Қазақ ұлттық киімінің рәміздік қызметтерінің тарихи қалыптасуы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: , ,

Рубрика: Педагогика

Опубликовано в Молодой учёный №7 (111) апрель-1 2016 г.

Дата публикации: 04.04.2016

Статья просмотрена: 368 раз

Библиографическое описание:

Лесбекова, Жаннур. Қазақ ұлттық киімінің рәміздік қызметтерінің тарихи қалыптасуы / Жаннур Лесбекова, А. А. Жиенбекова, Мейрхан Спанов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 7 (111). — С. 1110-1114. — URL: https://moluch.ru/archive/111/24837/ (дата обращения: 16.11.2024).



Қазақ ұлттық киіміндегі рәміздік мәндердің алуан түрлі болып келетіндігі айқын. Сондықтан осы алуан түрлі болып келетін мәндерді бірізді ретке келтіру қажеттілігі туындайды, ол үшін костюмнің рәміздік мән беруші қызметтерінің типтеріне жіктеме жасау керек. Киімнің рәміздік мәндеріне жіктеме жасау үшін бастапқы ұғымдар ретінде «киім» және «костюм» ұғымдарын ала отырып, олардың арасындағы айырмашылыққа көңіл бөлуі қажет.

Кілт сөздер: костюм, эстетикалық эстетика, шамам, кәсіби, аймақтық, діни, әлеуметтік.

Кез келген халықтың тілінде осы ұғымдарды білдіретін сөздер бар. Мәселен, француз тілінде «киім» сөзі vetement ретінде айтылады. Бұл сөздің этимологиясы санскриг тіліндегі vas сөзінен келіп шығады, оның беретін мағынасы — «резиденцияда өмір сүру, шатырда өмір сүру». Vas сөзі vasawa сөзінің түбірі болып табылады, ол мата, матадан тігілген киім деген ұғымды білдіреді. Яғни vas дегеніміз — біздің денемізді орап тұратын матадан тігілген киім. Vas тек қана адамда бар нәрсе емес, мәселен тасбақадағы vas-оның тас сауыты, ұлудағы vas-оның шығанағы, жануарда — оның жүн жамылғысы. Осындай байланысты неміс тілінен де аңғаруға болады, мұнда киім дегеніміз — Das Gewand, ал Die Wand дегеніміз қабырға. Латын сөзі habitus өзінің жекеменшік үйіне ие болу әдетін білдіреді. Сондықтан француз тілінде «киім» сөзіне habit (адамды сырт көзден, нашар ауа райынан сақтайтын қорғаныш жамылғысы) сөзі де сәйкес келеді.

Киім дегеніміз — адамды қолайсыз қоршаған орта әсерлерінен сақтайтын денедегі жамылғылардың жиынтығы. Киім адамды қолайсыз ауа-райынан, оның денеге әсер етуінен ғана сақтап отырмайды, сондай-ақ зұлым сиқыр күштерінен де қорғап отырады. Киім сиқырдан қорғануды қамтамасыз етеді, негізінде бұл қасиет ежелгі адамның киіміне қатысты айтылады. Киім ұғымына көйлек (адамның денесін тікелей орап тұратын нәрсе), аяқ киім, бас киім, сондай-ақ қосымша ретте белдік, көркем безендіру заттары және т.б. да кіреді. Киімнің негізгі қызметі — қорғаныш (дене тұрғысында және моральдық жағынан қорғану) және пайдалы — тәжірибелік қызмет, өйткені киім барлық кезде адамның қандай да бір практикалық қызметімен байланысты болып келеді, белгілі бір қызмет атқарады, адамның қоршаған ортаға бейімделуіне көмектеседі .

Өркениеттің ең ежелгі сатыларында киім адамның «жамылғысы» ғана болып қалған жоқ, ол адамның белгілі бір өмірлік үрдістерінің мәнін білдіре отырып, әдет-ғұрып нысаны да бола білді. Қазақтардың дәстүрлі мәдениет дүниесін зерттеген Н. Шаханованың атап өтуінше, «адам — киім» жүйесі қазақтардың дәстүрлі дүниетанымының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Киім дегеніміз — костюмнің тұтас бір кешені, сондай-ақ оның жекелеген бір элементтері ретінде толық қанды семантикалық қабатқа ие болып келеді. Киім жан-жақты әмбебап категориялар болып танылатын «жоғары –төмен», «ғұрыптық — дүниежүзілік», «ұрпақ — ұрпақсыздық», «аталық — аналық» ретінде қабылданып отырды. Киімге байланысты түсініктер қазақ қоғамының кейінгі даму кезеңдеріндегі «бақ», «береке», «дәулет», «байлық» мағыналарын беретін «құт» сөзімен байланысты күрделі идеологиялық кешеннің бір бөлігі болып келген [1]. Басқаша сөзбен жеткізетін болсақ, киім өз иесін білдіретін зат, таңба ретінде ұсынылады. «Киім» ұғымын «костюм» сөзімен мәнін ұқсастырады, мұның өзі дұрыс емес. Орыс тіліне «костюм », сөзі француздың costume сөзінен келіп енген, беретін мағынасы — «әдет-ғұрып». «Костюм» ұғымын да, «киім» ұғымын да адамға, оның киіміне қатысты қарастыру керек. Алғашқы кезекте костюм мен киім адам денесін жабу құралы қызметін атқарғанымен, алайда олардың кейінгі қызметтері өзгеше болып келеді. Жоғарыда атап өткеніміздей, егер киім бірінші кезекте адамды қолайсыз әсерлерден қорғау қызметін атқаратын болса, ал костюм дегеніміздің өзі — «.... адамның немесе адамдардың қоғамдық тобының өзіндік бір даралығын сипаттайтын киім мен аяқ киім бөлігінің белгілі бір бейнелік — көркемдік жүйесі» . «Костюм» ұғымына киім мен аяқ киім ғана емес, сондай-ақ адамның шашы, бас киімі, қолғабы, безендіру заттары мен косметика да енеді. Белгілі бір мағынада костюмнің адам денесімен байланысы барынша тығыз әрі кең түрде болып келеді.

Костюм адамның дене бітімін барынша қарқынды шамада білдіреді. Сондықтан костюмді адамның белгілі бір бейнесімен, оның киім кию мәнімен, өзіне тән белгілерімен ғана қарастыруға болады. Сондай-ақ «костюм» ұғымының «киім» ұғымынан негізгі бір ерекшелігі, оның адамның психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасын білдіруінде, басқа сөзбен айтқанда, оның дене бітімі бейнесінде болып келеді. «Костюм» сөзінің этимологиясы да кездейсоқ емес, өйткені костюм барлық уақытта бір нәрсенің, яғни әдет- ғұрыптың сыртқы көрінісін танытады.

Костюм дегеніміз — ең алдымен белгілі бір дәстүр, танысу, білісу шарасы, индивидтің немесе топтың белгілі бір таңбаларының білдірілуі. Сондай-ақ костюм дегеніміз — іс-әрекеттердің белгілі бір жиынтығы. Modus vivendi, «өмір сүру тәсілі» француз тіліне Le mode de vie ретінде аударылады, атап айтқанда осы мәннен келіп «мода» сөзі туындаған.

Костюм белгілі бір мәдени-тарихи формацияның маңызды белгісі ретінде танылады. «.... егер барлық нәрсе жоғалып, әйел костюмі ғана қалған болса, онда сол бойынша өткен дәуірлердің эстетикалық мәдениетін танымал дәрежеге дейінгі қайта қалпына келтіруге болар еді» деген тұжырымдаманың өзі әділетті түрде айтылған. Маман костюмнің құрылысына қарай адамның мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, ойлау бейне, кейпі мен жүріс-тұрыс әрекеті туралы ақпарат ала алады. Киімді қоғам дамуының әлеуметтік, материалдық және техникалық даму аспектілерінің бейнелік көрінісі ретінде қарастыруға болады. Алайда, егер киімді қолданбаса өнердің өзге де нысандарымен салыстыратын болсақ, онда оның адам бейнесімен, дүниетанымымен, іс-әрекет көрінісімен тікелей байланыста екендігі айқын болады. Костюм белгілі бір этникалық немесе әлеуметтік топтағы адамның жеке-даралығын білдіреді. Сондықтан костюм өркениеттің кез келген мәдени жүйесінің, кез келген тарихи типінің маңызды бір элементі болып табылады. Ә.А. Диваев өзінің «Этнографическое жизне описание казахов» деген еңбегінде қазақтың дәстүрлі костюміне суреттеме береді. «Одежда и украшения киргиз Казалинского уезда» тарауында қазақтың костюмін былайша суреттейді [2].

1) Ер кісілер жаз бен қыс мерзімдерінде бір ғана матадан — (коленкорден) көйлек киеді, ол кең әрі тізеге дейін жететін ұзындықта болады; жеңі білекке дейін созылады, жағасы қайырылады, бір ғана түймемен бекітіледі немесе байланады. Көйлектің түсі үнемі ақ болып келеді. Дамбал да сол матадан тігіліп, сол түске ие болып келеді, өте кең, бірақ онша ұзын болмайды, үстінгі жағынан белі баумен байланады. Үйде де, жұмыста жүргенде де басын ақ орамалмен байлап алады, жаздыгүні жол жүргенде бастарына киізден тігілген қалпақ киеді, ал қыстыгүні құлағын жауып тұратын әрі арқасына қарай түсірілетін тұмақ киеді; жоғары беті қандай да бір матамен, ауқатты қырғыздарда ол барқытпен немесе шұғамен жабылады.

Тұмақ қойдың былғарысымен ауқатты бай адамдарда түлкінің былғарысымен тігіледі, кейде жүнмен де қапталады. Бай адамдардың қалпақтары мен тұмақтары зермен тігіледі. Қырғыздар мәсі — кебіс (мас — кебе, чиш — мас, калос — кебе) киеді. Қыстыгүні ішіктің сыртынан үлкен етік — киіз байпақ киеді. Көйлек пен дамбалдың сыртынан шалбар мен бешпент киеді, шалбар дамбал сияқты тігілгенімен, басқа матадан болады. Әдетте бешпент пен шалбар бір ғана мақта матадан, ал бай кісілердікі жүн мен теріден тігіледі. Осылардың сыртынан шапан деп аталатын хиуа халатын, немесе жадағай деп аталатын қаптама халат, кейде қапталмаған «сарт шапан» деп аталатын халат киеді. Бешпенттің күміс ілгектері, көпшілігінде жай түймелер болады. Барлық киімдер оң жағына қарай түймеленеді, сол жағына қарай түймелену күнә болып саналады; сол жағынан түймеленсе «сен не орыссың ба теріс түймелейтін» деп айтады. Шапанның сыртынан қадама безек, сақина және т.б. түрдегі әшекейленген былғары немесе барқыттан жасалған, кең белбау, күміс жібек белбау (торма белбау) байлайды. Сыртқы киімдері көбіне қара түсті болып келеді, бірақ шапанның түстері әр түрлі реңде болады; хиуа шапан — қызыл; сарт шапан — бұқара шапаны қара жолақты ақ түсті. Қыстыгүні бешпент пен шапанның сыртынан жабағыдан тігілген күпе киеді, күпенің пішіні шапан сияқты, төмен жағы жабағыдан, ал жоғары жағы қандай да бір матамен, әдетте шекпен немесе барқытпен жабылады. Қой терісінен тері шалбар мен тұлыптар жасайды. Мереке күндері және күнделікті киетін киімдер арасында айырмашылық жоқ.

2) Әйелдердің киімі. Әйелдер де ерлердің киімдері сияқты пішілген көйлек пен шалбар киеді, бірақ әйелдердің көйлегі тобығына дейін жететіндей ұзын болып келеді (әйелдер, қыздар мен кемпірлердің көйлектері бірдей пішілген күйде болады). Көйлектің сыртынан жеңі жоқ бешпент — қамзол киеді. Мерекелік жағдайларда жібек шапан — батсайы шапан киіп жүреді. Қыздар бастарына қызыл орамал тартады, орамалмен бастарын орап, арқа жағынан түйеді, сөйтіп ұзын бұрымдары арқасында төмен түсіп тұрады. Орамалдың жиектері шашақты болады. Жастар ақ орамал тартады, оны иек астымен байлап қояды, немесе ақ матадан тігілген жаулық (коленкор немесе жібек) киіп жүреді, оны алдымен иек астынан бастап, басын айналдыра орап бағады. Шаштарын бұрымдап өреді.

Қыздар 8-14 және одан да көп етіп өрсе, ал әйелдер 2-4 бұрым етіп өреді. Бұрымдарына шашбау байлайды, шашбауға күміс теңгелер бекітіледі. Әйелдер бұрымдарының ұштарын қосып қояды, ал қыздар бос жібереді.

Қазақтың халық костюмі композициясы жағынан қарапайым, атпен жүруге ыңғайлы, өйткені бұрынғы кезде атсыз өмір сүру мүмкін емес болатын, денесі суықтан, ыстықтан аптап желдерден қорғауға бейімделген болып келеді, былғарының өңделуіне, тігісіне, құрылымына, түрлі әшекейлерді пайдалануына қарай көркемдік ерекшелігімен айрықшаланады [2].

Киім, оның геометриясы, формасы күрделі философиялық идеяларды білдіре алады. Костюм қоғам мен мәдениеттің дамуындағы маңызды өзгерістерді бейнелейді, ол уақыттың неғұрлым мәнерлі қасиеттерін ашық көрсете алады. Алайда, костюмнің бейнесі мен формаларын анықтайтын ең маңызды фактор адам денесінің пішіні, қимыл пішіндері болып табылады. Адамның дене пішіні костюмнің формасының сипаты, элементтерінің орналасуы, түстері мен бөлшектерінің қандай болуы керектігін білдіреді. Костюм типінің қандай да бір тарихи типі адам типіне немесе бейнесі — не, дене бітіміне байланысты болып келеді. Типті костюм атауының өзі белгілі бір мәдени-тарихи белгілерді меңзеп тұрады. Мәселен, француз революция-сы дәуіріндегі әйел костюмі, бидермейер дәуіріндегі костюм, іскер ортадағы джентельменнің костюмі өз кезеңіндегі белгілерден хабар беріп тұр.

Костюм мен киім арасындағы өзгешеліктерді осылай аша отырып, енді олардың қызметін белгілерін сипаттауға көшейік. Киімнің негізгі қызметі-қорғау (денесін қорғау мен рәміздік маңызда қорғау) және пайдалану. Киім барлық кезде адамның тәжірибелік қызметімен байланысты болып келеді, ол белгілі бір мақсатта пайдаланылады, қоршаған дүниеге бейімделуіне көмек береді. Қазақтың халық костюмі композициясы жағынан қарапайым, атпен жүруге ыңғайлы, денені суықтан, ыстықтан, аптап желден қорғауға лайықталған. Киімнің кез келген нәрсесі — пайдаланылатын, бір немесе бірнеше қызметті орындайтын зат. Әрине, киім эстетикалық қызмет те атқарады, ең алдымен адамның шырайын келтіреді. Кез келген зат сияқты киім де сұлулық пен пайданың ажырамас байланысына негізделеді.

Костюмге келетін болсақ, ол да киім сияқты қорғау мен пайдалану қызметін атқарады. Заттық тұрғыдан алғанда, нақты бір костюм түрі мен қандай да бір киім түрі бір-біріне сәйкес келуі мүмкін. Костюм мен киімнің арасындағы айырмашылық олардың қызметтік маңыздарына байланысты болып келеді. Егер алғашқы кезекте пайдалану қызметін алдынғы жоспарға қояр болсақ, онда әңгіме киім туралы болмақ. Егер алдыңғы жоспарға рәміздің мәнін қояр болсақ, ал пайдалану мәні кейінге шегерілсе, онда біздің алдымызда киім емес, костюм тұрған болғаны. Шындығында, костюмнің маңызды қызметі таңбалық қызмет. Өйткені костюм қоршаған ортаға адам туралы, оның әлеуметтік мәртебесі, саяси көзқарасы, діни көзқарасы, эстетикалық талғамы туралы маңызды ақпарат береді. Сондықтан костюм қызметін суреттеу кезінде оның осындай ұзын тізіміне мән береді. Арнаулы әдебиетте [3] әдетте киімнің бірқатар келесі қызметтері көрсетіледі:

1) Сиқыр қызметі (магиялық), ол костюмнің мистикалық ғұрыптары. Ғұрыптық мақсаты мен формалары арасында символдық сәйкестік қана емес, сондай-ақ сиқыр рөлін атқаратын костюм элементтері де болады.

2) Жас ерекшелік қызметі, мұнда костюм адамның жасын білдіріп отырады немесе жас ерекшелігін сырт көзге білдірмей жасыру қызметін атқарады. Дәстүрлі қоғамдарда костюм ең алдымен қанша жаста екендігін, айқын анықтап отырған, ал оның қандай да бір элементі, мәселен, қазақ қыздарының бас киімінің түсі, әйелдердің дәстүрлі костюмінің түсі осы мақсатта арнайы бір таңба қызметін атқарып отырады. Қыздардың киімі көбіне қызыл түсті болып келеді, мұның өзі қазақ мақалында «Қыздың көзі қызылда» деген мазмұнда көрініс тапқан.

3) Әлеуметтік-жыныстық қызметі, кез келген дәстүрлі костюм адамның жынысына ғана емес, сондай-ақ оның отбасы жағдайын да білдіріп отырады. Мәселен әйелдер костюміне қарай, тұрмысқа шыққандығын немесе шықпағандығын, құда түсіп айттырылғандығын немесе жесір екендігін айыруға болады. Дәстүрлі қоғамда өзінің әлеуметтік-жыныстық мәртебесіне сәйкес емес киімді кию әрекетіне қатаң тосқауыл қойылып отырады. Мәселен, басқа халықтар сияқты қазақ әйелдерінің де бас киімдері басты қорғау қызметінен басқа, отбасы жағдайын көрсетіп келген. Әлеуметтік жағдайындағы өзгерістер шашын түзетудегі өзгеріспен, бас киімі және әшекейлерімен белгіленеді. Қыздардың бас киімі «бөрік» тұрмысқа шыққанда киетін «сәукеле» атты күмістен, маржанмен бай әшекеленген конус тәрізді биік қалпақпен алмастырылады. Сондықтан қазіргі қазақ костюмі, оның дамудағы өрлеуі осы дәуірлерге, стильге, киімнің аймақтық ерекшеліктеріне негізделуі.

4) Қауымдық костюм — адамның белгілі бір қауымға немесе әлеуметтік топқа, белгілі бір әлеуметтік ортаға қатысты екендігін білдіреді. Жалпы тұрғыда алғанда бұл функция адамды оның әлеуметтік мәртебесімен байланыстырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік мұражайындағы Батыс Қазақстан мен бұрынғы Ақтөбе губерниясы бойынша жинақталған коллекцияларда әйелдердің мерекелік киімі мен біршама ер адамдардың қымбат барқыт матадан, жібектен тігілген, алтын жіптемен барынша зерленген мерекелік киімдері көрсетілген. Бас киімдер өрнектелген нышандармен, қымбат тастармен, үкінің қауырсынымен әшекейленген. Бұл киімдер қазақ феодал-рулық ақсүйектері — хандардың, сұлтандардың, билер мен байлардың киімі. Жай халық, көпшілік кедейлер жүннен тігілген шекпенді, мал терісі мен былғарысынан тігілген киімдерді қанағат тұтты. Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің әйелі Фатима ханшаның костюмі киім мәртебесін анықтап көрсетеді. Костюм күміс паршадан тігілген ұзын кең көйлектен және жеңі келте, белі бүріліп тоқ қызыл барқыттан тігілген, алтын жіптермен әшекейленген бешпенттен құралады. Мерзімі ХІХ ғасырдың 40 жылдары деп белгіленген [4]. Қазіргі мәдениетте костюмнің бұл қызметі жоғалып кетпегенімен, қауымдық қоғамдағыдай қатаң сақтала бермейді деп айтуға болады. Г. Зиммель киімнің осы қызметіне қарай сән кереметін байланыстырады. Сән кереметі арқылы қазіргі мәдени үрдістегі мәдени құндылықтарды қарастырады Сән кереметі (феномені) қоғамда қауымдық, таптық, топтық ерекшеліктер күші болған кезде пайда болады. Сондай-ақ қоғамдағы төмен тап өкілдерінің неғұрлым жоғары дәрежеге ие болуына немесе керісінше жағдай орын алуына мүмкіндік береді. Адам костюм арқылы өзінің әлеуметтік мәртебесін арттырғысы келгенде, өзін едәуір жоғары әлеуметтік тап өкілі ретінде көрсеткісі келгенде пайда болады [5].

5) Кәсіби — костюм адамның қызмет дәрежесін, белгілі бір кәсіби ортаға қатынастылығын көрсете алады. Әсіресе костюмнің бұл қызметі орта ғасырларда ерекше күшті болды. Бұл дәуірде белгілі бір кәсіп өкілдері (дәрігерлер, адвокаттар, университет профессорлары), қолөнер цехтарының мүшелері тігісі мен түсі ерекше болып келген өзгеше киімдер киді. Қазіргі қоғамда костюмнің бұл қызметі бірыңғай жұмыс формасында ғана сақталған. «Іскерлік стильді» де қажет жағдайда костюмнің кәсіби белгісіне жатқызуға болады.

6) Аймақтық-киім адамның аймақтық киім кию дәстүрін, аймақтық ауа райы климатына және жергілікті тұрғындардың ұлттық дәстүрлеріне байланыстылығын көрсете алады. ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында әйелдердің қамзолдарындағы әшекейлерде жергілікті ерекшеліктер көрініп тұрды. Оңтүстік Қазақстанда жаға мен бел тұсын күміс теңгелермен зерледі, күміс теңгелер ірі моншақтардан құралған шынжырларға ілініп тұрды. Кейде беліне ірі дөңгелек күміс қапсырмалар (тана) мен оқа тікті, ал жоғарыдан ұсақ теңгелермен (шытыр) әшекейледі. Жетісуда камзолды жай және шашақты жиектермен әшекейледі, камзолдың шеттері мен бел тұсы осылайша жиектелді. Мұндай қамзол әшекейлері Шығыс және Орталық Қазақстанда кең таралды. Солтүстікте бүкіл қамзолды күміс теңгелермен зерледі, теңгелер камзолдың алдыңғы тұсы мен белінде, етек жиектерінде жоғарыдан төмен қарай, арқа жағында екі-үш қатардан орналастырылды [6].

7) Діни қызметі, дәстүрлі қоғамда костюм адамның белгілі бір діни конфессияға қатыстылығын білдіріп қана қоймай, сондай-ақ оның тиісті клерикальдық немесе басқа да бағыныштылық жағдайын да көрсетеді. Ислам діні қызметшілері ишандардың киімі ақ түсті болып келеді. «Ишандар ұзын ақ көйлек түймеленбеген бешпент пен сарт шапан киеді» деп атап өтеді этногроф Ә.А. Диваев [2]. Бірге түркі халықтарының шамандары зікір салғанда қылыш, айбалта, жақ пен оқты қолданды, кейбір жағдайда олар шаманның негізгі атрибуты — даңғараны ауыстыратын. Шаманға бұл қарулар әскери қарулар сияқты зұлым рухтармен айқасатын құрал болды [6]. Қазақ бақсылары да бақсылық зікір салғанда жауынгерлік қару түрлерін қолданды [7].

Шамандық-бақсылық ғұрыпта ер қаруы мен ер киімі де пайдаланылды. Түркі халықтарында зұлым күштердің зиянынан қорғайтын шаманның арнаулы киімі ретінде көбе, құяқ сауыттар аталады, киімдеріне металл шарайна тақталар бекітілген, қазақ бақсыларының сарындарында да рәміздік мағынада бақсының қорғаныс жарағы болған кіреуке сауыттар айтылады [4].

8) Эстетикалық — қызметі, костюм адамның жеке дара эстетикалық талғамын, сондай-ақ сол дәуірге тән сұлулық туралы түсінікті білдіреді. Костюмнен белгілі бір қоғамның эстетикалық мұраттары (идеал) танылады.

Бір атап өтетін жағдай, эстетикалықтан басқа барлық қызмет түрлері танымдық, пайдалану және рәміздік мән беру рөлдерін ойнай алады. Шындығында солай, мәселен, сиқыр (магия) рәміздік, танымдық мәнге ие, мұның өзі ежелгі қоғамда сиқыр практикалық қызмет жүйесінде маңызды орын алғандығымен байланысты. Сондықтан киімнің қорғау және пайдалану қызметтерін қоса алғандағы, жоғарыда келтірілгендердің барлығы рәміздік қызметтер деп аталуы мүмкін.

Костюмнің рәміздік қызметтерінің жүктемесі басқаша негізде құралуы да мүмкін. Айырмашылық көрсеткіші ретінде адамның практикалық қызметінің ерекшелігін емес, рәміздік сапалық өзіндік қасиетін қабылдауға болады. Рәміздің әрбір типі мәдениетте қайсыбір бейнеде келе отырып, өз шамасына қарай ерекше қызмет атқара алады. Осы тұрғыдан алғанда, костюм немесе басқа бір мәдениет феномені қайсыбір рәміздік қызмет тасымалдаушысы болып табылады ма деген мәселе кейінге шегеріледі.

Әдебиеттер:

  1. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов . Алматы: Казахстан, 1998.
  2. Диваев А.А. Этнографическое жизнеописание казахов. Из книги Байтанаева: А.А.Диваев — очерк жизни и деятельности. Шымкент — Алматы, 2004.
  3. Ермилова В.В., Ермилова Д.Ю. Моделирование и художественное оформление одежды.: Мастерство; Издательский центр «Академия»; Высшая школа, 2001.
  4. Жиенбекова А.А. Қазақ сәндік қолданбалы өнері. Алматы. Эверо, 2015.
  5. Захарова, Ходжаева Материалы и исследоавания по этнографии казахского народа . Алма- Ата.: Изд-во Академии Наку Каз ССР, 1963.
  6. Потапов Л.П. Алтайский шаманизм.-Л.: Наука, 1991.
  7. Валиханов Ч.Ч. Следы шаманства у киргизов // Собрание сочинений:в 5 т. — Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1961. — Т. 2.
Основные термины (генерируются автоматически): костюм, мена, немес, костюм мен, бас, кез, мена бел, оса, пена.


Ключевые слова

костюм, эстетикалық эстетика, шамам, кәсіби, аймақтық, діни, әлеуметтік

Похожие статьи

Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. О...

Дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырушы стереотиптер

Адамдардың өмір тіршілігіне қатысты стереотиптер — стереотиптер арасындағы маңыздысы. Стереотиптер салт-дәстүрмен, аңыз-әпсаналармен, әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты, тек салт-дәстүрлер обьективті маңыздылығын ашық түрде байқатса, ал стереотиптер ж...

Ағылшын-қазақ тілдеріндегі ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы

Қоғам дамуын ілгерілете түсудің бірден-бір тиімді жолы ғылыми-техникалық прогресс болып отырған жағдайда, қоғамдық ғылымның үлесіне тиер шаруа аз емес. Іскерлік, жауапкершілік, білгірлік, білімдарлық, шапшаңдық, қабілеттілік талабы күшейген қазіргі к...

Ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер

Мақалада, ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер қарастырған. Өзімізге белгілі қоғам қаншалықты дамысада, әлеуметтік мәселелер өзектігін жоғалтпайды. Олай болса авторлар мақалада, ислам дініні негізінде «жетімдер», «әйел адамдар», «ата -аналар» әлеумет...

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік және гендерлік реттеу саясаты

Əйелдер мен ерлердің теңсіздігі мемлекет пен қоғамға экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өйткені, ол адам капиталының дамуына кедергі келтіреді, экономиканы дамыту, кедейлікті жою, жұмыссыздықты қысқарту жобаларының тиімділігін төмендетеді. Гендерлік т...

Оптоэлектрондық көпарналы коммутаторларды эксперименттік зерттеулер

Бұл мақалада оптоэлектрондық көпарналы коммутаторларды эксперименттік зерттеу жүргізу арқылы коммутаторларды қолдану тиімділігіне талдау жасалды. Оптоэлектрониканың басты артықшылықтарының бірі-оны жасау мүмкіндігі, жоғары өнімді және сенімді түйінде...

Өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселелерінің компьютерлік үлгіленуі

Мақалада компьютерлік үлгіні жетілдіру бойынша жұмыстың негізгі нәтижелері сипатталған, оны жеке өрт қауіп — қатерін есептеу және өрт сөндіру жоспарларын дайындау үшін өрт қауіпсіздігі мамандарын дайындау процесінде одан әрі дамыту және қолдану жолда...

Геймификация білім беруді ұйымдастырудың құралы ретінде

Геймификацияның тиімділігі үлкен педагогикалық әлеуеті бар оқытуды ұйымдастырудың жаңа әдісі ретінде негізделген. Оқу процесінде компьютерлік ойындар құралдарын қолдану, біріншіден, субъектінің білім беру қызметіне неғұрлым күшті және сапалы көңіл бө...

Әкімшілік юстиция: кіріспе және тарихи шолу

Мақалада қазіргі уақытта әлемде өзекті болып табылатын әкімшілік сот төрелігінің ҚР да шығу тарихы туралы, әкімшілік іс-жүргізу жайында, ҚР әкімшілік іс-жүргізу кодексінің жобасы туралы мәселелерді қарастырады.

Жер-мүліктік кешенін басқарудың экономикалық тиімділігі

Мақалада жер-мүліктік кешенін қалыптастыру мен пайдаланудың заманауи тәсілдері арқылы өмір сүру жағдайының деңгейін жоғарылату көрсетілген. Жер-мүліктік кешенін басқаруды тиімді жүргізудің бағыттары, жер-мүліктік кешенін тиімді басқару үшін модель құ...

Похожие статьи

Жаһандану дәуіріндегі тілдік плюрализм мәселелері

Сонымен, қазіргі таңда елімізде көптілді және көпмәдениетті білім беру жоғары білім беру жүйесіндегі ең басты бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орны көптілді және көпмәдениетті тұлғаның қалыптасып дамуында ең маңызды кезең болып саналады. О...

Дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырушы стереотиптер

Адамдардың өмір тіршілігіне қатысты стереотиптер — стереотиптер арасындағы маңыздысы. Стереотиптер салт-дәстүрмен, аңыз-әпсаналармен, әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты, тек салт-дәстүрлер обьективті маңыздылығын ашық түрде байқатса, ал стереотиптер ж...

Ағылшын-қазақ тілдеріндегі ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы

Қоғам дамуын ілгерілете түсудің бірден-бір тиімді жолы ғылыми-техникалық прогресс болып отырған жағдайда, қоғамдық ғылымның үлесіне тиер шаруа аз емес. Іскерлік, жауапкершілік, білгірлік, білімдарлық, шапшаңдық, қабілеттілік талабы күшейген қазіргі к...

Ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер

Мақалада, ислам дініндегі әлеуметтік мәселелер қарастырған. Өзімізге белгілі қоғам қаншалықты дамысада, әлеуметтік мәселелер өзектігін жоғалтпайды. Олай болса авторлар мақалада, ислам дініні негізінде «жетімдер», «әйел адамдар», «ата -аналар» әлеумет...

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік және гендерлік реттеу саясаты

Əйелдер мен ерлердің теңсіздігі мемлекет пен қоғамға экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өйткені, ол адам капиталының дамуына кедергі келтіреді, экономиканы дамыту, кедейлікті жою, жұмыссыздықты қысқарту жобаларының тиімділігін төмендетеді. Гендерлік т...

Оптоэлектрондық көпарналы коммутаторларды эксперименттік зерттеулер

Бұл мақалада оптоэлектрондық көпарналы коммутаторларды эксперименттік зерттеу жүргізу арқылы коммутаторларды қолдану тиімділігіне талдау жасалды. Оптоэлектрониканың басты артықшылықтарының бірі-оны жасау мүмкіндігі, жоғары өнімді және сенімді түйінде...

Өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселелерінің компьютерлік үлгіленуі

Мақалада компьютерлік үлгіні жетілдіру бойынша жұмыстың негізгі нәтижелері сипатталған, оны жеке өрт қауіп — қатерін есептеу және өрт сөндіру жоспарларын дайындау үшін өрт қауіпсіздігі мамандарын дайындау процесінде одан әрі дамыту және қолдану жолда...

Геймификация білім беруді ұйымдастырудың құралы ретінде

Геймификацияның тиімділігі үлкен педагогикалық әлеуеті бар оқытуды ұйымдастырудың жаңа әдісі ретінде негізделген. Оқу процесінде компьютерлік ойындар құралдарын қолдану, біріншіден, субъектінің білім беру қызметіне неғұрлым күшті және сапалы көңіл бө...

Әкімшілік юстиция: кіріспе және тарихи шолу

Мақалада қазіргі уақытта әлемде өзекті болып табылатын әкімшілік сот төрелігінің ҚР да шығу тарихы туралы, әкімшілік іс-жүргізу жайында, ҚР әкімшілік іс-жүргізу кодексінің жобасы туралы мәселелерді қарастырады.

Жер-мүліктік кешенін басқарудың экономикалық тиімділігі

Мақалада жер-мүліктік кешенін қалыптастыру мен пайдаланудың заманауи тәсілдері арқылы өмір сүру жағдайының деңгейін жоғарылату көрсетілген. Жер-мүліктік кешенін басқаруды тиімді жүргізудің бағыттары, жер-мүліктік кешенін тиімді басқару үшін модель құ...

Задать вопрос