Адами капитал тұжырымдамаларына қысқаша талдау | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 23 ноября, печатный экземпляр отправим 27 ноября.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Паридинова, Б. Ж. Адами капитал тұжырымдамаларына қысқаша талдау / Б. Ж. Паридинова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 19.1 (153.1). — С. 5-7. — URL: https://moluch.ru/archive/153/45310/ (дата обращения: 15.11.2024).



Мемлекет басшысының 2017 жылғы Жолдауын [1] елімізді кейінгі ұрпақ үшін өркендеген елге айналдыруды көздеген маңызды құжат деп түсінеміз. Осыдан төрт жыл бұрын әлемді өршіген тұрақсыздық жағдайында «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттарының айқындалуы және «Нұрлы жол» экономикалық саясаты мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижелі көрсеткіштері еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін көрсетпек. Сондықтан Қазақстанның үшінші жаңғыруы Жолдауда нақтыланған негізгі бес басымдықтарды жүзеге асыруда жатыр. Жолдауда айқындалған бес басымдық және оны орындаудың кешенді міндеттері экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы жолдары, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту мақсаттары, макроэкономикалық тұрақтылықты арттыру, адами капитал сапасын жақсарту және институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты нақты әрекеттерді іске асырудың жоспары болып табылады. Өйткені бұл Жолдау қазақстандықтардың қажеттіліктері мен мүддесіне негізделген және құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуына септігін тигізеді.

Адами капитал сапасын жақсартудыбасшылыққа алатын төртінші басымдықта білім беру жүйесінің рөлін өзгерту, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттілігі айқындалды. Қазақ тілінің басымдығын сақтай отырып, үш тілді оқуға кезең-кезеңімен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Білім беру жүйесімен бірге денсаулық сақтау жүйесін өзгерту қажеттілігі дәйектелді. Әлемдік тәжірибеде тиімділігін көрсеткен міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу арқылы қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылатындығы белгілі болды. Бұл басымдықта әлеуметтік қамтамасыз ету саласы да сырт қалған жоқ. Зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелеріне байланысты Үкіметке берілген тапсырмалар анықталды.

Жалпы адами капитал түсінігі туралы алғашқы жарияланымдар өткен ғасырдың екінші жартысында американдық ғалымдар Т. Шульц [2] пен Г. Беккер [3] еңбектерінде жарық көрді. Ғалымдарға адами капитал теориясының негізін қалағаны үшін экономика бойынша Нобель сыйлығы берілді. Адами капитал ұғымының алғышарттары бойынша кейбір тұжырымдарға мән берсек:

  1. Адам болмысы қоғамдық қатынастар жарасымдылығы ретінде (К. Маркс) [4].
  2. Экономикалық ғылым адамның барлық қызметтік және тұлғалық әлеуетін қамти алмайды (Дж. Милль) [5].
  3. Кәсіпкерлік жаңа тиімді капиталдық әрекет жасампаздығының қызметі ретінде (Й. Шумпетер) [6].
  4. Корпоративті мәдениетті жетілдіру шеңберіндегі адами капитал дамуының парадигмасы (Т. Дил, А. Кеннеди) [7].
  5. Құндылық жүйесінің жаһандық мәселелері адами капиталды дамытудың түрі ретінде (Ф. Тромпенаарс, Ч. Хэмпден-Тернер) [8; 9].
  6. Адами капитал қоғамның заманауи ахуалға әкелген қозғалыстардың қорытындысы (М.М. Критский) [10].
  7. Адами капиталдың кереметтігі – бұл білім беруге құйылған инвестициядан жоғары табысты күту (Т. Шульц) [11].
  8. Адами капитал – білім немесе тәжірибе арқылы берілген ақыл-ой қабілеті (Э. Долан и Дж. Линдсей) [12].
  9. Адами капитал дамуының әлеуметтік-экономикалық процесі ақпараттық технологиялардың басымдығымен сипатталады (Н. Бонтис) [13].
  10. Үйренуші ұйым тұжырымдамасы (Дж. Нейсбит) [14].
  11. Адами капитал – уақытты үнемдеуге негізделген заманауи инновациялық экономикалық жүйенің қатынастары (Л.Г. Симкина) [15].

Берілген тұжырымдамаларды жиынтықтай келе, адами капиталдың дамуы ұзақ әрі күрделі процесс екендігі айқындалды. Бұл процесс әлеуетті өзгерістерге берілген инвестициялар нәтижесінде адами капиталды өзгертуді талап етеді. Оның дамуын адам еңбегін жүйелік өзгерістер шеңберіндегі білім беруге арналған қаражат деңгейінде қарастырып, адамның еңбек қабілеті мен қажеттіліктерін жетілдірумен тығыз байланыстылығы көрініп тұр. Бұл тұста адами капитал дамуының әлеуметтік-экономикалық процесі еңбек қатынастарындағы мәдениетпен ұштасатындығын айта кеткен жөн.

Заманауи қазақстандық қоғам білімге негізделген әлеуметтік-экономикалық дамудың инновациялық жолын таңдады. Заманауи шарттарда ғылым, білім беру, әлеуметтік салаға бөлінген инвестициялар маңызды әлеуметтік-экономикалық мәнге ие. Сонымен қатар, ұдайы өндірісті кеңейту мен адами қабілеттілікті жиынтықтау, кәсіби құзіреттілік пен тұрғындардың экономикалық мүмкіндіктерін жақсартуға мүмкіндік жасайды.

Әдебиет:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2017. – 31 қаңтар.
  2. Shultz T (1968) Human Capital in the International Encyclopedia of the Social Sciences. N.Y.
  3. Becker G (1975) Human Capital. Columbia University Press, N.Y.
  4. Энгельс Ф. Людвиг Фейербах и конец классической философии. / С прил.: К. Маркс. Тезисы о Фейербахе. – М.: Политиздат, 1989. – 125 с.
  5. Mill J.S. On the definition of political economy and on method of investigation proper to it. [Электрондық ресурс]. – Көру режимі: http://www.marxistsfr.org/reference/archive/mill-john-stuart/1844/unsettled.htm#ESSAY_V
  6. Шумпетер Й.А. Капитализм, Социализм и Демократия. – М.: Экономика, 1995. – 539 с.
  7. Deal TE, Kennedy AA (1982) Corporate Cultures: The Rites and Rituals of Corporate Life. Reading, MA, Addison-Wesley.
  8. Turner CH, Trompenaars F (1993) The Seven Cultures of Capitalism: Value Systems for Creating Wealth in the United States, Japan, Germany, France, Britain, Sweden, and the Netherlands. Doubleday, N.Y.
  9. Trompenaars F, Hampden-Turner Ch (2012) Riding the Waves of Culture: Understanding Diversity in Global Business 3/E. McGraw-Hill Education.
  10. Критский М.М. Человеческий капитал. – Л.: Изд. ЛГУ, 1991. – 117 с.
  11. Шульц Т. Ценность детей // Thesis. – 1994. – №6. – С. 43-69.
  12. Долан Э.Д., Линдсей Дж. Рынок: микроэкономическая модель. – СПб.: Печатный Двор, 1992. – 496 с.
  13. Bontis N. (1999) Managing organizational knowledge by diagnosing intellectual capital: framing and advancing the state of the field, International Journal of Technology Management, 18:433-463.
  14. Нейсбит Дж. Мегатренды. / Пер. с англ. М.Б. Левина. – М.: АСТ Ермак, 2003. – 380 с.
  15. Симкина Л.Г. Человеческий капитал в инновационной экономике. – СПб.: СПбГИЭА, 2000. – 151 с.
Основные термины (генерируются автоматически): капитал, критский, Маркс, Человеческий капитал.


Задать вопрос