Информатика пәнін жаңа тұрғыда оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 30.03.2016

Статья просмотрена: 1792 раза

Библиографическое описание:

Мырзалиева, Г. Ә. Информатика пәнін жаңа тұрғыда оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары / Г. Ә. Мырзалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.2 (109.2). — С. 51-53. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26705/ (дата обращения: 16.11.2024).



Қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, оқушының бойында шығармашылық ойлауды, бастамашылдықты дамытуға мүмкіндік жасау, тұлғаның үйлесімді дамуына қолайлы жағдай туғызу нәтижесінде оның өзіндік мүмкіндіктерін жоспарлы пайдалана білуіне қол жеткізу арқылы тұлға біліктілігін қалыптастыру.

Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу үдерісіндегі дәстүрлі әдістердің озық заман талабына жауап бере алмайтындығы өзінен-өзі түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру оқу-тәрбие үдерісіне озық тәжірибені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді.

Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Н.Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Сонымен қатар оқытудың инновациялық технологиялары негізінде білім беруді жүзеге асыру арқылы оқушының қабілетін, өзіндік дамуын, біліктілігін қалыптастыру мәселесіне ғалым-педагогтар М.Құдайқұлов, Б.Тұрғынбаева, М.Жанпейісова, Н.Сарсенова да назар аударған [1]. Белгілі ғалым М.Поташник «Инновация – оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» деген анықтама берсе, Н.Талызина «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» деп анықтайды, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді [2].

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы.

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өту керек. Осындай жұмыс барысында жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып, сабақты түрлі іскерлік ойындар, жарыстар түрінде, пәнаралық байланыс түрінде, көрнекіліктермен, дидактикалық материалдар пайдалана отырып, өтсе балалар қызығатын сияқты. Ол үшін оқытудың жаңа технологияларын, қашықтықтан оқыту, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану секілді ауқымды мәселелердің өзектілігі артады.

Информатика мұғалімдерінің педагогикалық жұмысына қойылатын талаптарының басқа пәндер мұғалімінің жұмысына қойылатын талаптардан гөрі елеулі ерекшеліктері, айырмашылықтары бар. Сол талаптарды іске асыру - мұғалімнің жұмыстарының мақсаттылығын күшейтіп, сабақтан тыс уақытында нәтижелі әрі құнды материалдарды ұйымдастыруына мүмкіндіктер туғызады. Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік, бақылау және тестік тапсырмалардың, пысықтау сабақтарының, қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.

Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына, жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған. Бақылау және тестік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі. Дидақтикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық, түсінікті, ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.

Тест тапсырмаларды пайдаланып, нәтижесіне талдау жасай келе, мынадай қорытынды жасауға болады. Тест тапсырмалары оқушылардың қандай материалды игеріп, қай материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін анықтауға да мүмкіндік береді.

Дидактикалық ойындарсыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойые элементтерінің рөлі зор. Ойын элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз іс тәжірибемде бірнеше ойын түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады. Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімге қызықтырады.

"Информатика" пәнінен 6-сыныпта «Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы програм-малар» тақырыбында өткен сабақта оқушылар компьютерлік вирустардың түрлерін анықтап , вирустарды жою түрлерін меңгеріп , және ақпаратты вирустан сақтау жолдарымен өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланды. Менің бұл сабағым бұрын өтіп жүрген сабағымнан әлде қайда өзгеше болды. Бұл сабақтағы мен оқыту мақсатына - оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытып, тақырып мәнін өз бетімен оқып түсінуін, топпен жұмыс жасауын, өзгелердің пікірін тыңдай алып, ол пікірді бағалауын және өзін - өзі бағалауға, топпен бағалауға, жұппен бағалау дағдыларын қалыптастыруды алдым. Оқушылар терең білім алып, болашақта пайдалана алатындай және тиісінше сол білімдердің ұзақ уақытқа есте сақталуына жағдай жасайтын тәсілдерді оңтайлы таңдау болды. Осы мақсатты жүзеге асыруда «Ойлан, жұптас, бөліс», тұжырымдамалақ карта, «Сәйкесін тап», «Кеңейтілген тапсырма», компьютермен жұмыс, әдістерін таңдап алдым.

Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында "Крестиктер мен нолдіктер" ойынын қолдандым. Бұл тапсырмада интерактивті тақтадан суреті мен сұрақтар көрсетіледі, осы сұрақтардың дұрыс жауабын «Х» -деп, дұрыс емес жауабын «О» - деп белгілеп шығуы керек. Нәтижесінде, дұрыс жауап берген оқушыларда үш «Х», үш «О» шығады. Сұрақтар күрделірек болғандықтан жетінші, сегізінші, тоғызыншы сұрақтарға жауап берген оқушылар саны көп болмады, бұл тапсырманы сыныптағы барлық оқушылардың бірдей деңгейде орындамағанын анықтадым. Осы тапсырма арқылы дарынды және талатты балаларды, жас ерекшеліктеріне сай оқытуда ізденісті дамыта түсуім керектігіне көз жеткіздім.

Жаңа сабаққа ену мақсатында мен сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту аясында "Педагогикалық жағдаят" арқылы мынандай ситуациялық сұрақтар қойдым: Балалар барлықтарыңда үйде компьютер бар ма? Ол компьютермен қандай жұмыс жасай аласындар? Қаншалықты көп жұмыс жасайсындар? Компьютерлерің жақсы жұмыс жасай ма? Неге кейде әр түрлі жазулар шығып кетеді деп ойлайсындар? Оқушылар бұрын-соңды компьютермен, телефон түрлерімен жұмыс жасап жүргеннен кейін бұл сұрақтар аса қиындық туғызбай, «вирус» - деген жауапты тез алдым.

Жаңа сабақты пысықтау мақсатында «Сәйкес мәтінді тап» атты жұптық жұмыс жүргіздім. Мақсатым: жаңа сабақты меңгеру барысындағы оқушылардың алған білімдерін пысықтау болды. Кестеде орны алмастырылған 2 сұрақ берілді. Жұпта орындалған тапсырманы бір - біріне тексерту арқылы оқушылар бірін - бірі критерий арқылы бағалады.

Сабақ үстінде кроссворд шешуге арналған қысқаша бақылау жұмыстарының да орындауға болады. Кроссворд жасау - үй жұмысы. Балалар әдебиетпен танысып, терминдерді қайталайды, жаңа ұғымдарды біледі. Мұғалім олардың тереңдігін, жаңа сөздер санын кроссвордтың құрылу күрделілігін, қателерді тексереді. Кроссвордтармен жұмыс істеу балаларға ұнайды, сабақты қызықты етіп өткізуге көмектеседі. Олар оқушылардың шығармашылық жұмыспен айналасуына түрткі болады, олардың тек компьютерге жұмыс істеуге ғана қызығушылығын емес, пәннің теориялық негіздерін білуге ынталандырады.

Анаграммалар, ребустар және кроссвордтардан да басқа ойын технологияларын пайдалануға болады. Мысалы, «Литерлік шамаларды өңдеу операциялары» тақырыбын өткенде, қиып алып желімдеу операцияларын да қарастыруға болады, олардың жаңа сөздер табуға көмектесетінін де айтып кеткен жөн.

Информатика пәні -басқа пәндерден алған білімдерді пайдаланушы және оны дамытушы пән. Демек, оқушылардың ғылыми дүние танымының, көзқарастарының негізі олардың басқа пәндерден алған білімдерін жинақтау нәтижесінде қалыптасуы керек. Бұл пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады. Пәнаралық байланыс - күрделі педагогикалық проблемалардың бірі. Информатика сабағына интерактивтік әдісті қолданудан оқушылардың білімі тиянақталады, білімі тереңдейді, өздігінен кітап оқуға дағдыланады, өмірмен байланылыстығын, информатика пәнінің түрлі пәндермен байланысты екендігіне көздері жетеді. Компьютерді экологияны, табиғатты қорғауға, экономиканы жобалауға, мәдениетті дамытуға, информатиканы география, физика, химия, еңбек, құқық, математика пәндерімен, медицина ғылымдарымен байланыстыруға болады. Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын, өзіндік ойлау қабілеті бар, өзін өзі жетілдіре алатын, жаңа типтегі адамды қалыптастыруға, тәрбиелеп шығаруға болады. Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін өзі жақсы қорғай алады. Ендеше қоғам талабына сай білім беру үшін жаңа педагогикалық технологияларды әр түрлі оқыту әдістерімен сабақтастыра жүйелеп, заманауи тиімді білім беру жүйесін жасақтай білуіміз керек.

Әдебиет:

1. Тәжібаева С.Г. Педагогика. - А., 2007.

2. Бұзаубақова К. Жаңа педагогикалық технологиялар // Қазақстан мектебі. - 2012. - №5.

3. Чернилевский Д.В. Креативная педагогика и психология. - М., Академический проект, 2004. – 560 с.

4. Жұмабаев М.. Педагогика. – Алматы, Ана тілі, 1992. – 160 б.

Основные термины (генерируются автоматически): информатик, мена.


Похожие статьи

Химия пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық құндылықтары мен дағдыларын дамыту

Инновациялық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары

Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнындағы құндылықтық-ынталандырушы астарлар

Қазақ халқының тұрмысындағы ағаш өнерінің маңызын оқыту арқылы оқушыларда технология пәніне қызығушылығын арттыру

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы

«Бұлттық технологиялар» — оқу үдерісін ұйымдастыру барысындағы информатика пәнін оқытудың жаңа заманғы ресурсы

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың негізгі құралы

Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының биологияға қызығушылығын арттыру әдістемесі

Пәнаралық интеграция негізінде оқушының құзырлылығын қалыптастыру

Оқытудың инновациялық технологиялары – шәкірттің тұлғалық болмысын дамыту құралы

Похожие статьи

Химия пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық құндылықтары мен дағдыларын дамыту

Инновациялық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары

Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнындағы құндылықтық-ынталандырушы астарлар

Қазақ халқының тұрмысындағы ағаш өнерінің маңызын оқыту арқылы оқушыларда технология пәніне қызығушылығын арттыру

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы

«Бұлттық технологиялар» — оқу үдерісін ұйымдастыру барысындағы информатика пәнін оқытудың жаңа заманғы ресурсы

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың негізгі құралы

Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының биологияға қызығушылығын арттыру әдістемесі

Пәнаралық интеграция негізінде оқушының құзырлылығын қалыптастыру

Оқытудың инновациялық технологиялары – шәкірттің тұлғалық болмысын дамыту құралы

Задать вопрос