Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Умирзакова, М. А. Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау / М. А. Умирзакова, Серикболсын Бекболатулы Маденов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 8.1 (142.1). — С. 63-65. — URL: https://moluch.ru/archive/142/39977/ (дата обращения: 19.12.2024).



Шағын кәсiпкерлiк пен бизнестi қолдау мен дамыту - Қазақстанның экономикалық саясатының стратегиялық мiндеттерiнiң қатарынан саналады.

Соңғы жылдардағы кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде қабылданған заңдар мен бағдарламалардың шоғыры республика үкiметiнiң бүл салаға шынайы назар аударғанын айғақтайды. Қазақстан басшысының "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзiмдi стратегиялық еңбегiнде әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарының бiрi ретiнде қэсiпкерлiктi қолдау атап өтiлдi. Кэсiпкерлiк пен бизнестi тиiмдi қолдау мен дамыту - жекелеген түлғаның, кэсiпорынның немесе шаруашылық саласыньщ ғана емес, түтас мемлекеттiң экономикалық болашағын айқындап беруге қабiлеттi. Әлеуметтiк басым бағыттағы нарық экономикасын дамытуға талпынған бiздiң мемлекетiмiз үшiн шағын кэсiпкерлiк пен бизнестiң мэнi мен құрылымын, ортақ тиiмдi үрдiстерiн зерттеп - зерделеп алу пайдалы. Сондықтан, шағын кәсiпкерлiк пен бизнестiң элемдiк тарихына шолу жасау аса қажет.

Кәсіпкерлік нарықтық экономиканың мемлекеттің қарқынды дамуына әсер ететін, көбінесе жалпы ұлттық өнім сапасы мен құрылымын анықтайтын, сондай ақ экономиканың өсу қарқынының маңызды элементі болып табылады.

Елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын нығайту мен барлық аймақтардағы тұрғындарды өмір сүрудің әлеуметтік мүмкін болатын деңгейімен қамтамасыз ету мемлекеттің аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыруын қажет етеді.

Аймақтағы тұрғындардың өмір сүруге қажетті деңгейін әлеуметтік-экономикалық категория ретінде анықтай отырып, бұл категорияның бір жағынан қоғамның материалдық, әлеуметтік-экономикалық, рухани ортасын қамтитын көп аспектілі және көп жақты, екінші жағынан мүдделері мен қажеттіліктері, әлеуметтік құндылықтары, іс-әрекет формалары әр түрлі болатын әлеуметтік топтардың өмір сапасын сипаттайтынын байқаймыз.

Аймақта қалыптасып отырған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне нақты статистикалық деректер негізінде талдау жасалды.

1-кестеден көріп отырғанымыздай, Қызылорда облысының жалпы өндірілген өнім көлемі 2015жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 1165,96 млрд теңгеге жетіп, 2014 жылмен салыстырғанда 3%-ға жоғарылаған. Ал, ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі 2015жылы 2014жылмен салыстырғанда 2%-ға өскен. Облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2015жылы небары 5837 млрд. теңгені құрап, 2014жылмен салыстырғанда 57,4%-ға кеміген. Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы 2015жылы 2014жылмен салыстырғанда 22%-ға жоғарылап отыр [1].

Кесте 1

Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер

Көрсеткіштер

2013ж.

2014ж.

2015ж.

9 айға

Өзгерісі 2015/2014ж.ж.

+, -

%

Жалпы өнім, млрд тенге

1348,4

1132

1165,96

33,96

103

Аграрлы сектордың жалпы өнім көлемі, млрд тенге

48,3

49,6

50,6

1

102

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі, млрд тенге

5531

13710

5837

-7873

57,4

Бюджеттің кіріс бөлігінің орндалуы, млрд тенге

87,67

99,7

121,9

22,2

122

Бюджет шығысы, барлығы

Млрд. тенге

87,1

99,2

120,1

20,9

121

Оның ішінде:

- әлеуметтік қамсыздандыруға

6,98

6,44

9,47

3,03

147

-білім беруге

20,9

22,8

32,3

9,5

141

-денсаулық сақтауға

22,6

20,8

31,0

10,2

149

Ескерту – [1] әдебиет негізінде автордың құрастыруы

Бюджеттің шығыс бөлігі оның ішінде, әлеуметтік қамсыздандыру шығындары 47% -ға көбейген, білім беру шығындары 41%-ға, ал денсаулық сақтауға бөлінген шығындар 49% -ға артып отыр. Сонымен кестеден байқағанымыздай бюджет шығындарының көп бөлігі денсаулық және білім саласына бағытталғанын көріп отырмыз .

Кесте 2

Облыс халқы тұрмыс деңгейінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2013ж.

2014ж.

2015ж.

9 айға

Өзгерісі,

2015/2014ж.ж.

+, -

%

Орташа айлық жалақы, теңге

104618

110400

118994

8594

107

Халықтың орташа айлық ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

16751

17738

18464

726

104

Зейнет ақының ең төменгі мөлшері, теңге

19066

20782

23692

2910

114

Халықтың атаулы ақшалай табысы (айына орташа жан басына шаққанда), тенге

49582

52658

58249

5591

110

Жалақының ең аз мөлшері, теңге

18660

19966

21364

1398

107

Ескерту – [2] әдебиет негізінде жасалынған

2-кестеден байқағанымыздай, облыс бойынша орташа айлық жалақы көлемі 2015жылы 118994 теңгені құраса, 2014жылғы деңгеймен салыстырғанда 8594 теңгеге яғни, 7 %- ға көбейген. Халықтың орташа айлық ең төменгі көнкөріс деңгейі 2015жылы 2014жылмен салыстырғанда 726 теңгеге 4%-ға жоғарылағаны байқалады. Ал зейнет ақының ең төменгі мөлшері 2015жылы 23692 теңгені құраса, 2014жылғы деңгеймен салыстырғанда 2910 теңгеге 14%-ға көбейген. Халықтың атаулы ақшалай табысы орташа жан басына шаққандағы көлемі 2015жылы 2014жылға қарағанда 5591 теңгеге 10%-ға артып отыр. Жалақының ең аз мөлшері 2015жылы 21364 теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 1398 теңгеге 7%-ға жоғарылаған. Демек орташа айлық жалақының көбеюі бағаның құнсыздануынан, инфляцияның әсерінен деп айта аламыз .

2014-2018 жылдар аралығында экономика дамуының барлық сценарийлерін іске асыру кезінде баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны 5-7 пайыз дәлізінде ұстап тұру Ұлттық банктің негізгі мақсаты болып табылады. Осыған орай, 2015 жылғы мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу аясында инфляцияны 5-8 пайыз дәлізінде ұстап тұру жоспарланған болатын. 2012-2014 жылдары оның жылдық көлемі 5,5% деңгейінде сақталды. Қазіргі таңда Қазақстандағы инфляция деңгейі 7,4 пайызды құрап отыр [2].

Қазіргі таңдағы халықты лайықты жұмыспен қамту, тұрғындардың өзін-өзі жұмыспен қамтуы кәсіпкерлікті жандандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, түптеп келгенде кішігірім болса да, отбасылық бизнесін ашу арқылы мүмкін болмақ.

Қазіргі таңда облыста кәсіпкерлікті дамыту жөнінде сан-салалы жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытудың 3 бағыты өріс алған.

1. Кәсіпкерлік қызметіне қолдау көрсететін инфрақұрылымды дамыту;

2. Кәсіпкерлік субьектілерін қаржы –несиелік қолдау жүйесін дамыту;

3. Жергілікті тауар өндірушілер өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру.

Шағын және орта бизнестің даму деңгейі ауылдарда бәсеңдеу болып келгендігі белгілі. Соңғы жылдары осы талаптағы ілгерлеуге мемлекеттік деңгейде назар аударылып, нақты істер алға қойылды. Облыс бойынша 7 ауыл несие серіктестіктері Республикалық аграрлық несие корпарациясының аймақтық өкілдігі арқылы бөлінген қаржы есебінен шаруа қожалықтарын несиелендіруде.

Отбасылық бизнес халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда , даму мен инновацияға ресурстар салуға басымдық беретін отбасылық құндылықтар мен ұзақ мерзімді жоспарлаулар негізінде елдің тұрақты дамуын қалыптастыратын қазіргі экономиканың маңызды субьектілерінің бірі болып табылады [3,322 б].

Өңірдегі халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы және кәсіпкерлік қызметтің дамуын экономикалық талдау нәтижесі бойынша облыста шаруа-фермерлік қожалықтар мен жеке кәсіпкерлердің басым бөлігін отбасылық бизнеспен айналысушылар құрап отырғандығы белгілі болды. Сондықтан, біздің пайымдауымызша, Қазақстан Республикасы заңдарында «отбасылық бизнес», «отбасылық кәсіпкерлік» деген ұғым-түсініктердің жоқтығы кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативті-құқықтық актілерде ресмиленген анықтама ретінде қолданыла алатын біріңғай ұғым-түсінікті жасау қажеттігін айқындайды.

Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы – Қазақстан үшін стратегиялық мін­дет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы әлеуметтік-экономикалық жетістіктер­ге жетуде негізгі рөл атқарады. Осы тұрғыдан, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда адамдардың бойында еңбекке, кәсіпкерлікке, өз ісін бастауға деген көзқарасты қалыптастыру маңызды болып отыр.

Жалпы, әлеуметтік саясатты іске асыру экономиканың даму қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау ісін шебер ұштастыруды талап етеді. Бұл орайда, бүгінде мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық рөлі өзгергенін есте сақтау керек. Халықтың мемлекет көмегіне шынында да мұқтаж, өз бетімен күн көре алмайтын топтарына басымдық беріледі. Ал қоғамның қалған бөлігі экономикалық еркіндік қағидалары, олардың құқықтық қорғалуы негізінде өзін-өзі қамтамасыз етуі керек.

Елбасымыз 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына жолдаған кезекті жолдауының екінші басымдығын – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту деп жариялады.

Сонымен бірге, жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру және Қазақстанның әр өңірі жаппай кәсіпкерлікті, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс екендігін атап өтті [4].

Отбасылық бизнес халықтың өмір сүру сапасын жақсартуда, даму мен инновацияға ресурстар салуға басымдық беретін отбасылық құндылықтар мен ұзақ мерзімді жоспарлаулар негізінде елдің тұрақты дамуын қалыптастыратын қазіргі экономиканың маңызды субьектілерінің бірі болып табылады.

Отбасылық бизнесті ұйымдастыру мен нығайту, оның ұрпақтан ұрпаққа берілетіндей дәрежеге дейін жетілдіруді зерттеу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселелерді шешу халықтың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлесін қосатындығы сөзсіз.

Әдебиеттер:

  1. Қызылорда облысының 2014 жылғы қаңтар - желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қызылорда облысының статистика департаменті. Қызылорда 2015
  2. www.kyzylorda.stat. kz
  3. Умирзакова М.А., Казакаева А.О. Ресей және Қазақстан: ғылыми-экономикалық ынтымақтастықтың тәжірибесі, шоғырлану болашағы. Халықаралық ғылыми-тәжірибелі конференциясының мақалалар жинағы.19 желтоқсан, 2014 ж. Ставрополь,320- 324 бб.
  4. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаңтар. http://www.akorda.kz
Основные термины (генерируются автоматически): мена, млрд тенге, дама мен.


Похожие статьи

Шетел тілін оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың артықшылықтары

Ойын технологияларындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың шарттары

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Сұйықтың физикалық қасиеттерін халық шаруашылығы техникаларын жетілдіруде пайдалану

Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Похожие статьи

Шетел тілін оқытуда компьютерлік технологияны қолданудың артықшылықтары

Ойын технологияларындағы адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың шарттары

Ауыл оқушыларының бойында әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруда мектеп мерекелерінің алатын орны

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны

Сұйықтың физикалық қасиеттерін халық шаруашылығы техникаларын жетілдіруде пайдалану

Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Егістік дақылдар сорттарының түрлері және олардың таралуы

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Задать вопрос