Факультатив курстары арқылы мектепте биология пәнін тереңдетіп оқыту | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Автор:

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №20 (154) май 2017 г.

Дата публикации: 30.05.2017

Статья просмотрена: 1739 раз

Библиографическое описание:

Абдурафиков, Р. Р. Факультатив курстары арқылы мектепте биология пәнін тереңдетіп оқыту / Р. Р. Абдурафиков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 20.1 (154.1). — С. 2-4. — URL: https://moluch.ru/archive/154/43874/ (дата обращения: 18.12.2024).



Қазіргі жалпы білім беретін мектепте оқытудың негізгі формалары: сабақ, сабақтан немесе сыныптан тыс жұмыс және факультатив сабағы немесе қосымша сабақ, лицей сағаты және т.б.

Факультатив сыныптан тыс сабақтан артықшылығы ұйымдастырушылық-басқарушылық мүмкіндіктің болуы. Факультатив сабақ та сыныптан тыс сабақ секілді оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес ұйымдастырылып, жүзеге асырылады, алайда ол арнайы кестеге сәйкес сабақ секілді өткізіледі және тұрақты оқушылар саны болады.

Факультатив сабақ – оқытылатын пәнге қызығушылықтарын арттыруға, пәннің мазмұнын тереңдетуге, оқушылардың танымдық әрекетерін белсендіруге, өз бетінше білім алуға дайындауға бағытталған сабақ [1].

Факультатив сабақтардың оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындаудағы маңыздылығы зор.

Зерттеушілер [2] факультаив сабақтың келесідей қызметтерін анықтаған:

  1. Пәндік білімді арттыру: оқушылар факультатив сабақтарда жеке пәндерді оқу деңгейлерін жоғарлатады және пәндік олимпиадаға дайындала алады;
  2. Мотивациялық: факультатив сабақтарда көптеген оқушылар өздерінің ізденушілік, танымдық, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады, соның есебінен оларда сол пәнге деген тұрақты танымдық мотивациясы қалыптасады;
  3. Жалпы білім берушілік: факультатив сабақтарда оқушылардың жалпы дамуына, олардың танымдық және әлеуметтік құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасалады;
  4. Кәсіби бағдар берушілік: факультатив сабақ оқушыларға танымдық және кәсіби тұрғыдан өздерін анықтаулары үшін «кәсіби тұрғыдан байқауға» мүмкіндік бере алады.

Біздің лицей үшін факультатив сабақтың ең маңызды қызметі оқушыларды биологиядан пәндік олимпиадаға дайындауға мүмкіндік беруі.

Олимпиада резервтерімен жұмыс жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсақ, ол ең алдымен төмендегідей ұйымдастыру және оқу - әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы тиіс:

- ең алдымен биология пәнінің мектеп бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек, бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойлауға жетелеуі тиіс;

- биология оқу курстары бойынша алған теориялық білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп – салдарын түсіндіруге, салыстырулар мен талдау жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға машықтандыру керек.

- оқушылар алдына қойылған мәселеге сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу қажет болса болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйрену қажет.

Олимпиадаға дайындаудың қазіргі кезде қазақ тілінде құрастырылған әдебиеттер немесе мұғалімдерге арналған нұсқаулар жоқтын қасы. Нұсқаулардың болғанның өзінде орыс тілінде жазылған немесе кез келген мұғалімнің қолына түсе бермейтін тапшы әдебиет екені белгілі. Егер де олимпиадаға дайындайтын курстар мен әдістемелік-нұсқаулар арқылы пән мұғалімдері тәжірибе алмасып отырса, мұғалім шығармашылық ізденіс жолында жүрсе, мұғалім олимпиадаға дайындықтың дұрыс жолын таңдап алып, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізер еді.

Біз өз тәжірибемізде Д.Тейлор, Н.Грин, У.Стаут авторлығымен жазылған үш томдық «Биология» кітабын және қосымша (Основы Биохимии Леннинджера. В 3х томах. Нельсон, Кокс 2011; Современная Ботаника. в 2т. Рейвн, Эверт, Айкхорн 1990; Schaum's outline of Genetic. 3rd edition. Stansfield 1991; Биология.Справочник для старш. и пост. в вузы_Богданова_2012; Современная Генетика. В 3х томах. Айала, Кайгер 1987) ағылшын тідіндегі еңбектерді пайдаланып жасалған бағдарламаны қолданамыз.

Бағдарлама мақсаты. Мектеп бағдарламасының біліміне сүйене отырып, биология пәнін тереңдете оқытып, олимпиадаға дайындау. Арналған бағдарлама мемлекеттік тілде оқитын оқушыларға бұл пәнді игеруді жеңілдету мақсаты көзделген. Бұл курста жалпы биология курсын терең меңгеруге жасалған.

Міндеттері.

-оқушыларға олимпиадаға дайындық кезінде биология пәні бойынша терең білім беру;

- оқушыларды биологиялық ізденісте болуға, өз бетімен жұмыс істеуге жағдай жасау;

- биология курсы бойынша білімдерін тереңдету.

Бағдарлама нысаны.

Бағдарлама олимпиадаға дайындалатын оқушыларға арналған.

Күтілетін нәтиже. Олимпиада жеңімпаздары

Оқушылар білімнің барлық деңгейдегі тапсырмаларды орындауды үйренулері үшін оларды дайындаудың жүйелі тәсілі, ал ол үшін сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстардың негізгі формасы мен әдістері керек.

Оқушыларды олимпиадаға білім деңгейлері бойынша таңдаудың тиімділгі көп жағдайда дайындалған тапсырмалар сапасына байланысты болады. Олимпиадалық тапсырмаларды дайындау «дарындыларды іздеу және пәнді тереңірек оқу мотивациясы» деген ұстанымға сәйкес құрастырылуы керек. Осы ұстанымға сүйене отырып барлық олимпиадалық тапсырмаларды бірнеще типке бөлуге болады:

 оқушылардың биология пәні бойынша ақпараттан хабардарлық (ақпарат көлемі) деңгейін тексеруге арналған тапсырмалар (энциклопедиялық);

 ақыл ой деңгейін: оқушылардың биология және Жаратылыстану пәндері бойынша негізгі ойлау (анализ, синтез, салыстыру, жіктеу, тұжырымдау, жүйелеу, абстракциялау, нақытлау) тәсілдерін игеру дәрежелерін анықтауға бағытталған тапсырмалар (интеллектуалдық).

 Шығармашылық ізденіс негізінде жаңа білімдері мен жаңа тәсілдерді қолданумен байланысты тапсырмалар (креативтілік немесе шығармашылық).

Біз құрастырған бағдарлама бойынша дайындалған оқушылар нәтижесі төмендегі суретте берілді (сурет1)

Сурет 1. Оқушылардың үлгерім көрсеткіштері

Оқушылардың дайындығы төмендегі көрсеткіштермен белгілеп анықтап отырдық.

0-40 --- оқымаған, немесе мұқият оқымаған

40-60 --- тақырыпты оқыған

60-80 ---оқыған, конспект жасаған

80-100 --- сыни тұрғыдағы тапсырмаларды орындайды

Жалпы оқушылардың жетістігіне тоқталсақ:

2015-2016 оқу жылы бойынша: Республикалық пәндік олимпиада: 1 -алтын; 1 – күміс және 3 қола жүлдегер, ал облыстық деңгейде – 2 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдегер бар.

2016-2017 оқу жылы бойынша Республикалық пәндік олимпиада: 1 – күміс және 3 қола жүлдегер, ал облыстық деңгейде – 4 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлдегер бар.

Әдебиет:

1. Бордовская, Н. В. Педагогика: учебное пособие / Н. В. Бордовская, А. А. Реан. – СПб.: Питер, 2006. – 304 с.

2. Педагогика: учеб. пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / под ред. П. И. Пидкасистого. – М.: Педагогическое общество России, 2001.

Основные термины (генерируются автоматически): биология, факультатив, мена, немес.


Похожие статьи

Студенттердің зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін теориялық негіздері

Студенттердің тұлғалық дамуына ұмтылысын жүзеге асырудағы «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

Арт-терапия әдісін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалтуда қолдану

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Студенттердің психологиялық және педагогикалық даму ерекшеліктері

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқарудың жалпылама алгоритміне кіріспе

Похожие статьи

Студенттердің зерттеу қабілеттерін дамыту бағдарламасын өңдейтін теориялық негіздері

Студенттердің тұлғалық дамуына ұмтылысын жүзеге асырудағы «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі

Физика сабағында оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту тиімділігін арттыру ерекшеліктері

Кластерлік өндірісті ұйымдастыру мәселелері және оның жер ресурстарын пайдалану тиімділігіне әсері

Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

Арт-терапия әдісін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалтуда қолдану

Карьерлік өзі аударғыш автокөліктердің оңтайлы параметрлерін анықтау үшін заманауи математикалық әдістерді пайдалану

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Студенттердің психологиялық және педагогикалық даму ерекшеліктері

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқарудың жалпылама алгоритміне кіріспе

Задать вопрос