10 «Е» сынып оқушыларын сыртқы жиынтық бағалауға дайындаудағы машықтандыру жаттығуларының әсері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Копеев, А. Ж. 10 «Е» сынып оқушыларын сыртқы жиынтық бағалауға дайындаудағы машықтандыру жаттығуларының әсері / А. Ж. Копеев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 18.1 (152.1). — С. 36-38. — URL: https://moluch.ru/archive/152/43273/ (дата обращения: 18.12.2024).



Қазіргі кезде тілді оқытудың түрлі кешенді әдіс-тәсілдері ұсынылуда. Мұғалім осы әдіс-тәсілдерді өз тәжірибесінде іріктеу арқылы қолдануы мүмкін, себебі кейбір әдіс-тәсілдердің сабақтың оқу мазмұны мен мақсатына сай келмей жататын кездері болып жатады. Оның үстінде осы мәселеге байланысты сыныптың психологиялық ерекшелігі де көп жағдайда қарастырыла бермейді. Сондықтан осы жағынан алғанда мұғалімнің өз тәжірибесіне сүйене отырып, сыныптың даму моделі мен маршрутын жасау өте маңызды. Мұғалім үшін өз тәжірибесінің жетістігін көрудің бір амалы «Action research»жобасын жүргізу.

Action research мұғалімнің кәсіби дамуына, өз жұмысын дұрыс жоспарлау мен кемшіліктерінтүзетуге мол мүмкіндік береді. Сол сияқты оқушылардың сабақтағы жетістіктерін көтеруге айқын бағытталған бірден-бір жол. Осы мақсатта «10 «Е» сынып оқушыларын (екінші тілі қазақ тілі — А.Ж) сыртқы жиынтық бағалауға (сыртқы емтихан — А.Ж.) дайындаудағы машықтандыру жаттығуларының әсері» тақырыбында зертеу жұмыс жүргізілді. Тақырыпты таңдаудың мақсаты — оқушыларды сыртқы емтиханға дайындау және жазылым дағдыларын дамыту, тілдік деңгейлерін арттыру. Мұның негізінде келесі зерттеу сұрағы шығарылды: 1. Қалай сауатты жаздыруға болады?2. Қалай мәтін құрылымы мен стиліне сай жазуға дағдыландыруға болады?3. Грамматикалық формаларды дұрыс қолдануға мүмкіндік беретін қандай әдіс-тәсілдер бар? Осыған орай сынып оқушылары ішінен үш оқушы іріктелді: А оқушы — жоғары деңгей; В оқушы — орта деңгей; С оқушы — төмен деңгей.

Зерттеу жұмысы алдымен оқушылардан сауалнама жүргізуден басталды. Оларға 4 дағдының қайсысы қиындық тудырады деген сұрақ қойылды. Осы арқылы оқушылардың өз білімдерін қалай бағалайтындығы пысықталды. Әрбір жаңа сабақ немесе тапсырмадан кейін үнемі ауызша, жазбаша түрде рефлексия жүргізіліп отырды. Зертеудің келесі сатысы ретінде оқушылардан бақылау жұмыстарын алу көзделді. Оқушылар өздері көрсеткен тілдік деңгейлер бақылау жұмысының нәтижелерімен салыстырылып, даму маршруттары анықталды. Мәселен, А оқушының айтылым дағдысы жақсы дамыған болса, В деңгейінің жазылым дағдысынан қиналатыны белгілі болды.

Жоғарыда айтып өткендей, оқушылардың бастапқы тілдік дағдыларының ішінен тыңдалым және айтылым дағдылары жоғары деңгейде екендігін байқатты. Жазылым кезінде олардың көбіне грамматикалық және стилистикалық қателерді көп жіберетіні мәлім болды. Келесі кезеңде осы қателерді түзетудің жолдарын қарастыру басты міндеттердің бірі болды. Қателерді түзеу 3 кезеңде жүзеге асырылды: сөз тіркесі, сөйлем, мәтін.

Оқушылардың ең жиі қате жіберетін тұсы — тәуелдік жалғауды шамадан тыс қолдануы. Олар тәуелдік жалғаудың –ы/і, -сы/сі сияқты формаларын орынсыз пайдаланылады. Мысалы: Бүгінде экономикаСЫ дамып келеді. Осы жердегі «экономикасы» деп қолданылған сөз «экономика» деп қолданылуы тиіс. Тәуелдік жалғау (т.ж) формасындағы сөзді қолдану үшін оның алдындағы сөз ілік септігіндегі (і.с) формада тұру қажет екені түсіндірілді және формула түрінде ұсынылды (S — зат есім, есімдік сөздер).

Жалпы кесте түрінде берілген ақпараттарды оқушылардың жақсы меңгеретіндігі байқалды. Мәселен қазақ тілінде баяндауыштың алдында тұрған сөзге жалғау жалғанудың өзіндік логикалық құрылымы бар екенін графикалық бейнелер арқылы түсіндіру өте ұтымды болды. Оның үстіне оқушыларды тілдік мәселелерді ережелер мен кестелер арқылы емес, ішкі түйсік (тілдік логика) арқылы шешуге дағдыландыру көзделді. Мысалы, оқушылар баяндауыш формасының алдындағы сөзге табыс септігі мен барыс септігі жалғау кезінде қиналды. Ол үшін алдымен етістік сөздің (V — етістік сөздер) «бағыт» формадағы немесе «объект» (орын) формасында қолданылып тұрғанын анықтауға үйретілді. Егер бағыт болса, онда оған барыс септігі қолданылады, ал объект формасында берілсе, табыс септігі қолданылады. Мысалы: «бара жатыр» — бағыт, «көріп тұрмын» — объект. Егер екі тіркесті «үй» сөзімен байланыстырсақ, былай болар еді: үйГЕ БАРА ЖАТЫРМЫН, үйДІ КӨРІП ТҰРМЫН. Бұл әдіс оқушыларды ереже жаттау емес, ойлау механизмі арқылы өз қатесін жою және жалғауларды дұрыс қолдануға септігін тигізді.

Оқушылар өздерінің грамматикалық сауаттылығын түзеп алғаннан кейін мәтін деңгейінде қарастыру қолға алынды. Бұл оқушының өз идеясы, пікірі, көзқарасы, стилі т.б. есепке алынды. Көбіне жаттығулардың мынандай түрлері: эссе, ұсыныс хат, мақала, сыни пікір, әңгіме, үндеу хат т. б. түрінде ұсынылды. Оқушылардың кіріспе бөлімін жазуға, кіріспе бөлімінде мәтіннен деректер келтіре отырып өз пікірі мен көзқарасын білдіруге, қорытынды бөлімінде айтылған мәселелердің түйінін шығаруға машықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Оқушыларға ұсынылған әдіс-тәсілдер мен жұмыс механизмі оқушылардың тілдік дағдыларын (жазылым, оқылым) дамыта алды. Үш оқушы бойынша 3 түрлі нәтиже байқалды. А оқушы: Оқушының грамматикалық сауаттылғы жоғары, грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше қолданады, сөздік қоры жеткілікті, тілді дұрыс әрі сәйкесінше қолданады, өзіндік пікірін жекізе біледі. В оқушы: Оқушы барынша сауатты жазады, грамматикалық формаларды сәйкесінше қолданады, белгілі тақырыпта сөздік қоры қалыптасқан, өзіндік пікірін, ойын жеткізе біледі. С оқушы: Оқушының грамматикалық сауаттылығы орташа деңгейде, грамматикалық формаларды дұрыс қолдануға тырысады, белгілі тақырыпта сөздік қоры қалыптасқан, өз көзқарасын жеткізе алады.

әдебиеттер:

  1. «Тілдік төрт дағды бойынша белсенді оқыту тапсырмалары» НЗМ оқу-әдістемелік құралдар жинағы. Астана, 2015.
  2. Patrick J. M. Costello. Action research, London, 2003.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, оса.


Похожие статьи

9 «Е» сынып оқушыларының жазылым дағдысын арттыруға мұғалімнің кері байланысы қалай әсер етеді?

7 «Е» сынып оқушыларының айтылым дағдысын дамытуға суретпен жұмыс қалай әсер етеді?

Тотығу-тотықсыздану жүйелерінің электродтық потенциалдарын салыстыру арқылы реакциялардың жүру бағытын болжау

Қызылорда облысының орталық аудандарында, жоңышқа дақылынан тұқымдық материал алудың жолдары

Жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысын дамытудағы басым бағыттар

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырудағы бастауыш білім беру сатысындағы ұтымды оқыту

Қазақ тілі сабағында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру

Қызылорда облысының орталық ауданында жоңышқа дақылының өсуін суару режимінің әсері

Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық

Похожие статьи

9 «Е» сынып оқушыларының жазылым дағдысын арттыруға мұғалімнің кері байланысы қалай әсер етеді?

7 «Е» сынып оқушыларының айтылым дағдысын дамытуға суретпен жұмыс қалай әсер етеді?

Тотығу-тотықсыздану жүйелерінің электродтық потенциалдарын салыстыру арқылы реакциялардың жүру бағытын болжау

Қызылорда облысының орталық аудандарында, жоңышқа дақылынан тұқымдық материал алудың жолдары

Жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысын дамытудағы басым бағыттар

Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастырудағы бастауыш білім беру сатысындағы ұтымды оқыту

Қазақ тілі сабағында проблемалық оқыту арқылы оқушылардың айтылым дағдысын дамыту

Бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру

Қызылорда облысының орталық ауданында жоңышқа дақылының өсуін суару режимінің әсері

Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық

Задать вопрос