Соғыс жылдары Қазақстан майдан арсеналына айналды | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №16 (150) апрель 2017 г.

Дата публикации: 11.05.2017

Статья просмотрена: 15407 раз

Библиографическое описание:

Шаймуханова, Р. А. Соғыс жылдары Қазақстан майдан арсеналына айналды / Р. А. Шаймуханова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 16.1 (150.1). — С. 52-54. — URL: https://moluch.ru/archive/150/42733/ (дата обращения: 18.12.2024).



Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында онда стратегиялық мәні бар адам және табиғи ресурстары болды. Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2 млн адам болған, соның 1,5 миллионы қолына қару алып, майданға аттанды. Мұнан басқа 1916 жылғы патша тәжірибесіне сүйенген сталинизм Қазақстан мен Орта Азияның тұрғылықты халқы және арнайы көшірілген адамдары жаппай жұмылдырылған еңбек армиясы мен арнайы құрылыс бөлімдерін жасақтап қойған болатын, оған қатыстырылған адам саны 700 мыңнан асты. Тіпті 1,5 млн тұрғынды қоспағанның өзінде, жаппай жұмылдыру шарасының пайыздық көрсеткіші жоғары болды: майдан мен қорғаныс өнеркәсібіне республикамыздың әрбір төртінші адамы аттандырылды.

Қазақстанда 12 атқыштар және төрт атты әскер дивизиясы, сондай-ақ жеті атқыштар бригадасы, түрлі әскер түрінен құралған 50 шақты жекелеген полк пен батальон жасақталды. Осының ішіндегі үш атқыштар дивизиясы мен екі атты әскер бригадасы қазақ ұлттық құрамасы ретінде құрылған еді. Қазақстан құрамасының әскери жолы 1941 жылдың қаһарлы уақытында Мәскеу түбінде басталып, 1945 жылдың көктемінде Берлинде аяқталды. Рейхстагқа жеңіс туын тіккендер арасында жерлестеріміз Рахымжан Қошқарбаев пен Илья Сьянов болды.

Жау тылында қоршауда қалған көптеген қазақстандықтар партизан қозғалысына белсене ат салысқан. Соғыс жылдары олардың саны 3,5 мыңға жеткен. Сол бір тарихи кезеңге 61 жыл өтті, 1945 жылдың жеңісті мамыры келіп, адамзат баласы мен туған жерімізге тап болған ең бір кескілескен қанқұйлы соғыс аяқталғанына да сонша жыл.

Халқымыз Ұлы Жеңіске 1418 күн мен түн дамыл алмастан қадам басты. Майдангерлер мен партизандар, тыл еңбеккерлері мен солдаттардың аналары сұрапыл соғыс кезінде күш-жігерін аямай, мойымай, бақытты өмір үшін фашистермен шайқасып, Отанымыздың тәуелсіздігі мен ар –намысын қорғап қан кешкен соғыстың жалынды жылдары алыстаған сайын, аға ұрпақтың қаһарман ерлігі айқынырақ көріне түседі.

Соғыс жылдары Қазақстан майдан арсеналына айналды.

Қазақстандықтардың аянбай еңбек етуінің нәтижесінде 460 зауыт, фабрика, шахта, кеніш қысқа мерзімде іске қосылды. Мұның ішінде жаппай қоныс аударылған 220 кәсіпорын бар.

Соғыс жылдарында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп, әсіресе, көмір,металл өндіру және машина жасау қарқынды дамыды.

Қарағандының көміршілері аянбай еңбек етті. Олар 4 жыл ішінде 34 млн тонна көмір өндіріп, бассейннің жұмыс жасап келе жатқан уақытынан бәрі есептегенде, 3 млн тоннаға артық алды. Орал-Ембі мұнай өндіру ауданының кәсіпорындарында сұйық жанармай 39 %-ға өссе, электр қуатын өндіру 2есеге жоғарылады. Майдан үшін жұмыс істеген тыл еңбеккерлері сонымен қатар стратегиялық қажетті өнім болып есептелетін түсті металл өндірудегі республикамыздың рөлін де арттыра түсті. Қорғаныс өнеркәсібі үшін қажетті мыстың үштен бірі Қазақстанда өндірілді. Тарихи құжаттарда соғыс кезіндегі он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылғаны айтылады. Соғыс жылдарында жұмсалған мыстың 35 %-ы, қорғасынның 85 %-ы біздің республикада өндірілген. Оңтүстік-Қоңырат молибден, Жезді марганец, Дон хром кеніштері және Ақшатау молибден-вольфрам, Текелі полиметалл комбинаттары және т.б салынды. Осыған орай Қазақстан одақтық молибден 60 %, металдық висмуттың 65 %, сондай-ақ полиметалл кенін 79 % ға дейін беретін болды. Металл өңдеу және машина жасаудағы жалпы өнімге қосқан Қазақстан индустриясының үлесі 1940 жылы 16 % болса, 1945 жылы 35 %-ға дейін көтерілді. Украина, Дон және Кубанадағы қажетті ауылшаруашылық аудандарынан уақытша қол үзу соғыс жылдары Қазақстан үшін жауапты мәселеге айналды, себебі нан, ет, май, жүн, мақта және т.б ауылшаруашылық өнімдерін Қазақстан майданға бұрынғыдан да көбірек жөнелтуге тиіс болды. Осы жағдайға байланысты еңбек шарты мен ауылшаруашылық жұмыскерлерінің тапсырмалары күрт өзгерді. Ең қиыны кадр мәселесі болды, өйткені майданға аттанған 3 қазақстандықтың, шамамен, екеуі ауылдан алынған еді. Жаппай майданға жұмылдырылған ер адамдардың орнын ауыстырудың бірден-бір көзі әйелдер болды. Соғыстың аяқталуына қарай, көптеген колхоздарда жұмыскерлердің 70–80 %-ын әйелдер құрады.

Республика колхоздарындағы егіс алқаптары соғыстың алғашқы екі жылында 1450 мың га ұлғайтылды. 1942 жылы колхозшылар көктемгі егін себуде айтарлықтай жетістік көрсетті: өткен жылға қарағанда 25 күн ерте аяқтады. Бұл — мол өнім алуға және мемлекетке 1941 жылға қарағанда бірнеше млн пұт нан тапсыруларына ықпал етті. 1944 жылдың 13 наурызында ССР одағының Совнаркомы “Қазақ ССР-ндағы” ауылшаруашылық дақылдары өнімінің жоғарылату шаралары туралы” қаулы қабылдады. Осы бағытта еңбек еткен колхоздық шаруашылық, МТС пен совхоз жұмысшылары 1944 жылы айтарлықтай жетістікке қол жеткізді: 1 млн га тың жер игеріліп, жүктелген тапсырма 40 мың гектарға артық орындалды.

Қазақстанның патриоттық және еңбек борыштарын өтеген ауыл еңбеккерлері 1941–1945 жж. майдан мен елге 5829 мың тонна нан өткізді. Қазақстан елдің оңтүстігіндегі мал өсіретін негізгі база болып саналды, ал бұл-республикадағы халық шаруашылығының маңызды саласы болатын: ел мен майданды ет-сүт өнімдерімен, өнеркәсіптерді шикізатпен жеткілікті мөлшерде қаматамасыз етіп тұрды. 1944 жылдың 12 мамырындағы одақтық Үкіметтің «Қазақ ССР колхоздарындағы мал өсіруді дамыту шаралары туралы» қаулысымен республикасының 69 ауданы мал өсіру шаруашылығына ауысты. Колхоздар мен совхоздар алға қойылған тапсырмаларды жетістікпен орындап шықты. Соғыс жылдарында олар Кеңес Әскеріне ондаған мың жылқы, неміс басқыншыларынан зардап шеккен аудандарға 500 мыңнан астам бас мал жіберді. Мал өсірушілер соғыс жылдарында малдың санын 3 млн басқа дейін өсірді. Майдан мен халықты 734 мың тонна ет және азық-түліктің басқа түрлерімен қамтамасыздандырды. Ұлы Отан соғысының тарихтағы даңқты парақтарын Қазақстан жастары толықтырды. Ауыл жастары жоғары саналылық пен ұйымдастырушылық және тәртіптілік танытты. 1942 жылы колхоздар мен совхоздар егістігінде 475 жастар звеносы үздіксіз өсіп отырды. Сөйтіп, 1945 жылы ауыл шаруашылығында 803 жас тракторшылар бригадасы жұмыс істеді. Еңбекте үлкен белсенділік көрсеткен ауыл мектептерінің оқушылары болды.

Қазақстан еңбеккерлері майданға 2,5 млн дана жылы киім жөнелтіп, қорғаныс қорын 4700 миллионнан астам сомға қаржыландырылды. Бұл қаржыға «Қазақстан колхозшысы», «Қазақстан комсомолы», «Қарағанды шахтері», «Қазақстан әйелдері» және т. с.с танк коллонналары жасалды. Жалпы алғанда, 3790 ұшақ жасауға болатын еді. Басқыншылары мен болған күресте жеткен жеңіс халықтың антифашистік қозғалысының үлкен күші мен қыруар құрбандығының арқасында келді. Ең үлкен шығынға ұшыраған СССР болды: құрбан болғандардың саны 27 миллионнан астам. Соның, шамамен 610 мыңы — қазақстандық. Соғыс тарихынан алынған қорытынды мен сабақтар ешқашанда ұмытылмауға тиіс.

Основные термины (генерируются автоматически): мена, майдан мен.


Задать вопрос