Инновациялық қызметтегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру экономикадағы негізгі фактор ретінде | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кулбаева, М. А. Инновациялық қызметтегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру экономикадағы негізгі фактор ретінде / М. А. Кулбаева, Т. А. Абдрашитова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 8.9 (112.9). — С. 17-19. — URL: https://moluch.ru/archive/112/29215/ (дата обращения: 18.12.2024).



Әлемде инновациялық қызмет бәсекеге қабілетті және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін ең маңызды фактор болып саналады. Өнеркәсібі дамыған елдерде инновациялық қызметтердің өсуі үшін ұлттық ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолайлы жағдайлар жасалған, сонымен қатар технологияларды дамытуда, ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруда мемлекеттік және жеке ғылыми-зерттеу ұйымдары мен компаниялардың ынтымақтастық құрып, өсуіне үлкен мән берілген.

Жаңалық пен ғылымды, технологияны, техниканы өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында елімізде индустриалды-инновациялық даму бағыты көзделген. Қазақстан үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналуда. Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін көрсететін басты көрсеткіш – оның экономикасы болып табылады.

Экономиканың бәсекеге қабілетті болуының басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық үдерістерге бет бұру. Ғылыми экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдіру қажет. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажет [1].

Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында отандық компаниялардың ел ішіндегі және шетелдегі тауарлар мен капитал нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілігі өзекті мәселеге айналуда. Қазіргі таңда кез келген елдің экономикасының дамуы, халықтың рухани және материалдық игіліктерінің артуы, ең алдымен, сол елдің ғылымы мен білімінің, өндірістің инновациялық дамуына байланысты. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерін одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.

Еліміздегі кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі оның бәсекеге қабілеттілігінің стратегиялық маңызды факторларының бірі болып табылады.

Әлемдік нарықта күн өткен сайын бәсекелестік ұлғайып келе жатқаны ақиқат. Алпауыт компаниялар инновациялық саясатты жүргізуде жаңа инновациялық технологияларды зерттеу мен қолдану мәселесін күн тәртібіне қойды. Осы тұрғыдан алғанда елімізде де аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтатын болсақ, елдің инновациялық-индустриалдық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы», ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңы қабылданды. Осылардың негізінде отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі жүзеге асырылуда.

Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамта­масыз етілетін болады. Еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып табылады [2].

Инновациялық саясаттың басты мақсаты – отандық өнімдердің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, осы арқылы еліміздің әл-ауқатын көтеру және қоғамның экономикалық дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан да жаһандық үдеріс туғызған инновациялық қызмет кез келген мемлекеттің даму тарихында ерекше орынға ие. Еліміздегі ішкі және сыртқы геосаяси және экономикалық жағдайдың тұрақтануы мен инновациялық қызметтің, ғылыми-техникалық саясаттың даму қарқыны да өзгеруде. Осы орайда жоғарыда айтылған Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызмет туралы» қабылданған заңының саяси-әлеуметтік маңызы өте зор, себебі әрбір елдің экономикасы мен интеллектуалдық әлеуеті жоғары деңгейде көрінуінде ғылым мен техника басты өзек болуы тиіс. Еліміздің басты бағыттарындағы негізгі ядро болып отырған инновациялық қызметті қабылдау мен оны енгізу – бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі [3].

Инновациялық қызмет – жаңа идеяларды, ғылыми білімдерді, технологиялар мен өнім түрлерін жасауға және өндірістің түрлі салалары мен қоғамды басқару саласына енгізуге бағытталған қызмет, оның нәтижелері экономикалық өсу және бәсекеге қабілеттілік үшін пайдаланылады.

Мемлекеттік инновациялық қызметтің стратегиялық мақсатының өзі өндірістің барлық саласында жаңа ғылыми жетістіктердің енгізілуі болып табылады. Оның жетістіктері экономикалық өркендеу мен бәсекеге қабілеттілікке пайдаланы-лады. Инновациялық қызметті жетілдірудің ең оңтайлы тәсілі – ғылым мен техника, өндіріс бірлестігінің ұштастырылуында.

Қазақстандық кәсіпорындардағы инновациялық белсенділікті арттырудағы олардың артықшылықтары деп келесілерді атап өтуге болады: республикада мол табиғи ресурстардың болуы; университеттер, академиялық институттар мен басқа да ғылыми мекемелердің дамыған желісі; инновация саласындағы белсенді мемлекеттік қолдау сая-саты; шикізат ресурстарына қолы жетімсіз бизнес-элитаның кү-шеюі.

Ал кемшіліктері ретінде: әлсіз инновациялық тәуекел-менеджменттегі, маркетингтегі жоғары тәуекел деңгейі; инновациялық қызметпен айналысатын мамандардың төмен үлес салмағы; шағын венчурлық бизнестің дамымағандығы; отандық өндірушілердің төмен инновациялық қабылдағыш-тығы; отандық ғылыми жасаулардың төмен бәсекеге қабілеттілігі мен шетелдік ескі технологиялар мен жабдықтарды сатып алуы; шектеулі қаржылық және материалдық мүмкіндіктер.

Инновациялық белсенділікті арттырудағы мүмкіндіктер: өңдеуші сала кәсіпорындарының жоғары ғылыми сыйымдылықпен дамуы; университеттер айналасында «инновациялық белдеулерді» қалыптастыру; жергілікті кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін ынталан-дыру; жоғары технологиялық салаларға қаржылық және менед-жерлік ресурстардың ағымы мен қызығушылығының жоғарылауы.

Инновациялық белсенділікті арттыруға кедергі келтіретін қауіптер: кәсіпорынның сапалы инновациялық дамуының «тоқтауы»; инновациялық үдерісті тиімсіз ұйымдастыру; жаңа идеялардың, технологиялардың шетелге «кетуі» және қазақстандық ғалымдардың шетел мемлекеттері үшін интеллектуалды донорларға айналуы; жаһандану жағдайында ел экономикасы салаларының бәсекеге қабілеттілік мәселелерінің тереңдеуі.

Бүкіл әлемде инновациялық даму кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілікті тұрақты түрде ұстап тұру мен жоғарылату қажеттілігімен байланысты. Сонымен бірге инновацияларды қолдану кәсіпорындарға нарықта тиімді бәсекеге түсуге, жаңа тұтынушыларды тартуға, қаржылық нәтижелерді жақсартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік деңгейі едәуір көлемде кәсіпорынның технологиялық деңгейіне тәуелді.

Елімізде жүргізіліп отырған инновациялық саясатта тең бәсе-келестiк жағдайларды және салауатты бәсекелестiк ортаны қалыптастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ индустриалды саясаттың бәсекелестiк артықшылықтарды қалыптастыруға бағытталуы қағидалары жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік инновациялық саясатның ең басты қағидалары ғылыми және ғылыми-техникалық шығармашылық еркіндігі, интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғау; ғылыми, ғылыми-техникалық іс-әрекет пен білім берудің интеграциясы, ғылым мен техника салаларындағы бәсекені қолдау, ресурстарды ғылыми дамудың басты бағыттарына шоғырландыру; ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық іс-әрекеттегі іскерлік белсенділікті ынталандыру, халықаралық қызметтесуді дамыту болып табылады.

Қазақстанның алдында әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің санына кірудің маңызды міндеті тұр. Осы міндетті іске асырудың табысы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыруға, экспорттық әлеуетін толық ашуға және елдің географиялық орналасуын барынша тиімді пайдалануға тікелей байланысты.

Дүниежүзілік экономикалық форуммен жарияланған 2011-2012 жылдардағы бәсекеге қабілеттілігі туралы Ғаламдық есеп бойынша Қазақстан 72-орында болған. Бұл ретте мемлекеттің экономикасы озық мемлекеттердегідей шапшаң өсуі мүмкін, бірақ осы сәтте инновациялар экономикамыздың ең әлсіз түйіні болып табылады.

Экспорттың шикізаттық бағыты Қазақстанның экономикалық мүдделеріне үйлеспейді. Бұл ұлттық экономиканың сыртқы факторлардан тәуелділіктің жоғары дәрежесін алдын ала анықтайды, атап айтқанда – дүниежүзілік шикізат, әсіресе көмірсутегі нарықтарының конъюнктурасы динамикасынан құрылған.

Мемлекеттегі ең маңызды мәселелердің бірі экономикалық өсудің экспорттық-шикізаттық үлгіден инновациялық үлгіге көшудің қажеттілігі, ал бұл жағдайды өзгерту адекваттық шараларды жедел түрде қабылдауды талап етеді. Мәселені шешу инновацияға бағдарланған экономикалық жүйелерді қалыптастыру шеңберінде ғана мүмкін.

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама-сының мақсаты – ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту, тиімді орналастыру және пайдалану, оның құрылымын қалыптастыру, ғылым мен техниканың елдің экономикасын дамытудағы, маңызды әлеуметтік мәселелерді іске асырудағы, материалдық өндіріс саласындағы прогрессивті құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз етудегі, оның тиімділігі мен бәсекелестік қабілетін арттырудағы, елдің қорғаныс қабілеті мен тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтудағы үлесін арттыру[4].

Инновациялық даму жолын таңдау себептерінің негізгілері: әлемдегі өнеркәсіптің технологиялық жолмен қарқынды дамуы, әлемді жаһандану үдерісінің орын алуы, еліміздің ДСҰ-на кіру мақсатына байланысты өнеркәсіпті бәсекелестікке дайындау қажеттілігі және бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына қосылудағы мақсатқа жету болып отыр.

Қазіргі уақытта елімізде Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының тұжырымдамасы жасалды. Қазақстанның әлемдік дамыған отыз елдің қатарына енуі инновациялық идеяларға сүйене отырып жоспарланған.

Индустриялық саясаттың инновациялық сегменті басым секторлардағы өндіріс тиімділігін арттыру және елдегі инновациялық белсенділікті арттыру жөніндегі шаралар кешенінен тұратын болады және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру, технологиялар трансферті, технологиялық және басқару құзырет-терін арттыру, неғұрлым перспективалық инновациялық идеялар мен жобаларды іздену және қолдау, енгізу және ілгерілету арқылы іске асырылатын болады [5].

Әдебиет:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». Астана. –11 қараша 2014 жыл.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Астана. – 2010.
  3. Индустриалды-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы, Қазақстан Республикасының Заңы. Астана. – 9 қаңтар 2012 жыл. – № 534-IV
  4. «ҚазақстанРеспубликасының 2003-2015 жылдарда индустриалды-инновациялық даму стратегиясы туралы» ҚР Президентінің Жарлығы. Астана. – 17 мамыр 2003 жыл. – № 1096.
  5. Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамыту-дың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. –31 желтоқсан 2013 жыл. – №1497.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, мена техника, астана, дама, оса.


Похожие статьи

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Оқушыларға сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі

Көп жылдық өсімдіктерді өсірудің инновациялық технологиясын жетілдіру жолдары

Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары

Мемлекеттік - жеке серіктестіктің экономикалық мәні және қажеттілігі

Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитке көшу тенденциялары және шетелдік тәжірибе

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Педагогика сабағында модульдік оқыту технологиясында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Педагогикалық ЖОО студентінің имиджі қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің көрінісі ретінде

Басқарушылық шешімдерді қабылдау процестерін дескриптивті тәсіл базасында модельдеу

Похожие статьи

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Оқушыларға сапалы білім берудегі озық инновациялық технологиялардың тиімділігі

Көп жылдық өсімдіктерді өсірудің инновациялық технологиясын жетілдіру жолдары

Заманауи кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің басым бағыттары

Мемлекеттік - жеке серіктестіктің экономикалық мәні және қажеттілігі

Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитке көшу тенденциялары және шетелдік тәжірибе

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Педагогика сабағында модульдік оқыту технологиясында ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігі

Педагогикалық ЖОО студентінің имиджі қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің көрінісі ретінде

Басқарушылық шешімдерді қабылдау процестерін дескриптивті тәсіл базасында модельдеу

Задать вопрос