Ақпараттық қоғам және мемлекеттік тіл | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Мурат, И. М. Ақпараттық қоғам және мемлекеттік тіл / И. М. Мурат, Аружан Жорабеккызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 19.1 (153.1). — С. 3-4. — URL: https://moluch.ru/archive/153/45309/ (дата обращения: 18.12.2024).



Бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің маңыздылығы барынша айтылып, құндылығы түсіндіріліп, зор мәнге ие болып келеді.

Ақпарат жүйелері, ақпараттар тасқыны қолжетімді мына кезеңде мемлекеттік тіл мен ақпараттық қоғамның ара-қатынасын қатысты мәселелер туындауда.

Адамзат өркениетінің даму сатысында бірнеше ақпараттық серпілістер болды. Олардың алғашқысы – жазу арқылы ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа жетуі. Екіншісі – баспалардың пайда болуы. Үшініші серпіліс – электрдің пайда болу нәтижесінде қалыптасқан телефон, теледидар, радио секілді т.б. ақпарат тарату құралдарының дамуымен ерекшеленеді.

Ал ХХ ғасырдың соңынана басталатын төртінші серпіліс – компьютерлік технологияның желілік технологиямен бірігуі нәтижесінде қалыптасып, ақпараттық – коммуникациялық технологиясы атанған жаңа ақпараттық серпіліс. Бүгінде осы ақпараттық серпіліс дәуірді таңқаларлық өзгерістерге бастар басты күшке айналып келеді.

Ақпараттық қоғам – өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпартты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінді қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпараттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам.

Ақпараттық қоғамды қалыптастыру – елді әлеуметтік – экономикалық дамтыудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бүгінде АҚШ, Ұлыбритания, Каанада, Франция, Германия, Сингапур, Малайзия, Эстония секілді т.б. көптеген елдер ақпарттық қоғамның негізін қалаудың көш басында келеді

Мәселен, АҚШ 1993 жылы ұлттық аөпараттық инфрақұрылым қалыптастырудың жоспарын қабылдады. 1994 жылы шілдеде Еуропалық одақ комиссиясы «Ақпараттық қоғамғы – Еуропалық жол» атты жоспарын бекітті, 1995 жылы Финляндия «Ақапарттық қоғамға – финдік жол» деп аталатын өз бағдарламасын әзірлесе, 1996 жылы ГФР «Ақпараттық қоғамға – германдық жол» атты бағдарламасын қабылдады. Осылайша өткен ғасырдың 90 жылдары шенінде мұндай бағдарламалар барлық дамыған елдер мен дамушы елдерде қабылданды. Әрине, ақпараттық қоғамның дамуы ел үшін маңызды екенін жоққа шығармаймыз. Дегенмен аталмыш салада мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, өз туған тілімізде де деректердің молынан болуы, мемлекеттік тіл дің тұғырын биік ұстауды ұмытпаған жөн. Еліміздің ұзақ жылдар бойы тіл ахуалына жете көңіл бөлініп келеді.

Тіл тек қарым-қатынас құралы ғана деп түсінуге болмайды. Ана тілі жас ұрпаққа тәрбие берудің, тарихи деректердің көзі, ұлтымыздың бойындағы ізгі салт жақсы дәстүрдің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін рухани қазына мен ұлттың өзегі, халықтың зердесі. Қоғам ұлттық мүдде мен мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты мемлекеттік органдармен және түрлі шаралар атқарып, жұмыс жүргізіп келеді.

Арғы-бергі тарихты ақтарып, әлем мемлекеттерінің тіл туралы тұжырымдарына зер салсақ, өзінің тілін «Ана тілі» деп дәріптейтін де, ардақ тұтып қадірлейтін де жұрттың бірі – қазақ халқы екен. Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бәрімізді ең негізгі ұйымдастырушы фактор» деген болатын.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» ұлт жоспары – қазақстандықтарды бәсекеге қабілеттілікке бастайтын негізгі құжат. Аталмыш реформа халық арасында кеңінен қолдау тауып отыр, бұл құжатта атап көрсетілгендей, бәсекеге қабілеттіліктің бірден-бір белгісі кез-келген мемлекеттің тілі, ал қазақ елінің асыл мұраты – Мәңгілік Ел идеясы болса, мәңгілік елдің мәңгілік тілі – қазақ тілі.

Қазіргі таңда біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайтып, қоғамымыздың жетекші салаларындағы тілдік қолданысты арттыру. Осы жолда әр сала маманы ретінді өз үлесімізді қоса білейік.



Задать вопрос