Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жастар мән – жайды түсініп, тәуелсіздік алу мақсатында белсенді, сыңдарлы оқудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет. Оқуды дербестендіру және даралау қажеттігі күн санап өсуде, олар оқушылардың әртүрлі топтарына инклюзивті және сезімталдықпен білім алуға мүмкіндік бере алады. Өз кезегінде, мектеп көшбасшыларына педагогикаға өзгеріс енгізу үшін жаңаша оқыту тәжірибесін жүргізуге мүмкіндік алу мақсатында педагогиканың жаңа нысандарын игеруге тура келеді [1, 40 б.].
Осыған орай, мектепте өзгеріс енгізудің тиімді жолдарын іздеу мақсатында зерттеу жүргізіліп, оның басым жақтары мен дамыту керек тұстары көрсетілген. Мектептегі білім беру үдерісін жетілдірудің негізгі жолы ол – тиімді көшбасшылық екені барша мәлім. Дұрыс бағытталған көшбасшылық оқу үдерісінің нәтижелілігіне, білім сапасының жоғарлығына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Менің байқағаным, көшбасшылық жеке тұлғаның дамуына ғана емес, сонымен қатар, әріптестермен тың идеялармен бөлісіп, бір – біріне қолдау көрсетіп, ынталандырып, өзара көмектесуге бағытталған. «Дәлелдер мен дәйектер келтіру арқылы оқушылар бойында сөйлеу, ойлау дағдыларын дамыту» проблемалық сұрағы таңдап алынды. Не себепті осы сұрақ? Себебі қоғамдық ғылымдар пәндерінде, жалпы қоғамда орын алған мәселе оқушылардың сөйлеу деңгейінің төмендігі және ХХІ ғасыр қажет ететін ораторлық қабілеттердің жоқтығы. Осы мәселе төңірегінде жоспар жасалып, шағын зерттеулер жүргізілді. Бір ұстаз бойындағы өзгеріс, сынып көлеміндегі өзгеріс, оқушылар бойындағы өзгеріс, мектеп көлеміндегі өзгеріске талдау жасалынды.
Барлық іс-әрекетіміз оқушылармен байланысты болғандықтан оқушылардан сауалнама және жұмыстары сарапқа салынды. Нақты дәлелдерді талап ететін тапсырмаларды толық жауп бермей қиналған. Бұл күнделікті сабақ барысында дамыту керек мәселе деп білемін.
Бірінші кезекте оқушылардың жиынтық бағаалу жұмысы талданды. Талдау барысында оқушылардың берілген тапсырмаларға дәлелдер мен дәйектер келтіре отырып жауап берулері қиындық тудырғаны байқалды.
Зерттеу сұрақтары
1. Оқушылар қаншалықты сабақтарда дәлелдер мен дәйектер қолданып жұмыс жасайды.
2. Қоғамдық пәндер мұғалімдері қаншалықты тапсырмалаын дәлеледер мен дәйектерге бағыттап жасайды.
3. Ата-аналар балаларының қаншалықты сөйлеу дағдыларына назар аударады.
Мәселе:
Оқушылардың ішкі және сыртық жиынтық бағалаудағы көрсеткіштері негізге алынды
Сауалнамаға қатысатын фокус топтар анықталды (12 В сыныптары, осы сыныпқа беретін ұстаздар, және ата аналары) |
Зерттеу сұрағына жуап беретін сауалнама сұрақтары құрастырылды |
Ұстаздардан сұхбат алынды |
Оқушылардың жұмыстарына талдау жасалды (тарих пәні жиынтық бағалауға талдау жасалынды) |
Осы мәселені негізге ала отырып сабақ барысындағы оқушылар мен мұғалімдердің іс-әрекеттері және ата-аналардан сауалнама алынған болатын.Алынған сауалнама нәтижесінде барлық тараптың дәлелдер мен дәйектер қолдану бойынша қойылған сұрақта алаңдайтындарын және дамыту керек екендігін түсіндім.
Саулнамадағы негізгі сұрақтар |
|
|
|
|||
Мұғалімдер -26 |
Дәлелдер мен дәйектер келтіру арқылы талдауларды қолдану |
Жақсы қолданамын-5 |
Жиі қолданамын-11 |
Сирек қолданамын10 |
||
Оқушылар -60 |
Тарих сабағында дәлелдер мен дәйектерді қаншалықты жиі қолданасыз? |
жиі 24 |
арасында 24 |
тақырыпқа байланысты 12 |
Қосымша сабақтарда - 0 |
Мүлдем қолданбаймыз - 0 |
Ата-аналар -25 |
Балаңыз сізге GAP, PEST, ФОРСАЙТ талдаулары жөнінде айтады ма? |
Иә-5 |
Арасында айтады, бірақ көңіл аудармаймын-2 |
Жоқ-18 |
||
Балаңыз үйде дәлелдер мен аргуметтер келтіріп сөйлейме? |
Иә-5 |
Арасында-15
|
Жоқ-30
|
|||
Қорытындылай келе, зерттеу барысында алға қойған мақсатқа жеттік. Ұстаздар сабақ барысына дәлледер мен дәйектер ді қажет ететін тапсырмалар желісін құрастырды. Оқушылар қазақстан тарихы, ҚәҚ пәндері бойынша ішкі және сыртқы жиынтық бағалауда жоғары нәтиже көрсетті . Ата-аналардан қорытынды жиналыста кері байланыс алынып, балалрының бойында өзгеріс байқағандарын айтты. Кез-келген мәселені дұрыс жоспарлап, нәтижеге жетуге болатыны анық. ұстаздармен бірге тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық, талдаудың түрлерін қолдану арқылы өз ойларын негіздей алу дағдылары қалыптасып, оң нәтижелер бере бастады. Әр сабақтан кейін тәлім алушымен алға қойған мақстарымызға мақсаттарымызға жеттік, тақырыптан қалыс қалған оқушылар болған жоқ, сабаққа белсенді қатысып, аргументтер арқылы өз ойларын негіздеу үрдісі орын алды. Бағдарламаның негізгі ойларын нысанаға ала отырып, кіріктіру арқасында оқушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, сқрақтарға дәлелдер мен дәйектиер келтіре отыры сөйлеуге дағдыландырып, білім алуға құлшыныстары артты. Алдағы уақытта бағдарланың түйінді ойларын өз тәжірибемізде қолданып, әртүрлі деңгейдегі оқушыларды дамытып, жетелеп, тұлға ретінде қалыптастыруына септігімізді тигіземіз.
Зерттеу нәтижесінде келесідей түйіндер жасалынды: ұстаздармен бірге зерттеудің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық, талдаудың түрлерін қолдану арқылы өз ойларын негіздей алу дағдылары қалыптасып, оң нәтижелер бере бастады. Әр сабақтан кейін тәлім алушымен алға қойған мақстарымызға мақсаттарымызға жеттік, тақырыптан қалыс қалған оқушылар болған жоқ, сабаққа белсенді қатысып, аргументтер арқылы өз ойларын негіздеу үрдісі орын алды. Аталмыш мәселе бойынша теорияның негізгі ойларын нысанаға ала отырып, кіріктіру арқасында оқушылардың өз ойларын ашық жеткізіп, сқрақтарға дәлелдер мен дәйектер келтіре отырып сөйлеуге дағдыландырып, білім алуға құлшыныстары артты. Зерттеу нәтижелерін қолданып, әртүрлі деңгейдегі оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын дамытып, жетелеп, тұлға ретінде қалыптастыруына септігімізді тигіземіз.
Жалпы тәжірибе кезінде оқу үрдісінің қатысушыларына, яғни ұстаздарға, оқушыларға өзгеріс енгіздім деп айта аламын. Оны қалай байқадым?
Ұстаздар бойындағы өзгерістер: оқушылардың қызығушылықтары артып, өзгеріс пен жаңашылдыққа деген бетбұрыс орын алды; бұрын тек өзінің кәсіби деңгейін жетілдірумен айналысатын ұстаздар енді ынтымақтастықта коучингтерде өзара тәжірибе алмасуға дағдыланды; сын тұрғысынан ойланып, сабақтарына жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана бастады; талдауларды сабақтарға үнемі енгізуді тәжірибеге алды.
Оқушылардың бойындағы өзгерістер: А деңгейлі оқушылар талдауларды қолданып, өз ойларын еркін білдіруге дағдыланды; В деңгейлі оқушылар қарапайым талдау түрлерін қолдану арқылы өз ойларын қарапайым түрде білдіруге дағдыланды; С деңгейлі оқушылар қарапайым талдауларды мұғалімнің көмегімен өз ойларын қарапайым деңгейде білдіруге дағдыланды.
Аз да болса ұстаз және оқушылар бойынан осындай өзгерістерді байқадым. Әлі де көп жұмыс істеу керек. Мектептің даму жоспарын мектептің басымдылығы негізінде құрып, бірнеше іс-шаралар арқылы жүзеге асырамын деп есептеймін.
әдебиеттер:
- Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгерін) деңгей, үшінші басылым. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ және Кембридж Университеті, 2015 жыл., 40б., 49б., 67б.
- Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы ұлттық баяндама, 2011, 21 б.
- Президент Жолдауы. Н. Ә. Назарбаев. 2012, Стратегия - 2050. http://www.аkоrdа.kz/ru/pаge/pаge_pоslаnie-prezidentа-respubliki-kаzаkhstаn-n-nаzаrbаevа-nаrоdu-kаzаkhstаnа-14-dekаbryа-2012-g