Сыр елінің демографиялық үрдісі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 30.03.2016

Статья просмотрена: 66 раз

Библиографическое описание:

Оразбаков, А. Ж. Сыр елінің демографиялық үрдісі / А. Ж. Оразбаков, Ж. А. Джуманова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.2 (109.2). — С. 28-30. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26717/ (дата обращения: 16.11.2024).



Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көші-қон саясатын шығаруға тиіс. Егер біздің мемлекеттік органдарымыз бұған бұрынғысынша немқұрайлылықпен қарайтын болса, онда біз ХХІ ғасырдың қарсаңында Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретінін демографиялық «Крест–оппа» жағдайына тап боламыз. Бұл тенденцияны дереу тоқтатуға тиіс» — деген пікірі Елбасымыз жолдауында халық санын 25 миллионға жетерлік дені сау, тұрмысы ауқатты, әрі салауатты өмір салтын ұстанған, білімі терең, мамандығы ұшталған азаматтары мен тұрғындары болуы керек делінген [1].

Егеменді еліміз 1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан кейін, көк байрағын желбіреткен күннен бастап республика тәуелсіз ел ретінде өзіндік саясат жүргізе бастады. Соның бірі — Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты. Себебі көші-қон үрдістері елдегі мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, экономикалық және демографиялық жағдайларға әсерін тигізеді. Ал қазіргі уақытта көші-қон үдерісінің негізі — кеңестік дәуірде қалыптасқан көші-қондық үдерістермен тығыз байланысты. Сондықтан кеңес кезеңіндегі көші-қон саясатының ерекшелігі мемлекеттік деңгейде жүргізілген [2] яғни КСРО уақытында қоныстанған өзге ұлт өкілдері өзінің тарихи отандарына көше бастады, ал шетелдердегі қандас бауырларымыз елге қарай көш басын бұрды. Ел басына қиындық туғанда тарыдай шашылған қазақтың басы бір Отанда — Қазақстанда тоғыса бастады.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзі қолдау көрсеткен көші-қон саясаты іске асып, сол ағылған көш легі 2005 жылға дейін үзілген жоқ. Алайда 2005 жылдан кейін ғана шекарадан бері ағылған бауырластар арасынан ел мен жерге сіңісе алмай кері көшкендері де болды. Бірақ, бұл да отанына оралуды армандаушыларға кедергі бола алмады.

1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша бұл еліміздің тұрғындарының жалпы санының 5,5 % құрайды.

Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,6 % — Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2 % — Қытайдан, 9,2 % — Моңғолиядан, 6,8 % — Түрікменстаннан, 4,6 % — Ресейден және 3,6 % — өзге елдерден оралған қандастарымыз [3].

Елге оралған қандастарымыздың 55,6 % — еңбекке қабілетті жаста болса, 18 жасқа дейінгілері — 39,9 %, зейнеткерлер — 4,5 % құрайды. Еңбекке жарамды оралмандардың 8,8 %-ның жоғарғы білімі бар болса, 20,6 %-ында орта арнаулы білім бар, 60,8 % — жалпы орта білімі бар азаматтар, ал 9,8 %-нің білімі жоқ. 24 қарашада Елбасы Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның көші-қон мен халықты жұмыспен қамту салаларын әрі қарай жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған «Кейбір заңнамалық актілерге халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойған болатын.

Республиканың басқа облыстарымен салыстырғанда, Сыр елінің ерекшелігі — халықтың басым көпшілігі өзге елдерден көрі, еліміздің басқа аймақтарына көшуінде. Қызылорда облысындағы қазақтар экологиялық, әлеуметтік-экономикалық жағдайын түзету үшін Қазақстанның басқа қалаларына көшу байқалды. Республикамыздың барлық өңірлерінде үйлер мен пәтерлердің қымбаттауы, көптеген облыстарда пәтерлердің бұрынғыдай кезекке тұрып тегін берілу жүйесінің тоқтатылып, ипотекалық жүйеге көшуі — Сыр өңірі халқының облыстан кетуін азайтты.

Қызылорда өңірінде урбандалу үрдісі жылдан-жылға дамып халық тұрғындар саны артып келеді. Оның себебі еліміздің экономикасы жақсарып, әлеуметтік қиындықтардың шешіле басталуы болып табылады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, еңбекақы өсіп, жаңа мектептер мен ауруханалар салынып, бала күтіміне бөлінетін қаржылардың өсімі еліміздің халқының санының артуына үлкен үлес қосуда. Осындай күрделі өзгерістерден кейін Сыр елінің халқының өсімі едәуір алға басты.

Еліміз көпұлтты мемлекет болғанымен, Қызылорда облысында қазақтар басым 95,88 % құрайды. Бұл басқа облыстарға қарағанда ең жоғарғы көрсеткіш. Облысымыздағы өзге ұлт өкілдері 4,22 % құрайды, оның ішінде орыстар-2,03 %, кәрістер-1 %, өзбектер-0,19 %, татарлар-0,2 % және 0,8 % басқалары құрайды [4]. Сонымен қатар Сыр елінде түріктер, шешендер, украиндер, әзербайжандар, башқұрттар, немістер, белорустер, гректер, қырғыздар, ұйғырлар т. б. ұлт өкілдері мекен етеді.

Халық санының өзгеруі

Облыстағы халық саны 2015 жылдың 1 қарашасына ағымдағы деректер бойынша 763,0 мың адамды құрады, оның ішінде 39,5 мың адам Байқоңыр қаласындағы Қазақстан Республикасының азаматтарының үлес салмағында. 2014 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда ол 11,7 мы ң адамға немесе 1,5 %-ға артты. 2015 жылдың басымен салыстырғанда жылдың қантар-қазан айында халық саны 9,8 мың адамға өсті [4].

Елбасшысы 1991 жылғы 31 желтоқсанда жариялаған «Атамекенге келемін деуші ағайындарға жол ашық» мақаласына (1992 жылдың 1 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) биыл 25 жыл толады. Ал осы заң жобасы Елбасының сол мақалада айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруда шетелдердегі қандастарымыздың тарихи Отанына оралуын әрі қарай ынталандырады, сөйтіп, Қазақ көшін жандандырады деп сенеміз.

Әдебиет:

  1. Тәтімов М.,Әлиев Ж. Дербестігіміз — демографияда. — Алматы, Жеті жарғы, 1999.
  2. Ерімбетова Қ.М. Қазақстандағы Кеңес мемлекетінің көші-қон саясаты (1960–1990). — Алматы, 2009.
  3. Kyzylorda.stst.kz ҚР Ұлттық Экономикалық Министрлігі Статистикалық комитеті Қызылорда облысының статистикалық департаменті.
  4. Ерімбетова Қ.М. Қазақстандағы көші-қон саясаты. — Алматы, 2009.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос