Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай? | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Даулеткалиева, Р. Л. Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай? / Р. Л. Даулеткалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 10.4 (114.4). — С. 13-15. — URL: https://moluch.ru/archive/114/29969/ (дата обращения: 18.12.2024).



Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудегі бірінші қадам сыныпта өзiңді толғандырып жүрген мәсeле мен өзіңіз өзгерткіңіз келген жағдайды aнықтап алу болып табылады.

Әдебиет сабағындағы негізгі проблеманың бірі–шығарма мазмұнын терең түсінбеу. Осының салдарынан сабақ барысында көзқарасын толықтыру үшін мәтіннен дәлелдемелерді пайдалану және мәтіндерге қатысты сыни және эмпатикалық сипаттама беруде, мәтіндерде сипатталған кезеңнің әдебиеттерінде тақырыптардың, соның ішінде астарлы ой мен жазушылардың жетістіктерінің аспектілерін талдауда қиындыққа кездеседі. Мұның себебі шығарманың мазмұнын терең ұға білмеуде деп ойлаймын. Ал шығарма мазмұнын терең түсіну үшін мәтінді бірнеше қайтара оқуға тура келеді. Мен оқушылардың қайталап оқуға деген енжарлығын байқадым. Тоқсан аяғында өткізілетін ішкі жиынтық бағалау жұмыстарында өтілген материал бойынша берілген сұрақтарға толық жауап бере алмайды.

Осы тұрғыдан алғанда оқушылар білу мен түсіну дағдыларына арналған тапсырмаларды жақсы орындағанмен, сыни ойлауы мен болжау, бағалау мен анализ жасау дағдыларына берілген тапсырмаларды толық орындай алмайды. Ал бұл дағдылар сыни ойлаудың негізгі тізбесіне жатады.Осы ретте шығарма мәтінін қайта-қайта оқып, терең түсінуіне негізделген әдістерді қолданып көру үшін іс-әрекеттегі зерттеу жобасын жүргізуді жөн көрдім.

Ең алдымен оқушыларға сауалнама жүргіздім. Оның себебі сыныптан мәселеге қатысты ақпарат алу. Сауалнама сұрақтары мынадай болды:

1.Сізге көркем әдебиет ұнай ма?

2.Әдеби шығарманың мазмұнын бір оқығанда түсінесің бе?

3.Егер бір оқығанда түсінбесең , оған кедергі не?

4.Бұл кедергіні қалай жоюға болады деп ойлайсың?

1-диаграмма

Сауалнамаға жиырма төрт оқушы қатысты.Сауалнама қорытындысы бойынша сыныптың 80%-ы көркем әдебиетті оқығанды ұнататынын көрсетті. Әдеби шығарманың мазмұнын бір оқығанда түсінетіндердің саны аз. Нақты айтсақ, 24 оқушының 10-ы ғана шығарма мазмұнын бір оқығаннан түсінетіндігін айтқан. Оған не кедергі екенін зерттеп көрсек, шығарма көлемінің үлкендігі, түсініксіз сөздер, қызықсыз болуы және т.б. Бұл кедергілерді жою жолдарын оқушылар шығарманы түсініп оқу керектігін немесе қайта-қайта оқу керектігін айтты.

Ойлана келе оқушыларға шығарма мәтінін ықшамдату әдісін қолдануды ұйғардым. Себебі мәтінді ықшамдау оның мазмұнын түсіну, талдау, анализ және синтездеу, қорытынды шығару әрекеттерін қолдану арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар мәтінді ықшамдау барысында оқушылар шығарманың негізгі ойын сақтап, абзацтарды байланыстыру мақсатында мәтінді қайта- қайта оқуларына тура келеді. Осылайша мен іс- әрекеттегі зерттеу жобамның сұрағын анықтадым. «Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?» Мақсатым оқушылардың әдеби шығарманың мазмұнын терең түсініп, жан-жақты талдай жасай алуға ықпал жасау. Мәтінді ықшамдай алу жолдарын үйрету. Ең бастысы ішкі жиынтық бағалауда талдауға арналған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауға жеткізу. 10-сынып бағдарламаға сәйкес Дулат Исабековтың «Қара шаңырақ» повесін оқиды. Бірінші сабақта Дулат Исабековтың «Қара шаңырақ» әңгімесін оқып, мәтінді бірнеше мағыналық бөліктерге бөлу қарастырылды. Себебі, ықшамдау әдісінің ережесіне сәйкес көлемді мәтінді алдымен мағыналық бөліктерге бөлу қажет. Сонымен қатар бұл келесі кезеңдерді орындауға жақсы мүмкіндік береді. Екінші сабақта әр бөліктегі кілтті сөздер мен сөз тіркестерінің астын сызып, әрбір бөлікке сұрақтар қойып, сұраққа қысқа жауап беру арқылы тезистік жоспар құрылады. Үшінші сабақта мәтіннің әр бөлігінде негізгісін белгілеп, біріктіруге болатынын біріктіру. Әр бөлікті қысқа жазу. Бөліктерді өзара байланыстыру.Төртінші сабақтаықшамдалған мәтінді қайта оқып, негізгі ойы сақталды ма, түсінікті ме? деген сұраққа жауап беру. Егер дұрыс ықшамдалмаса, түзетулер енгізу.

Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізу оқушыларға да, өзіме де пайдасы зор болды деп айта аламын. Мәтінді ықшамдау жұмысы шығарманың мазмұнын терең түсінуге ықпалын тигізді. Себебі бұрын оқушылар шығарманы бір-ақ рет оқып, тереңіне бойламайтын еді. Жоғары деңгейдегі сұраққа тек санаулы оқушылар ғана жауап беретін. Ал осы сабақтарда талдау сұрақтарына барлық оқушылар атсалысты деп айта аламын. Мәтінді ықшамдау барысында олар шығарманы бірнеше рет оқуға мәжбүр болды. Ал бірнеше қайтара оқу қалайда болса, жақсы ұғынуға әкеледі. Шығарма мазмұнын терең түсіну жан -жақты талдауға көмектеседі. Мәтінді ықшамдау арқылы оқушылар тек мәтін мазмұнын терең түсініп қоймай, грамматикалық сауаттылықтарын да арттыра түсті деп айта аламын. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағының байланысы арта түсті. Айталық, оқушылар мәтіндегі бірнеше жай сөйлемдерді біріктіріп, құрмалас сөйлемдерге айналдыру, керісінше күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлемдерді түсінікті жай сөйлемдерге айналдыру арқылы жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің құрылысын еске түсірді.

Ойды өз сөзімен өңдеп жеткізу (перифраз) арқылы сөздік қорларын біршама толықтырды деп айта аламын. Сөйлемдерді өз сөзімен өңдеп қайта жазу оқушылардың сөйлемді дұрыс құрай алуына да зор ықпалын тигізді.

Себебі кейбір қазақ тіліне шорқақ оқушылар жазба жұмыстарында сөйлем құрауда қателер жібереді. Ал мұнда көркем шығарманы оқи отырып, сөйлемді дұрыс құрауға үйренді. Мұны көптеген оқушылардың жұмысынан көруге болады. Әсіресе, өзім бақылауға алған С деңгейіндегі оқушыдан анық байқадым.

Ең бастысы бұл әдісті кезең-кезеңімен орындағанда негізгі сабақ мақсаттарының жоғалмай іске асып отыруы жетістік болды деп ойлаймын. Мәтіндерді мағыналық бөліктерге бөлу шығарма мазмұнын түсінуге арналған мақсатпен сәйкес келді. Шығарманың бөліктеріне сұрақ қойып, тезис жасау оқу мен дәлелді жауап беру мақсатын іске асырды.Ал бөліктерді біріктіру, жинақтау, қысқа жазу кезінде жұптық немесе топтық талдау өз көзқарастарын білдіруге себебін тигізді. Соңғы кезеңдегі жұмыс жинақы мәтінді оқып, негізгі ойы сақталды ма, оқырманға әсер ете ме деген сұрақтарға жауап беру арқылы өз жұмысына баға беру. Яғни, оқушы шығарманың негізгі ойын бұзбай, мазмұнды терең түсіне отырып, өзіндік шығармашылықпен айналысты. Шығарманың оқырманға әсерін түсіне алды.

Дегенмен өзгерістерді енгізу және дәлелдемелер жинау барысында қиындықтар да кездесті.Ол - оқушылардың жасаған жұмыстары бойынша кері байланысқа дұрыс шыға алмауы. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекетім қандай деңгейде, оны келесі сабақта қалайша дамытуыма болады? дегендей бағытта жұмыс жасамайды.

Іс-әрекеттегі зерттеу жобасының тәжірибеме тиген ықпалы көп деп айта аламын. Осы өзгерісті жалғастыра беру керек деп ойлаймын. Себебі қазіргі уақытта оқушыларды көркем әдебиетті оқуға қызықтыру басты мәселе. Ал шығарманың мазмұнын терең түсініп, оны жан-жақты талдау үшін оқушыны қызықтыратын әдіс-тәсілдерді қолдана білу қажет. Қолданылған мәтінді ықшамдау әдісін бұрын оқушылар пайдаланбаған. Оқушылар үшін бұл жаңа әдіс. Зерттеу сұрағыма қайта оралып, мәтін мазмұнын терең түсінуге мәтінді ықшамдаудың пайдасы бар деген қорытындыға келдім. Оқушылармен төрт сабақ аясында сұхбат-әңгімелер олардың осы сабақтардан алған білімдерінің салмақтылығын дәлелдеді.

Сауалнама нәтижесі бойынша мәтінді ықшамдауда қандай қиындықтар болды?, Қандай пайдалы жақтары болды?- деген оқушылардың сауалнама сұрақтарына берген жауаптарынан мәтінді ықшамдау әдісі іске асқандығы көрініп тұр деп айта аламын. Себебі, оқушылардың жауабынан өздеріне алған пайдалы жақтарын көрсете білген. Мысалы, мәтінді бөліктерге бөлу арқылы негізгі мазмұнды түсіндік десе, біріктіру, жинақтау арқылы мәтінді терең түсінгендерін жазған. Алдағы ішкі жиынтық бағалауда оқушылар барлық деңгейдегі сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді деген сенім ұялады.

Сауалнама нәтижесі

Оқушы саны

Мәтінді ықшамдауда қиындықтар болды.

22

Мәтінді мағыналақ бөліктерге бөлу қиын болды.

3

Синонимдерді алмастыру қиын болды.

15

Құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемге айналдыру қиын болды.

16

Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру қиын болды.

14

Ойды өз сөзімен өңдеп жеткізу қиын болды.

15

Мәтін мазмұнын терең түсінуге мәтінді ықшамдаудың пайдасы болды.

24

Іс-әрекеттегі зерттеу жұмысынан соң шын мәнінде жақсару болды ма, жиналған деректер мұны растай ма? деген сұрақтарды өзіме қоя отырып, өзіме баға бердім. Ең бастысы әр оқушы шығарманы толық оқып шықты. Тапсырмалар нақты жетістік критерийлеріне құрылғандықтан оқушылар берілген тапсырмаларды ден қоя орындады. Талдау, өз пайымын жасауға арналған сұрақтарға тек үлгерімі жақсы оқушылар ғана емес, үлгерімі төмен оқушылар да жауап берді. Сынып оқушылары арасында ынтымақтастық орнады. Бір- бірінің жұмыстарын оқып, ұсыныстар қалдырды.

Іс-әрекеттегі зерттеу – үздіксіз үдеріс. Осы іс-әрекеттегі зерттеу барысында көркем әдеби мәтіндерді ықшамдаудың жай мәтіндерді ықшамдаудан біраз қиыншылығы бар екені байқалды. Себебі кейбір көркем шығарманың көлемі өте үлкен және мазмұндық құрылымы күрделі болады. Ол бір оқушы үшін біраз уақыт алуы мүмкін. Сондықтан жұптық жұмыс түрлерін қарастыру жөн деп ойлаймын.

Әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші(негізгі) деңгей. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015.
  2. Усачева И.В. Курс эффективного чтения учебного и научного текста: Учебно-методическое пособие для студентов 1-2 курсов университетов и учащихся старших классов. М., 2008. – С.68.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса.


Похожие статьи

Іс-әрекеттегі зерттеу: 8-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуда жоғары деңгейлі сұрақтар қалай ықпал етеді?

Іс әрекеттегі зерттеу: 7 А сынып оқушыларының сабақ кезіндегі моторлық тығыздығын қалай көтеруге болады?

Іс әрекеттегі зерттеу: Кіріктірілген бағдарлама аясында 8С сынып оқушыларының дене шынықтыру сабағындағы белсенділігін қалай арттыруға болады?

Іс әрекеттегі зерттеу: 8 «Е» сынып оқушыларының түсініп оқу дағдыларына жоғары деңгейлі сұрақтар қалай ықпал етеді?

Қазақстанның Оңтүстігіндегі өзбек тұрғындарының білім алуға тартылуы және исламдық әдебиеттің дамуы (ХІХ ғасыр соңы- ХХ ғасыр басы)

Іс-әрекеттегі зерттеу: пән мен тілді кіріктіріп оқытуды қалайша жүзеге асыруға болады?

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері

Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

Похожие статьи

Іс-әрекеттегі зерттеу: 8-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуда жоғары деңгейлі сұрақтар қалай ықпал етеді?

Іс әрекеттегі зерттеу: 7 А сынып оқушыларының сабақ кезіндегі моторлық тығыздығын қалай көтеруге болады?

Іс әрекеттегі зерттеу: Кіріктірілген бағдарлама аясында 8С сынып оқушыларының дене шынықтыру сабағындағы белсенділігін қалай арттыруға болады?

Іс әрекеттегі зерттеу: 8 «Е» сынып оқушыларының түсініп оқу дағдыларына жоғары деңгейлі сұрақтар қалай ықпал етеді?

Қазақстанның Оңтүстігіндегі өзбек тұрғындарының білім алуға тартылуы және исламдық әдебиеттің дамуы (ХІХ ғасыр соңы- ХХ ғасыр басы)

Іс-әрекеттегі зерттеу: пән мен тілді кіріктіріп оқытуды қалайша жүзеге асыруға болады?

12 жылдық білім беру жүйесіндегі зерттеушілік технологиясының маңыздылығы

Белгілі бір мекеменің есептеу желісіне арналған ақпаратты қорғау жүйесінің нұсқасын таңдаудағы көпкритерийлі модель

Оқушылардың мінез-құлқын түзетудің психологиялық мүмкіндіктері

Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

Задать вопрос