мәліметті жалпылай алуы, жиналған материалды дұрыс безендіруі үшін және тақырып бойынша хабарлама дайындай алулары үшін ауызша және жазбаша тіл шеберлігіне ие болулары керек. [4]
Балалар сабақта біріккен зерттеу жұмыстарынан біртіндеп жасы бойынша сәйкес оларды қоршаған ортадағы зерттеу сипатындағы тапсырмаларға көшеді. «Қоршаған орта» пәнінің дәптерінде 1 сыныпқа арналған «менің ғылыми күнделігім» бар. Мысалы, оқушылар оқушылар бір ағаш таңдап, әр жыл мезгілінде оларды бақылап, өзгерістерді күнделікке сурет қылып салады.
2–3 сыныпта жануарларды бақылау тапсырылады. Алынған мәліметті шығармалар немесе қысқаша баяндамаларды жазғанда қолданады. Мысалы, көктемде шымшықтарды бақылау тапсырылды, олардың әндерін тыңдау және «Шымшық не деп шырылдады?» шығармасын жазу. 3 сыныпта жазғы демалыс ретінде «Мен қайда болдым, мен жазда не көрдім?» кітапшасында өздерінің табиғаттағы бақылауларын жазуды тапсырады. Берілген кітапшаға балалар өздерінің бақылауларының нәтижелерін, өлеңдер, иллюстрациялар келтіреді.
Бұл тапсырмалар бір затты әр түрлі жақтан көруді үйренуге, өзінің бақылауларының нәтижелерін қорытындылауға жол берді және балалардың танымдық белсенділігін тудырды.
Балалар қоршаған ортаны бақылап, табиғаттың сұлулығын ашуға, қарапайымнан кереметті көруге үйренеді. Бұл поэзиялық образдардың тууына, өлеңдер шығуына жол береді.
Ғылыми жұмыстарды жазу балаларға түсініктерін кеңейтуге, өздерінің күштерін көруге, жеке қабілеттерін ашуға және жеткен нәтижені көрсетуге мүмкіндік берді.
Оқыту процесінің зерттеу бағыты оқушыларды қалыптастыруға көмектеседі:
білімді өз бетінше алу дағдысы;
ғылыми ойлау стилі;
коммуникативтілік;
еңбекқорлық пен;
жауапкершілік сезімі.
Зерттеу сабағының айырмашылығы тұтастық яғни оның барлық деңгейлерінің байланыстылығы мен бір функцияға бағыныштылығы, берілген жағдайда — қандай да бір жаңа білімнің сабақ идеясының ашылуы немесе дәлелдеуінде. Сабақтың тұтастығы екі маңызды компоненттер арқылы іске асырылады — мотивация мен қорытындылау. Қорытындылау — бұл сабақтың мазмұнды — мәнді бөлігі болса, яғни осы үшін сабақ жүргізіледі, ал мотивация, сұрақтың тууын қамтамасыз ететін, сабақтың динамикалық бөлігі, яғни осының себебінен сабақ жүргізіледі. Қорытындылағандықтан сабақтың мазмұндық тұтастығы мен сабақ ынтымақтастығы қамтамасыз етіледі, ал мотивациядан — оның психологиялық байланыс пен барлық деңгейлердің міндеттілігін, бөлек құрағыш бөліктерге бөлуді жоюды себептейтін психологиялық біртұтастық қалыптасады.
Зерттеу деңгейін, формасын, уақытын мұғалім оқушының жасы мен белгілі педагогикалық есептерге байланысты белгілейді. Зерттеу жұмысы бірнеше деңгейден тұрады.
Бірінші деңгей бірінші сыныпқа сәйкес.
Есептерді шешу үшін келесі тәсілдер мен әдістері қолданылады: сабақтық жұмыста — топтық диалогы оқу, пәндерді қарастыру, проблемді жағдайлар, оқу — қарастыру, топтық модельдеу, сабақтан тыс жұмыста — ойын — сабақтар, баламен бірге оның жеке қызығушылықтарын анықтау, жеке схемалар құру, әртүрлі материалдардан модельдер, экскурсиялар, балалар жұмыстарының көрмесін өткізу.
Екінші кезек — екінші сынып.
Берілген деңгейде келесі әдістер мен тәсілдер қолданылады: сабақ жұмысында — оқу пікірталасы, жоспар бойынша бақылаулар, балалар мен оқушылардың әңгімелері, қысқаша зерттеулер, сабақтан тыс — экскурсиялар, жеке модельдер мен схемалар құру, қысқаша баяндамалар, рөлдік ойындар, тәжірибелер.
Үшінші кезең үшінші және төртінші сыныпқа сәйкес.
Берілген деңгейдің ерекшелігін есепке ала отырып, оқушылар жұмыстарының сәйкес тәсілдері мен әдістері бөлінеді: қысқаша зерттеулер, зерттеу сабақтар, зерттеу жұмыстарын топпен орындау және қорғау, бақылау, анкеталау, тәжірибе және т. б. Педагогтар зерттеу ұйымдастырудың сабақтан тыс формаларының мүмкіндіктерін белсенді пайдаланады. Бұл әртүрлі пәндер бойынша сабақтан тыс сабақтар және оқушылардың үйдегі зерттеулері болуы мүмкін. Үй тапсырмалары балаларға міндетті емес, олар қалауына қарай орындалады. Ең бастысы, балалар жұмыстарының нәтижесі міндетті түрде ұсынылуы қажет және мұғалім немесе оқушы ойын айтуы қажет.
Оқушылардың сабақтағы танымдық әрекетін белсендіру мақсатымен жұмбақтар, ребустар, әзіл-жұмбақтар, логикалық тапсырмалар және шеберлік қабілеттерін дамытатын тапсырмалар, сабақ барысына ертегі кейіпкерлерін енгізумен байланысты ойын кезеңдері, квазизерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін рөлдік ойындар қолданылады.
Осылайша оқыту процесі балаға өз таланттары мен қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді, орта білім беруде қажетті өзін дамытуға дайындықты қалыптастырады.
Әдебиеттер:
- Бакулина Г. А. Комплексное интеллектуальное развитие младших школьников. — Киров: ВГПУ,1999. — 175 с.
- Бакулина Г. А. Обучение языку средствами субъективизации. //Начальная школа. Журнал. — 2000. — № 11. — с. 39- 46.
- Иванова Н. В. Возможности и специфика применения проектного метода в начальной школе. // Начальная школа. Журнал.- 2004. — № 2. — с.5–10.
- Лицей естественных наук. Исследовательская деятельность педагогов и учащихся. Методический сборник. — Киров: Изд-во Лицея естественных наук, 2003.- 178с.