Жастар арасында девиантты мінез-құлықтың қалыптасу ерекшеліктері және оны алдын-алу шаралары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №5 (109) март-1 2016 г.

Дата публикации: 11.03.2016

Статья просмотрена: 3049 раз

Библиографическое описание:

Шайхисламова, Г. Ш. Жастар арасында девиантты мінез-құлықтың қалыптасу ерекшеліктері және оны алдын-алу шаралары / Г. Ш. Шайхисламова, Салтанат Кудабай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.5 (109.5). — С. 27-31. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26817/ (дата обращения: 18.12.2024).

Молодежь основопологающее звено будущего. В этой связи на государственном уровне каждому члену общества сделано все условия для полноценного развития.И все таки сейчас волнует появление социальной проблемы среди молодежи-это поведение, действие не соответствующие требуемым нормам общества, девиантность.В данное время важно горманично организовать профилактические меры по этапно и провести пропаганду через средств массовой информации о молодежной активности движении.

В статье дана классификация влияющих факторов в формировании девиантного поведения среди молодежи, а также рассмотрены методы и технологии по возрастным категориям.Это значимая проблема в обществе, которая предлагает пути полноценного внедрения национальной ценности через государственную молодежную политику.

Ключевые слова: поведение, активность, диагностика, профилактика, семья, доверия.

Қазіргі таңда еліміз әлемдік аренада беделі бар мемлекет ретінде танылып отырғаны айқын. Ақпараттар ағыны толысқан уақытта қоғамда қалыптасатын күрделі әлеуметтік мәселелерге тосқауыл қоюға, қоғамның ілгері жылжуын, дамуын рухани, ұлттық құндылықтарды насихаттау арқылы әлеуметтік жұмыстың бағыттарын жүргізу стратегиялық маңызды міндет. Осы тұрғыда мемлекеттік деңгейде қоғамның әрбір мүшесінің әлеуметтік толыққанды өсіп дамуына жағдай жасалған. Оның ішінде қоғамның аса солқылдақ бөлігі жастардың қоғамдағы орны мен ролін, өмірлік мақсаттарын айқындауға мүмкіндік бар.

Дегенмен де әлі де болса жастар арасында әлеуметтік маңызды мәселе бұл қоғамға жат қылықтар, әрекеттер, мінез-құлықтардың қалыптасып отыруы алаңдатады. Жастар болашақтың негізін салушы. Олардың бейтарап көңіл күй, бойкүйездік, жалқаулық, тағы сол сияқты жаман қылықтардан арылуына, қоғамдағы жастар белсенділігі арқылы ілгерілеу үдерісін жаппай ақпараттандыру және оның алдын алу жолдарының жүйесі мен сауықтыру шараларының кезеңділігімен үйлесімді жүруі қажет.

Алдымен осы мінез-құлық ауытқушылығы туралы ғылым саласы туралы айтатын болсақ, девианттылық мінез-құлық (ауытқушылық) (латын тілінен deviatio –ауытқу) арнайы әдебиеттерде екі мағынада айтылады. Біріншіден, қоғамдағы ресми бекітілген нормаларға (стереотип, үлгілер) адамның қызметі немесе әрекетінің сәйкес келмеуі. Жеке мінез-құлық актысы тұрғысында девиантты мәнез-құлық психология, педагогика және психиатрия ғылымымен байланыстыра оқып, зерттеледі. Екіншіден, адам қызмет ететін қоғамдағы ресми бекітілген немесе нақты қалыптасқан нормаларға сәйкес емес тарихи қалыптасқан әлеуметтік құбылыс. Бұл жағдайда девиантты мінез-құлық әлеуметтану, философия, саясаттану, заң және басқа ғылымдармен, сонымен қатар әлеуметтік жұмыспен байланысты. Девиацияның нысанға айналу механизмі қоғамда қалыптасқан тәртіптік ережелердің өзгерісіне байланысты құбылыс ретінде сипат алды. Бұл санатқа девианттық мінез-құлықтағы балалар мен жасөспірімдер; зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар; денсаулығы мен дамуына қауіп төнетін жағдайға душар болғандар; арнайы оқыту және түзеу мекемелерінде бас бостандығынан айыру орындарында болған адамдар; алкаголь ішімдіктерін, наша қолданатын отбасы мүшелері жатады.[1, 16 б]

Девианттылық мінез-құлық әр түрлі формада көрінуіне әсер етуші факторлар бірнеше.(Кесте 1)

Кесте 1

Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына әсер ету факторларының жіктелуі

Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етуші факторлар

Сипаттамасы

1

Қоғам

әлеуметтік теңсіздік, дағдарыстық кезең, қоғамдағы әлеуметтік институттардың әрекеттілігі,қоғамдағы демократиялық жаңаруды еркін сезіну, қоғамның жедел ақпараттануы және БАҚ жағымсыз тұстары, қоғамдық құқықтық қорғаудың жетімсіздігі

2

Экономикалық

материалдық қамтамасыз етілмегендік, ауданның өндірістік жағдайы, есірткі өндіретін аумақтарда қолданудың дәстүрлілігі, отбасы мүшелерінің материалдық жағдайының төмен деңгейі және олардың білімі, экономикалық қолайсыздық, адамның тез арада кедейленуі

3

Әлеуметтік

моралды-этикалық деградация, құндылықтардың құлдырауы, кинофильм, теледидар хабарларында алкоголдің жарияланып көрініс алуы. тұрғын үйдің болмауы, жұмыссыздық, адамның кез-келген ситуацияда белсенділік қабілетінің төмендеуі, жұмыс орнын жоғалтуы, құқығының бұзылуы

4

Қоршаған орта

отбасы, мектеп, көше, формалды емес топтардың қысымы, қолайсыз жағдайлар, жақын қоршаған ортаның кері әсері, тәрбиенің жетімсіздігі , қатарластарының өнегесі, көрсеқызарлық, бұзақылық, қызғаныш, тұрмыстық жағдай, еңбекке тәрбиелеу,

адамдар арасындағы қарым-қатынастардың тұйықталуы, бақытсыз махаббат, келеңсіздіктер

5

физиологиялық

тұқым қуалаушылық (психофи­зикалық , әлеуметтік, социомәдениеттілік); психиканың бұзылуы , жеткіншектердің есеюге деген ынтызарлығы

Қазақстан Республикасының Жастар саясаты туралы заңында «Жастар-Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі азаматтары» деп көрсетілген. Осы жас аралығындағы топтың девиациялық мінез-құлқының қалыптасуы әлеуметтік проблемалармен де байланысты.Ол жалпы қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі (білім, еңбек, бос уақыт және т.б.) үшін және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық тобының спецификалық (өзіне тән) проблемалары қоғам мен мемлекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер қарастырылады..[ 3]

Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс табыстылығының маңызды шарты болып, жастардың әлеуметтік проблемаларының туындау «деңгейін» анықтау табылады. Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді. Мамандардың пікірінше қазіргі таңда жасөспірімдердің мінез-құлқының ауытқуына себепкер орта отбасы жағдайы екендігін алға тартады Әсіресе 14-17 жас жасөспірімдердің девиациялық мінез-құлқының қалыптасуына отбасындағы әлеуметтік мәселе жұмыссыздық, қаражат жетіспеушілігі, отбасында ата-анасының ажырасуы, өгей әке, өгей шеше, физиологиялық даму ерекшелігіне байланысты барлық жаңа нәрсеге қызығу, таңдану, оны байқап көру сияқты мәселелер әсер етеді.Осыдан келіп, отбасы мүшелері арасында түсініспеушілік қалыптасып, жасөспірім өзінің пікірін тыңдайтын ортаны іздейді.Егер жасөспірім толыққанды отбасында, мейірім мен сүйіспеншілікке бөленіп өсетін болса, мінез-құлықта ауытқушылық туындамайды.Ол ата-анасының жеткен жетістігін өзіне үлгі ретінде ұстанып, еңбекке, өмірге көзқарасы толыққанды қалыптасады.Отбасы тәрбиесінде баланы еңбекке баулу, адал еңбек етіп, табыс табуды ұғындыру маңызды.

Келеңсіз ортаның құрығына түспеуі үшін кез-келген жасөспірім сенім телефондары арқылы тегін, тәуліктің кез-келген уақытында өз ойын еркін айтуына болады.Осы тұрғыда әлеуметтік педагог, мектеп психологы отбасымен тікелей байланыса отырып, әлеуметтік қызмет атқаруы тиіс және осы жас аралығындағы жеткіншектердің толыққанды мінез-құлқының жөнделуіне де отбасы және оның мүшелерінің бір-біріне сыйластығы, ауызбіршілігі жақсы әсерін береді.Әлеуметтік педагог немесе мектеп психологы мектеп ішілік тәрбиелік маңызы бар іс шаралармен қоса сауалнама арқылы жасөспірімдердің мінез-құлық темпераментін анықтап, соның нәтижесі арқылы қызу, шапшаң мінезді жасөспірімді жиі қадағалау, оның ішінде қоғамдық жұмысқа, еңбекке, жауапкершілікті сезінетін тапсырмаларға араластыру, сыныпта оған тәрбиелік маңызы бар тапсырмалар беру арқылы ол тұлғаның бойында салмақты мінез, ашуды жеңу, сабырлылық қалыптастыру сияқты жұмыстар кезең-кезең бойынша атқарылуы тиіс. Бұл әлеуметтік педагогтың осы жұмыстардағы әдісті қолдану шеберлігіне байланысты.Жасөспірім кезеңде отбасымен бірге мінез-құлықтағы ауытқушылықтың алдын алушы бірден-бір ұйым-мектеп. Осы жас аралығында жасөспірімдердің бойындағы жағымсыз қылықтарды болдырмау үшін мектеп инспекторы да балалардың сабақтан тыс уақытын қадағалау және алдын-алу шараларын жасайды.Қазіргі таңда мектеп пен ата-ана арасында байланыс алшақтап бара жатқан секілді.

Тәрбие процесін басқару өте қиын, ол еш уақытта бір қалыпты жағдайда өтпейді. Белгіленген мақсаттан ауытқып кетушілік болады. Осының нәтижесінде тәрбиесі қиын балаларды байқауға болады. Тәрбиесі қиын балалар тобының қалыптасуы баланың дамуында адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеуде ата-ана тарапынан ағаттық, педагогикалық қателіктер жіберілу салдарынан туындайды.Әлеуметтік педагог осы қателікті жөндеуге қабілеті жоғары болуы шарт. Девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыста басты кезеңдер болып мәселенің алдын-алу яғни диагностикалау кезеңі және әлеуметтік ортаға бейімдеу кезеңі.Осы кезеңдерде мақсатты бағытталған бағдарламаға мектеп психологы, әлеуметтік қызметкер, ата-ана, отбасы бірігіп қатысу арқылы кешенді іс шаралар атқарылады.[2, 25б]

Елбасы Н.Назарбаев өзінің 2015 жылғы жолдауында орта кәсіптік техникалық білімнің мемлекеттік тапсырыс негізінде тегін оқыту жүйесі қалыптасатынын баса айтқан еді. Бұл дегеніміз орта мектеп оқушысының орта кәсіптік мамандықты меңгеруіне дуалды оқыту жүйесі арқылы өндірісте мамандығы бойынша жұмыспен қамтылуына мүмкіндігі болады.Осы орайда мемлекеттік деңгейде еңбек кодексіне өзгерістер енгеннен кейін жас маман, яғни 29 жасқа дейінгі жастардың мамандығы бойынша жұмысқа қабылдануына мүмкіндіктер ашылады.Жас отбасы бұлар ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған не баланы (балаларды)жиырма тоғыз жасқа толмаған ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы.Олардың баспанамен қамтамасыз етілу мәселесі күрделі мәселелердің бірі болып отыр.Егер екеуі де балалар үйінде тәрбиеленген жастар болса, мемлекет баспанамен қамтамасыз етеді.Жас отбасылардың баспаналы болуына мемлекеттік үй кезегіне тұру арқылы және ата-аналары мен отбасы мүшелерінің қолдауы арқылы шешімін табуы қалыптасқан.

Ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер мынадай екі мәселеге назарларын аудару керек: жасөспірімдердің отбасылық жағдайы және орта мектеп түлектерін жұмыспен қамту.

Әлеуметтік жұмыстың ғылым ретінде маңызды мәселелерінің бірі – көрсетілген объекттердің әлеуметтік мәселелерін шешудің тиімді әдістері мен технологияларын өңдеу және де әлеуметтік жұмыстың бар әдістері мен формаларын талдау болып табылады.Әлеуметтік жұмыстың девианттық мінез-құлықтағы адамдарға қолданылатын спецификасын есепке ала отырып оны ұйымдастыру үшін міндетті түрде әлеуметтік басқарудың мәнін, механизмін және негізгі компоненттерін анықтап алу қажет. Девиантты мінез-құлықтағы жастарға әлеуметтік қызмет көрсету- әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік, муниципалдық, жеке меншік және басқада органдардың, мекемелердің, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдар жүйесі арқылы жүзеге асады. Онда әлеуметтік қызметкерлер және жеке мамандардың әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік құқықтық қызмет, қиын өмір жағдайдағы азаматтардың әлеуметтік бейімделуімен оңалтуларын жүзеге асыру қызметі атқарылады. Мемлекеттің ұлт жоспарына сәйкес қазіргі таңда жастармен әлеуметтік жұмысты дұрыс қолға алу бағыты бұл қоғамдағы идеологияның, ұлттар арасындағы татулық, сенімділік, толеранттылық, ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы жастар санасында ұлттық рух пен сананы қалыптастыру және жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру болып табылады.

Әдебиеттер:

  1. Акажанова А.Т. Девиантология. – Алматы, 2008
  2. Технологии социальной работы: Учебник под общ. ред. проф. Е.И. Холостовой. - М.: ИНФРА-М, 2001. - 400 с.
  3. Қазақстан Республикасының Жастар саясаты туралы Заңы, 09.02.2015.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса, бар, орт.

Похожие статьи

Көпбалалы oтбacында баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері

Исследование детерминанты здорового образа жизни среди школьников

Статья посвящена исследованию детерминанты здорового образа жизни среди школьников 14–15 лет. Разработанная анкета позволила выявить интегративные каче-ства, присущие здоровому образу жизни и получить комплексный результат исследова-ния.

Молодежная безработица как угроза социально-экономической стабильности государства

Объектом исследования является молодежь как социально-демографическая группа, имеющая специфические особенности социального положения и в силу этого наиболее уязвимая к проблеме незанятости. Целью исследования проблемы является изучение причин и попы...

Коммуникативные умения сравнения речевых ситуаций по теме «Жизнь в семье» (на материале русского и узбекского языков)

Данная статья посвящена личности, формирующейся в человеческом окружении. А ближайшее окружение ребенка - семья. Указаны успешные решения проблем духовного возрождения в нашей стране.

Родительский стиль воспитания и его влияние на особенности развития личности ребенка

На основе анализа отечественных и зарубежных психологов в статье анализируются стили родительского воспитания и их влияние на формирование личности ребенка. Авторы рассматривают различные стили воспитания (авторитарный, авторитетный, либеральный, инд...

Практические аспекты интеграции патриотического воспитания в учебный процесс старших школьников

В данной статье были рассмотрены основные аспекты внедрения патриотического воспитания в учебный процесс старших школьников, а также основные направления внедрения патриотического воспитания, выделена актуальность патриотического воспитания, а также ...

Формирование мотивации здорового образа жизни как критерий качества образования

В статье рассмотрена чрезвычайно сложная проблема формирования мотивации здорового образа жизни не только как показателя личностного развития, но и как кри-терия качества образования.

Развитие внутренней мотивации учебной деятельности у подростков

В данной статье рассмотрено понятие мотивации, ее виды и особенности развития. Также представлены результаты исследования внутренней учебной мотивации у подростков, представлены данные, после проведения психокоррекционной программы.

Проблемы формирования патриотизма у молодежи в условиях современного мира

Статья содержит результаты исследования проблем формирования патриотизма у молодежи России в современных условиях. Авторы показали проблемы формирования патриотических установок у современной молодежи и возможные направления развития новых технологий...

Сплочение учащейся молодежи как приоритет государственной молодежной политики

В данной статье рассматривается сплочение учащейся молодёжи как приоритетное направление государственной молодёжной политики России. Исследованы проблемы реализации государственной молодежной политики. Подтверждена гипотеза, учащаяся молодёжь способс...

Задать вопрос