Коммуналдық шаруашылықты тиімді басқарумәселелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абуталип, Акмырза Ерхасенулы. Коммуналдық шаруашылықты тиімді басқарумәселелері / Акмырза Ерхасенулы Абуталип, А. Ш. Абдимомынова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 8.1 (142.1). — С. 4-7. — URL: https://moluch.ru/archive/142/39971/ (дата обращения: 19.12.2024).



Коммуналдық шаруашылық – мемлекеттің, экономиканың, халықтың әл-ауқатынына әсер ететін сала. Коммуналдық шаруашылықты басқару саясаты қоғамның барлық бөліктеріне ықпалын тигізеді, яғни, оның субъектілері болып саналатын – халыққа, барлық деңгейдегі басқару ұйымдарына, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға, өндірістік кәсіпорындарға.

Қалалық коммуналдық шаруашылықты басқару жергілікті басқару органдарының төмендегідей қызметтерін біріктіреді (1-сурет):

Сурет 1. Коммуналдық шаруашылық саласындағы жергілікті органдар міндеттері

Бүгінгі күні республикадағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық субъектілерді – тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарын басқарудың тиімсіз жүйесімен және олардың қанағаттанғысыз қаржылық жағдайымен, жоғары пайдалану шығындарымен және оларды төмендетуге экономикалық ынталандырудың болмауымен сипатталады.

Қолданыстағы желілер мен құрылғылар айтарлықтай тозған, бұл инженерлік коммуникацияларда авариялардың артуына және оларда жұмыстың тоқтауына, жаппай материалдық-техникалық ресурстардың артық жұмсалуына, энергия мен судың үлкен ысырабына алып келеді. Желілер және жүйе ғимараттарының жай-күйі, негізінен, коммуналдық қызметтерді ұсыну түрақты және қажетті сападағы талаптарға сәйкес келмейді.

Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық саласының ірі, сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін тартымдылығы аз болып қала бермек. Негізгі құралдардың әбден тозуы, қатаң реттелетін тарифтер кезінде өтелу мерзімінің ұзақ болуы, ұзақ мерзімді инвестициялау үшін заңнамалық базаның болмауы және өзге де факторлар экономиканың осы саласындағы қызметті дамытуға жеке капитал тартуды ынталандырмайды.

Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық саласында бірқатар тәуекелдер бар, оларды азайту осы саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады:

- салалық тәуекелдер: біраз бастапқы шығындар қажет болғандықтан және инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялау ұзақ мерзімде өтетіндіктен, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласы тартымсыз;

- саяси тәуекелдер:жергілікті атқарушы орган басшысы ауысқан кезде инвестициялық жоба қайта қаралуы және коммуналдық инфрақұрылым саласын дамытудағы басымдықтар өзгеруі мүмкін;

- инфляцияның деңгейіне және жергілікті халықтың төлем қабілетіне жауапты жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ коммуналдық тарифтерді реттеуге уәкілетті органдар тарифті көтеруге амалсыз келіседі.

- қаржылық (валюталық) тәуекелдер: өзін өзі ақтау мерзімінің ұзақ болуы қарыз алушыларды ұлттық валюта мен қарыз алған валютаның курстарының ауытқуына тәуелді етеді;

- технологиялық тәуекелдер: жүйелер айтарлықтай тозғандықтан, пайдаланылатын коммунналдық жүйелер жиі тоқтап қалады және онда авариялар болады және осыған байланысты технологиялық және коммерциялық емес ысыраптардың көрсеткіштері жоғары. Осындай техникалық факторлардан пайдалану шығындарының мөлшерін болжау мүмкін емес.

Ішкі нарықта тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық саласындағы отандық тауарлар өндірісінің жай-күйін талдау және сыртқы сауда көрсеткіштерінің негізінде алынған деректер тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық саласында өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілетінің жоғары емес екенін көрсетеді.Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық саласында қолданылатын тауарлардың жалпы айналымы 2015 жылы 280 548,8 млн. теңгені құрады. Оның ішінде тұтастай республика бойынша 218 092,8 млн. теңге сомасына импортталды, 62 456 млн. теңге сомасына экспортталды [1].

Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық саласында қолданылатын тауарлардың негізгі жеткізушісі Ресей болып табылады, ол 76 878 481,6 мың теңге сомасында тауар әкелді, бұл, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тауарлар импортының жалпы көлемінің 35,2 %-ын құрайды, Қытай – 31 861 247,6 мың теңге немесе 14,6 % [2].

Сонымен бірге, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндірісіндегі қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту бойынша әлеуеттің бар екенін баса көрсету қажет, атап айтқанда:

- орталықтан жылыту қазандары – 2890 дана (қазақстандық қамтудың үлесі 68 %-ды құрайды);

- қара металдан жасалған электрсіз қыздырылатын орталықтан жылытуға арналған радиаторлар – 648 тонна (қазақстандық қамтудың үлесі 100 %-ды құрайды).

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы ағымдағы жағдайдың күшті және әлсізжақтарын талдау 1 – кестеде берілген.

Кесте 1

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласындағы жағдайды талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Қауіптер (тәуекелдер)

Мүмкіндіктер

1

2

3

4

халықты қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін шикізат базасының жеткіліксіз деңгейі

қолда бар ресурстарды ұғымсыз пайдалану

энергетикалық ресурстар ысырабының жоғары деңгейі және осының салдарынан халық үшін тарифтердің артуы

энергия және ресурс үнемдейтін іс-шаралар жүргізу

мемлекеттің қолдауы

тиімді және дәл жоспарлаудың болмауы

қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі болып табылатын республикалық бюджетті секвестрлеу

жеке инвестициялардың және мемлекеттік жеке меншік әріптестік тетіктерінің ұлғаюы

ТКШ саласында жеке кәсіпорындардың жоғары деңгейі

біліктілігі жоғары кадрлардың болмауы

қабілетті жас мамандарды жұмысқа тарту бойынша уәждеме тетігінің болмауы

ТКШ мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру жолымен білім беру үдерісін жетілдіру

тиісті сападағы ТКШ қызметтеріне жоғары сұраныс

ТКШ қызметінің сапасын өлшейтін әдістеменің болмауы; коммуналдық сектор объектілері мен желілерінің қатты тозуы және осының салдарынан сенімді инфрақұрылымның болмауы (авариялар, ысыраптар)

табиғи тозғандықтан жабдықтардың істен шығуы, Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету тәуекелі; тұрғын үй қорын тиісті күтіп ұстау мен пайдаланылу үшін ТКШ саласында бақылаудың болмауы

энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды пайдалана отырып, сапалы коммуналдық қызметтер көрсету

өзге салаларда ақпараттық-талдамалық жүйені қолдану тәжірибесінің болуы

ТКШ техникалық жай-күйі туралы дұрыс деректердің болмауы

ТКШ саласын дамытуға жұмсалатын бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, қаржы тәртібін нығайтудың қатаң тетіктерінің болмауы

ТКШ объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу мен бақылаудың ақпараттық-талдамалық жүйесін құру

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде – Америка Құрама Штаттарында, Ұлыбританияда, Германияда, Францияда, Австрияда және басқа да елдерде коммуналдық-шаруашылықты мемлекеттік (муниципалдық) және жеке секторлардың аясында ұйымдастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Оны мұқият зерттеу арқылы оң тәжірибелерді қазақстандық тәжірибеде қолдануға мүмкіндік туады.

ХХ ғасырдың 80-90 жылдары көптеген елдердің үкіметтері әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың және мемлекеттік сектордың экономикасын қайта құру бағдарламалары аясында ТКШ объектілерін түгендеуді жүргізді. Түгендеу барысымен бірге жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен коммуналдық қызметтерді ұсынудың жаңа нысандарын іздестіру қатар жүргізілді.Көптеген дамыған елдерде - Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында, Швецияда мемлекеттік билік муниципиалдық қызметтің монополиялық жағдайы үлкен қалалардағы өмір сүру жағдайын жақсартуды тежейтіндігін әлдеқашан ұғынды.Дамыған елдердегі тұрғын үй-коммуналдық саласындағы орталықтандырудың және орталықтандырмаудың ұтымды үйлесіміне негізделген жаңа енгізулер оң нәтижелер берді. Олар нарық қызметін тежемейді, керсінше қарқындатады және тұтынушылардың өмір сүру жағдайын жақсартады. Осындай енгізілген жаңалықтарды қалалық су құбыры, жылу-, электр-, газбен жабдықтау, яғни техникалық монополияға жатқызуға дағдыланылған қызмет түрлеріне қолдануға болады.

Осындай тәжірибелерді біздің елімізде де, әсіресе, үлкен қалалар мен облыстардың шетіндегі жаңа тұрғын үй құрылысы орындарында кеңінен қолдануға болады. Осындай әдістің тиімділігі бірқатар Шығыс Еуропа елдерінің (Польша, Югославия, Чехия және Словакия) тәжірибесімен дәлелденген.

Ұлыбританияның үлкен қалаларының жергілікті биліктерінде аймақтарды абаттандыру бойынша конкурстарды өткізудің үлкен тәжірибесі жинақталған. Жергілікті басқару туралы акті (1988 жыл) мердігерлік кезінде ғимараттарды, жолдарды салу және қайта жаңарту, санитарлық тазарту, аймақтарды тазалау жұмыстарына конкурстар өткізуді белгілейді. Аталған салада тұрғындарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру кезінде жергілікті билік, жеке мердігерлермен бірге қатысқан конкурста жеңіске жеткен жағдайда ғана өз қызметтерінің көмегіне жүгіне алады.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік-жеке әріптестік (МЖӘ) бойынша айрықша табысты тәжірибе, кеңінен қолдану және МЖК нысандарын дамытудың жоғарғы деңгейі, әдеттегідей, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің жоғары дамыған елдерінде байқалады.

Шетелдік тәжірибе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы МЖӘ дамытудың келесі бағытын көрсетеді:

- тұрғын үй қорын ұйымдастыру және пайдалану (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Швеция, Австрия);

- тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету: жөндеу қызметтері, аулалық аймақтарды абаттандыру, жинау, тұрмыстық қалдықтарды жою және қайта өңдеу (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Германия, Япония, Канада, Швеция, Австрия);

- тазалау жұмыстары, көгалдандыру (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Австрия, Германия, Бельгия, Канада);

- көліктік қызмет көрсету (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Швеция, Австрия);

- жолдарды жөндеу және күтіп ұстау (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия Латын Америка елдері, Австрия) [3].

Дамыған елдерде коммуналды инфрақұрылымдарды мемлекеттік реттеу қысқартылмаған, сонымен бірге ТКШ саласына арнайы қажеттілік әсерімен терең эволюцияны бастан өткізген.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметін тиімді басқару үшін төмендегідей шаралар жүзеге асырылуы тиіс:

- біріншіден, мемлекеттік-жеке әріптестік тетігін дамыту қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік-жеке әріптестіктіңөте қарапайым нысаны таралған, бұл концессиялық келісім-шарттарды сенімді басқаруға беру және ұстау. Сонымен қатар, осы салада концессияның аса күрделі модельдерін қолданудың көптеген оң нәтижелері белгілі, бұл жобалауға, салуға және пайдалануға арналған келісім-шарттар, басқа да келісімшарттар. Осы модельдер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік-жеке әріптестік тетігінің өте тиімді құралы ретінде қарастырылуы қажет;

- екіншіден, республикалық бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықжобаларын қаржыландырудың қайтарымды тетігін әзірлеу және тұрақты енгізу керек.

Әдебиеттер:

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың2020 жылға дейінгі бағдарламасы. Астана, 2015.
  2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Статистикалық жинақ. Астана, 2015.
  3. Зотов В. Б. Система муниципального управления. М., 2009.
Основные термины (генерируются автоматически): Америка, Австрия, Бельгия, Швеция, Канада, мена.


Задать вопрос