Дуалды оқыту жүйесі – кәсіби білікті мамандар даярлау кепілі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Джуманова, Ж. А. Дуалды оқыту жүйесі – кәсіби білікті мамандар даярлау кепілі / Ж. А. Джуманова, А. Д. Казакбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 7.1 (141.1). — С. 11-13. — URL: https://moluch.ru/archive/141/39691/ (дата обращения: 18.12.2024).



Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен, еліміздің кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа жүйе - дуалды оқыту әдісі енгізілді. Дуалды оқыту жүйенің негізі - теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Өндіріс орындарында білім алушылар дуалды жүйе бойынша оқыту кезінде - кәсіби біліктілігі мен іскерлік дағдыларын меңгеріп, жан-жақты дамытады. Дуалды оқыту жүйесін енгізу арқылы елімізде білім беру деңгейін жоғарылатып, білікті мамандар қатарын көбейтуіміз қажет.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дуалды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту» туралы 2016 жылғы 21 қаңтарындағы №50 бұйрығына сәйкес жұмыс жүргізілуде. Дуалды кәсіби білім беру орындары кәсіпорындармен тығыз байланысып, білім алушыларға барлық жағдай жасап, жаңа инновациялық техникалармен жұмыс жасап үйретіп, білім алушыларға заман талабына сай жетіліп және сапалы білім беріп, білікті мамандар даярлауда.

Дуалды оқыту технологиясының нәтижесі – білім алушылардың заман талабына сай, бәсекеге қабілетті маман болып шығуы, мемлекет ішінде кәсіби мамандарды даярлауға сұраныстың қалыптасуы мен орындалуы, өндіріс орындарында жұмыс берушінің талаптарына сай және өндірістік өмірге бейімделген мамандардың қалыптасуы, сонымен қатар оқу орнының білім беру деңгейіне сұраныстың артуы болып табылады.

2016 жылдың 19 қыркүйегіндегі №51 бұйрыққа сәйкес «Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына дуалды оқыту бойынша эксперименттік оқытуды» Қызылорда облысының білім басқармасы мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып, облысымыздың 13 колледжіне, 31 мамандығына енгізді. Экспериментальды алаң ретінде «Абылай хан» атындағы колледжі 1517000-«Төтенше жағдайда қорғану», 1304000-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 1401000-«Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану», 1211000-«Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» - 4 мамандық бойынша дуалды оқыту жүйесінің элементтері жүзеге асырылуда. Дуалды оқыту жүйесіне сәйкес, соңғы инновациялық технологиялармен жабдықталған әлеуметтік серіктестеріміз: «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан темір жолы» АҚ «Қызылорда магистральдық желі» бөлімше филиалы, «ТехАс» ЖШС сервис орталығы, «Интегрострой» ЖШС, «Озық» ЖШС, «Dalatex» тігін фабрикасы.

Дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алушылардың өндіріс орындарында түрлі техникалармен танысып, тәжірибелі мамандармен пара-пар жұмыс атқару барысында өз мамандықтарының маңыздылығын түсініп, мамандығына деген қызығушылықтары артады. Сол себепті еліміздегі маман тапшылығын азайтып, қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру мақсатында - теория мен тәжірибенің үйлесімділігі маңызды рөл атқаруда. Өндірістік оқыту кезінде бекітілген арнайы пән оқытушылары мен оқу шеберлері мекеме техникаларымен танысып, өндіріске жіберілетін білім алушыларға жоспарлар құрып, нұсқаулық берді.

Мысалға, 1211000 «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығының білім алушылары «Озық» ЖШС және «Dalatex» тігін фабрикасында мол тәжірибе жинақтап, колледж тігін шеберханасында КТК ойыншыларының, ТЖ комуфляждарының, ұлттық және т.б. киімдерін тігу арқылы тәжірибесін арттыруда. Осы мамандық бойынша колледжіміздің материалдық-техникалық базасы жаңа технологиядағы жабдықтармен, тігін салаларына байланысты шеберханалармен жабдықталған. Тігін шеберханалары соңғы үлгідегі заманауи тігін машиналарымен, күрделі операцияларды орындайтын автомат машиналармен, пішу және тігу арнайы үстелдерімен, мультимедиялық кабинеттермен қамтамасыз етілген. Яғни, білім алушының білікті де сапалы маман иесі болып шығуына толықтай мүмкіндік жасалған.

Описание: D:\ФОТО 18,11,2016\IMG_3409.JPG Описание: D:\Фото\Sent\IMG-20161013-WA0018.jpg Описание: D:\ПРАКТИКА КУЖАТТАРЫ\ПРАК кужаттар\ПРАК ФОТО\ГС прак фото\ондирис гсн фото\бетон кирпиш зауыты\IMG_1465.JPG Описание: D:\ФОТО 18,11,2016\IMG_3317.JPG

Сонымен қатар, 1304000-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» мамандығының білім алушылары - «Қазақстан темір жолы» АҚ «Қызылорда магистральдық желі» бөлімше филиалында, «ТехАс» ЖШС сервис орталығында өндірістік тәжірибеден өтіп, білімдерін шыңдайды.

Осы жаңа оқу жүйесі аясында, «Абылай хан» атындағы коллежінде 18 қарашада 2016 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «ДУАЛДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖДЕРДІ АККРЕДИТТЕУ ЖОЛ КАРТАСЫ» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға «Абылай хан» атындағы колледжінің құрылтайшысы К.Ә. Нуралиев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары М.А. Әбенов, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Ж. Жақсылықов, Қызылорда облыстық Білім басқармасының басшысының орынбасары Е.Ж. Қарабалаев және Әлеуметтік серіктестер - «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» ММ басшысы Б.С. Ембергенов, «ТехАс» сервис орталығының директоры В.Л. Хван, «Қазақстан темір жолы» АҚ Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиал директорының орынбасары Б.Ө. Біржанов, «Интегрострой» ЖШС директоры орынбасары Н. Жанәбіл және колледж оқытушылары мен білім алушылары қатысып, пікір алысып мол ақпараттар алды.

Өндірістік машықтану кезінде, оқу үдерісінің әдістемелік бағдарламаларына сәйкес, өндірістік оқытуды ұйымдастыру арқылы кәсіби дағдыны бекітіп, әр мамандық білім алушылары - мамандықтарының қыр-сырымен танысып, қызығушылықтарын арттырады. Білім алушылардың өндірістік тәжірибе кезінде белсенді еңбек етіп, өз білімімен, жауапкершілігімен көзге түсіп, еңбекақы және сыйақы арқылы машықтанушылардың ынта жігерін одан ары көтеріп, өз кәсібін жетік меңгерген маман тәрбиелеп, түлектеріміздің жұмыспен қамтылу көрсеткішін көтереміз.

Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос