Биология мамандығы студенттері үшін «Эмбриология» курсының мәні мен мазмұны | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абдраманова, Г. Б. Биология мамандығы студенттері үшін «Эмбриология» курсының мәні мен мазмұны / Г. Б. Абдраманова, Айша Данекерова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 20.1 (154.1). — С. 1-2. — URL: https://moluch.ru/archive/154/43875/ (дата обращения: 18.12.2024).



Эмбриология биология ғылымының - жыныс клеткаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін маңызды саласы [1].

Сонымен қатар, кәсіби педагогикалық білім беру жүйесіндегі арнайы пәндердің бірі болып табылады. Сондықтан, осы курстың мазмұнын қалыптастыру мен құрастыру өзекті. Пән биологияның білім жүйесінде басқа пәндермен (анатомия, цитология, генетика, молекулалық биология және басқа) бірге маңызды орын алып, тән дамуындағы макро және микроморфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, молекулалық, генетикалық процестерді, ондағы жануарлар, өсімдіктердің даму сатыларындағы факторлар мен механизмдерді басқаратын процестерді зерттейді. Сөйтіп биологиялық пәндердің басын қосып, дамудағы өте нәзік эмбрио – цито – генетикалық дәрежелердегі молекулалық механизмдерді түсінуге жеткізеді. Қазіргі кезде мұндай зерттеулер жан-жақты, кең өріс алуда.

Эмбриология курсының мазмұнын құрастыруда басшылыққа алынатын дидактикалық ұстанымдардың ішінде ең бастылары: ғылымилығы, іргелілік, жүйелілік, тиімділік, пәнаралық байланыстылық, кәсіби бағыттылық, студенттердің өзбетінше білім алуына бағдарланған оқу үдерісі, кіріктірушілік және т.б.

Біз эмбриология курсының мазмұнын таңдау үлгісін жасауда төмендегідей ережелерге сүйендік:

1) Эмбриология курсының мазмұны дидактикалық басты ұстанымдарға сәйкес таңдалады.

2) Эмбриология ғылымының іргелілігі (фундаментальность) пән мазмұнының ғылымилығылық, тереңділік және жүйелілік деңгейлерін арттырудың қажеттілігін талап етеді.

3) Оқыту мазмұнын іргелендіру шарты инварианттарды бөліп көрсету негізінде білімнің жүйелілігінің деңгейін арттыру болып табылады; материалды оқытудың негізін құрайтындар эмбриология курсының теориясы, заңдылықтары, заңдары.

4) Пәннің дидактикалық бірлігінің негізін құрайтын жүйе түзуші құрама бөлік, яғни ғылымның теориясы: заңдар, болжамдар, негізгі ұғымдары және т.б.

5) «Эмбриология» ғылымы дидактикалық инварианттары логикалық өзарабайланысты жүйе ретінде қарастырылады да, олардың сабақтастығы пән мазмұнында жүйе түзуші құрама бөлік болып беріледі.

Эмбриология пәнінің инвариантты бөлігі дидактикалық инварианттар жүйесімен беріледі. Инвариант қазіргі педагогикалық көзқарас тұрғысынан айтқанда, жүйенің өзгермейтін өзегін (ядросын), яғни эмбриология курсын оқытудың негізгін құрайтын бөлімдердің құрама бөліктері мен олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы.

Пән мазмұнының үлгісінде дидактикалық инварианттарды айқындау пәннің мақсаты мен міндеттерін қалыптастырудан, дидактикалық бірліктері мен мазмұнын (ақпараттық-мағыналық құрамабөліктерді) анықтаудан басталады.

Теориялық эмбриология білім беру жүйесінде екі құрама: мазмұндық және процессуалды бөліктердің бірлігін көрсетеді. Алғашқысы курстың инварианты бөлігін құрайтын пәндік білімдерді (ғылыми дерек, ұғым, іргелі ұстанмдыр, зағдар мен заңдылықтарды) және оның вариативті бөлігін құрайтын көмекші (философиялық, пәнаралық, тарихыи, кәсіби бағдарлылық, қолданбалы) білімді кіріктіреді. Ал, процессуальды бөлімді студенттердің болашақ кәсіби қызетінің мақсатына, мазмұнына және сипатына сәйкес практикалық іс-әрекеттерінің әдістері, құралдары және формалары құрайды

Эмбриология пәнінің негізгі жүйе түзуші құрама бөлігіне кіретіндер:

1) жалпы ғылыми білімдер: философиялық категориялар мен заңдар, методологиялық білім; табиғи құбылыстарды танудың ғылыми әдістері; жалпы ғылыми ұғымдар (эмпирикалық дәйектер, пробема, болдам, ұстаным, заңдар мен теориялар), дүниенің биологиялық бейнесі;

2) биологиялық білім: биологиялық құбылыстар, жүйелер, жүйелердің өзара байланысы, тірі ағзаның пайда болуы, дамуы, көбею, құрылысы, қызметі, тірі ағзаға тән қасиет және т.б.);

3) іргелі эмбриологиялық білім: эмбриологиялық құбылыстар, ұғымлар, ережелер, қағидалар, заңдар мен теориялар;

4) Студенттердің болашақ кәсіби мамандықтарына дайындайтын кәсіпке бағдарлы білім.

«Эмбриология» пәнінің оқу бағдарламасы білімдер жүйесі мен әрекеттер жүйесін кіріктіреді. Бағдарламаның мазмұны мен құрылымын анықтауда қазіргі білім берудегі жалпыға ортақ идея: оқыту үдерісінің ғылымның даму логикасына, сондай ақ онда шешуші болып табылатын таным әдістеріне сәйкестігі [2] ескеріледі. Осыған байланысты эмбриология оқу курсы ғылыми танымның кешенді әдістерін пайдалана отырып, барлық жаңа практикалық міндеттерді шешудің өзіне тән тізбегін құрайды. Ол кәсіптендіру пәндермен де (молекулалық биология, адам биологиясы және басқа) тығыз байланысып, олардағы тәжірибе – зерттеу нәтижелерін сұрыптап, талдағаннан кейін ғана тұжырымдалады [3].

Курстың оқу материалдары эмбриология ғылымының даму логикасынан жеке іргелі теориялардың пайда болуы логикасына қарай, одан әрі осы теорияларды эмбриологиялық құбылыстар мен үдерістерді түсіндіру үшін оқыту мен пайдалану логикасына қарай дамыту ұстанымына сәйкес құрылымдалады.

Эмбриология курсы бойынша материалды осылайша құрылымдау мектептегі жалпы биология курсында да қабылданған, сондықтан болашақ биология пәні мұғалімдерін осы мазмұнда оқыту тек іргелілік ұстанымын ғана емес, сонымен қатар, оқытудың кәсіби бағыттылығы ұстынымын да іске асырады.

Курсты оқыту төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланады:

Қ-1 Оқу-тәрбие үдерісінде ғылыми зерттеудің негізгі әдістерін пайдалануға қабілеттілік;

Қ- 2 Биологиялық зерттеудің нәтижелерін білім беру үдерісінде қолдануға әзірлік.

Қорыта айтсақ, биология мамандығы студенттері жұмысында микроскоппен жұмыс істеу, қарапайым препараттарды жасау, микропрепараттар және муляждар бойынша негізгі онтогенездік кезеңдерін анықтау, берілген курстың бағдарлама талаптарына сәйкес жобаларды, суреттерді және микрофотоларды ажыратуды білуі керек. Ол организмдегi жасуша, ұлпалар биологиясы туралы бiлiмдi тереңдетiп, олардың қызметiне нәтижелi, көздеулi ықпал жасау мүмкiндiгiн туғызып, биология ғылымының негізгі салаларында қызмет етуге мүмкiндiк бередi.

Әдебиет:

  1. Гистология, цитология и эмбриология. Атлас. / В.В. Гемонов, Э.Н. Лаврова -Санкт-Петербург, ГЭОТАР-Медиа, 2012. – 168 с.
  2. Краевский В.В. Общие основы педагогики. М.: Издательский центр «Академия», 2008.
  3. Токин Б.П. Общая эмбриология. - М.: Высшая школа, 1970. – 508 с.
Основные термины (генерируются автоматически): эмбриология, мена, биология.


Задать вопрос