Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Сегизбаева, Д. У. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі / Д. У. Сегизбаева, Л. Д. Арынова, Л. К. Спанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 5.5 (109.5). — С. 19-22. — URL: https://moluch.ru/archive/109/26822/ (дата обращения: 18.12.2024).



Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым тренді болып табылады. «Қазақстан-2050» стратегиясы: «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында Президент Н.Ә.Назарбаев «Дамыған бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлтқа айналуымыз керек» -деп атап өтті [1].

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттіліктілігін құраушы –инновациялық технология. Бәсекеге қабілеттілік рейтингі бірнеше факторлардан: басқару, қаржы, инфрақұрылым, ашықтық, технология, еңбектен тұрады.

Технологиялық даму деңгейі әр елдің даму ерекшелігіне қарай ел экономикасына әртүрлі әсер етеді. Технологиялық инновациясы дамыған елдер өздерінің шаруашылық дамуын анықтайды, ал технологиясы төмен дамыған елдер басқалардың технологиясына бейімделеді де, тікелей шетел инвестициялары шегінде алмастырады.

Әлемдік тәжірибеде инновациялық ортаны талдап, болжамдау үшін көптеген интегралды индекстер бар:

- экономиканы құру индексі – компонентері техникалық индекс (жаһандық нарықта технологиялық көшбасшылық және жаңа технологияны қамтудағы жылдамдық) және болжау индексі болып табылады;

-инновация индексі – өзіне мемлекет және жеке сектордың НИОКР-ға шығындары, инновацияны мотивациялауды және т.б. кіріктіреді;

-технологияны ендіру индексі – шетел технологиясын лицензиялау.

Экономиканы өлшеудегі ең кең әдіс білімге негізделген, бұл Әлемдік Банкпен ұсынылған «Даму үшін білім» (Кnowledge for Development – К4D) атты бағдарлама. Бұл әдіс қандай да бір елдің білімге негізделген даму модельін бағалайды. К4D бағдарламасы 76 көрсеткішті ұсынады және әр топтағы елдердің орташа көрсеткіштерін салыстырады. Салыстырманы бөлек және біріктірілген көрсеткіштер арқылы жүргізуге болады, олардың негізгісі: институционалдық режим, кәсіпкерліктің дамуында жаңа білімді тиімді қолдануға мүмкіндік береді; тұрғындардың сауаттылық деңгейі; ақпаратты және коммуникациялық инфрақұрылым, ұлттық инновациялық жүйе (зерттеу орталықтар, университеттер және т.с.с). [2].

Қазақстандағы бiлiм кешенi өзiне келесi элементтер құрылымын қосады: Бiрiншiден, ғылым және бiлiм сферасында қызмет көрсету, материалдық-техникалық кешенiнiң негiзiн құраушы. Қоғамдық өндiрiстiң бiр деңгейде жүруiн бiлiм саласын тағайындаудан тұрады. Бiлiм кешенiнiң тиiмдiлiк құрылымы материалдық-техникалық базаның дамусыз болмайды. Мұнда талаптылығы жоғарылайды. Жаңа еңбек құралдарының барлығы есептеу техникалық, аудио және бейне техника, бiлiм технологиясы – адами капиталдың жоғарғы сапалы жағдайын қалыптастыру болып табылады.

Бiлiм кешенiнiң екiншi элементi базалық бiлiм болып табылады. Оған кiретiндерi: мектепке дейiнгi, бастапқы, толық емес және толық орташа бiлiм. Мұнда негiзгi құрылу кезеңi жүредi, адамның базистiк бiлiмi табиғатындағы және қоғамдағы тұлғаға құрылады. Оған жатандардың дайындығы және жоғары бiлiм денгейiн алуына мамандану базалық бiлiмнiң есебi болып табылады [3].

Ол үшiн еңбекке деген қабiлеттiлiгi болу керек және дайындық бейнесi сәйкес келу керек. Нақты жалпы және жалпы орташа бiлiмнiң жетiстiгi және елдегi бiлiм деңгейiн жоғарлату негiзi.

Бiлiм кешенiнiң үшiншi элементi мамандандырылған бiлiм болып табылады. Оған мамандандырылған-техникалық бiлiм деңгейi мен бiлiктi жұмысшылармен қызметкерлердi дайындау.

Бiлiм кешенiнiң төртiншi элементi жоғарғы оқу орнынан кейiнгi қосымша бiлiм алу жүйесi болып табылады: аспирантура, доктарантура.

Бiлiм кешенiнiң бесiншi элементi бiлiктiлiктi жоғарлату және кадрларды қайта дайындау болып табылады. Оның маңызы бiлiм капиталының құлдырауымен күресуде. Оның жұмысын бiр қалыпты ұстап отыру, қажеттiлiк болса, өндiрiс талабы бойынша қайта құру.

Білім беру кешенінің алтыншы элементі – тұлғаның жан-жақты дамуы. Ол білім берудің әртүрлі дәстүрлі емес түрінде берілген. Олар, дистанциялық білім беру, түрлі тұрпаттағы курстар, үйірмелер, семинарлар және тағы басқалары болуы мүмкін. Берілген жүйе соншалықты кәсіптік қызметке бағытталмаған, қаншалықты барлық байлықтың көрінісіне адамның шығармашылық дарынының қалыптасуы мен дамуы бағытталған секілді.

Бiлiм кешенiнiң маңызы оның атқаратын әлеуметтiк-экономикалық функцияларымен сипатталады. Бiрiншi функциясы болып адам капиталының дамуы және кұрылымы болып табылады. Ол екi кезеңдi жаулап алады. Бiрiншiден, бұл адам капиталының құрылымы, ал екiншiден, бұл қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнiң қалпына келуi мен қажеттi сатыдағы үлесi. Бiрiншiсi орта бiлiмдi құрайды. Екiншiсi, мамандық бiлiмдi құрайды.

Кешеннiң екiншi функциясы – экономикалық функция. Бұл бiрiншiден, қоғамдық еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы; екiншiден, қоғамдық экономиканың өсуi, үшiншiден, макроэкономикалық тепе-теңдiк жүйесi арқылы жүзеге асырылады. Үшiншi функция – әлеуметтiк функция. Бұл функция әлеуметтiк мәселелердi қарастырады. Қоғамдық бiлiмнiң таянышы, мемлекеттiң қатарындағы Қазақстандағы адам капиталын сақтаудың өз орны бар, дүниежүзiлiк процестерге әсер етуге бейiмделу.

Білім беру саласындағы мемлекет саясаты ұзақ уақыттық кезеңдегі мемлекеттің даму үрдісін анықтайды, яғни, нақ осы сала елдегі адам капиталының сапасын құруға тікелей əсерін тигізеді. Сонымен қатар, болашақта ұзақ уақыттық дамуы мен бəсекеге қабілетті экономиканы құруды анықтайды [4].

Білім беру жүйе ретінде тұлғаның қабілеттерін дамытуға, дүниетанымын қалыптастыруға, қоғамның жоғары кəсіби білікті мамандарға қажеттіліктерін қанағаттандыруға бейімделген.

Қазақстанның азаматтарына тегін орта білім алуға кепілдік беріледі жəне ол міндетті болып табылады. Сондай-ақ олардың конкурстық негізде жоғары білім алуларына да (Қазақстанда да, шетелде де) құқықтары бар.

Азаматтардың білім алу құқығы жалпы білім беру жүйесінің дамуы арқылы жүзеге асырылады. Мемлекет білім беру мекемелерін дамытуға жəне білім алуға қолжетімділік пен оның сапасын арттыру үшін жұмсалатын шығындарды басым деп тапқан. Мемлекет даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың əлеуметтік бейімделуі мен дамуындағы кемістігін түзетуге жағдай жасай отырып, олардың құқықтарын қорғайды. Сапалы білім мен оған қол жеткізуге жағдай жасау, оқу орындарының желісін кеңейтіп, олардың ресурстық базаларын жақсарту мақсатында мемлекет білім беру жүйесін қаржыландыруды жыл сайын арттырып, тиімді саясат жүргізуде.

Білім берудің сапалық көрсеткіштерін жақсарту барлық білім беру деңгейлерін қаржыландыру көлемінің ұлғаюын талап етеді. Осыған байланысты, алға қойған нысаналы индикаторларға қол жеткізуде қаржылық және материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану өзекті болып табылады.

Сурет 1. Жоғарғы білімнің ұлттық үлгісінің құрылымы

Мемлекеттің білім беру саласын қаржыландыруға бөлетін қаражаты əр жыл сайын өсуде. Экономикалық жағдайларға байланысты білім берудің заманауи жүйесін дамытуға, кадрларды даярлауға жəне қайта даярлауға бөлінетін мемлекеттік шығыстар жыл сайын өсуде.

Жыл сайын республикалық бюджеттен «Болашақ» бағдарламасы аясында əлемдегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттер мен жас ғалымдарды оқыту үшін едəуір қаржы бөлінеді.

Қазіргі кезеңде елімізде жаңа инновациялық инфраструктураны құру, сонымен қатар, барын дамыту мен пайдалануға барлық мүмкіндік бар. Қазіргі заманғы ақпараттық- телекоммуникациялық технологияларды және басқа да ғылыми технологияларды дамытуға, оларды ғылыми-техникалық қызметке және өндіріс процесіне ендіру жалғастырылуда. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға ықпал ету, технология трансферттерін ұйымдастыру мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыруды үлестіру жүзеге асырылуда.

Үлкен ара қашықтық секілді кедергіні жеңетін, ақпаратты көпшілік тұрғындарға қолжетімді ететін, ал білімді беруді жылдам және тиімді ететін қазіргі заманғы технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануды ескере отырып, білім беруді қаржыландыру арқылы адам капиталын сапалы дамыту секілді реалды қол жеткізуге мүмкін мақсаттар бар.

Экономика-математикалық үлгілеу негізінде АДИ-нің 2015 жылы 0,804-ке жетті. (2010 жылы – 0,714). АДИ-дің жоғары деңгейге жетуі 68,8 жасқа дейінгі тұрғындардың болжамды өмір сүру ұзақтығы мен үлкен жастағы тұрғындарының сауаттылық деңгейін қолдай отырып, тұрғындардың жан басына шаққанда 33,8% ЖІӨ көлемінің өсуін талап етеді. Мемлекетте сауатты адамдар саны көп болса, ондағы адами дамудың деңгейі жоғары болады. Қазақстанда соңғы жылдары тұрғындарды біліммен қамту 99,5%-ды құраған, бұл өте жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Бірақ республикадағы білімнің қолжетімділігі мен сапасы мәселелерін біле отырып, білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігін ескермеуге болмайды. Біліммен қамтамасыз етуді 100%-ға жеткізу қажет. Соның нәтижесінде ҚР-дағы АДИ мәні 0,17%-ға көтеріліп, адами дамуы жоғарғы деңгейлі топқа енуге мүмкіндік береді [5].

Жаһандану үдерістерінің жағдайында білім өзінің мәні жағынан мултипарадигмалық және полифункционалдық болады. Екінші жағынан–өңірлік үдерістер әсерінен ол Қазақстанның өңірлерін дамыту басымдықтарын сақтауға бағытталады. Жаһандануды ғалымдар ұлттық білім беру жүйелерінің бірыңғай білім беру кеңістігіне интеграциялануына ықпал ететін объективті үдеріс деп қарастырады. Білім беру саласының заманауи қазақстандық қоғамның ұлттық құндылығы ретінде сақталуы мен трансформациялануы өңірлік білім беру жүйелерінің бірыңғай әлемдік білім беру кеңістігіне қосылуына тікелей байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Н.Ә.Назарбаев ««Қазақстан -2050» стратегиясы-Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»- 14.12.2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауы.
  2. Назарбаев Н.А. Стратегия «Новый Казахстан в новом мире»: Послание народу Казахстана. – Алматы, 2008. – 27 с.
  3. Мухамеджанова А.Г. Человеческий капитал Казахстана: формирование, состояние и использование –Алматы: Научно-издательский центр «Ғылым», 2001.-276с.
  4. Абдимомынова А.Ш., Махамбетова М.А., Жусупов А.Е.
    Гендерная структура занятости в Казахстане: проблемы дискриминации
    Международный журнал экспериментального образования. 2015. № 3-3. С.370-372.
  5. Уровень жизни населения в Казахстане: статистический сборник, Астана, 2014.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Казахстан, бар, дама.


Задать вопрос