Іс әрекеттегі зерттеу: Сөздік қорын арттыру арқылы айтылым дағдысын қалай дамытуға болады? | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 26 октября, печатный экземпляр отправим 30 октября.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тукай, Ботагөз. Іс әрекеттегі зерттеу: Сөздік қорын арттыру арқылы айтылым дағдысын қалай дамытуға болады? / Ботагөз Тукай. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 10.4 (114.4). — С. 65-67. — URL: https://moluch.ru/archive/114/29977/ (дата обращения: 17.10.2024).

  1. Неліктен мен іс әрекеттегі зерттеумен айналысуды қолға алдым?

Менің педагогикалық тәжірибемде орыс тілді сыныпқа қазақ тілінен сабақ беру бірінші жыл қолға алынғандықтан алдымда бірнеше мәселе тұрды. Соның бірі оқушылардың сөздік қорының аздығынан айтылым дағдысының төмен болуы. Сондықтан да мен «Сөздік қорын арттыру арқылы айтылым дағдысын қалай дамытуға болады?» деген зерттеу сұрағын ортаға шығардым.

  1. Жұмыс қалай басталды?

Аталмыш мәселені шешуді жоспарлау үшін әріптестеріммен, сынып оқушылары туралы мектеп психологімен және кураторымен кеңестім. Алынған ақпараттарды сараптай келе, сөздік қорды арттыруға ықпал ететін бірнеше стратегия таңдалды.

  1. «Копцептуалды ұғым» стратегиясы. Мәселен, «мықты» деген сөзге оқушы концепт беру керек. Ол арыстан, әке, үздік оқушы т. б. көптеген концептуалды ұғымдарды жинақтайды. Осылай оқушының тек қана сөз байлығы емес, сонымен қоса тілдік дүниетанымы қалыптасады [3].
  2. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы жұптасқан оқушылар жаңа сөздермен жұмыс жасайды әрі суретті сипаттау үшін қарапайым сөйлемдер құрастырады [1].
  3. «Non stop speaking» атты жоба бойынша оқушылар үйренген сөздерін үздіксіз әрі белсенді түрде қолданады.
  1. Мәселені шешу жолдары

Ең алдымен ен күнделікті сабақ барысында 10 минутқа бір кілтті сөз ұсынып отырдым. Оқушылар осы сөзге сөздікті қолдана отырып концептуалды ұғымдарды топтастырды. Сынып жарты топ болғандықтан оқушылар жұппен жұмыс жасады. Мәселен, «әдемі» деген сөзге концептуалды ұғымдарды тізбектеп шығады да оны өзара бір-біріне айтып, бірін-бірі толықтырады. Оқушыларды біріне-бірі түсіндіргендігінен менің байқағаным: сол ұғым туралы түсінігі мен сөз байлығы толыға түседі екен. Бірінші цикл осылай тек сөздер мен ұғымдардың қорын жинақтауға арналды. Оқу барысындағы айтылымның мақсатының күрделене әрі тереңдей түсуіне байланысты келесі қадамдарға көшу керек болды. Осы тұста мен «Суреттер сөйлейді» стратегиясын таңдадым. Белгілі бір оқиғаға құрылған суретті жұпқа бердім. Оқушылар осы суретті баяндап беруге қажетті сөздер мен ұғамдарды іздестіреді, аударады, жаттайды, танысады.

Үшінші цикл еркін сұхбат «non stop speaking» жобасына арналды. Оқушылар еркін тақырыптың бірін таңдап сол туралы 2 мин бойы өзара сұхбаттасады. Мәселен, хобби, сүйікті тағам, қызықты ойын секілді басқа да тақырыптар.

  1. Нәтижелер

Сынып қандай нәтижеге жетті? А оқушысы суреттерді қолдана отырып қысқаша әңгімелер құрастырды. Бұл оқушының дифференцияциаланған тапсырмасы деңгейіне сай солай лайықты етіп алынды. Ал В оқушысы болса, өзінің кері байланысында қаншама уақыт бойы жаттаған сөздерінің енді айтылымда қолданылып көмегін тигізгенін атап өтті. С оқушысы болса ЖАДА арқылы үнемі қолдауды қажет етеді. Көптеген ұйымдастырылған қосымша сабақтар арқылы «суреттер сөйлейді» стратегиясы бойынша жекеленген сөйлемдер құрастырды. Бірақ, бұл оқушыға өте көп дайындық қажет. «Non stop speaking» жобасы оқушылардың өз ойын жеткізуде тиімді қолданылды.

  1. Не сәтсіз шықты?

Бұл жерде мен айтылымды тек сөздік қорын молайту арқылы ғана арттырамын дегенім дұрыс болмағандығын түсіндім. Оқушылар еркін сұхбатқа келгенде сөйлем құрастыруда әрі ойын еркін жеткізуде қиналды. Оқушылар орыс тіліндегідей сөйлемдер құрастырады. Ол кейбіреуінде өте сауатсыз шығып жатты.

Не сәтті шықты? Оқушылардың сөздік қоры шынымен артты. Синонимдік сөз қатары молайып, зерттеушілік, ізденушілік дағдылары арта түсті.

6. Менің болашақтағы жоспарым

Алдыңғы уақытта мен осы сыныпта көбірек перифраз құру бойынша жұмыс жасауды жоспарлап отырмын. Себебі, оқушылардың берген кері байланыстарында мен айтылым дағдысын арттыру үшін қажетті тағы бір факторды анықтадым. Сондықтан бұл зерттеу жұмысым әлі жалғасын табады деген ойдамын.

әдебиеттер:

  1. «Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары» НЗМ оқу-әдістемелік құралдар жинағы. Астана, 2015.
  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектебі». Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым, 2015 жыл.
  3. Программа «Развитие одаренности детей». АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2013.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.

Похожие статьи

Іс әрекеттегі зерттеу: Физика сабақтарындағы дарындылық белгілерін қалай анықтаймын?

ҚӘҚ сабақтарында жоба әдісін пайдалану 11 сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытуға қалай әсер етеді?

Іс әрекеттегі зерттеу: 8 «Е» сынып оқушыларының түсініп оқу дағдыларына жоғары деңгейлі сұрақтар қалай ықпал етеді?

Эксперименттік жұмыстарда проблемалық жағдай туғызу негізінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалай дамытамын?

Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

7 «Е» сынып оқушыларының айтылым дағдысын дамытуға суретпен жұмыс қалай әсер етеді?

9 «Е» сынып оқушыларының жазылым дағдысын арттыруға мұғалімнің кері байланысы қалай әсер етеді?

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың жеке ерекшеліктері және оларға себепші болатын факторлар

Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Қашықтықтан оқыту жүйесін психологиялық тұрғыдан тиімділігін арттыру

Задать вопрос