Аралық қойманың тиімділігін дәлелдеу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №8 (112) апрель-2 2016 г.

Дата публикации: 09.04.2016

Статья просмотрена: 34 раза

Библиографическое описание:

Кулнияз, Серик Сагынулы. Аралық қойманың тиімділігін дәлелдеу / Серик Сагынулы Кулнияз, А. С. Куантай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 8.2 (112.2). — С. 47-49. — URL: https://moluch.ru/archive/112/28291/ (дата обращения: 18.12.2024).



Үзілмелі-толассыз технологиялық кешенге қолайлы жұмыс жағдайын жасау мақсаттарымен және әр түрлі себептерге байланысты тоқтаулардың кері әсерін жою үшін аралық қойма жасақталуы тиіс. Егер аралық қойманың параметрлері оңтайлы шамада болса, оған сәйкес технологиялық кешеннің экономикалық пәрменділігі де ең жоғары шамада болады. Аралық қойманы жасауға жұмсалатын қаражат шығынның шамасы оның оңтайлы сыйымдылық көлемімен анықталады. Аралық койманың қолдану тиімділігін анықтау үшін бірнеше пайдалану нұсқаларды салыстырамыз. Негізгі салыстыратын нұсқа бойынша, технологиялық кешеннің өнімділігінің жоғарылауы тау-кен жабдықтар санының өсуі арқылы жүзеге асырылады. Бәсекеге қабілетті нұсқа бойынша үзілмелі-толассыз технологиялық кешен жабдықтарының құрамында аралық қойма ескеріледі.

Аралық қойманың тиімділігін дәлелдеу үшін, автокөліктің екі нұсқа бойынша қызметін жасау кезіндегі техника-экономикалық көрсеткіштерін салыстырамыз.

Бірінші нұсқа бойынша үзілмелі-толассыз технологияның конвейерлі бөлігі тоқтап қалған жағдайда, автоөзітүсіргіштер жүкті аралық қоймаға тасымалдайды. Конвейерлі көлік іске қосылған жағдайда үзілмелі-толассыз технологиялық тәсім өзінің жұмысын жоспар бойынша атқара береді.

Екінші нұсқа бойынша үзілмелі-толассыз технологияның конвейерлі бөлігі тоқтап қалған жағдайда жүк уақытша сыртқы үйінділерге тасымалданады.

Бірінші жүкті тасымалдау нұсқасы бойынша келесі жұмыстар атқарылады:

-кен массаны үңгубеттен аралық қоймаға тасымалдау;

-аралық қоймадағы экскаватормен жүкті автоөзітүсіргіштерге тиеу;

-кен массаны аралық қоймадан ұсатқыш - қайта тиеу қондырғыға тасымалдау;

-кен массаны ұсатып, конвейерлік таспаға жеткізу;

-кен массаны конвейерлер мен сыртқы үйіндіге не кен қоймаға тасымалдау;

-кенсіз жыныстарды үйінділеуішпен үйінділеу.

Екінші жүкті тасымалдау нұсқасы бойынша келесі жұмыстар атқарылады:

-кен масса аршық маңындағы кен қоймаға, не сыртқы үйінділерге автоөзітүсіргіштермен тасымалданады.

Аралық қойманың тиімділігін келесі өрнекпен сипаттауға болады:

Эа.қ= Шн – Ша.қ

(1)

мұнда:

Эа.қ - аралық қойманың тиімділігі, млн тг;

Шн- негізгі нұсқа бойынша орындалатын жұмыстардың келтірілген шығындары, млн. тг;

Ша.қ- құрамында аралық қойма бар ҮТТ тәсімнің келтірілген шығындары млн. тг.

Негізгі нұсқаның технологиялық тәсімі бойынша кен масса үңгубеттерден аршық жаңындағы жүкті, қабылдау алаңшаларға автокөлік құралдарымен тасымалданады:

Шн = Ша + Шүйін

мұнда:

Ша- жүк автокөлікпен аршық маңындағы жүкті қабылдау аланшаларға тасымалдауға қажетті шығындар, млн тг;

Шүйін- үйінділеу жұмыстарының шығындары, млн тг.

Ша. қ = Шү.қ + Шэ + Шқ.қтқ + Шұқт + Шк + Шүйін

мұнда:

Шүқ- жүкті үңгубеттен аралық қоймаға дейін тасымалдау кезіндегі шығындар, млн тг;

Шэ- жүкті үңгубеттен экскаватормен автоөзітүсіргішке тиеу кезіндегі шығындары, млн тг;

Шқ.қтқ- жүкті аралық қоймадан ұсатқыш қайта тиеу қондырғыға дейін тасымалдау кезіндегі шығындар, млн тг;

Шұқт- кен массаны ұсатуға қажетті шығындар, млн тг;

Шк- кен массаны конвейермен жер бетіне тасымалдау кезіндегі шығындар, млн тг;

Шүйін- үйінділеу жұмыстарға қажетті шығындар, млн тг.

Жүкті тасымалдаудың әр түріне жұмсалатын қаражат көлемі келесі теңдеу арқылы анықталады:

Шi = 0.15 Ki + Ci

(2)

мұнда:

Ki- i-ші жұмыс түріне жұмсалатын күрделі шығындар, млн тг;

Сi- i- ші жұмыс түрінің тұтынымдық шығындары, млн тг;

0,15- нормативтік коэффициент.

Аралық қойманы пайдалану нәтижесінде конвейерлі көліктің өнімділігі жоғарылайды және сондықтан 1м3 кен масса тасымалының үлесті шығындары азаяды.

Тұтынымдық шығындар шартты-тұрақты және шартты-өзгергіш бөліктерден жасақталады.

Шартты- өзгергіш бөлік (жөндеушілердің еңбек ақысы, электрэнергия, жөндеуге, қосалқы бөлшектерге және материалдарға жұмсалатын қаражат) өндірілген көлемге сәйкес өзгеріп тұрады.

Шартты-тұрақты бөлік қатарындағы (жабдықтардың құнын өтеу, жұмыскерлердің еңбек ақысы) конвейерлі көліктің өнімділігіне қарай өзгермейді, сондықтан бұл шама тұрақты болады, ал 1м3 кен массаны тасымалдау үлесті шығындары келесі шамаға төмендейді:

(3)

мұнда:

Ст- кеннің өзіндік құнының тұрақты бөлігі, млн тг;

Qk- аралық қоймасыз конвейерлі көліктің кен массаны тасымалдау өнімділігі, млн м3;

Qа.қ- құрамында аралық қойма бар үзілмелі-толассыз технологиялық тәсімнің өнімділігі, млн м3.

Алғашқы теңдеуден конвейерлі желісінің өзіндік құны оның өнімділігі өсуіне қарай, қайта-тиеу қондырғы бойынша келесі теңдеу арқылы анықталады:

Cқтқ = Сқтқ- ∆Стқт

(4)

мұнда:

Cқтқ- аралық қоймасыз кен массаны тасымалдаған жағдайдағы қайта-тиеу қондырғы бойынша 1м3 кен массаның өзіндік құны, тг/м3;

∆Стқт- қайта тиеу қондырғы бойынша кен массаның өзіндік құнының бөлігіндегі үлесті шартты-тұрақты шығындардың өзгеру шамасы, тг/м3.

Конвейерлер бойынша тасымалдың өзіндік құны:

Ск = Ск- ∆Ст.қ

мұнда:

Ск- аралық қоймасыз кен массасын тасымалдаған жағдайдағы конвейерлер бойынша 1м3 кен массаның өзіндік құны, тг/м3;

∆Ст.қ - конвейерлер бойынша кен массасыңың өзіндік құнының бөлігіндегі үлесті шартты-тұрақты шығындардың өзгеру шамасы, тг/м3.

Үйінділеуіш бойынша тасымалдың өзіндік құны:

Сүйін = Сүйін- ∆Ст.үйін

мұнда:

Сүйін- аралық қоймасыз кен массасын тасымалдаған жағдайдағы үйінділеуіш бойынша 1м3 кен массасының өзіндік құны, тг/м3;

∆Ст.үйін- үйінділеуіш бойынша кен массасының өзіндік құнының бөлігіндегі үлесті шартты-тұрақты шығындардың өзгеру шамасы, тг/м3.

Аралық қойманың жүкті қабылдау өнімділігі жобалық конвейерлі көліктің өнімділігінің және аршықта қолданатын технологиялық тәсімнің арасындағы айырым шамасына тең болуы тиіс.

Аралық қойманы қолдану нәтижесіндегі қосымша шығындар көлемі:

∆ Ша.қ = Qа.қ · ∆ Шт.қ

мұнда:

Qа.қ-аралық қоймаға тасымалданатын жүк көлемі, млн.т;

∆Шт.қ- аралық қоймаға тасымалданатын жүктің келтірілген шығындары, тг.

Қойманы пайдалану нәтижесіндегі барлық шығындар көлемі келесі теңдеу арқылы есептеледі:

Ш= Шк + ∆ Ша.қ

(5)

мұнда:

Шк- конвейерлі кешеннің келтірілген шығындары, млн тг.

Негізгі технологиялық тәсімнің шығындарын келесі теңдеу арқылы анықтауға болады :

Шн = Шк + Qқ · Шүйін

(6)

мұнда:

Шк- толық жүктелмеген конвейерлі кешеннің үлесті шығындары, тг/т.

Шк = Qк · Шк.ү

мұнда:

Шк.ү- аралық қоймасыз конвейерлі кешеннің үлесті шығындары, тг/т;

Qк- аралық қоймада жинақталатын көлем, не үйіндіге автокөлікпен тасымалданатын жүк көлемі, млн.т;

Шүйін- автокөлікпен үңгубеттен үйіндіге дейін тасымалданатын жүктің келтірілген шығындары, тг/т.

Сонымен, аралық қойманы пайдаланудың нәтижесіндегі тиімділік шамасы кен массаны аралық қоймасыз тасымалының келтірілген шығындар және аралық қоймасы бар технологиялық тәсімнің келтірілген шығындардың айырымы арқылы анықталады:

Эа.қ.т = Шн- Ш

(7)

мұнда:

Шн- негізгі технологиялық тәсімнің шығындары;

Ш- құрамында аралық қойма бар технологиялық тәсімнің шығындары.

Әдебиеттер:

  1. Фаддеев Б.В., Антонов В.А. Аккумулирующие склады в схемах циклично-поточной технологии за рубежом. – Черная металлургия. Ин-та „Черметинформация“, 1982, вып. 21, -С. 20-23.
Основные термины (генерируются автоматически): кен.


Задать вопрос