Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы дәстүрлері арқылы ізгілікке тәрбиелеу | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Молдабаева, К. Р. Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы дәстүрлері арқылы ізгілікке тәрбиелеу / К. Р. Молдабаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 12.1 (116.1). — С. 42-44. — URL: https://moluch.ru/archive/116/31605/ (дата обращения: 19.12.2024).



Қазіргі еліміздің саяси әлеуметтік, экономикалық және мәдени даму өзгерістері орта және жоғары мектепті демократияландыру, ізгілендіру яғни білім беру жүйесінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбилеудің сапасын көтеру, оларды қоғамдық өмірге даярлау ісінің маңыздылығын көрсетіп отыр.

Бастауыш сынып оқушыларын ізгілікке тәрбиелеуге бағытталған халықтық педагогика дәстүрлерінің түрлері сан алуан. Оның тоқсан тарау қилы-қилы жолдары мен амалдары бар. Ізгілік ұғымының қамтыған ауқымы үлкен, кең мағыналы. Десек те, оқушыларды бастауыш сыныптан бастап халық педагогикасының озық дәстүрлері арқылы ізгілікке тәрбиелеу ісі — тәжірибеден өз нәтижесін беруде. Бұл өзекті мәселеге алғашқы қазақ мектебінің іргетасы қалана бастаған кездің өзінде-ақ «Қазақ ұлттық мектебінің» негізін салушы қазақ халқының ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедовтер атсалысқанын жоғарыда атап өткен болатынбыз.

Әрбір халық өз ұрпағын тәрбиелеуде халқының тәлім-тәрбиелік озық игі істерін ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған. Мәселен, Қорқыт атаның ауыздан-ауызға тараған: «Ұл әкеден көрмей — сапар шекпес», «Қыз анадан көрмей — үгіт алмас» — дейтін даналық ойлары ұл баланың — әкеден алар, қыз баланың — анадан алар тәрбиесінің маңыздылығына ерекше мән берген. Дәлірек айтқанда, қыз бала анадан арлылықты, әдептілік, тазалықты, адалдықты, инабаттылықты, ізеттілікті, іскерлікті, қарапайымдылықты т.б қасиеттерді алып, өз бойына сіңіреді.

Әке үйінде болған кезде, қыздар өздерінің «келін» сияқты болашақ рөліне еніп, үлкен келін немесе кіші келін, немесе жалғыз ұлдың келіншегі рөліне қажет міндеттер мен жауапкершіліктер аясын меңгереді» [1].

Ізгілендіру ой-пікірлері әрбір қоғамның ілкі бастауларынан орын алып келе жатқан қағида. Олай дейтініміз, ол әр халықтың діни сенімдері мен салт-дәстүрлерінен, философиялық және педагогикалық ілімдерінен орын алады. Осы ойдың көрінісін жалпы білім беретін мектептегі оқу- тәрбие үдерісінде қолданылып келе жатқан педагогикалық ізгі қасиеттерден кезіктіреміз. Әрбір ұлттың ізгілік қасиеттерін қалыптастырушы бірден-бір негізгі құралы, ол — халықтық тәрбие. Халықтық тәрбие неғұрлым жоғары сипатта көрінсе, ол ізгілікке ұласары анық.

«Ана тілін қалай оқыту керек?» («Жаңа мектеп», 1925, № 2) атты мақалада оқу ағарту ісі, мұғалім беделі мен қасиеті, емле, сөз, әңгіме оқыту жолдары, шығарма, хат жазу үлгілері т. т. қарастырылады. Ана тілін оқып-үйрену, сауаттылық мәселесі әр уақытта да маңызды, кәделі іс. Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып өзге пәндерге түсіну мүмкін емес деп айтылады. Шынында да тіл — өмір өзегі, тіршілік арқауы болып табылады. Мұның ақиқатын бүгінгі күн дәлелдеп отыр. Ендеше отбасынан өріс алатын — өнеге, тіл тағдыры — ұлттық мәселе әрі басты байлықтарымыздың негізі болып қала бермек [2. 315].

Ізгі жүрек — адам іс-әрекетінің демеушісі ғана емес, адамдықтың белгісі. Ізгі сөз жанға жылылық береді. Ізгіліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін білімді адастырмайтын да, ол — жүрек. «Ізгі жүрек ізгілікке бұлқынар. Асыл текті тазалыққа ынтызар» — деп ғұлама бекер айтпаған. Адамның жан дүниесін байытатын ақыл мен білім болса, оны бағыттайтын күш — жүрек. Ізгілік кепілі — жүректің ізгілігінде. Ол — ақыл, білім және жүрек. Ізгілік өзегі осы үш құнды асыл күштен құралған» — делінеді [2].

Жоғарыда атап өтілгендей, ізгілік қасиеттің түп тамыры адамгершілік екендігі күман тудырмайды. Біз бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы дәстүрлері арқылы ізгілендіру ісінде біршама зерттеуші ғалымдардың ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға талдау жасаған пікірлерін саралай келе, солардың арасынан ғалым Л.Сейдахметованың адами қасиеттерге жасаған сараптауын ұсынамыз:

  1. Әдептілік 5. Ынтымақ пен бірлік
  2. Ұят пен ар 6. Жолдастық пен достық
  3. Намыс 7. Жақсыға құмарлық [3].
  4. Шындық пен әділет

Осы көрсетілген ізгіліктің жақсы қасиеттерінің қатарында жомарттық пен сараңдықтың, ақпейілділік пен қараниеттіліктің, қошемет пен сұрқиялылықтың, еңбекқорлық пен жалқаулықтың сыры — бастауыш сыныптарда өтілетін әр алуан халықтық ертегілер мен мысал өлеңдерде, тәрбие сағаттарының тақырыптарында ашыла түседі. Және де ізгілік қарым-қатынастары бүгінгі қоғамның әрбір саналы мүшесінің күнделікті өмірінде, тұрмыста, үлкен мен кіші арасындағы байланыс пен қарым-қатынастағы қажетіне айналуы тиіс екендігі түсіндіріліп, осы жақсы қасиеттерді балалар өздерінің бойына үлгі етіп алуларына ықпал жасалады.

Әдетте, адами қасиеттердің қалыптасуы көбіне өскен, қоршаған ортанның әсерінен болатыны мәлім. Біз өзімізді қоршаған ортадан салт-дәстүрлер арқылы тәлім-тәрбие аламыз. Көшпелілер ең бірінші кезекте балаларын әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы тәрбиеледі. Адамдар заң деп саналы түрде қабылдайтын, халықтың рухани адамгершілік өмірінің негізі болып табылатын қарым-қатынас нормалары — дәстүрлердің әсері өте күшті, қоғамдық сана — мораль, заң, дінмен байланысты болып, ұжымда, мектепте рухани қасиеттерді қалыптастыратын, ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық, жоғары деңгейдегі құбылыс.

Дәстүрлер — адамдардың сан ұрпақтарының өмір қажеттерінен пайда болған, халықтың өзіне тән өнері мен әдебиетінің жасампаз, шығармашылық тәжірибесі, тәрбие саласындағы принцптері. Халықты дәстүрден басқа еш нәрсе біріктіре алмайды.

Дәстүрлер шығармашылық нысанында (аңыз-әңгімелер, ертегілер, мақалдар, мәтелдер, өлең-жырлар, әдет-ғұрыптар, т.б.) берілген. Дәстүрдің көптігі халықтың рухани өмірінің байлығын көрсетеді. Дәстүрге қарап халыққа, оның тұрмысына сипаттама береді.

Ұлттық белгілерді қалыптастыруға тікелей ықпал еткен, қоғамға тәртіп енгізетін ақыл-ойлар, дүниеге көзқарасқа толы дәстүрдің мақсаты — жеке тұлғаның белгілі бір сапаларын тәрбиелеу. Қандай да бір әдет-ғұрып және дәстүрлер рәсім, этикет, әдет формасында көрінді, мақсат — адамды қоғамның талабына бағындыру, күрделі қоғамдық қатынастарды қалыпты ұстауға керекті рухани сапаларды беру.

Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, Отан алдындағы парыз, көршілер арасындағы қарым-қатынас, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, құрдастық қалжың, сәлем беру, ат тергеу, құда түсу, құйрық беру дәстүр деп есептелген. Дәстүрдің аясы кең. Дәстүр ұжымда, мектепте сақталады. Мысалы: мереке, салтанатты шеруге шығу, Әнұранды айту [4. 341].

Ата-ананы, үлкенді құрметтеу ісімен отбасы мен тәрбие орындары, мектеп ұжымы, ұстаздар қауымы тікелей айналысып келеді. Ұлттық дәстүрлер орайы келгенде мектеп оқулықтарына іріктелініп енгізіліп отырады. Ол тек «Ана тілі» не «Әдебиеттік оқу» сабақтарында ғана емес, оқу материалдарының қандай пән екеніне қарамастан енгізіліп отырады. Мәселен, «Қазақ тілі» оқулығының жаттығу мысалына пайдаланылған мына мәтін үлкенді құрметтеуге арналыпты:

Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы дәстүрлері арқылы ізгілікке тәрбиелеу ісі нәтижелі болуы үшін оның даму деңгейлерін анықтап отыру қажет деп ойлаймыз. Осы мақсатта зерттеу жұмысының түрлі әдіс-тәсілдері көмегімен жүзеге асырылатын диагностика қолданылады. Зерттеулер белгілі критерилер арқылы жүзеге асырылады. Біз «халық педагогикасы дәстүрлері» терминін басшылыққа ала отырып, бастауыш сынып оқушыларының ізгілік құндылықтары даму деңгейінің критерийлерін анықтадық:

- когнетивті критерий арқылы бастауыш сынып оқушыларының халық педагогикасы дәстүлері, оның адамгеоршілік ізгілік құндылықтар жайлы білімдері мен түсініктері, ұғымдары анықталады.

- эмоциялық- қажеттілік оқушының өзін-өзі даму үстіндегі қалыптасушы тұлға ретінде көрсетуге ұмтылысын, оның айналасында болып жатқан әртүрлі құбылыстарға еліктеушілігі, қызығушылығының болуымен ерекшеленеді.

- іс-әрекеттік критерий баланың халық педагогикасы дәстүрлерін өзінің күнделікті іс-әрекетінде қолдана білуін, білігін, осы салада жоғары ойлау қиялының үдерісін бейнелі жүзеге асыруын анықтайды.

Критерий дегеніміз — белгілі бір нақты теориялық білім төңірегінде қалыптасқан ұғымдарды бағалауға, пікір айтуға не топтастыруға негіз болатын белгілер.

Білім беру мекемелерінен тәлім алып, ұлттық тәрбиеге қайыған тұлға ол белгілі бір ұлттың өкілі бола тұра, сол ұлттың дәстүрі мен халықтық тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші ретінде танылып, өзінің адами құндылығымен сипатталатын адами сапа болып табылады. Оның өлшемі тұлғаның таным-білімімен, сана-сезімімен, алған білімін іс-жүзіне асыра алу дәрежесімен, жақсы мінез-құлұқымен анықталады.

Әдебиеттер:

  1. Қожахметова К. Ж. Этнопедагогика. Оқу–құралы. — Алматы: Қарасай, 2012. — 248 б.
  2. Айджанова З. Ж. Бастауыш мектеп оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. (Сыныптан тыс жұмыстар негізінде) — Атырау, 2009. -25 б.
  3. Мұханова Б. Ж., Ильясова Р.Қ. Этнопедагогика: Оқу құралы. — Астана: Фолиант, 2008. — 440 б.
  4. Балтабаева Ж.Қ., Солтанғазина М.Қ., Лекерова Ф. С. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: Алматы кітап, 2011. –242 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, пена, оса.


Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың өзектілігі

Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың кейбір мәселелері

Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Оқу-тәрбие үрдісінде шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселелері

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Қазіргі отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Похожие статьи

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың өзектілігі

Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудың кейбір мәселелері

Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Оқу-тәрбие үрдісінде шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мәселелері

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Қазіргі отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Задать вопрос