Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадрлар құрамын талдау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Убайтжан, Назерке. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі кадрлар құрамын талдау / Назерке Убайтжан, А. Е. Жусупов. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 8.1 (142.1). — С. 60-63. — URL: https://moluch.ru/archive/142/39978/ (дата обращения: 19.12.2024).



Егемен ел атанған Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібініде тұратын мәселелердің бірі.

«Қазақстан - 2050» стратегиясында Елбасы: «... Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау, басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру» міндетін қойды [1].

Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен, кей кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмауы мен одан бетер – олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану – алғы шепте тұратын жалпыұлтық міндет.

2016 жылғы 1 қаңтарда республика бойынша мемлекеттік қызметкерлердің штаттық саны 97839 бірлікті құрайды, оның іс жүзінде 82143 лауазымы (90 пайыз) атқарылған болса, оның 3541-і саяси қызметкерлер (1-сурет).

Ескерту – [2] әдебиет негізінде автордың құрастыруы

Сурет 1. Мемлекеттік қызметкерлердің түрлері

Саяси мемлекеттік қызметкердің штат саны 439 бірлікті ( жалпы мемлекеттік қызметшілер санының 0,4% -ы) құрайды, әкімшілік - 97400 бірлік (жалпы мемлекеттік қызметшілердің штат санынан 99,6%), соның ішінде «А» корпусы – 539 бірлікті, «Б» корпусы – 96861 бірлікті құрайды (2-сурет).

Ескерту - [2]әдебиет негізінде автордың құрастыруы

Сурет 2. Деңгей бойынша мемлекеттік қызметкерлердің үлесі

Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны 59 пайыз: 20 пайызы орталық аппараттарда, 39 пайызы аймақтарда. Мемлекеттік қызмекетрлердің орта жасы 35, оның ішінде саяси қызметкерлердің жасы 45 жас, ал мемлекеттік әкімшілік қызмекерлердің 37 жас. 30 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметкерлердің жалпы саны 55226 адам, 30-дан 40 жасқа дейінгі мемлекеттік қызмекерлердің саны 55277 адам (30,2 пайыз), 41жастан 50-гежасқа дейінгілердің саны 25020 адам (29,7 пайыз) болса, 13570 адамның (18 пайыз) жасы 52 жастан жоғары. Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жұмыс өтілі – 7 жыл. Мемлекеттік қызметтің өтілі:

- 1 жылға дейінгі жалпы саны 11216 (12,3 пайыз);

- 1-5 жыл арасындығы – 29151 адам (33,2 пайыз);

- 5-10 жыл арасындағы – 18722 адам (22,05 пайыз);

- 10-15 жыл арасындағылар – 12518 адам (15 пайыз);

- 15-20 жылға дейін – 8159 адам (11 пайыз);

- 20 жылдан жоғары – 13881 адам (15,2 пайыз).

Мемлекеттік қызметте елу тоғыздан аса ұлт өкілі жұмыс істейді, оның ішінде:

- қазақтар –72158 адам (81 пайыз);

- орыстар – 10012 адам (11 пайыз);

- украиндер – 1434 адам (1,5 пайыз);

- татарлар – 815 адам (0,9 пайыз);

- немістер- 375 адам (0,5 пайыз);

- басқа ұлттар бойынша – 2702 адам (3 пайыз).

Жоғары білімді мемлекеттік қызметкерлердің саны да өсіп отыр. Олар, конкурстық қорытындысымен мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік қызметтен кетіп шыққандардың қызметкерлерге қарағанда, кіріп жатқан кадрлардың білім деңгейі жоғарырақ болғанына байланысты. Осыған қарамастан, мемлекеттік қызметке қабылданғандардың білім деңгейі кадр резервінде қабылданғандардың анағұрлым төмен. Келешек болашақта мемлекеттік қызметкерлердің білімділік деңгейі баяулауы немесе тоқтатылуы мүмкін, себебі мемлекеттік қызметкерлердің қатарына жартылай әскери мен техникалық қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен толықтырылуда және конкурсқа қатысушылардың білім деңгейі төмендеуде.

Кесте 1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет кадрларының құрамы, 2015 жыл

Орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлері

Мемлекеттік саяси қызметкерлері

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері

Барлығы

А

В

С

барлығы

350

310

982

5941

7233

7583

Өңірлердегі мемлекеттік қызметкерлер

Мемлекеттік саяси қызметкерлері

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері

С-0

С-R

D

D-0

3422

25720

22105

1753

9750

Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері

E

E-R

E-G

Өңірлер, оның ішінде

87312

21503

8450

Ақмола облысы

5423

1514

680

Ақтөбе облысы

4522

1035

670

Алматы облысы

6124

1845

642

Атырау облысы

2941

991

482

Шығыс Қазақстан

8151

2281

580

Жамбыл

облысы

5019

1342

479

Батыс Қазақстан

4211

1248

657

Қарағанды облысы

7324

2480

635

Қостанай облысы

6751

1947

614

Қызылорда облысы

3758

1248

481

Маңғыстау облысы

2450

970

481

Павлодар облысы

5242

1407

677

Солтүстік Қазақстан

5045

1459

642

Оңтүстік Қазақстан

7543

1970

721

Алматы қаласы

4712

1751

675

Астана қаласы

3423

1512

784

Ескерту - [3]әдебиет негізінде құрастырылды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет кадрларының 2015 жылдағы мәліметерге (1-кесте) сүйеніп орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлері жалпы саны – 7583 бірлікті құрайды, оның ішіндегі: мемлекеттік саяси қызметкерлер - 350, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер – 7233бірлік (оның ішінде А санаттағы – 310, В санаттағы – 982, С санаттағы – 5941). Ал аймақтардың ішінде мемлекеттік саяси қызметкерлер – 3422 бірлік, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер – С-0 санаттағы – 25720, С-R санаттағы – 22105, D санаттағы – 1753, D-0 санаттағы – 9750 қызметкерлер құрайды.

Кестеде берілгендей, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің Е санаттағы 5487 бірлікі құрайды. Өңірлердің ішінде ең жоғары көрсеткішті көрсетіп тұрған Шығыс Қазақстан аймағы – 11012 қызметкерлердің саны.

2015 жылдың көрсеткіштері бойынша мемлекеттік қызметтегі әйелдер жалпы саны 57454 бірлікті құрайды, оның ішінде 15 пайыз саяси мемлекеттік қызметте, 81,2 пайыз мемлекеттік әкімшілік қызметте. Жоғары орталық мемлекетік органдарда – саяси мемлекеттік қызметтегі – 54 әйел, мемлекеттік әкімшілік қызметте – 4872 әйел. Жоғары санатта әйелдердің саны ерлер санына қарай әрине төмен, бұл моральды-психологиялық көзқарастарға байланысты екенін анық, сонымен А корпусындағы: А санатта- 171 әйел, В санатта – 571 әйел. Бірақ, жергілікті мемлекеттік органадарда олардың үлесі ұлғаяды, оның ішіндегі С санатта – 20802 бірлік, Д санатта – 2982бірлік және E санатта – 22316 бірлікті құрайды. Аймақарда мемлекеттік басқару органдарда әйелдердің саны арттырып жатыр – 80 пайыз әйелдердің үлесі.

Мемлекеттік қызметкерлердің 2015 жылғы қызмет ауыстыру көрсеткіштерін талдау жекелеген орталық мемлекеттік органдардың қамтылу көрсеткіші 75% құрайтын орталық мемлекеттік органдардың көрсеткішерінен анағұрлым төмен екендігін көрсетеді.

Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет ауыстыру әр түрлі көрсеткіштерге байланысты, олар: отставкаға кетуіне байланысты; теріс мотивтер бойынша; аттестаттаудың төмен нәтижесіне қарай; тәртіптік шарадан соң ауысуы; зейнетке шығуына байланысты; саяси немесеәкімшілік қызметке ауысу; мемлекеттік емес құрылымға кету; әскери, құқық қорғау органдарына кетуі; денсаулығына байланысты; мемлекетік органды қайта жаңартуға байланысты; тағы басқада себептерге байланысты.

Қызмет ауыстыру көрсеткіштерге қарағанда мемлекеттік емес құрылымға кету бойынша көрсеткіші арттырып тұр, оның себебі мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысының төмендігі және әлеуметтік жеңілдіктердің болмауы[4].

Қазіргі кезеңде заңнамалық деңгейде мемлекеттік органның бірінші басшысы ауысқан кезде кадрлардың «командалық ауысуын» азайту үшін ауысу тәртібінде тағайындауға арналған мүмкіндіктер азайтылды. Олар мемлекеттік органдар ішінде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген жағдайларда жүзеге асырылады. Қалған барлық тағайындаулар конкурстық негізде ғана жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет саласында мынадай негізгі проблемаларды атап көрсетуге болады:

- көшбасшылық және басқарушылық сапа бойынша іріктеу әдістерінің жоқтығы;

- өңірлік деңгейде кадрларды іріктеу, бағалау, ілгерілету барысында кадр қызметінің рөлін арттыру қажеттілігі;

- мемлекеттік қызметке кіру барысында азаматтар тарапынан конкурстық рәсімдердің объективтілігіне сенімін арттыру;

- мемлекеттік қызметшілерді оқыту жұмыстарының жеткілікті үйлестірілмеуі;

- мемлекеттік қызметшінің жұмыс сапасын бағалаудың болмауы;

- мемлекеттік қызметшілердің еңбегін тиімсіз ұйымдастыру және олардың әлеуметтік қорғалуының нақты жүйесінің болмаы;

- кадр әлеуетінің өңірлік деңгейде төмендеуі.

Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан – 2050» стратегиялық даму бағдарламасы. Астана, 2012.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет Академиясының ресми порталы. www.pa-academy.kz.
  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ресми порталы.www.kyzmet.kz.
  4. Абдимомынова А. Ш., Сулейменов Б. Ж. Анализ кадрового состава государственной службы Республики Казахстан//Молодой ученый, № 5 (109), март-1, 2016г. С. 419-422.
Основные термины (генерируются автоматически): сан, e-g, e-r.


Задать вопрос