Қазақстан, орасан зор аумақта орналаса отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық ерекшеліктерге ие, олар шаруашылық байланыстарға, тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің ағымының шарттарына және жалпы мемлекеттің экономикалық әлеуетіне едәуір ықпал етуге қабілетті. Өңірлердің бірінің екіншісінен артта қалушылығы өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, шаруашылық қызметтің аз қарқындылығына, өнеркәсіптің аз диверсификацияланған салалық құрылымына, ғылыми-техникалық әлеуеттің төмендеуіне, әлеуметтік саланың дамымауына әкеледі. Берілген қатерлер мемлекетке экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күрделі қиындықтар туғызады.
Қазақстан өңірлері экономикасын төмендегідей сыныптауға болады [1]:
1. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарын мұнай-газ облыстары деп анықтауға болады. Олардың айрықша қасиеттері: инвестициялардың анағұрлым жоғарғы деңгейі (елге салынған барлық капитал салымдарының 50 %-дан астамы), монобағытты экономика, әлсіз дамыған ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу секторлары. Басқа сипатты сәттерге облыстар ішіндегі стагнациялық периферияларды, кедейшілік пен жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейін атауға болады.
2. Өнеркәсіптік облыстар анағұрлым кең кеңістікті қамтиды, ол шығыстан орталыққа қарай тарылады. Бұл Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. Берілген облыстар үшін қара және түсті металлургияның ірі ресурстары, болашағы бар қайта өңдеу секторы, әртараптандырылған өндіріс, анағұрлым дамыған перифериялар тән. Статистикаға сәйкес, өнеркәсіптік облыстарда ел тұрғындарының 23,3 %-ы өмір сүреді.
3. Солтүстіктегі Қостанай облысын және оңтүстіктегі Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарын аграрлы-индустриалдық облыстар деп атауға болады. Аталған үш облыс та ауыл шаруашылығына анағұрлым нақты маманданған, бірақ өнеркәсіптік әлеуетті дамыту үшін ресурстары да бар. Сонымен бірге бұл облыстар тартымды табиғи ресурстарға бай. Оңтүстік аграрлы-индустриалды облыстарда жер суармалы, ал солтүстікте — қолдан суарылады. Аймақта республика тұрғындарының 27,4 %-ы тұрады.
4. Ауылшаруашылығы облыстары екі массивке бөлінген. Оларға оңтүстік- шығыстағы Алматы облысы және солтүстіктегі Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары жатады. Олардың ауылшаруашығындағы мамандануы ортақ, бірақ өсу серпіні әр түрлі. Әлсіз өндірістік кешен. Ауылшаруашылық облысына ресми түрде қазақстандықтардың 20 %-ы қарайды.
5. Республикалық маңызы бар Алматы және Астана қалалары — бұл тұтыну орталықтары. Олардың ерекшелігі тұрғындар табыстарының жоғары деңгейінің болуында және қызмет саласының дамығандығында. Олардың сауда айналымы жалпы республикалық айналымның жартысын дерлік құрайды.
Қазақстан өңірлерін сыныптау өңірлердің дамуындағы ағымдағы жалпы ұқсастықтарға негізделеді және бес топты бөледі: мұнай-газ, өнеркәсіптік, аграрлы-индустриалдық, ауылшаруашылық, тұтыну орталықтары. Мұнай алпауыты Атырау облысын, Алматы мегаполисін және елорда Астана қаласын есепке алмағанда, Қазақстанның барлық аймаөқтарында дерлік қалыптасқан жағдай қанағаттанарлық емес және қазақстандық экономиканың мұнай-газ секторы мен қызмет көрсету секторына бұрмалануын көрсетеді. Қазақстан аймақтарының экономикалық даму деңгейінің әртараптануын 1-кестеден көруге болады.
Кесте 1
Қазақстан өңірлерін жан басына шаққандағы ЖАӨ бойынша топтастыру
Жан басына шаққандағы ЖАӨ, орташа қазақстандық шамасынан, % |
Облыстар |
Өңірдің ЖАӨ-нің жалпы республикалық шамасының ішіндегі үлесі, % |
100 %-дан астам |
Атырау, Маңғыстау, Батыс- Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары, Алматы қаласы, Астана қаласы |
68,6 |
100 % |
Қызылорда |
3,8 |
50 %-дан астам |
Қостанай, Ақмола, Солтүстік- Қазақстан, Шығыс-Қазақстан |
15,3 |
50 %-дан кем |
Алматы облысы, Жамбыл облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы |
12,3 |
Ескерту — [2] негізінде құрастырылған |
||
Жоғарыдағы кесте көрсеткіштері өңірлік экономикалық дамудың біркелкі еместігін сипаттайды. Егер Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары, Алматы және Астана қалаларындағы жан басына шаққандағы ЖАӨ көлемі орташа республикалық деңгейден 1,5 есе көп болса, онда Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында орташа респубшликалық деңгейден екі есе аз. Берілген ахуалдың ушығуына дүниежүзілік экономикалық дағдарыс себепші болды, ол шаруашылықтың барлық салаларына әсерін тигізіп, өңірдің даму басымдылықтарын, қызмет ету ерекшеліктерін өзгертті.
Жалпы өңірлік өнімнің негізгі үлесі жетекші аймақтарға шоғырланған: Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Алматы және Астана қалаларында шоғырланған және 68,6 %- құрайды.
Өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен инвестициялық белсенділігін, сонымен бірге экономикалық даму алғышарттарын жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі анықтайды. Берілген көрсеткіш бойынша 2010–2015 жж. аралығындағы кезеңде жетекші өңірлер Атырау, Маңғыстау облыстары және Астана қаласы болып табылады (кесте 2). Өңірлердің бұл тобы елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда инвестициялық тартымдылығын сақтауда.
Қарастырылып отырған кезеңдегі аймақаралық әртараптануының серпіні көрсеткендей, жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейінің ең үлкен және ең кіші мәндерінің қатынасы алдындағы әлсіз өңірлерге инвестициялар көлемін ұлғайту арқылы қысқарады.
Кесте 2
Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, мың тенге
Өңір |
2010ж. |
2011 ж. |
2012 ж. |
2013 ж. |
2014ж. |
2015 ж. |
Қазақстан Республикасы |
219 |
269 |
288 |
290,3 |
302,6 |
325,9 |
Ақмола |
138 |
191 |
202 |
153,6 |
167,7 |
196,4 |
Ақтөбе |
322 |
406 |
437 |
468,6 |
493,8 |
547,3 |
Алматы |
87 |
143 |
187 |
175,0 |
197,2 |
199,1 |
Атырау |
1574 |
1666 |
2156 |
2157,2 |
2003,6 |
1883,0 |
Батыс-Қазақстан |
303 |
366 |
394 |
392,8 |
279,2 |
267,7 |
Жамбыл |
30 |
121 |
215 |
134,9 |
101,4 |
143,4 |
Қарағанды |
113 |
156 |
159 |
169,9 |
186,7 |
238,0 |
Қостанай |
107 |
122 |
138 |
153,8 |
171,2 |
186,1 |
Қызылорда |
164 |
271 |
250 |
359,1 |
314,1 |
355,6 |
Маңғыстау |
630 |
920 |
722 |
706,3 |
690,9 |
711,9 |
Оңтүстік Қазақстан |
55 |
86 |
133 |
102,3 |
105,3 |
120,1 |
Павлодар |
174 |
199 |
221 |
255,8 |
278,2 |
352,3 |
Солтүстік Қазақстан |
57 |
63 |
77 |
90,6 |
117,6 |
168,5 |
Шығыс Қазақстан |
89 |
114 |
98 |
108,0 |
173,1 |
190,9 |
Астана қ. |
721 |
732 |
557 |
559,6 |
794,7 |
811,9 |
Алматы қ. |
377 |
361 |
276 |
283,8 |
290,2 |
313,3 |
Ең үлкен және ең кіші мәндердің қатынасы |
52 |
26 |
28 |
24 |
20 |
15 |
Ескерту — [2] әдебиет негізінде құрастырылған |
||||||
Жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестицялар көлемін талдау көрсеткендей, Астана қаласында, сондай ақ Атырау, Маңғыстау облыстарында бұл көрсеткіш жалпы республикалық көрсеткішті 2–7 есе асады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қостанай облыстары сияқты аймақтарда берілген көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден төмен.
Осылайша, Қазақстан өңірлері бойынша инвестициялардың біркелкі емес бөлістірілуін атауға болады, бұл аймақтардың әртараптану мәселесін қиындатуы ықтимал, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шаруашылықтың өңірлік құрылуының өзгерісіне, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіндегі аймақаралық теңсіздіктің пайда болуына және мәселелі және депрессивті аймақтар санының ұлғаюына әкеледі.
Тұрғындардың өмір сүруінің өңірлер бойынша әр түрлілігі өңірдегі тұрғындардың өмір сүру деңгейінің біркелкі еместігін және поляризациясын сипаттайды. Өңірлік әлеуметтік ерекшеліктерді адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) арқылы бағалауға болады, ол БҰҰ-ның Даму бағдарламасымен әзірленген. Бұл интегралды көрсеткіш үш құрамдастан тұрады: табыстан (жан басына шаққандағы жалпы аймақтың өнімнен), өмір сүру ұзақтығынан (туылғанда күтілетін өмір сүру ұзақтығынан) және білім деңгейінен тұрады,
соңғы құрамдас ересектердің білімділігімен және балалар мен жастардың біліммен қамтылуын сипаттайды.
АӘДИ бойынша аймақтық ерекшеліктер едәуір, мәселен, 0,745 жоғары индексі тек төрт аймаққа ғана сәйкес келеді: Астана, Алматы қалаларына, Атырау және Маңғыстау облыстарына. Басқа аймақтарды АӘДИ төменірек. Жеке алғанда, Ақтөбе облысының индексі 0,551-ге тең және Үндістанның АӘДИ-не сәйкес келеді. Шығыс Қазақстан облысының индексі 0,399 бұл Ауғанстанның индексіне сай келеді (кесте 3). Салыстыру үшін кестеде Қазақстан облыстарының АӘДИ-мен салыстыруға болатын елдер көрсетілген.
Тұрғындардың 40 %-дан астамы тұратын, АӘДИ-і төмен өңірлер адам ресурстарын миграциялық алмастыруға беруі мүмкін, бірақ олардың қарқыны олардың өңірлік орталықтарының өміршеңдігіне тәуелді болады, бұл өзінің ішкі перифериясының адам ресурстарын тарту және өз тұрғылықты халқын сақтап қалу үшін жасалады. Мұның барлығы егер оған тиімді әлеуметтік саясат қарсы тұра алмайтын болса, онда объективті факторлар әсерінен өңірлер тұрғындарының сапасы анағұрлым терең ерекшелетіндігін білдіреді.
Кесте 3
Қазақстан өңірлері бойынша адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ), 2015 ж.
Өңір |
Адам дамуының индексі |
БҰҰ тізіміндегі орны |
Мемлекет |
БҰҰ сыныптамасы бойынша АӘДИ |
Астана қ. |
0,820 |
37 |
Катар |
0,831 |
Атырау |
0,769 |
57 |
Мексика |
0,770 |
Алматы қ. |
0,721 |
83 |
Эквадор |
0,720 |
Маңғыстау |
0,653 |
110 |
Монғолия |
0,653 |
Ақтөбе |
0,551 |
134 |
Үндістан |
0,547 |
Батыс Қазақстан |
0,525 |
138 |
Лаос |
0,524 |
Оңтүстік Қазақстан |
0,491 |
147 |
Шығыс Тимор |
0,495 |
Қызылорда |
0,487 |
148 |
Ангола |
0,486 |
Алматы |
0,480 |
151 |
Мадагаскар |
0,480 |
Павлодар |
0,476 |
153 |
Папуа -Жаңа Гвинея |
0,466 |
Қостанай |
0,432 |
163 |
Комор аралдары |
0,433 |
Жамбыл |
0,423 |
168 |
Гамбия |
0,420 |
Қарағанды |
0,413 |
169 |
Судан |
0,408 |
Шығыс Қазақстан |
0,399 |
172 |
Ауғанстан |
0,398 |
Ақмола |
0,359 |
175 |
Мали |
0,359 |
БатысҚазақстан |
0,356 |
176 |
Гвинея-Бисау |
0,353 |
Ескерту — [3] әдебиет негізінде құрастырылған |
||||
Талдау нәтижелеріне сәйкес, өңірлердің шектен тыс экономикалық теңсіздігі тек перифериялық аудандардың экономикалық тұрақсындануына және жалпы аймақтық өнім көрсеткішінің өсуінің қысқаруына ғана емес, сондай ақ болашақта елдің экономикалық өсу қарқындарының төмендеуіне әкеледі.
Сондықтан, өңірлердің тұрақты дамуы тұрғысынан алғандағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі олардың пропорциялық емес дамуындағы алшақтықты қысқарту болып табылады. Бірақ бұл шараны тек жетекші аймақтардың деңгейін төмендету есебінен ғана емес, сонымен бірге артта қалушы өңірлерді әлеуметтік-экономикалық көтеру негізінде іске асыру қажет.
Әдебиеттер:
- Темирова А. Б., Абдимомынова А. Ш. Социально-экономическая дифференциация регионов Республики Казахстан//Вестник Российского университета дружбы народов. Серия: Экономика. 2016. № 1. С. 58–69.
- Регионы Казахстана: статистический ежегодник. Астана, 2015. www. stat.gov.kz
- Exclusive сравнил ИРЧП в регионах Казахстана. www. еxclusive.kz