Орта мектепте бейорганикалық химия курсында қолданбалы бағыттағы химиялық эксперименттерді қолдану | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Еспенбетова, Ш. О. Орта мектепте бейорганикалық химия курсында қолданбалы бағыттағы химиялық эксперименттерді қолдану / Ш. О. Еспенбетова, Г. Т. Кожагельдиева, А. Т. Алибекова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2017. — № 20.1 (154.1). — С. 7-8. — URL: https://moluch.ru/archive/154/43878/ (дата обращения: 18.12.2024).



Химияға оқу пәні ретінде оқушыларға заттар мен материалдарды қолданудың ғылыми негізделген ережелері мен нормалары туралы және басқа да жаратылыстану пәндерімен бірге салауатты өмір салтын қалыптастыру негізі мен тұрмыста, табиғатта сауатты әрекет етуді беру міндеттелген. Химияны оқу қоршаған ортаны танумен ғана қамтамасыз ету емес, сонымен қатар практикалық әрекет үшін қажетті біліммен қаруландыруы қажет.

Сабақ барысында меңгерілген біліктер күнделікьі өмірде қолданылғаны өте маңызды. Тек сол жағдайда ғана оқушыларға түсінікті әрі қызықты бола алады. Ал бір жағынан бұл пәнге деген танымдық қызығушылықтың, оқуға мотивациясының артуына алып келеді. Соңғы жылдары оқушылар химия пәнін ұнамсыз және қиын пәндер қатарына жатқызатындығын білеміз. Әрбір мұғалім көптеген оқушылардың сабақта меңгерген білімі тек мифтік, практикада қолданыс таппайтын қажетсіз, оларды қызықтырмайтын формальды білім ретінде көрінетіндігіне илануға мәжбүр болуда. Жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, оқушылардың оқу материалын меңгеруінің төмен деңгейі тек қана оқу уақытында емес, олардың психологиялық икемделу мен оқитын пәніне қызығушылығына байланысты екендігін психологтар мен физиологтар атап көрсеткен [1].

Л.Б. Ительсонның концепциясына сәкес, жаңа білім оқушыларда жақсы меңгерілуі үшін ол оның тиімділігін «көру» («сезіну») қажет. Қазіргі заманғы оқушыларды «даму үшін» немесе «оқуға міндеттісңдер» деген сөздер арқылы оқуға итермелей алмаймыз. Әсіресе жасөспірім кезеңдегі оқушылар үшін мұндай сөздір сенімсіз естіледі.

Бұл жағдайларда химияны оқытудағы қолданбалы аспектілерге мән беріп, соған күш жұмсау қажет. Қарастырып отырған проблемалардың шешімінің бірі ретінде зерттеу объектілерін қосу жолымен күнделікті өмірде кездесетін мектептегі химиялық эксперименттердің қолданбалы бағытын күшейту болып табылады. Бейорганикалық химия курсында мұндай объектілер болып тұрмыстық химия препараттары алынады [2].

Сонымен қатар, 8-9 сынып химия курсына күнделікті өмірде кең қолданыс табатын тұрмыстық химия құралдарын зерттеуге арналған жаңа практикалық сабақтар, лабораториялық тәжірибелердің бөлігін бағдарламаға енгізу идеясы туындап отыр. Біз ұсынатын тәжірибелер тақырыптарына мысал келтірейік. 8-сынып «Майлы дақтарды кетіретін тазарту құралдарының құрамынан сілтіні анықтау», «Сабын ерітінділеріндегі ортаны анықтау реакциялары», «Ізбесті қақ пен татты кетіруге арналған тазартқыш құралдардан қышқылды анықтау», «Ағартқыш құралдары мен жуғыш заттардағы тотықтырғыштарды анықтау». 9-сынып: Жуғыш заттардағы фосфаттарды анықтау», «Тазартқыш құралдардан карбонат иондарын анықтау».

Әр тәжірибе үшін келесідей инструктивті карта құрастырылған:

 жұмыс тақырыбына сәйкес қысқаша теориялық мәлімет (басқа пәндермен байланысты практикалық маңызы бар материалдар);

 жұмыс мақсаты, міндеттері;

 әдеби шолуға сілтеме беру;

 сұрақтар (талқылауға арналған сұрақтар, көмек-сұрақтар);

 эксперименттік бөлім (экспериментті жүзеге асыруға қажетті реактивтер мен құрал-жабдқтар тізімі, тәжірибе жүргізуге арналған нұсқаулық);

 жұмыс нәтижесін жазуға нұсқау.

Осындай жұмыстар жүргізу арқылы оқушылар химияны оқи отырып, заттарды қолдану мен теріс жағдайларды болдырмауға болатындығын түсінеді.

Қолданбалы сипаттағы химиялық эксперименттерді білім беру процесінде қолдану сабақ үстінде проблемалық жағдаяттар тудыруға мүмкіндік береді, оқу мотивациясының дамуына. оқушылардың жеке және оқуға дифференциалды жол таба білуіне, шығармашылық белсенділігінің, ой-өрісінің кеңеюіне алып келеді.

Әдебиет:

  1. Гара Н.Н. Рабочие программы. Химия. 8-9 классы. Предметная линия учебников Рудзитиса Г.Е. Фельдмана Ф.Г. ФГОС. - М.: Просвещение, 2013. – 48 с.
  2. Комзалова Т.А. Химия в быту. - Смоленск: Русич, 2010. – 560 с.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, Химия.


Похожие статьи

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуының әлеуметтік- психологиялық негіздері

Шал ақынның шығармасындағы діни-этикалық мәселелер

Қашықтықтан оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

Оқытудың педагогикалық технологиялары және оқыту технологиясының ерекшеліктері

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершілік

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Химия сабағында оқушыларға логикалық тапсырмалар жүйесін пайдалану әдістемесі

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қорларды бағалау әдісін таңдау

Лексикалық тұлғалар жасалуындағы көнеленген көмектес септік жалғауының орны

Похожие статьи

Болашақ мұғалімдерге мектеп бағдарламасындағы жаттығуларды орындау техникасын үйретуде дидактикалық іскерлікті қалыптастыру жолдары

Тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуының әлеуметтік- психологиялық негіздері

Шал ақынның шығармасындағы діни-этикалық мәселелер

Қашықтықтан оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

Оқытудың педагогикалық технологиялары және оқыту технологиясының ерекшеліктері

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайын бұзғаны үшін жауапкершілік

Тұлғаның ақыл-ойын қалыптастырудағы өзін-өзі бағалаудың педагогикалық-психологиялық мүмкіндіктері

Химия сабағында оқушыларға логикалық тапсырмалар жүйесін пайдалану әдістемесі

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында қорларды бағалау әдісін таңдау

Лексикалық тұлғалар жасалуындағы көнеленген көмектес септік жалғауының орны

Задать вопрос