Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Акышова, Н. М. Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны / Н. М. Акышова, Н. А. Тунгатова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2016. — № 19.2 (123.2). — С. 3-5. — URL: https://moluch.ru/archive/123/34444/ (дата обращения: 19.12.2024).



Тәрбие қоғамдық құбылыс, қоғам мен жеке тұлғаның арақатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Тәрбие процесінің негізгі мақсаты - жеке тұлғаны әлеуметтендіріп, оның жағымды қасиеттерін дамыту, қоршаған ортадағы адамдармен тіл табысып, өзіне және басқаларға ыңғайлы болу болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібін, жағымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу отбасының және оқу орындарындағы тәрбиешінің функциясын атқаратын барлық қызметкерлердің негізгі мақсатқа бағытталған іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты. Дегенмен бұл жерде отбасының да алатын ролі ерекше. Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің айтуы бойынша "Егер баланы тәрбиеленген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды. Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады" [1;35].

Дүние жүзінде, оның ішінде біздің отанымыз Қазақстанда, әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру барысында адамгершілік тәрбиесі - үзідіксіз жүргізілетін процесс. Ол адамның өмірге келген күнінен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұнын оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беруде отбасы мен мектептің орны ерекше. Өйткені бала туған күннен бастап ата-анасының аясында өсіп, өмірлік тәжірибесі қалыптаса бастайды. Бала мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны тәрбиелеумен қатар ана-аналарға тэлім-тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы, оларда орын алатын жағымсыз мінездерді қайта құру жолдары, оқыту мазмұнын балаларға толық меңгертудегі отбасының көмегі т.с.с. мәселелер бойынша көптеген проблемаларды түсіндіру мектеп қызметкерлеріне жүктеледі.

Отбасы адамзат баласының шыр етіп келгенде есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі, ұясы. Қай заманда болса да, үйелменнің адамзат ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Себебі, үйелмен мүшелерінің бір-біріне кісілік қарым-қатынас, эмоциялық сезімдері, ілтипат-ықыластары өмірінің жайымен, жанының табиғи бірлігіне, тұтастығына негізімен жақындық, үйелмен тәрбиесінің күші осында.Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Отбасы ең алғашқы жастарды тәрбиелеу мұрасы, оның негізгі мақсаты балалар тәрбиесі. Әрбір отбасыда балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана тәрбиесіне байланысты. Біз бұл бөлімде отбасының бала тәрбиесіндегі алатын орнын және отбасы тәрбиесімен ұстаздар арасындағы байланыстарға тоқталамыз.Үйелмен тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп, әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату-тәтті тұратын отбасында шаңырақ шаттығы-негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік, әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұйымдарға негізделеді. Бала үшін отбасында ең алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті, әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұрақылықты да алғаш рет осы өзінің отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын қариялардың ұлағатты өсиеттері мен ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті қылықтары, ерке-назы, әзіл-оспағы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше бір байлығы, әшекейлі көркі. Мұндай ортада өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге беретіні де көп болады.

А.С.Макаренко ата-аналарға арнаған бір сөзінде былай деген: "Сіздің мінез-құлқыңыз - жеткіншек тәрбиедегі бірден-бір шешуші құрал. Егер сіз дөрекі және мақтаншақ немесе маскүнем болсаңыз-онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажеті жоқ. Сіз қалай киінсеңіз, басқалармен қалай әңгімелесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның барлығының да бала үшін маңызы ерекше". Ол өз еңбектерінде ата-аналар беделі туралы үлкен сөз көтеріп бала тәрбиесінде бұл беделдің алатын орнын көрсеткен [3;45].Ата-аналар шын беделге ие болған отбасыларда олардың жай ғана реніш білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті. Беделдің болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың ескертпелеріне дөрекілікпен қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде сәби ата-анасын жан-тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал ақылы кіріп жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге енді ересек көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды ата-аналар, үнемі ескере бермейміз. Олар баланы тәрбиелегенде қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанымызды істетуге әуес. Мұндай отбасында нашар мінез-құлықты балалардың өсетініне ата-аналар түсінбейді немесе онша мән бермейді. Отбасындағы байсалды, бірқалыпты қарым-қатынас жас буынның ата-аналарына сенімі мен құрметін күшейтетін тәсіл. Кейбір ата-аналар тәкәппарлық беделіне бой ұрады. Адал да еңбекқор адамдарына өндірісте болсын, үйде болсын, ең алдымен кішіпейілділік жарасымды.. Алайда арамызда әлі де болса тек өзінің жұмыстағы жетістіктері туралы ғана айтқанды жақсы көретін, басқалардың жақсылықтарын көрмей, оларға менмендікпен қарайтын адамдар бірен-саран болса да кездесіп қалады. Сынып жетекшісі, психолог екінші ата-ана болғандықтан олармен тіл табысып отыруы керек. Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасайды, ата-аналарды, барлық жұртшылықты қатыстырады. Сондықтан адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда мектеп пен отбасының мақсат міндеттері бір екенін ата-аналар жақсы түсіністе болуы қажет.Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қабілетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өзінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады сәтсіздікке ұшырайды. Ал отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ. Адамның ең асыл қасиетінің бірі - оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Даму процесінде баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі негізгі өзгерістердің бәрі үйрету барысында меңгерілетін психологиялық қасиеттердің көрініс беруі.

Н.К.Крупская өзінің еңбектерінде ата-аналарды педагогикалық минимуммен үйретіп, оларды ғылыми тұрғыда қаруландырудың қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын. Ата-аналардың тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ықпалы, олардың жалпы және педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық білім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында тұрған басты міндеттердің бірі.Ата-аналар шын беделге ие болған отбасыларда олардың жай ғана реніш білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың ойкертпелеріне дөрекілікпен, қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде сәби ата-анасын жан-тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал ақылы кіріп, жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге енді ересек көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды біздер, ата-аналар үнемі ескере бермейміз. Қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанымызды істетуге әуеспіз. Мұнда отбасында балалардың өсетініне мән бермейміз. Отбасындағы байсалды бірқалыпты қарым қатынас жас буынның ата-аналарына сенімі мен құрметін ұмытамыз. Кейбір ата-аналар тәкәппарлық беделіне бой ұрады.

Мектеп осы уақытқа дейін балалардың бойындағы қабілетін, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатынын толық шеше алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар өзінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады сәтсіздікке ұшырайды. Ал отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін пайдасы мол. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де ата-аналарынан артық білетін адам жоқ. Адамның ең асыл қасиетінің бірі - оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол қасиет негізінен отбасында қалыптасады. Ол ата-аналардың адал ақ көңілді, жұмсақ алақанының көмегімен ұрыс-таласы, үрей-қорқынышы жоқ отбасында тәрбиеленді. «Мінезді, ақ пейіл адамдарға арнап айтылған бір кісілік орын» деген мақалы осының куәсі. Отбасы-тәрбиесінің тағы бір артықшылығы, үйдегі адамдардың жас шамасы әр түрлі болса да, бір-бірімен жақындығы.

Ата-аналар балаларын мәдениетті, кішіпейіл адал азамат етіп өсіргілері келсе, ең алдымен, олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы керек және баланың бойындағы теріс қылықтардың пайда болу себебі отбасыдағы үлкендердің жеке басындағы кемістіктермен байланыстылығын түсінгені қажет. Сондықтан балаларды тәрбиелеуде олардың ата-аналарына тәрбиелік ықпал жасаудың ролі өте үлкен.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер мысалы күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады және оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. [4;50]. Сондықтан да, әр ұрпақ өз уақытын, өз талаптарын негізге ала отырып, ата-ана тәрбиесін, яғни халықтық педагогиканы игеріп отырғаны жөн. Тілімізге, дінімізге, қайта мойын бұрған кезде, болашақ ұрпағымыздың өз ана тілін білмеуі, салт-дәстүрден бірте-бірте қол үзе бастағаны, әке-шешесін, ата-әжесін, бауыр еті баласын тастап кету, жетімсірету сияқты қатыгездіктің етек алуы, арақ ішу, анаша тарту, зорлық-зомбылық, ұрлық жасау сияқты жағымсыз қасиеттерге бой алдырды, өз пікірі жоқтық, біреудің айытқанына оңай ерігіштік, көнгіштік, табансыздық, тағы басқа да сүреңсіз жағдайлардың етек жайып еркінсуі-халықтық тәрбиеден қол үзудің салдары екені даусыз. Жағымсыз құбылыстардан құтылу үшін халқымыздың өзі жасаған, ұлттық дәстүр, салттарын оқу-тәрбие ісіне кеңінен пайдалану жолдарын іздестіру өмір талабы.[5;62]

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының ролі, ата-анасының қарым-қатынасқа балаларын үйретуі, барлық адами қасиеттерді қалыптастыруда жетекші орын алатыны анық. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі болғандықтан психологиялық қызмет көрсетуде ата-аналарға балалардың теріс деп бағаланатын қасиеттерін диагностикалау нәтижелерімен таныстырып, оларға бұл проблеманы шешу жолдарын анықтаудың ролін көрсету қажет. Тәлім-тәрбие процесі тиімді болуына халық педагогикасының элементтерін пайдалану халық ағарту саласындағы кейбір теріс жағдайлардың орын алуы, мектеп, гимназия, лицейлердің оқу-тәрбие жұмысының мазмұнында халықтың ежелгі тәрбиесінің ескерілмеуінде екені көптеген зерттеулерде дәлелденген.

Әдебиет:

  1. Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. Ғылыми-әдістемелік құрал. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002. – 179 б.
  2. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары. – Алматы, 2002. – 169 б.
  3. Балаларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу. Алматы, 2001-162 б.
  4. Қожахметова К. Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. Алматы. 1993ж
Основные термины (генерируются автоматически): мена, бал, оса.


Похожие статьи

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны

Ойын технологияларындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың шарттары

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Өңделетін жердегі тоңкесектердің қоршаған ортаға байланысты қаттылығының өзгеруі

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Қаржы есебін даярлау мен ұсынудың концептуалды негізінің алғы шарттары

Ұлттық ойындардың оқушыларға берер тәрбиелік маңызы

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Ағылшын мақалдары мен олардың қазақ, орыс тілдеріндегі баламалары

Похожие статьи

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны

Ойын технологияларындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың шарттары

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Өңделетін жердегі тоңкесектердің қоршаған ортаға байланысты қаттылығының өзгеруі

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Қаржы есебін даярлау мен ұсынудың концептуалды негізінің алғы шарттары

Ұлттық ойындардың оқушыларға берер тәрбиелік маңызы

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Ағылшын мақалдары мен олардың қазақ, орыс тілдеріндегі баламалары

Задать вопрос