Қазақстандағы азық-түлік саудасын дамытуды мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №7 (141) февраль 2017 г.

Дата публикации: 16.02.2017

Статья просмотрена: 42 раза

Библиографическое описание:

Калтаева, С. А. Қазақстандағы азық-түлік саудасын дамытуды мемлекеттік қолдаудың қазіргі жағдайы / С. А. Калтаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 7.1 (141.1). — С. 34-36. — URL: https://moluch.ru/archive/141/39710/ (дата обращения: 18.12.2024).



Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының басты салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қоғамның экономикалық және сяаси тұрақтылығының анықтаушы факторы ретінде болып келді. Республика экономикасының дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы үлкен әлеуетке ие. Қазақстанның ауыл шаруашылығы ауқымды территория мен халық санының аздығы, өткізу нарықтарынан географиялық алшақтығы сияқты ерекшеліктермен сипатталады.

Бүгін агроөнеркәсіптік кешен экономиканың тұрақты дамып келе жатқан саласы ғана емес, экономикалық тартымды сала болып табылады. Бұл ретте, осынау отандық агросектордың қалыптасуы кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері сенімді серіктес бола білді.

Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 41%-ға ұлғайды.Ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 59%-ға ұлғайып, 2,0 млрд. АҚШ долларынан асты, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорт көлемі 379 млн. АҚШ долларын құрады.Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2015 жылы 167,0 млрд. теңгеге немесе шамамен 3,4 есеге ұлғайды.

«Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес 2011 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау 68,1 млрд. теңгеден 2016 жылы 176 млрд. теңгеге немесе 2,6 есеге өсті.Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар бюджетіне берілген агроөнеркәсіптік кешенге арналған шығыстар үлесінің айтарлықтай ұлғайғанын (2011 жылғы 32 млрд. теңгеден 2016 жылы 153 млрд. теңгеге немесе 4,7 есеге) атап өту керек [1].

2015 жылы субсидия көлемі 177,3 млрд тенгені құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 2 есеге жоғары. Қазіргі уақытта «Агробизнес-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы нәтижелері жөнінде айтуға болады. Дегенмен, жағымды көрсеткіштерге қарамастан, қалыптасқан жағдай агроөнеркәсіп кешен сферасына мемлекеттің қатысуын талап етеді.

Қалыптасып отырған жағдай себептерінің бірі«Агробизнес-2020» бағдарламасының құралдарын жеткіліксіз қаржыландыру болып табылады. Мәселен, 2013 жылы жеткіліксіз қаржыландыру қөлемі 26 млрд. теңгені (14,13%), 2014 жылы 110 млрд. теңгені (35,4%), 2015 жылы 115 млрд. теңгені (34,4%), 2016 жылы 127 млрд. теңгені (36,8%), 2017 жылы 175,0 млрд. теңгені (45,7%) құрайды.

Нәтижесінде, ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар көлемі салыстырмалы түрде төмен болды. Мәселен, 2015 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар 167,1 млрд. теңгені құрады, бұл өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялардың көлемінен 23 есеге және көлік пен қоймалауға салынған инвестициялардан 7 есеге төмен.

Өз кезегінде, инвестиция ағынының болмашы көлемі:

- саланың төмен деңгейде техникалық жарақталуынан (облыстың ауыл шаруашылығы техникасы паркінің 80 пайызы тозған);

- егіншіліктің қарқындату деңгейінің төмендігінен (топырақтың құнарлылығын арттыру, тыңайтқыштарды қолдану бойынша жұмыстар дұрыс жолға қойылмаған);

- ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетінің төмен деңгейінен (республика бойынша асыл тұқымды ірі қара мал басының жалпы табын бойынша үлесі 10,8%-ды құрайды, ал мал шаруашылығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш шамамен 40-50 %-ды құрайды);

- ауыл шаруашылығы жануарлары өнімділігінің төмендігінен (Қазақстан Республикасы бойынша бір сиырға шаққанда сүт сауу бойынша орташа көрсеткіш жылына 2309 килограммды құрайды, ал шет елдерде бұл көрсеткіш жылына 6-8 мың литрге тең) көрінеді [2].

Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде Қазақстанның ашық шекара жағдайында жұмыс істейтін барлық артықшылықтарына қарамастан, азық-түлік тауарларының отандық нарығында шетелдік контрафактілік және бұрмаланған өнімдердің болуы секілді жағымсыз фактілер байқалып отыр.

Беларусия, Қазақстан және Ресейдің кеден одағы 2014 жылы Армения мен 2015 жылы Қырғызстанның қосылуымен біршама кеңейді. ЕАЭО өзара саудада сандық шектеулер мен кедендік салықтар қолданылмайтын бірыңғай кедендік территорияны қарастырады. Бұл кезде ЕАЭО-қа қатысушы елдер бірыңғай кедендік тариф пен үшінші елдермен саудада реттеудің басқа да шараларын қолданады.

Соңғы 5 жылда азық-түлік тауарларының жиынтық экспорты әлемнің барлық елдерінде 2,0-ден 2,6 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Қазақстанның негізгі экспорттық нарықтары: Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан. Экспорттың құрылымында ең көп үлесті (70%-ға дейін) бидай және ұн алады.

Дайын азық-түлік тауарларының экспорты сыртқа шығарылатын тауарлардың жалпы көлемінің 4,5% құрайды. 2015 жылы аталған топ бойынша тауарды сыртқа шығару көлемі 21,3 %-ға түсіп 2,08 млрд АҚШ долларын құрады, ал 2014 жылы ол 2,64 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде болатын.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кедендік тарифті қолданудың негізі болып «Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі» деп аталатын 42 бабы табылады. Бүгінде Қазақстанда ЕАЭО шеңберінде адвалорлық кедендік баж ставкалары кең тараған. Қазақстанда мал терісі мен жүнінен басқа өнімдерге экспорттық салықтар қолданылмаған. 2014-2015 жылдар аралығында ауыл шаруашылық өнімдеріне тосқауылдар, сандық шектеулер, квоталар, минимальды экспорттық бағалар мен лицензиялау таралмаған.

Инвестициялар және даму министрлгі экспорттық компаниялардың шығындарын 50 % мөлшерінде бөліктеп өтеу жолымен экспортты қолдауды жүзеге асырады. Өтеуге келесі шығындар жатқызылған:

- сыртқа нарықта нақты өнім, не қызмет қозғалысы, қазақстандық компанияның жаппай ақпарат құралдарындағы жарнама шығындары, көрмелерге қатысу;

- тауар белгілерін тіркеумен байланысты шараларды жүргізу және шетелге экспорттау мақсатында өнімді сертификаттау;

- экспортты басқару сферасында қызмет ететін қызметкерлерді оқыту бойынша қызметтерді төлеу, сондай-ақ шетелдік сарапшы-кеңесшілерді шақыру;

- франшиз сатып алу;

- экспорттық өнім шығаратын компаниялардың интернет-ресурстарын өңдеу, тіркеу және қолдау;

- маркетингтік зерттеу шығындарын төлеу.

Экспортты қолдау мақсатында мемлекетке тиесілі қаржылық институттар келесідей қаржылық қызметтерді ұсынады:

- экспорттық келісімдерді қаржыландыру;

- шетелге жеткізу кезінде лизингтік және факторингтік операцияларды сақтандыру;

- Қазақстандық компаниялармен импортерларга ұсынылған сауда несиелерін сақтандыру;

- экспорттық бағдарланған кәсіпорындардың негізні құралдарын сатып алуға жылдық 5% ставка мөлшерінде қаржылық лизинг;

- жылына 5-8% ставка бойынша айналым құралдарының толығуын несиелендіру.

Қазіргі сәтте ауыл шаруашылық саласын мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары «Агробизнес-2020» бағдарламасында көрініс тапқан. Бағдарламаның жалпы бюджеті 3 трлн. 122 млрд. тенгені құрайды. Бағдарлама шеңберінде азық-түлік субсидиясы өзіне ауыл шаруашылық өндірушілеріне мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы өнім өндірісінде келтірілген шығындарды өтеу бойынша тікелей ақшалай төлемдерді қосады.

Егін шаруашылығында субсидия тұқым, жанар-жағар май, тыңайтқыштер мен гербицидтерді кететін шығындарды бөліктеп өтеуге бағытталады. Ал мал шаруашылығында субсидиялар асыл тұқымды мал сатып атуға, селекциялық және асылдандыру жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ малды ұстау шығындарын бөліктеп өтеуді қарастырады. Асыл тұқымды малды сатып алуға субсидия мөлшері ТМД елдері және алыс шетелден сатылып алынатын мал басы құнының 50% өтеуді көздейді. Өндірісті интенсивтендіру мақсатында субсидия мөлшері өндірістің сандық және сапалық сипаттамаларына тәуелді үдемелі шкала бойынша есептеледі.

Бағдарламаға салаға жеке инвестицияны ынталандырудың бірқатар шаралары қосылған. Атап айтсақ Қазақстанда бірінші рет инвесторларға сүт пен еттің ірі тауарлы өндірісі, өнеркәсіптік балық шаруашылығы, ауыл шаруашылық өнімдерін терең қайта өңдеу сияқты басым бағыттағы жобаларға 50% дейін капитал шығындарын өтеуді қарастыратын инвестициялық субсидия құралы енгізілді. Бұған қоса ауыл шаруашылық өндірушілерге берілген коммерциялық банктердің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін жылдық 14%-дан 7%-ға дейін қысқарту үшін субсидиялар қарастырылған. Ауыл шаруашылық өндірушілеріне несиенің қолжетімдігін арттыру үшін коммерциялық банктерде несиені кепілдендіру мен сақтандыру жүйесі жасалуда.

Құрылған Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы өткізу нарықтары проблемаларының шешімі болып табылады, ол 5 елдің жиынтық жалпы ішкі өнімі 2.2 трлн. АҚШ долларынан асатын, 180 млн. халқы бар тауар нарығында сауда жасауға мүмкіндік береді. Еуразиялық экономикалық одақта агроөнеркәсіптік кешен өнімінің жалпы импорты 44,0 млрд. доллардан астам соманы құрайды. Сонымен қоса, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты ауыл шаруашылығының экспортқа бағытталған өндірісін дамыту үшін ауқымды мүмкіндіктер туады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ет пен сүт саласына стратегиялық инвесторлар тарту және ет саласының әлемдік нарығында көшбасшы болып табылатын ірі компаниялармен ет экспортын қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндетті орындау мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды құру туралы тиісті бірқатар құжаттарға қол қойылды [3].

Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау тетіктерін табысты іске асыру үшін «Агробизнес-2020» бағдарламасының толық көлемде қаржыландырылуын қамтамасыз ету қажет. Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымының бірыңғай нарығын құру да осыны қажет етеді, онда қатысушы елдердің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері әр түрлі мемлекеттік қолдау көлемдері жағдайында нарыққа қол жеткізу үшін бірдей шарттарға ие болады.

Сонымен қорытындылайтын болсақ, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені даму үшін қажетті мүмкіндіктерді құрайтын үлкен әлеуетке ие. Республиканың ауқымды жер ресурстары басқа елдермен салыстырғанда оған едәуір бәсекелік артықшылықты қамтамасыз етеді, бұл ауыл шаруашылығын экономиканың перспективті салаларының бірі етеді. Ауылдық жерлерде 7,6 млн. адам, яғни Қазақстан тұрғындарының 43% тұрады. Бұл ғылыми негізделген ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырған жағдайда осы саланы әлемде алдыңғы қатарға шығаруға қабілетті кадрлық әлеует. Қазақстан тек ғана ішкі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін емес, сондай-ақ ауыл шаруашылық және азық-түлік өнімдерінің маңызды экспортеры ретінде қалыптасу үшін де жеткілікті ресурстарға ие. Сондықтан да азық-түліктің әлемдік нарықтарындағы күшейіп отырған бәсеке жағдайында, сондай-ақ Қазақстанның ауыл шаруашылық жерлерінің 90%-ның тәуекелді егіншілік аймағында екендігін ескере отырып, осы саланы мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.

Әдебиет:

1. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековтің ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіндегі баяндамасы. - 04.06.2015

  1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылдағы жұмыс қорытындылары мен 2015 жылға арналған міндеттері туралы. Астана, 2015
  2. Обзор агропродовольственной торговой политики в постсоветских странах за 2014-2015 годы // www.fao.org/europe/news/detail-news/ru/c/395495/
Основные термины (генерируются автоматически): млрд, мена, пена, субсидия.


Задать вопрос