Құрылыс кешендерін үйымдастыруда сапамен басқару жүйесі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Аяпбергенова, Б. Е. Құрылыс кешендерін үйымдастыруда сапамен басқару жүйесі / Б. Е. Аяпбергенова, М. С. Бекетова, А. М. Садирбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 11-13. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42678/ (дата обращения: 18.12.2024).



Соңғы он жылдарда мемлекетіміздің құрылыс саласында айтарлықтай құрылымды өзгерістер пайда болды. Бұл үлкен мөлшерде құрылыс-монтаждау ұйымдарының (ҚМҰ) пайда болуына алып келді, және олар әртүрлі нысандардың құрылысын жүзеге асыратын лицензияны, сонымен қатар мемлекеттік, жеке, оның ішінде шетелдік инвесторлардан тапсырыс алуды қалайды. Бұл ұйымдардың арасында бәсекелік күрестің пайда болуына алып келді, яғни ол инвесторларға құрылыстың сапасы мен құнын қанағаттардыратын ұйымдарды таңдауға мүмкіндік береді. Инвесторлардың құрылыс сапасына талабы айтарлықтай жоғарылады, ол тапсырыс беруші мен орындаушы қызметінің бөлінуі нәтижесіне және нарықтық экономиканың шарттарына сай, құрылыстағы мердігерлік қатынастың тәртіппен орыдалуы жайлы «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде» заңнамалық тіркеулерге алып келді. Осылайша, көптеген ҚМҰ үшін ИСО-9000 стандарттар базасында сапа жұйесін жасау төтенше мәселе бола бастады.

ИСО-9000 халықаралық стандарттар сериясына сай құрастырылған және қолданыстағы сапамен басқару жүйесі — бұл, қажетті элементтер кешені бар, оның сапа жағынан болсын, құны және құқықтық қамсыздандыру жағынан болсын, жұмыс істеу жағынан болсын, ұйымның иелік етуде нарықтық жағдайда басекеге қабілетті жетіске жетуге бағытталған, ұйымның шаруашылық механизмі.

ИСО-9001:2000 менеджмент және сапа стандарт жүйесі бойынша сертификатталудың болуы, ҚМҰ келбеті, оның өнімінің, жұмыс пен қызмет көрсету сапасының кепілдігі болып табылады; ұйымның ішіндегі шаруашылық механизмінің құрылу мәдениетінің жоғары деңгейі жайлы куәландырады, және оған халықаралық беделді қамтамассыз етеді. Алайда, ИСО — 9000 стандартау жүйесін ҚМҰ ішінде менеджмент жүйесін өңдеу үшін тікелей қолдану айтарлықтай қиындықтар тудырады, себебі олар жалпытехникалық мінезге ие, және құрылыс саласын ұйымдастырудың спецификациясын ескермейді.

Құрылыс өндірісінің негізгі ерекшелігі, ол көлік жасау, жеңіл өнеркәсіп, табушы және өңдеуші сала өнеркәсіптеріне қарағанда, жылжымайтын мүлік нысаны болып келетін, нәтижелі өнім спецификациясына негізделген.Егер қазіргі уақытта артта қалған жаппай тұрғын құрылыс атаулы нысандарды ескерметін болсақ, әрбір нысан өзіндік қайталанбас, ерекше. Сонымен қатар құрылыс өнімін шығаруда, негізінен, типтік, стандартталған технологиялық процестер, амалдар, материалдар, конструкциялар, стандартты қадағалау әдістері және олардың жеке элементтеріннің сапалы көрсеткіштерін өлшеу құралдары қолданылады. Көрсетілген ерекшелік стандартталған құжат түріндегі технологиялық құжатты регламентациялауға (шығаруға) мүмкіндік бермейді, мысалғы, кәсіпорын стандарттары. Алайда, ҚМҰ тәжірибесіне лайық түріндегі,өнім шығаруды жоспарлауға қатысты, стандарт шарттарын орындау үшін осындай құжат жасалуы қажет, және де оның верификациялау мен валидациялау, сапасын бағалау және талдау мүмкіндігі қамтамассыз етілуі қажет.Құрылыс компанияларында мұндай қарама-қайшылықты жою мүмкіндігі жоспарлау-ориентацияланған басқару жүйелерінің көмегімен жүзеге асуы мүкін, оның ішінде негізгі технологиялық реттеуші құжат ретінде жұмыс өндірісін жоспарлау (ЖӨЖ) қызмет атқарады. Құрылыс алаңында жұмыстың оңтайлы ұйыдастырылуы, құрылыс материалдарының үздіксіз жеткізілуі, құрылыстың арзан болуы, және т. б. үшін сапалы жасалған және тиімді қолданылатын ЖӨЖ әрқашан үлкен мәнге ие. Нарықтық өндірістің қазіргі шарттарында оның мәні өлшеусіз өсіп келеді, себебі,барлық құрылыс өндірісін жобалаусыз (бұл мақсаттарға ЖӨЖ өңдеу кезінде қол жеткізіледі) нақ дәлдікпен құрылыс құнын анықтау мүмік емес, сәйкесінше, тапсырыс орындаушы мен беруші үшін қажетті мағлұмат алу де мүмкін емес. Алайда, тәжірибе көрсеткендей құрылыс-монтаждау кешенін (ҚМК) еңгізу шегінде, алдын-ала құрылыс өндірісін зерттеуде ЖӨЖ қолдаңылмайды (сирек ерекшеліктен басқа), бірақ оның жасалуы құрылыс нормалары мен ережелерінде міндетті түрде айтылған. ЖӨЖ-ге деген мұндай қарым-қатынастың ең негізгі себептері болып табылады:

— құрылыс бас жоспары, құрылыс материалдарын жеткізудің күнтізбелік және жүйелік кестелері, жұмыскерлер мен механизмдердің қозғалысы, басқаша айтқанда, үйлесімділеу мақсаты болып табылатын ЖӨЖ негізі элементтерінің жасалуының қиындығы;

— құрылыс компанияларында жоғары деңгелі инженерлік-техникалық қызметкерлердің болмауы;

— ЖӨЖ жасаудың қысқа мерзімділігі.

Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен ережелерінің (ҚР ҚН 1.03–06–2002), шарттарына сай жасалған дәстүрлі ЖӨЖ, өзінің құрамында, ИСО 9001:2000 стандарттарының көптеген ережелерін, жобаланып жатқан ҚМК-де қолдануға, тәжірибеде жүзінде тиімді жүзеге асыру жағдайына ие. Әрине, ҚМК-ң құжатталған рәсімі ретінде ЖӨЖ-ді қолдану кезінде оның толықтырылуы мен өзгертілуі қажеттілігі туады, әсіресе, ИСО 9001:2000 талабын қанағаттандыратын, жақсарту үрдісі және деректерді саралау бөлімі қажет.

ҚМК жасау және еңгізу тәжірибесінде жетілдірілген ЖӨЖ-ді қолдану жүйелік ЖӨЖ сапа талдау негізінде ЖӨЖ құрамын мінсіздендіру және нәтижелендіру бойынша амалдар қолдануға, яғни салынып жатқан нысанның сапа менеджмент жүйесінің негізгі құжатын алуға мүмкіндік береді. ЖӨЖ сапасын бағалаудың ең басты мақсаты — ҚМҰ басшыларында, тапсырыс беруші, қадағалау органдарында құрылыс барысында қолданылатын ЖӨЖ қажетті сапалы нысан тұрғызу үшін қажетті алғышарттарды қамтамассыз ететіндігіне сенімділік туғызу. Ол үшін, ЖӨЖ сапасының бағалау көрсеткіштерін орнату қажет, ол оңай шара емес, бірақ толықтай шешілетін шара.

Әдебиеттер:

  1. Фефелов А. А. Польза от системы менеджмента качества в строительстве // Методы менеджмента качества, 2007, № 6. – С. 20–23.
  2. Мазаник Н. Т. Особенности деятельности строительных организаций // Консалдинг-Аналитика, 2003, № 3. — С. 10–18.
  3. Jung Sang-ki, Park Jung-Eun, Cha Yongwoon, TaekHyun Chang. Improvement of Construction Quality Management through Analyzing Construction Work’s Quality Inspection Results //Korean Journal of Construction Engineering and Management. Volume: 17, Issue: 1- page: 110–118,DOI: 10.6106/KJCEM.2016.17.1.110.
  4. Цуканова О. А. Анализ влияния факторов внешней среды на развитие строительных предприятий в России // Проблемы современной экономики: материалы III междунар. науч. конф. — Челябинск: Два комсомольца, 2013. — С. 4–6.
  5. Shustov P. A., Bazhakin A. V. Factors that influence the working conditions of workers of building specialties.Известия вузов. Инвестиции. Строительство. Недвижимость: научный журнал. — Иркутск: Изд-во ИрГТУ, 2014. — № 1 (6). — С. 81–96.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, DOI, III, сап.


Задать вопрос