Қазақстандағы агроөнеркәсіпті кластерлеу арқылы дамыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Азретбергенова, Г. Ж. Қазақстандағы агроөнеркәсіпті кластерлеу арқылы дамыту / Г. Ж. Азретбергенова, Д. С. Султанов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 8.9 (112.9). — С. 9-11. — URL: https://moluch.ru/archive/112/29201/ (дата обращения: 18.12.2024).



Кластердің басты ерекшелігі –географиялық тұрғыдан белгіленген аумақты міндетті бәсекелестік, интеграциялық және инвестициялық бағдардың үйлесуі, трансакциялық шығындарды төмендету арқылы аймақтың синергиялық әсеріне қол жеткізу.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімдерін өндіру оны тереңдетіп өңдеу, дайын өнімді өндіру, сату, табыс табу, ірі бірлескен нарық субъектілерінен (кластер) шекарасы аясында, кеңейтілген ұдайы өндірісті молайту үшін, өңірлік және өңіраралық деңгейде нарықтық жағдаятты реттеуге, көтерме азық-түлік нарығында толық бәсекеге қабілеттіліктің артықшылықтарын пайдалануға, мүмкіндік береді.

Ресейде агрокластерлерді қалыптастыру ерекшелігі- қарқынды дамушы өңдеу кәсіпорындарының айналасына, субъектілердің бірігуі болып табылады. Қаржылық тәуелсіздігінен айырылған осындай кәсіпорындар өзін-өзі сақтау үшін, осындай кәсіпорынның қарамағына кіреді.

Кеңес кезеңдегі көрнекті, белгілі экономист-географ Н. Н. Колосовский 1927 жылы «Жоспарлы шаруашылық» журналында комбинаттарды құрудағы алғашқы айқындама (қазіргі заманғы мағынада, яғни кластерге ұқсас құрылымдар) белгілі аумақтағы табиғи, еңбек, энергетикалық ресурстар деп жазды [1].

Бұл тәсілді Н. Н. Колосовский ауыл шаруашылығында «қоғамдық егіншілікті басқа да ауыл шаруашылығының түрлерімен құрамдастыруға, ары қарай ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу, соңында өнеркәсіптің әр түрімен біріктіруге болады. Егерде құрамдастыру ең басында ауыл шаруашылығы –өнеркәсібі өндірісінде дұрыс жүзеге асырылса». Осылайша, тіпті ертедегі 1920 жылы кластерге ұқсайтын, ауыл шаруашылығы құрылымдарын құру мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар осы кезеңдерде агроиндустриалды комбинаттарды (Я. П. Никулихин) құру идеясы пайда болды [2]. Ол машина-трактор станциялардың колхоздар мен совхоздардың өзара әрекеттерін, өңдеуші және сервистік кәсіпорындардың үдерісін зерттеген.

Экономиканың кластерлік дамытудың заңнамалық және әдістемелік негіздері, әлемнің барлық экономикасы дамыған елдерде кластерлік дамудың жоғарғы дәрежеде, өте тиімді екені дәлелденген, бірақ біздің елімізде бұл қалыптасудың бастапқы сатысында тұр.

Ал егер Ресейдің кейбір жоғары технологиялық саласындағы өнеркәсіптік өндірістерінде халықаралық кластерлеудің тәжірибесі белсенді пайдаланылса, ал отандық АӨК-дерді бұл тәжірибелердің қолданылуы шектеулі, өйткені айырықша, елеулі түрде ғана сипатқа ие.

Ұзақ перспективадағы отандық АӨК-дерді дамыту, инновациялық дамытудың құралы ретінде кластерді қалыптастырудың қажеттілігі ҚР Үкіметі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің деңгейінде көптеген заңнамалық актілерде қарастырылған, атап айтқанда, 28 қараша 2008 жылғы № 1106 «2009–2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы [3], Қазақстан Республикасының агорөндірістік кешендерін тұрақты дамытудың кешенін бекіту туралы» «2013–2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында агроөндірістік кешендерді дамыту бағдарламасы» (Агробизнес — 2020) [4].

Қазақстандағы АӨК қалыптастырудағы жүйелік мәселелер, тез өзгеретін сыртқы ортадағы әлеуметтік-экономикалық жүйелерді құрудың объективті заңдарын, аймақтардағы АӨК кіші салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралдары мен тетіктерін әзірлеуде жетілдіруді талап етеді.

Қазақстан аймақтары өз аумағында, инвестицияларды орналастыру үшін бәсекеге түседі. Бұл, өз кезегінде, АӨК кіші салаларындағы кластерлер арасындағы бәсекелестікті дамытады. Аймақтар арасында және аймақ ішінде ынтымақтастықты дамытудың тетігі кластерлерді дамыту, ол ұзақ мерзімді перспективада бизнестің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болып табылады.

Кластерлік тәсіл аймақтық және аудандық деңгейде аграрлық секторды дамыту траекториясын құруда өте тиімді болуы мүмкін.

Әр түрлі өндірістік құрылымдар арасында, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану, инновациялық тәсілдерді, мемлекеттік және жеке бизнестің әріптестік қағидаттарын қалыптастыру жолымен тік және көлденең тұрақты байланыстарды құру, Қазақстандық АӨК өндірістік бәсекеге қабілеттік деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

АӨК кластерлік технологияны пайдалануға жарамды, мұның негізін шетелдік тәжірибеге сүйіне отырып, мысалы АҚШ-тың Калифорния штатындағы шарап қабылдау кластері, Франциядағы шарап-коньяк кластері, Данияның сүт кластері, Швейцариядағы ірімшік кластері, Канада мен АҚШ-тың астық кластерлерін айта айтамыз. Кластерлік тәсіл экономикасы дамыған елдердің қарқынды дамуына ықпал етті, аумақтық кеңістіктерде тағы бір ресурсты ұйымдастырып шоғырландырды, олардың бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттырды.

Әлемдік тәжірибе, кластерлік тәсілді пайдалану, инновациялық кәсіпкерліктің перспективалық бағыты болып табылатынын көрсетеді.

1997 жылы Еуропадағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту туралы Декларацияда, еуропалық интеграцияның маңызды бағыттарының бірі кластерлерге негізделген, жаңа өндірістік жүйелерді қалыптастыруды көрсеткен [5]. Еуропалық Одақ, кластерлік тәсілді жалпы өңірлердің, салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, болашақта инновациялық әлеуетін арттырудағы негізгі құралы ретінде қарастырады.

Кластерлік технологияларды АӨК дамытуға пайдалану мүмкіндіктерін бағалағанда, олардың ерекшелігін ескере отырып, міндетті жүйелі тәсіл қолданылуы тиіс.

Әлеуетті кластерлік құрылымдарды айқындау барысында, олардың экономикалық жай-күйін және олардың болашақтағы жұмысының қалыптасуын бағалау қажет. Көптеген отандық ғалымдар аймақтық агрокластерлерге көп кезеңдік сызбамен зерттеулер жүргізгенде ұстанымы: бірінші кезекте аймақаралық және ұлттық деңгейлерде аймақтық АӨК-дің салаларының маңыздылығына баға беріледі.

Егерде осы салалар анықталған болса, белгілі бір ортада бірегей бәсекелестік артықшылықтарын болуын растайды және ол гипотетикалық тұрғыдан аймақтық АӨК кластерлердің болуын болжауға мүмкіндік береді (мысалы, Оңтүстік Қазақстан мақта-тоқыма кластері)

Екінші кезеңде өңірдегі АӨК дамытудың жалпы үрдістері талданады. АӨК қосалқы салаларының перспективалы кластерлік технологияларды қолдану тұрғысынан, өндірістің жылда ұлғайуы, немесе өндіріс көлемінің тұрақтылығы, қалыпты рентабельділік, еліміздің өзге аймақтарға елеулі өнім көлемін өткізу қарастырылады.

Үшінші кезеңде кластердің өзекті кәсіпорындары нақты салалардың басшылары анықталады. Есепке сандық көрсеткіштер (жалпы өндіру көлемі, ірі көлемдегі экспорт) және сапалық (мал өнімділігі, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі) алынады.

Кластердің басқа интеграциялық нарық субъектілерінің нысандарынан іргелі айырмашылық, олардың арасындағы міндетті бәсекелестік болып табылады. Сондықтан да кәсіпорынның бір кластерге тиесілі екендігін анықтайтын нышандар, олар үшін ең маңызды ерекшеліктерінің бірі, ортақ бәсекеге қабілетті өріс- кластердің әрбір мүшесі — бұл оның таңдаған құқықтық нысаны бойынша жұмыс істейтін толық ойыншы болып табылады.

Нақты кластерге тиесілі болған басқа белгілер, ортақ нарықтық инфрақұрылым (несиелік инситуттар, ақпараттық және кеңестік қызметтер, аудит фирмалар және т. б.) ортақ бизнес серіктестердің, бірлескен ғылыми зерттеулердің арнайы мамандарды дайындайтын ортақ оқу орындарының болуы болып табылады.

Төртінші кезеңде кластерлердің көлденең және тік қатынастарын құрайтын өзекті кәсіпорындар талданады. Осы талдаудың негізгі міндеттері — кластер мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастардың нақты кеңістіктегі орналасу шекараларын анықтау, кластерге қатысушылар арасындағы сапаны (орнықтылығын) анықтау.

Картаның бесінші кезеңінде нақты кластердің шекарасы көрсетіледі. Картографиялық негіз тек географиялық ақпараттық ғана қамтымауы тиіс, сондай-ақ кластер қамтыған аумақтағы ресурстың ахуалы да қамтылуы қажет.

Алтыншы қадамда, кластердің бәсекелестік артықшылықтарына кешенді талдау жүргізіледі, SWOT- күшті және әлсіз жақтарының талдауы, нақты басқару шешімдерін дайындауға мүмкіндік береді.

Соңғы қорытынды жетініші қадамда, аймақтағы АӨК кластерлік даму стратегиясын іске асыру шаралары әзірленеді.

Белгілі болғандай, мемлекеттік құзырлы органдар кластерлік тәсілді аймақтағы АӨК қолдануда таразылау қажет. АӨК –дер кластерлеу кез келген инновация сияқты- бұл қауіпті қадам, аймақтық құзырлы органдардың өздеріне белгілі дәрежеде жауапкершілік алады. Кластерлік тәсіл, кез келген басқа әдістеме сияқты, аймақтық АӨК үшін, елеулі нәтижелер әкелуі мүмкін, егер ол кеңейтілген мәнмәтінге жазылса, экономикалық өркендеудің өңірлік стратегияларды неғұрлым кең тұрғыдан дамытады.

Қазақстан экономикалық үдерістерді реттеуде мемлекеттің маңызды ролі бар ел, ал ауыл шаруашылығы «көрінбейтін қол» арқылы нарықта барлығын өз орнына қоятын сала емес. Ауыл шаруашылығы өте мардымсыз дәрежеде өзін-өзі реттейді, АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, бұл салаға құзырлы органдардың басқада сапалы түрде қарым-қатынасын, көзқарасын талап етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі және және жергілікті билік органдары басышылықты өз қолдарына алу керек.

Қазақстанда агрокластерлерді құру мынадай қағидаттарға негізделуі тиіс: саланың техникалық қайта жаңғырту үшін жағдай жасау, нақты коммерциялық тетіктердің негізінде инвестициялар тарту, инновацияның технологиялық тұрғыдан да басқару тұрғысынан да қолдану, бұл міндетті түрде кластердің субъектілерінің тұрақты дамуына және олардың аймақтық және ұлттық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Аймақта қолайлы іскерлік жағдаят қалыптасуы қажет. Сыбайлас жемқорлықтың етек алмауы, экономикалық қылмыстардың болмауы, құзырлы органдардың бизнестің заңды негізінде «көлеңкелі» сызбаларды қолданбай жүргізілуіне қызығушылығының болуы қажет. Сонымен қатар жергілікті билік агрокластерді қолдау қажет, немесе мемлекеттік реттеу керек, немесе кластерге (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) тікелей қатысуын қолдауға тиіс.

Ауыл шаруашылығы саласында отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, өндірістің экономикалық тиімділігінің мардымсыздылығы және инфрақұрылымының дамымауы әсерінен Қазақстанның агроөндірістік кешендерінде, кластерлік жүйені пайдаланудың қажеттілігі туындайды.

Елімізде, астық, сүт, мақта-тоқыма, жеміс-жидек пен көкөніс және т. б. кластерлерін қалыптастырудың ұйымдастырушылық және экономикалық алғышарттары бар [6].

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бәсекеге қатаң талаптар қояды, жалпы мақсаттарға жету үшін, жеткізу тізбегін басқарудың тиімді жүйелерін пайдалануды талап етеді, сапаны сақтай отырып, бәсекеге қабілетті бағаны қамтамасыз етуде қатаң талаптарды орындауды талап етеді.

Өнімдерді өндіру, қызмет және орау технологиясы үдерістерінде негізгі маңыздылық инновацияға беріледі.

Әдебиет:

  1. Дворкин А. С. Кластеризация — как перспективное направление экономического развития региона: дис.... к.э.н. — Самара, 2004. — 194 с.
  2. Третьяк В. П. Кластеры фирм как проявление квазинтеграции. −М.: Изд-во «УРСС», 1999.
  3. Feldman V. P., Audretsch D. B. Innovation in Cities: Science based Diversity, Specialization and Localized Competition-European Economic Review. — 1999. — № 43. — Р.409–429.
  4. Жакашев Б. Р. Диверсификация деятельности предприятий АПК на основе кластерного развития//Проблемы агрорынка.- июль — сентябрь 2015.-С.33.
  5. Ескараев О. К. Закономерности и тенденции развития кластеров в Республике Казахстан//Проблемы агрорынка.-2006.- № 1.- С.24.
  6. Мырзалиев Б. С.и др. Кластеры как новая форма конкурентных отношений в современной экономике. Монография. Алматы, 2013 г., 272 с.
Основные термины (генерируются автоматически): SWOT, Проблема агрорынка.


Задать вопрос