Оқу үрдісінде интерактивті құралдарды қолдану тиімділігі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Бакиева, Л. Б. Оқу үрдісінде интерактивті құралдарды қолдану тиімділігі / Л. Б. Бакиева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 19.1 (153.1). — С. 2-3. — URL: https://moluch.ru/archive/153/45311/ (дата обращения: 19.12.2024).



Білім беру жүйесі алдында тұрған талаптарды жүзеге асыру жолында ғалымдар мен педагогтар танымдық іс-әрекетті дамыту әдістерін іздестіруде. И.П. Павлов «...жақсы әдіспен талантты емес адам көп нәрсе жасайды, ал нашар әдіспен ұлы адамның өзі де текке жұмыс істейді», – деген болатын.

Міне, сондықтан жеке тұлғаны оқыту мен дамытудағы белгілі әдістердің ролін бағалай отырып, қоғам дамуының әр кезеңінде адам ақыл-ойының «терең қайнарына бойлай алатын» әдістерді пайдалану жолдарын ізденістер мен ұсыныстар бүгінгі таңда өзекті деп санау қажеттігін айту керек.

Қазіргі таңда елімізге білім беру жүйесіндегі ең басты міндеті- білім берудің ұлттық моделіне көшу арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.

Инновациялық әдістердің ең негізгілерінің бірі- «интерактивті оқыту әдістері». Негізгі қағидасы- педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту. Қазір білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, салауатты және жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа формация педагог табысы – біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайында педагогке қойылатып талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі [1].

Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивтік тақтамен жұмыс жасау тиімді. Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Интерактивтік тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береді. Сабақта интерактивтік тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай көздерімен көріп, оны жетік түсінуге дағдыланады.

Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы тағы бір мүмкіндік – ол электронды оқулық. Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдіс – тәсілдермен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту оқытушының оқушымен жеке жұмыс істегендей болады. Электронды оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды [2].

«Болашақ» университеті колледжі электронды оқулықты күнделікті оқу үдерісіне пайдалану ұстаздардың жүйелі ісіне арналған. Алматы қаласындағы «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» әзірлеген электронды оқулықтары ізденімпаз ұстаздардың жұмыс нәтижесін арттарып, білім алушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін күшейтіп, олардың білімге деген құлшынысын оята білді. Көркем суреттер пайдаланып, анимацияланған, дыбысталған бұндай электронды оқулықтар білім алушылардың өзіндік жұмыс жасауына ықпал етіп, түрлі тақырыптарда зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді және алған білімін тексере алатын мүмкіншілігі бар. Айталық, химия, физика сабақтарында тәжірибелер жасап, оны тамашалап, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға ықпал ете алады.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация ұстазы-рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық – әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтік, ақпараттық және басқа да құзіреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты шығармашылық тұлға.

Оқытушы – бұл ақпараттандырушы, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Сабақтардан оқушылардың білімін тиімді пайдалана отырып сабақтың ыңғайына қарай әдіс-тәсілдерімен түрлендіріп өткізген кезде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушылардың шығармашылық ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, танымдық ойындар арқылы іске асырылады.

Білім жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – компьютерлерді қолдану арқылы осы жүйеде ақпараттық жабдықтарды барынша тиімді пайдалану. Жаңа ақпараттық сипаттағы іс әрекетке байланысты жүзеге асыруға болады. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты шығармашылық, ізденушілік жұмыстары арқылы өткізген өте тиімді. Бұл үшін оқушылар алдын ала берілген тақырып бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар берілген тақырыптар бойынша өз беттерімен ізденіп, алған білімдерін бір- біріне түсіндіре отырып, компьютерде тапсырмалар орындайды.

Педагогтың компьютерлік сауаттылығын ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады [3].

Ақпараттық технологияны сабақта қолдану- бұл оның натижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңаша көз қарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқудың үлкен жетістігі болып табылады [4].

Әдебиет:

  1. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика. – Усть-Каменогорск, 1997. – С. 25-27.
  2. // Колледж және кәсіптік бағдар. – 2016. – № 2. – 14 б.
  3. // Колледж және кәсіптік бағдар. – 2016. – №1. – 21 б.
  4. // Колледж және кәсіптік бағдар. – 2016. – №1. – 47 б.


Задать вопрос