Іс-әрекеттегі зерттеу: 8-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуда жоғары деңгейлі сұрақтар қалай ықпал етеді? | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Курмангалиева, Г. Г. Іс-әрекеттегі зерттеу: 8-сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуда жоғары деңгейлі сұрақтар қалай ықпал етеді? / Г. Г. Курмангалиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 10.4 (114.4). — С. 46-49. — URL: https://moluch.ru/archive/114/30002/ (дата обращения: 18.12.2024).



8-сынып оқушылары-13-14 жастағы жасөспірімдер. Психологтар тілімен айтсақ, өтпелі кезең. Бұл кезеңде жасөспірімдер бойында әр түрлі өзгерістер болады. Ақпаратқа толы заманда оқушыларға кітап оқыту және сол оқығанынан өзіне қорытынды жасату қиынның қиыны. Сондықтан әр сабақта ақпаратпен жұмыс жасау барысында оқушыларға жоғары деңгейлі сұрақтар қойып, олардың сыни ойлау дағдыларын, мәтінді терең түсінуін дамытқан тиімді деп санадым.

Оқу жылының басында оқушыларға оқуға шағын мәтіндер беріп, оқып танысқаннан кейін, бір-бірімен мазмұны бойынша сұхбат құруға үйреттім. Осы кезде мен балаларды бақылап, олар мәтіндегі ақпаратты қаншалықты ұтымды қолданатынын тексердім және сұрақтары мәтін ішінен алынған ба, әлде өмірмен байланыс бар ма деген сұраққа жауап іздедім.

Әрине, оқушылардың жартысы алдарындағы ақпаратқа сүйеніп сұрақ құрастырғанды қалады, бірақ бұл әрекет оқушылардың тек зейін қойып оқуына немесе тыңдауына ықпал жасайды. Ал, өздігінен ойланып, бұл ақпаратты өмірмен байланыстыруға жағдай жасамайды. Сондықтан балалардың өздеріне: бұл қандай сұрақ? жіңішке ме әлде жуан ба? неліктен жіңішке сұрақ деген сауалдар қоя бастадым. Өзім үшін оқушылардың әлсіз тұстарын анықтадым. Кейін келесі жұмыс түрлерін жоспарладым:

-сабақта оқушылар жұмысын жұппен ұйымдастыру /мықты+әлсіз;

-әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қою, жауаптарының толықтығына, дәлелділігіне назар аудару;

-оқылым, тыңдалым мәтіндері бойынша өздеріне жіңішке және жуан сұрақтар қойдырып дағдыландыру;

-бір тақырып бойынша проблемалық сұрақ қойып, өзара талқыға салу;

-Блум сұрақтарына бейімдеу:

1. Дайын сұрақтарды таратып, сәйкестендіру жұмысын орындату.

2. Өздеріне жақсы, мазмұнды, қызықты, жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырту.

3. Сабақ мазмұны бойынша «Кейіпкерге сұрақ» әдісін қолдану.

Оқушылар сұрақ құрастыруға біраз төселді. Кез келген ақпаратты тыңдауда, оқуда сұрақты ойластырып отырады, толық әрі баламалы жауап беруге тырысады.

Жақсы сұрақтарға жақсы жауап беру үшін зейіндерін арттыру, оқу сауаттылығын дамыту, ғаламдық мәселелерге назарларын аударту.

Оқушы

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІҮ тоқсан

Сұрақ құрастыру дағдысы

5 балдық шәкілмен

Сұрақ құрастыру дағдысы

5 балдық шәкілмен

Сұрақ құрастыру дағдысы

5 балдық шәкілмен

Сұрақ құрастыру дағдысы

5 балдық шәкілмен

Оқушы 1 В

3

4

5

5

Оқушы 2

3

3

4

4

Оқушы 3 А

4

5

5

5

Оқушы 4

2

3

3

3

Оқушы 5

3

4

4

4

Оқушы 6

3

3

4

4

Оқушы 7 С

2

3

3

4

Оқушы 8

3

3

4

4

Оқушы 9

3

4

4

4

Оқушы 10

4

5

5

5

Зерттеу барысының екінші кезеңінде тақырыпты сәл өзгерту қажет болды. Ондағы мақсатым: жоғары деңгейлі сұрақтар арқылы оқушыларымның ойлау деңгейін арттыру көзделді, оқушылардың әрі қарай ашылуы бақылау нысаны болды.

«Жоғары деңгейлі сұрақтар оқушылардың дивергенттік ойлауына қалай әсер етеді?

Зерттеу сұрақтары:

1.Қандай әдістер тиімді?

2. Ол оқушылардың қандай дағдыларын қалыптастырады?

3. Кімге ерекше назар аудару керек?

4. Өз тәжірибемді жетілдіру үшін не істей аламын?

Зерттеу әдістері:

1. Блум түймедағы әдісін қолдану: 6 жапырақ, 6 түрлі сұрақ бізге қандай дағдыны қалыптастыруға көмектеседі? Алдымен, өзім құрастырған сұрақтарды таратып, сәйкестендіру жұмысын ұсыну. Кейін өздеріне үлгі бойынша сұрақтар құрастырту.

2. Өз сабақтарымда ғаламдық тақырыптарды қарастыру. Ол сұрақтар біздің еліміздегі жағдай және әлемде қалай? Неліктен солай? Кім кінәлі? Шешу жолдарын ұсыну.

3. Қай оқушымен жеке жұмыс жүргізу керек? Топтық талқылауға неге қатыспайды? /өзіме түртіп алып, қосымша сабақтарға шақыру, жеке көмек көрсету.

Заманауи білім беруде кең танымал Блум таксономиясына негізделген сұрақтар. Бұл әдіс оқушыларды жүйелі ойлауға үйретеді. 6 жапырақ, 6 түрлі сұрақ немесе Блум түймедағы аталатын сұрақтар. [1, 2-бет]

  1. Төмендегі кестедегі сұрақтарды балаларға таратып, ол қандай сұрақ деп сәйкестендіру тапсырмасы берілді.

6

Ұлттық мінезге әсер ететін факторлар

Қарапайым сұрақ

Ұлттық мінез деген не?

Анықтаушы сұрақ

Ұлттық мінезге әсер ететін факторларды анықтап айтыңыз.

Интерпрета

циялық сұрақ

(түсіндіруші)

Мінездің өзгермелі және тұрақты жақтары қандай?

Бағалаушы сұрақ

(салыстыру)

Қалыптасып, халықтық әдеп-әдетке айналған – ұлттық мінезге заман лебі әсер ете ме? Өмірмен байланыстырып, дәлелдеңіз

Шығармашылық сұрақ

(болжам)

Ұлттық мінезге табиғат пен климат қаншалықты әсер етеді? Мысалдармен дәлелдеңіз. (мақал, өлең, нақыл сөз, аңыз-әңгіме, т.б.

Тәжірибелік сұрақ

ЖаҺанданған заманда ұлттық мінезді сақтап қалу мүмкін бе? Шешу жолдарын ұсыныңыз.

2. Кейін дәл осы үлгі бойынша балаларға «Биоалуандылық» тақырыбына өздеріне сұрақ құрастыру жұмысы ұсынылды. Дұрыс әрі сапалы орындасын деген ниетпен оларға қажетті сөздік қор (екінші тіл болғандықтан) және көбірек уақыт берілді. Балалар жұпта жұмыс істеді. Жұпқа бөлу кейде кездейсоқ (мозаика арқылы немесе сандар арқылы) кейде мұғалімнің таңдауымен ұл-қыздан қүралды. Себебі бұл жастағы балалар тек қыздармен немесе ұлдармен жұмыс істегенді қалайды. Сондықтан кейде мұғалімнің таңдауы да жүзеге асады, іштей (балаларға білдіртпей) мықты-әлсіз оқушылардан жұп құрауға тырысамын.

Нәтижесінде балалар тақырып бойынша жап-жақсы сұрақтар құрастырып, ортаға шығып, топ талқылауына салды. Сұрақтары төменгідей болды:

- Биоалуандылық не үшін қажет?

- Әрбір тірі ағзаның табиғаттағы маңызын айтып, дәлелдеңіз.

- Жыртқыштар немен қоректенеді?

- Динозаврлардың жойылу себептерін атаңыз.

- Неліктен ақбөкендер /сайгаки/ тек Орта Азия мен Ресейде мекендейді?

- Олардың жаппай қырылуының себебі қандай?

- Биоалуандылық пен экология қалай байланысты?

- Биоалуандылықты сақтап қалу үшін сен не істер едің?

- Қызыл кітап парақтарын азайтудың жолдары қандай?

Тәрізді көптеген сұрақтар қойды және жауап беруде балалар әр түрлі баламалы жауаптар берді. Өзара бағалау жүргізіп, белсенді оқушыларды атап өтті. Дивергенттік ойлау үлгісін көрсете алды. Дивергенттік ойлау деген бір мәселенің әр түрлі баламалы шешімдерін ұсыну, мәселені жан-жақты қарастыру. [ 3,1-бет] Бұл жұмыстар тек баланың ойлауын ғана дамытпайды, оның сыныптастарына құрметпен қарауға да үйретеді және өздері бір-бірін оқытады.Сонымен қатар, жауап алған соң, олар сен шынымен де сол көмектеседі деп ойлайсың ба? Мүмкін, тағы басқа пікірлер бар шығар деп топтық талқылауға салады.[4, 257-бет]

Айта кететін бір жайт, бұл жерде көптеген пәндермен кіріктіру де жүзеге асады, мысалы биология, география, химия, орыс тілі, ағылшын тілі.

Соңында балалар «ең үздік сұрақ», «ең белсенді қатысушы», «ең үздік тыңдаушы» деп бағалау да жүргізді.

Осы тоқсандағы келесі бөлім «Су» тақырыбы болды. Алғашқы сабақтарда балалар тақырып бойынша жаңа сөздер мен тіркестерді, тыйым сөздерді, мақалдарды меңгерді.Судың химиялық және физикалық қасиеттерін үйреніп болған соң, бұл тақырыпты ғаламдық тұрғыдан қарастырдық. Бұл ретте балаларға әлемдегі су тапшылығы мәселесі ұсынылып, олардың ғаламдық ойлауын дамыту көзделді. Олар алдын ала twig ресурстарынан су тапшылығы жөнінде ақпараттармен танысты. Кейін бұл мәселе конференция сабағына (бөлім бойынша қорытынды сабақ) негізгі мәселе болып алынды. Балалар жұпта жұмыс жүргізді. Алдымен алдарына берілген картадағы фрагменттік ақпараттармен танысып, шағын мәтін құрастырды. Кейін оларға 2070 жылдан [2,слайдтар] /болашақтан жазылған/ хат келді. Олардың міндеті хат мазмұнымен танысып, бұл хат ақиқат па, жалған ба /миф или реальность/ соны анықтау және конференция қатысушыларына жоғары деңгейлі сұрақтар қою болатын. Әр топ бұл жұмысты толық орындап шықты.

Бір байқағаным: оқушылар ғаламдық деңгейде ойлауға дайын екен. Оқушылардың құрастырған сұрақтарынан фрагменттер келтірсем, олар төменгідей:

- Әлемде су біркелкі бөлінген бе?

- Елімізде қандай су ресурстары бар?

- Қай елдер су тапшылығы мәселесінен зардап шегеді? Оған кім кінәлі?

- Ащы суды тұщыландыру үшін не істеу керек?

- Су тапшылығы болашақта қандай ғаламдық мәселелерге әкелуі мүмкін?

- Бұл мәселені шешу үшін әр адам, мемлекет не істей алады?

- Егер су мәселесі қазірден шешілмесе, зардабы қандай болуы мүмкін?

Бұл сұрақтардың барлығына баламалы жауаптар берілді. Бір қуаныштысы, балалар өз жауаптарын аргумент келтіріп, дәлелдеуге дағдыланды. Әрі бір-бірін тыңдап, ести білді.

Оқушы

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІҮ тоқсан

Сұрақ құрастыру дағдысы

5 балдық шәкілмен

Сұрақ құрастыру дағдысы

5 балдық шәкілмен

Сұрақ құрастыру дағдысы

5 балдық шәкілмен

Сұрақ құрастыру дағдысы

5 балдық шәкілмен

Оқушы 1 А

4

5

5

5

Оқушы 2 В

4

4

5

5

Оқушы 3

3

4

4

4

Оқушы 4 С

3

4

4

4

Оқушы 5

3

4

4

4

Оқушы 6

3

4

4

4

Оқушы 7

4

4

5

5

Оқушы 8

4

5

5

5

Оқушы 9

3

4

4

4

Қорытынды

- 8-сынып оқушылары жіңішке және жуан сұрақтарды ажыратады

- 8-сынып оқушылары жіңішке және жуан сұрақтарды ажыратады

- Сұрақ қою арқылы сыни ойлау, ғаламдық ойлауды дамытады

- Сұрақтарды 3 тілде құрастыра алады, дивергенттік ойлаулары дамыды

- Сұрақ қоюда және жауап бергенде өздеріне сенімді

Жоғары деңгейлі сұрақтар жасөспірімдердің дивергенттік ойлауын дамытуда үлкен рөл атқарады. Олардың сыни ойлау, ғаламдық ойлау, зерттеушілік әңгімеге қатысу дағдыларын арттырады. Әр сабақта кем дегенде бір проблемалық сұрақ қойып, талқылауға қатыстыру –балаларды өмірге дайындаудың бірден бір жол.


Әдебиеттер:

1. http://www.uchportal.ru/index/8-62747 Новые подходы в обучении /Учительский портал. Автор Муканова А.Ш. 11.03.2016

2. http://www.slideshare.net/Nvpminsk/lettre-ecrite-en2070-2070 письмо опубликованное в журнале «Хроника времен» в 2002 году. 20.02.2016

3. https://4brain.ru/blog/%D0%B4%D0%B8%D0%B2%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%BD%D0%BE%D0%B5-%D0%BC%D1%8B%D1%88%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5/ Дивергентное мышление: особенности, способы развития. Автор: Оксана Седашова

4. Программа развитие одаренности детей АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»



Похожие статьи

Іс әрекеттегі зерттеу: 8 «Е» сынып оқушыларының түсініп оқу дағдыларына жоғары деңгейлі сұрақтар қалай ықпал етеді?

Іс әрекеттегі зерттеу: 7 А сынып оқушыларының сабақ кезіндегі моторлық тығыздығын қалай көтеруге болады?

Іс әрекеттегі зерттеу: Кіріктірілген бағдарлама аясында 8С сынып оқушыларының дене шынықтыру сабағындағы белсенділігін қалай арттыруға болады?

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

Іс-әрекеттегі зерттеу: пән мен тілді кіріктіріп оқытуды қалайша жүзеге асыруға болады?

Lesson Study форматындағы сабақты зерттеу: «Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаттығулар кешенін қолдану арқылы оқушылардың қозғалыс дағдыларын қалыптастыру»

Іс әрекеттегі зерттеу: Сөздік қорын арттыру арқылы айтылым дағдысын қалай дамытуға болады?

ҚӘҚ сабақтарында жоба әдісін пайдалану 11 сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытуға қалай әсер етеді?

Зияты зақымдалған балаларды оқытуда ойын технологиясын қолдану

Мақалада ойын технологиясының түрлері мен дамыту және түзету құралы ретіндегі мүмкіндіктері мен артықшылықтары қарастырылады.

Похожие статьи

Іс әрекеттегі зерттеу: 8 «Е» сынып оқушыларының түсініп оқу дағдыларына жоғары деңгейлі сұрақтар қалай ықпал етеді?

Іс әрекеттегі зерттеу: 7 А сынып оқушыларының сабақ кезіндегі моторлық тығыздығын қалай көтеруге болады?

Іс әрекеттегі зерттеу: Кіріктірілген бағдарлама аясында 8С сынып оқушыларының дене шынықтыру сабағындағы белсенділігін қалай арттыруға болады?

Іс-әрекеттегі зерттеу: Оқушылардың шығарма мазмұнын терең түсінуіне мәтінді ықшамдатудың пайдасы қандай?

Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

Іс-әрекеттегі зерттеу: пән мен тілді кіріктіріп оқытуды қалайша жүзеге асыруға болады?

Lesson Study форматындағы сабақты зерттеу: «Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жаттығулар кешенін қолдану арқылы оқушылардың қозғалыс дағдыларын қалыптастыру»

Іс әрекеттегі зерттеу: Сөздік қорын арттыру арқылы айтылым дағдысын қалай дамытуға болады?

ҚӘҚ сабақтарында жоба әдісін пайдалану 11 сынып оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытуға қалай әсер етеді?

Зияты зақымдалған балаларды оқытуда ойын технологиясын қолдану

Мақалада ойын технологиясының түрлері мен дамыту және түзету құралы ретіндегі мүмкіндіктері мен артықшылықтары қарастырылады.

Задать вопрос