Шығармашылық даралық өлшемдері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ералин, Куандык Ералыулы. Шығармашылық даралық өлшемдері / Куандык Ералыулы Ералин, А. К. Ералина. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 7.1 (141.1). — С. 13-15. — URL: https://moluch.ru/archive/141/39709/ (дата обращения: 16.11.2024).



Өнер сынына қатысты түсініктердің ішінде бейнелеу өнері шығармаларын бағалаумен суретшінің шығармашылық қызметін бағалау өлшемдерін жетілдіру қажеттігі күн тəртібіндегі мəселе [1]. Суретші шығармашылық қызметін бағалау өлшемінің бірі –суретші шығармашылығының даралығы болып табылады [2.] Бұл туралы Ресей ғалымдары В.Алпатов, В.С.Киселев, қазақстандық өнертанушы ғалымдар Р.Ерғалиева, Г.Сарыкұлова,М.Габитова, С.Бекқұлова, К. Ли бағалы пікірлер айтқан. Дегенмен де суретші шығармашылығының даралығыəліде өнертанымдық тұрғыда зерттеуді қажет етеді [3]. Соған байланысты даралықты өлшеу форматын анықтап, оны танып білу қажеттігі туындайды. Даралық өлшемдерінің қажеттігі мен оның өнертану тəжірибесінде болмауы арасындағы қарама-қайшылық біздің зерттеу тақырыбымызды суретшінің шығармашылық қызметіндегі даралық өлшемдері деп қарастыруымызға мүмкіндік берді.

Қазақстан бейнелеу өнері шеберлерініңшығармашылығының əрқайсысының даралығытуралы өнертанымдық əдебиеттер мен шығармаларды талдау туралы баспасөз беттеріндегі пікірлерді жинақтай келе мынандай өлшемдер бағыттарын көрсетуге мүмкіндік берді. Біз осы орайда Қазақстан бейнелеу өнерініңəрбір танымалы шеберінің шығармашылық қызметінің даралығынсипаттауға бағытталған қысқаша өнертанымдық өлшемдер мəтіндеріндайындадық. Өнертанымдық өлшемдерді белгілі өнер шеберлері шығармашылығынан бастайық. Əлем таныған даңықты суретші О.Таңсықбаев картиналарыныңкөркемдік элементтері болып табылатын идея, композиция жəне колорит өлшемдері бір - бірімен тұтастықтағы байланыста болуымен ерекшеленеді. Суретші өркендеген өндіріс пен ел көрінісін реалистік нақтылықпен өз картиналарында шынайы бейнелеген. Суретші шығармашылығының ерекше белгісінің бірі - табиғаттың əсем көріністерін бейнелеумен ерекшеленеді. Жиырмасыншы ғасырдың басында Қазақстанға келгенсуретші Николай Хлудовтың көпшілікке танымал болған«Бие сауу», «Киіз үйде», «Тайынша мінген бала», «Түнгі барымта», «Тау пейзажы» шығармалары өмір көріністерін өзгеріссіз сол бір көз көрген қалпында этнографиялық жазу стилінде бере білгенкескіндемелік шығармалар. Суретші таауындыларына композициялық тиянақтылық көрініс тауып, ашық əрі көрерменді баурап алар бояуүйлесімі айқын сезіледі. Табиғат бейнелеумен ерекше қолтаңбасы қалыптасқан суретші Жанатай Шарденов шығармашылығы табиғаттың өзінің шынайы көріністерінің табиғи жарасымдылығы жəне композициялық ұтымды шешімі айрықша үйлесім тапқан. Картиналарында туған табиғаттың поезияға толы көріністері, əрі лирикалық жағынан пайымдалған бояу түстерінің бірлестігі жарасым тапқан. Суретші бұл шығармаларында адам мен табиғат құбылысы нəзік үндестік тауып,бояу түстері бейне көріністерімен, туынды идеясымен етене кіріге түседі. Суретші бұл шығармаларында шеберліктің терең сырын жете игере білген. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған суретші Əнуар Ысмайлов кескіндеме өнерінің реалистік бағытында қыл қаламмен шырайлы сыр тартқан суретші.Замандастар еңбегі суретші шығармаларының негізгі арқауы етіп алынған. Ол негізінен романтикалық жанрда еңбектенген. Суретшінің шығармашылық стилі, халық шеберлеріне тəн ұқсастықпен астасып жатады. Нəзік лиризм мен оптимистік түйіндеуге толы портреттер, табиғат көріністері суретші шығармаларынан елеулі орын алады. Шығармалары бүкіл Отан келбетін бейнелейді.Туындылары өмір көріністерін шынайы сезімдермен бейнелеген. Кеңес кезіндегі шығармаларда адам келбетіне баса көңіл бөлініп, оның моральдық жəне рухани сұлулығын, қоғам алдындағы жауапкершілігін суретші өз туындысында аша түскен. Тап осы кезде суретші ұлттық ерекшеліктердіайқын танытқан тақырыптық картиналарды дүниеге əкелген. Олар шынайы халықтық тақырыпқа айналып, жаңа көркемдік құралдар мен формалар жолындағы ізденістерді аңғартады. Даңықты суретші кескіндемеші Қ.Телжановтың«Атамекен» картинасы тың жəне тыңайған жерді игеру тақырыбын монументтік формада баяндаған.Картиналарында көлденеңінен созылыңқы форматты қолдануды суретші тəжірибеге ендіре бастады. Бұл Қазақстан бейнелеу өнері көлеміндегі жиырмасыншы ғасырдың 60 жаңашылдықтың бірі болды. Кескіндеме шебері Молдахмет Кенбаевтың шығармалары туған жер табиғатына шексіз сүйіспеншілікке, асыл сезімге, поэтикалық танымға, ұлттық сипатқа толысуреттер болды. Бұлардың кескіндемелік шығармаларына халық шығармашылығының үздік дəстүрлерінен нəр алған сəнділік көріністерітəн болды. Суретші Ұлы даланың ұл қыздарының асқақ бейнесін жасауға ерекше көңіл бөлді. Қыл қалам шебері Сабыр Мамбеевтің дүниетанымы оның картиналарының нəзік бояуларынан, ғажап жарасымдылық тапқан шығармаларының реңінің ашықтығынан, бояу үндестігінен даралық өлшемдері көрініс тапты. Суретші Нағымбек Нұрмұханбетовтің бейнелеу тілі бай, қызуқанды да мағыналы. Суретші туындыларының композициясындағысызықтық қозғалыстар тасқыны көрермен назар ерекшеаударып, бояу түстерінің бірлігі символдық түстердің көркемдік мəнін тақырып бағытына сайқтрактовка жасауыарқылы көрініс тапқан. Суретші Антошенко- Оленовтің «Большевиктер» атты естеліктер топтамасынан тұратын композициялары бір-біріне қарама-қарсы қара жəне ақ дақтармен жазықтықтарға, қимыл мен ырғаққа құрылған. Қазақстандық сурет шебері Константин Дячкин еңбектері нəзік поэтикалығымен табиғатқа деген лирикалық түйсігімен ерекшеленеді. Бояу түстерінің əр түрлі деңгейдегі реңдік қатынастарыəр түрлі ритмдік қозғалыстар бағытын береді. Көрнекті суретші Салихаддин Айтбаев шығармаларына өзіндік дүниетаным, өмірді кең көлемде эпикалық сарынмен тани білу, салт-дəстүр мен əдет-ғұрыпқа деген танымдық құштарлық тəн қасиет. С.Айтбаевтың «Бақыт» атты картинасында дəстүрлі халық өнеріне саятын композициялық кеңістік, ықшам түстердің қоспасыз тазалығы, бірін-бірі кесіп өтетін дамылсыз қимыл қозғалыс үстіндегі доғал да қиғаш сызықтарды бейнелеу тəсілдері, қазіргі кескіндемелік жазу əдістерімен жарасымды үйлесім тапқан. Суретші жас шопандар тұлғасына айқын да қуатты мүсіндік сипат берген. Ол кеңістікті əдейі тарылта түскен де, бейнені бір ғана «махаббат көктемі»композициялық идеясына бағындарған. Сөйтіп картинада өмір ырғағының біртұтас адам мен табиғат тынысының, эпикалық түйсігін тудырған. Белгілі кескіндемелік сурет шебері Ерболат Төлепбаев шығармаларына романтикалық, сезімдік жəне символдық бастаулар тəн. Суретші шығармашылығы айқын да күрделі түсімен, шиыршық атқан бояуларымен, белсенді кеңістік ортасымен, бейнелеу формасының əсемдігімен, бояу түстерінің сырлылығымен жəне тұтастығымен ерекше көзге түседі. Адам мен жер, жер мен аспан сынды көлемді тақырыптарды, қарапайым көрініс бейнелері композициясымен беруге ұмтылады, бұл қозғалысқа бояу түстерін лайықты таңдау көмектеседі. Суретші-график Мүкім Қисамединов еңбектері батырлар бейнесін, халық рухын мəнерлі сызықтармен ықшам түрде, айқын ойлы көріністермен көрсете білген. Аңыздар мен жырлардағы батырлар мен ерлердің ерліктері графикалық бейнелеу тілінде жазылған ескерткіш іспетті көрініс тапқан. Сурет шебері Виктор Пактың линогравюрасында еңбек, қуаныш жəне ана бақыты, отбасы, адам жəне табиғат туынды тақырыптарына арқау болған. Ол метафора мен астарлы көріністерді пайдалана отырып, қазақтар өмірінің өзіндік ерекшеліктерін ашуға, оларды ортақ символдық бейнелерге айналдыруға күш салған. Суретші Е.С.Бейсенбинованың графикалық туындылары адамның жан дүниесіндегі сезім тартысына құрылған. Сурет шебері композициялық негізгі жəне қосалқы элементтер байланысы арқылы шығарма идеясын ашуға ұмтылған. Шығарма идеясын ашуға сызықтардың қозғалыс құбылмалылығы, қайталанбастығы спептігін тигізген. Ұлы даланың даңқты суретшісі Айша Ғалымбаева ұлттық сəндік монументтік сарындағы композицияларды салуда жаңа көркемдік мүмкіндіктерді іздестірген жəне оны жоғары деңгейде игеруі кескіндемелік бейнелеу арқылы тақырыптық картиналар мен ұлттық стилдегінатюрморттар салу арқылы көрініс тапқан. Қандай көрініс бейнелесе де оларды ұлттық рухани құндылық деңгейінде көрсете білген. Сурет шебері Александр Дячкиннің «Тың жерде», «Достық жолында» атты туындыларындағы табиғат көріністері кең тыныстығымен, бояу түрлерінің картина композициясымен колористикасымен əсем үйлесім табуымен ерекшеленеді. Шығарма композициясының күрделілігісуретші ойын ашуға мүмкіндік берген. Ою-өрнек шебері Ғани Иляев халық қолөнер шеберлері, кілемге, сырмақ, алаша, басқұрға арнап, ою-өрнектердің 15 мыңға тарта үлгісін жасаған. Гүлденген «Оңтүстік», «Көктем» атты кілем эскиздері сонылығымен ерекше. Соңғы картинадағы қазақ халқының байырғы қолөнеріне тəн, қошқар мүйіз, толқын, бұғы мүйіз, құс қанат, құс таңдай сияқты өрнекті оюлар картина мазмұны мен құрылымына əдемі тоғысқан. Суретші кескіндемеші Молдахмет Кенбаев туындылары терең лиризм мен эпикалық кеңдіктің, монументтіктің өзара үйлесім табуымен ерекшеленеді. Оның қылқаламынан туған көптеген еңбектері Мəскеудегі Третьяков галереясында, Шығыс халықтарының мұражайында сақтаулы. Оның шəкірттері С.Айтбаев,М.Қисамединов, О.Нұржұмаев, Ə. Рахманов т.б. ұлттық мақтаныш белгілі суреткерлер. Суретші«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Кескіндеме мен графика саласында қызмет ететін суретшілердің шығармашылык ізденістері, республикадағы бейнелеу өнерінің өсіп, үнемі даму үстінде болғандығын көрсетеді [4]. Біз өз тарапымыздан бейнелеу өнері шеберлерінің шығармашылық қызметінің кейбір қайталанбас ерекше қырларын ашуға бағытталған талдауларымызда əрбір суретшінің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетуге ұмтылыс жасадық. Олардың əрқайсысының өзіндік сипаты бар суретші шығармашылығын бағалау өлшем бірлігі, ретінде тануға болатындығы анықталды. Бұл аталған суретшінің шығармашылық шеберлігін бағалау мен өлшеу бірліктерін негізінен суретшінің тақырып, сюжет жəне орындау техникасын таңдап алу іс-əрекеттерімен айқындалады. Картинаның композициялық құрылымдық шешімін қабылдау мен оны бейнелеу іс-əрекеттері, бояу түстерінің колориттік шешімін шығаруға бағытталған іс-əрекеттері болып айқындалып үш бағытқа бөлуге болатындығы белгілі болды. Бұл көрсеткіштердің жүйесі бізге бейнелеу шеберінің көркем бейнелеу қызметінің жүйесін анықтайтындығын көрсетті.

Əдебиет:

  1. Герчук Ю.А. Основы изобразительной грамоты. Язык и смысл изобразительного искусства. - М.: Учеб. Литература, 2006. - 208 с.
  2. Громов Е.С.Природа художественного творчество. - М.: Просвещение, 1986. - 239 с.
  3. Миронова А.Ф. Экспертиза и атрибуция декоративно-прикладного искусства. Учеб.пособие. - М.: Изд. Инфра-М, Форум, 2007. - 217 с.
  4. Ералин Қ. Қазақстан бейнелеу өнері. Оқу құралы. – Түркістан, 2009. – 220 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, лиризм мен.


Задать вопрос