Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы және көпқатарлы үлгілерінің шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша салыстырмалы талдауы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 26 октября, печатный экземпляр отправим 30 октября.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тохетова, Л. А. Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы және көпқатарлы үлгілерінің шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша салыстырмалы талдауы / Л. А. Тохетова, А. А. Демесинова, М. К. Бекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.2 (109.2). — С. 14-17. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26693/ (дата обращения: 18.10.2024).



Дақыл өнімін арттыру үшін егіншілік мәдениетін көтерумен қатар, сапалы сорттар егудің маңызы да орасан зор. Ал экологиялық қолайсыз аймақ үшін жергілікті селекция сортын өсіру бірден бір қолайлы шара екені белгілі: әлемдік тәжірибе де бұл шараны қуаттайды. Селекция жұмыстарын жүргізу үшін негізгі фондарды таңдап алудың маңызы орасан зор. Егін шаруашылығын ғылыми-техникалық прогрестеудің басты бағыттарының бірі селекция болып табылады. Биологиялық өнімділігі жоғары сорттар шығару үшін алғашқы материалдарды әзірлеу әдістемелерін жаңартып отыру керек [1].

Зерттеу материалдары мен әдістері. Зерттеу материал ретінде арпаның 367 отандық және шетелдік үлгілер жиынтығы алынды. Осы 367 сортүлгінің 313 үлгісі немесе 85% екі қатарлы (V.nutans, medicum) және аз мөлшерде 54 үлгі немесе 15% алты қатарлы (V.pallidum, ricotenze) болды. Стандарт ретінде ерте пісетін, Арал өңірінде аудандастырылған Асем сорты, әр 20 үлгіден соң егіліп отырды. Егіс көлемі – бір қатарлы, ұзындығы – 1 метр, 3 қайталануы. Арпаның өсу дәуірі, өнім түзу негізі [3] анықталып, Б. Доспехов [4] тәсілімен алынған материалдар математикалық өңдеуден өткізілді. Тәжірибе 2014-2015 жылдары Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-тәжірибе учәскесінде жүргізілді. Алғы дақылы - күріш. Тәжірибе учаскесінің топырағы – шалғынды-батпақ, қара шірінді мөлшері – 0,92 %, тығыз қалдықтар – 0,88%, тұздануы - хлорид-сульфатты. Қызылорда облысының климаты шұғыл континентті, жазы ыстық, құрғақ жән қысы суық, бірақ қар жерде ұзақ тұрақтамайды. 2014 жылы қолайсыз ауа-райы (жоғарғы температура, құрғақшылық) орын алды, атап айтқанда ауаның орташа жылдық температурасы 10,9°С, ал жауын-шашын мөлшері 148 мм болып, небары 46 мм жауын өсімдіктің вегетациялық мерзімінде жауды. Ал 2015 ауаның орташа жылдық температурасы 11,9°С, ал жауын-шашын мөлшері 159 мм дейін төмендеді, бұл сәйкес келетін орташа көпжылдық мөлшерден аз, дегенмен соның ішінде айтарлықтай жоғары қалыптағы 89 мм жауын-шашын өсімдіктің вегетациялық мерзіміне сәйкес болды.

Зерттеу нәтижелері.Коллекциялық питомниктегі арпа дақылының 367 үлгісі ботаникалық алуан түрлілігімен ерекшеленіп, екі қатарлы формасы «нутанс», «медикум», «инерме», ал көп қатарлысы «паллидум», «рикотензе» түршесімен ажыратылды. Арал өңірінің стресстік жағдайларында сорттардың бейімделуі онтогенездің бастапқы кезеңдерінде шешуші рөлді атқарады, ол далалық өнгіштігі мен бастапқы өсу қарқындылығы. Зерттеуге алынған үлгілердің ішінен далалық өнгіштігі 85% жоғары көрсеткіштікке ие үлгілерге ерекше қызығушылық танытылады. Осындай көрсеткіш көрсеткен екі қатарлы үлгілер: Одесский 100, Одесский 164, Донецкий 650, Донецкий 164 (Украина); 520695, 520628 (Сирия), БИ-41, БИ-55 (Иран); Уреньга, Резонанс, Дивный (Ресей); Нутанс 89, Медикум 8955, Сусын, 53\82-22, 89\83-5, 93\80-14 (Қазақстан) және көп қатарлы үлгілер: В 024, К 614 (Жапония); 5-72, 5-75, 5-88 (Сирия); Паллидум (Украина), ал стандартты Сыр Аруы - 70%. Сорттардың шаруашылық тұрғыдан тиімділігі, осы аймақта өсе алатын мүмкіншілігі олардың өсу дәуіріне тікелей байланысты. Біздің екі жылдық зерттеуде де ауа-райы ыстық болып, арпа үлгілерінің вегетациялық кезеңінің қысқа болғаны байқалды. Зерттеудегі екі қатарлы арпаның «нутанс» түршесінің 257 үлгісінің 154 үлгісі немесе 60 %, ал көп қатарлы арпаның «паллидум» түршесінің 47 үлгісінің 39 үлгісі немесе 83 % ерте пісетін мерзімді көрсетті. Байқағандай көп қатарлы арпа екі қатарлыға қарағанда ертерек пісетінін көрсетті. Ал вегетациялық кезеңі 90 күннен асатын көрсеткішті екі қатарлы арпаның 8 үлгісі: Harrington, N942, N157, S26-3 (Япония); 23385 (Боливия); 2\7-01 (Сирия), Скарлетт, Мальц (Германия) көрсетсе, ал алты қатарлы арпа үлгісінде табылған жоқ.

Өсімдік биіктігі.Дәл осы белгіні зерттеуге генетиктер мен селекционерлер ерекше қызығушылық білдіреді, себебі бұл белгі тұрақтылығымен ерекшеленеді және аз мөлшердегі гендермен бақыланады. Зерттеудегі үлгілердің биіктігінің екі жылдық орташа көрсеткіштері мынадай аралықта болды: екі қатарлы үлгілерде – 56,2....89 см, алты қатарлы үлгілерде – 33,2....78,2 см, сөйтіп үлгілердің түрлену коэффициенті екі қатарлыда – 7,9%, ал көп қатарлыда – 18,6% болды, яғни екіқатарлы генотиптерде бұл белгі қоршаған орта жағдайына байланысты емес (1-кесте). Зерттеулер нәтижесінде мына үлгілер төмен өзгергіштікті көрсетті: екі қатарлы үлгілер: Арна, Әсем, Бота, Нутанс 58, Аққайың, Карабалыкский 23, Жұлдыз, Гранал 447, Пастбищный, Целинный 93, 3\95-12, 3\95-14, 3\95-19, 4\83-10, 4\83-10, 16\83-11, 25\00-21, 27\98-6, 44\00-14, 88\86-31, 88\86-36, 172\83-13, Гранал 447, Пастбищный (Қазақстан), Одесский 100, Донецкий 8 (Украина), Steploe-1, Spring (Германия), БИ-55 (Иран), 11/17-01, 520695, (Сирия). Алты қатарлы үлгілер: 44\87-14, (Казақстан), Оренбургский 16 (Ресей), БИ-54 (Иран), И 643, И 342, Е 812 (Жапония).

Кесте 1. Қызылорда облысы жағдайындағы арпаның морфо-биологиялық белгілерінің өзгергіштігі мен орташа көрсеткіштері

Белгілер

Жылдар

min

max

x ± m

V,%

1

Вегетациялық кезеңі, күн

2-R

2014

68

92

76,5±0,38

4,8

2015

67

90

77,3±0,37

4,6

2014-2015

67,5

91

76,9±0,38

4,7

6-R

2014

68

82

74,0±0,8

5,1

2015

66

84

75,1±1,1

6,4

2014-2015

67

83

74,5±0,96

5,8

2

Өсімдік биіктігі, см

2-R

2014

52,0

82,8

65,9±0,49

7,2

2015

60,3

95,2

77,8±0,56

6,9

2014-2015

56,2

89

70,3±0,52

7,9

6-R

2014

35,0

73,0

60,7±2,28

16,8

2015

31,3

84,3

70,7±3,17

20,1

2014-2015

33,2

78,7

65,7±2,7

18,6

3

Масақтың ұзындығы, см

2-R

2014

5,0

12,0

7,9 ±±0,08

9,7

2015

5,3

13,0

7,9 ±0,12

15

2014-2015

5,2

12,5

7,9±0,12

14,2

6-R

2014

2,5

7,0

5,0±0,27

24,0

2015

2,8

7,9

5,6 ±0,26

25,6

2014-2015

2,7

7,5

5,3±0,29

24,3

Өнімді түптер саны.Бұл белгісорттың генетикалық ерекшелігі ретінде анықталады және В.В.Глуховцев [5] дәл осы белгінің сорттың өнімділігін көтеруде маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті. Зерттеулер нәтижесінде мына үлгілер төмен өзгергіштікті көрсетті: екі қатарлы үлгілер: Арна, Асем, Донецкий 8, Донецкий 164, Одесский 100, Табыс, Оренбургский 115, Престиж және көп қатарлы үлгілер: 44\87-14, Оренбургский 16, 5-72, 5-75, И 643, I 743, K 614.

Кесте 2. Қызылорда облысы жағдайындағы арпаның өнімділік белгілерінің өзгергіштігі мен орташа көрсеткіштері

Белгілер

Жылдар

min

max

x ± m

V%

1

Өнімді түптер саны, дана

2-R

2014

1,1

2,7

2,0±0,03

12,6

2015

1,1

2,9

1,9±0,03

14,3

2014-2015

1,1

2,8

1,95±0,02

13,4

6-R

2014

1,2

2,6

1,8±0,08

21,8

2015

1,0

2,3

1,3±0,07

22,9

2014-2015

1,1

2,5

1,6±0,06

23,3

2

Масақтағы дән саны, дана

2-R

2014

14

28

21,2± 0,22

10,2

2015

14

30

21,6±0,26

11,4

2014-2015

15

29

21,4±0,22

11,4

6-R

2014

30

48

35,1±4,63

13,7

2015

30

54

39,7±1,44

16,2

2014-2015

30

51

37,4±1,26

15,0

3

1000 дәннің салмағы, г

2-R

2014

35,0

55,0

43,9±0,32

7,0

2015

33,3

55,6

43,4±0,31

6,8

2014-2015

34

55,3

43,7±0,31

6,9

6-R

2014

30,0

55,0

43,9±1,2

12,2

2015

29,6

49,3

39,9±1,2

10,7

2014-2015

29,8

52,2

41,9±1,3

14,3

4

1 м2 жердегі дән салмағы, г

2-R

2014

161

980

429,3±13,1

29,4

2015

252

910

543,8±6,2

18,6

2014-2015

207,1

945,0

486,6±11,8

23,4

6-R

2014

340

1 275,1

678,7±56,1

37,1

2015

197,3

1 251,9

617,5±63,2

45,8

2014-2015

268,8

1 263,5

648±59,6

41,1

Масақтағы дән саны.Түтіктену фазасы «сын кезеңі» болып табылады, осы кезеңде болатын абиотикалық факторлар, әсіресе құрғақшылық, өнімділікті елеулі төмендетеді. Біздің зерттеудегі үлгілердің генетативті органдарының қалыптасуына өңіріміздегі 2014 жылға қарағанда 2015 жылғы қолайлы жағдай болды, атап айтқанда, түтіктену-масақтануы кезеңінде бірқалыпты жауған жауын-шашын оң әсерін тигізді (3 кесте).

Кесте 3. 2014-2015 жылдардың жаздық арпаның вегетациялық кезеңдерінің гидротермиялық жағдайы

л

Көрсеткіш

Вегетациялық кезеңдері

Егу-көктеу

Көктеу-түптену

Түптену-түтіктену

Түтіктену-масақтануы

Масаұтануы-пісу

Егу-пісу

Барлық вегетация бойынша

2014

∑ жауын шашын, мм

2,9

8,0

0

0

11,1

10,9

22,0

Температура, 0С

орташа

8,9

14,5

24,9

23,6

26,3

17,3

20,2

∑ белсенді температура

77,7

213,8

374,5

259,4

683,5

863,1

1517,7

ГТК (гидротермиялық коэффициенті), мм/град.

0,37

0,37

0,03

0,04

0,16

0,13

0,14

2015

∑ жауын шашын, мм

3,0

18,7

5,6

32,4

7,0

59,7

66,7

Температура, 0С

орташа

14,6

17,9

22,3

19,8

28,2

18,8

22,1

∑ белсенді температура

133,7

294,4

290,0

276,9

844,9

939,1

1759,8

ГТК (гидротермиялық коэффициенті), мм/град.

0,22

0,64

0,19

1,17

0,08

0,64

0,38

Сөйтіп, үлгілердің масағындағы дән саны 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы көптігімен ерекшеленді. Зерттеудегі үлгілердің масағындағы дән санының екі жылдық орташа көрсеткіштері мынадай аралықта болды: екі қатарлы үлгілерде 15-29 дана, алты қатарлы үлгілерде ол 30-51 дана болып, үлгілердің түрлену коэффициенті екі қатарлыда –11,4%, алты қатарлыда -15% болды. 2014 жылдың ГТК бойынша ауа райы құрғақ деп сипатталады, әсіресе түтіктену кезеңінде жауын-шашын жоқ болды. Осындай орын алған жағдайда бізге арпаның генотиптерін құрғақшылыққа төзімділігін бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеулер нәтижесінде мына үлгілер төмен өзгергіштігімен және құрғақшылыққа төзімділігімен ерекшеленді: екі қатарлы үлгілер: БИ-55, БИ-9, Уреньга, Аққайың, Бота, Мамлюк, Гибрид ВИР, Унирия, Илек 1,Компакт, т.б., және алты қатарлы үлгілер: 44\87-14 (Қазақстан), 5-72, 5-88 (Сирия), БИ-11, БИ-54 (Иран), Паллидум (Украина).

1000 дәннің салмағы.Біздің зерттеудегі арпа үлгілерінде 1000 дәннің салмағы 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда төмен болды, себебі, 2015 жылы маусым айында (дән пісу кезеңінде) қалыпты температура ауытқып, 3,1°С –қа жетті және бұл рекордтық көрсеткіш болып табылды.Осылайша, ең жоғарғы ауа температура (44,2 °) 29 маусымда болды. Бұл дәннің тез толысып, пісуіне әкелді. Зерттеулер нәтижесінде мына үлгілер төмен өзгергіштікті көрсетті: екі қатарлы үлгілер: Асем, БИ-55, Одесский 100, Донецкий 8, Донецкий 164, Аққайың, Унирия, Престиж т.б., көп қатарлы: 5-75, 44\87-14, И 643.

Қорыта айтқанда, екі жылдың қорытындысы бойынша арпаның пісу мерзімдері әртүрлі, бойы 70 см - ден жоғары, далалық өңгіштігі 75,0 % төмен емес, жалпы айтқанда, Арал өңірінің стресстік жағдайларында төмен өзгергіштіктігімен ерекшеленді. Сөйтіп, екі жылдық зерттеу нәтижісінде мына үлгілер ерекшеленді: екі қатарлы үлгілер: Аққайың, Асем, Табыс, Карабалыкский 150, Нутанс 58, Медикум 30, Целинный 50, Целинный 93, Донецкий 8, Донецкий 164, Одесский 100, Скарлетт, Гибрид ВИР, Славянский, Престиж, БИ-55, БИ-16, М 2\84-23, 3\95-12, 3\95-20, 15\89-1, 20\86-5, 30\83-17, 44\00-14, 49\85-1, 53\86-20, 59-87-7, 89\83-5, 93\80-14, 108\86-4, 172\83-13. Алты қатарлы үлгілер: 5-72, 5-75, БИ-11, 44\87-14, К614, В024. Болашақта осы ерекшеленген генотиптерді будандастыруда ата-аналық қор ретінде қолдануды ұсынамыз.

Әдебиет:

  1. Тохетова Л.А., Бекова М. и др. Комплексная оценка сортообразцов ячменя на устойчивость к стрессовым факторам Приаралья // Молодой ученый – 2015. – № 19.2. – С. 11-14.
  2. Методические указания ВИР по изучению мировой коллекции ячменя. – Ленинград. – 1981. – 30 с.
  3. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта // Москва “Колос”, 1973. – 335 с.
  4. Глуховцев В.В. Осебенности селекции ярового ячменя в условиях Среднего Поволжья // Селекция и агротехника зерновых и зернобобовых культур в Среднем Поволжье. – 1988. – С.27-30.
Основные термины (генерируются автоматически): Сирия, Иран, Украина, Гибрид ВИР, мена, оса, Селекция, температура.


Похожие статьи

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Асханалық қызылшаны Қызылорда облысы жағдайында өсірудің технологиялық ерекшеліктері

Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдердің құқықтық негіздері

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Қызылорда облысының орталық ауданында жоңышқа дақылының өсуін суару режимінің әсері

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Похожие статьи

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Асханалық қызылшаны Қызылорда облысы жағдайында өсірудің технологиялық ерекшеліктері

Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдердің құқықтық негіздері

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Қызылорда облысының орталық ауданында жоңышқа дақылының өсуін суару режимінің әсері

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

Қызылорда қаласы төңірегінде көктем мезгілінде топырақта ауыр металдардың таралуы

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Задать вопрос