Қазақстан – дамушы мемлекет. Кезінде 1991 жылы Егемендік алғаннан кейін жоспарлы экономикалық салықтан, нарық заманындағы салыққа өту кезеңі басталды. Осы әрбір жылдың, әрбір кезеңін біз толықтырып немесе өзгертіп отыруымыз шарт. Біз дамыған 30 елдің қатарына кіргіміз келетін болсақ, олардан көп нәрсені үйренуміз керек. Біздің салық кодексімізбен, дамыған мемлекеттердің салық кодексінің негізгі айырмашылығы: бізде қазірде кәсіпорындармен, бизнесмендерге ауыртпашылық көбірек. Ал жеке адамдардан түсетін салық үлесі өте аз, 10-12% ғана. Ал дамыған мемлекеттерде салықтың негізгі өзгерімі кәсіпорындардың алдын жеке адамдардың табысының үлесі бар, ол 30-40% үлесіне түседі. Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент [1].
Біздің ойымызша, ең үлкен проблема жер асты байлықтарымызбен айналасатын компанияларымызға көптеген – көптеген жеңілдіктердің берілуі. Ол үлкен қате, лабостардың ықпалына берілуі, өкінішке орай тау – кен компанияларының ұсыныстары толығымен осы жаңа 2018 жылы салық кодексіне кірейін деп жатыр екен. Сол ірі компанияларға жер асты байлықтарымызбен айналысатын 500 млрд. тг жеңілдік беру көзделген. Бюджетіміздің 70%-ын 500-ақ ірі компаниялар төлеп отыр. Ал жалпы Қазақстанда бизнеспен айналысатын мысалы: Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке кәсіпкерлер 1 200 000 заңды тұлғалар бар, солардың ішінде 500-ақ ірі компаниялар бюджетіміздің 70%-ын құрағаны себепті, бұндай ірі компаниялар біздің бюджетімізге өте маңызды. Біздің ойымызша, бұл ақша 500 млрд тг бізге керек, бізге өте маңызды, өйткені бюджет деген ортақ қалтамыз деп айтуға болады. Расымен 500 үлкен кәсіпорындар біздің 90% салықтық түсімдерді құрайды, бюджетіміздің меншігінде 50-60% бар. Бұл біздің даму кезеңіндегі әлі жекешелендірудің толық жетілмегендігінде. Мәселен, Самұрық Қазына 8 жылда 8 трлн теңге салық төлеген, енді Самұрық Қазына және т.б мемлекеттік кәсіпорынның үлесі үлкен, осындай үлкен үлеспен дамыған 30 елдің қатарына бізді қоспайды. Мемлекеттің үлесі 15-20%-дан төмен болмаса, біз орталықтан басқаратын мемлекет секілді, салықты мемлекеттік кәсіпорындардан салықты суырып алып, басқа біреулерге жеңілдік беріп жатқан мемлекетке ұқсаймыз және бұл дұрыс емес.
Жалпы салық кодексі халыққа деген, жеке кәсіпкерге деген бөлімі халыққа түсінікті, жеке кәсіпкерге түсінікті болуы қажет. Әрине бұл оның көлемін кішірейту керек деген мәселе емес, ашық, түсінікті болуы мәселесі. Осы біздің салық кодексін қарағанда қосылған құн салығын білу үшін, басқа да салықтармен байланыстары көп. Соны анық, кішкентай көлемде жазып, халыққа таратып, жеке кәсіпкерлерге таратып беретін кез келді. Соны халыққа арнайы мамандар арқылы жеткізу керек. Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлардың импорты кезіндегі аударымды білдіреді [2]. Жалпы, қосылған құнның салығы жылына 1 трлн. теңгеден астам жиналады. Оның ішінде 500 млрд. теңгесі таратылады. Яғни шағын бизнестегілер қосылған құн салығын төлеп отырады, ал одан кейін ірі компаниялар бұл салықты қайтарып алады, бұл әділетті емес деп есептейміз. Ежелгі Платонның сөзі бар: «Мемлекетте әділдік болмаса, ондай мемлекет құриды» деген. Салықтық жеңілдіктер бойынша, Президенттің мынадай сөзі бар: «Біз ревизияны жасауымыз керек» деген болатын. Және осындай салық жүйесінің кесірінен, үкіметтің сыртқы қарызы 40%-ға өсті. Мәселен қазір үкіметтің тікелей қарызы 20 млрд $-ға барды. Бұл дұрыс емес, бюджетке ақша жетіспейді, ақшаны Ұлттық Қордан алады. 3 жылдың ішінде Ұлттық Қорымыз 20 млрд $-ға азайды. Бұл процесс өте қауіпті, ол ертеңгі балаларамыздың ақшасы, ол ертеңгі болашағымыздың ақшасы.
Сонымен қатар, осы тұста айта кететін бір жайт, біздің қолданыстағы салық заңнамасы Ахмет Байтұрсыновтың доктринасына қарсы келетін, Елбасымыздың 2 жарлығына қарсы келетін 1 пункт бар. Мысалы: Біздің заңнама бойынша сыртқа экспорттаушылардың қосылған құн салығын қайтарып беру нормасы бар бізде (возврат в НДС), яғни экспортқа кім тауар шығарды, солардың қосылған құн салығын қайтарып беру процедурасы. Иә, әрине бұл тәжиірбе бұрыннан келе жатыр, бірақ бұл жерде айтқымыздың келіп отырғаны, шетелдік дамушы, дамыған елдердің тәжіриібесіне қарасақ мұнай, газ, темір т.с.с шикізат шығарған экспортшыларға қосылған құн салығын толығымен қайтарылмайды, тек қана дифференциялық, белгілі бір мөлшерін қайтарып отырады. Ал Қазақстанда толығымен экспортшыларға қайтарып отыр. Неге қайшы келеді десек. Біріншіден, мемлекеттік индустриялды – иновациялық саясат стратегиясына, екіншіден құқықтық даму деген концепциясы, тұжырымдамасы, құқықтық саясаты бар. Соның ішінде 2 салық нормасы бар, 2-еуіндеде бар. Салық заңнамасы шикізаттық емес секторды ынталандыру керек деген пункт бар. Бұдан бөлек, мемлекеттің ұлы саяси өкілі Ахмет Байтұрсынұлы 15 тамыз 1913 жылы "Қазақ" газетінде астын сызып тұрып айтқан доктринасы, «Қазақтар шет елге шикізатты шығарады да, ал сол шикізаттан жасалған дайын өнімді елге тасымалдап, 5-6 есеге қымбат етіп сатып алады» деп қатаң сынға алған. Жоғарыда айтқан нормаға келсек, бізде шикізат болсын, шикізаттық емес болсын бірдей құқықта тұр. Біздің ойымызша, шикізат шығаратын экспортшыларға қосылған құнды толық емес, шамалап қайтару керек.
Салық төлеушілердің жеке топтарына жеке салық төлеуді есептеудің оңайлатылған тәртібі және олар бойынша есептілік беруді қарастыратын арнаулы салық режимі қарастырылған.[3] Жалпы қосылған құн салығы Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінде күрделі, қиында мәселе болып табылады. Жалпы кәсіпкерге таңдау бар, оңайлатылған декларация бойынша болса, оңайлатылған декларация арқылы 3%-ын төлейсіз, оның өзін 2 шотқа бөліп төлейсіз. Оның өзінің шектеуі бар, жылдық табысы 120 млн аспау керек, егер табысыңыз 68 млн-нан асып кетсе қосылған құн салығын төлейсіз. Ал шетелде мәселен, Жапония мемлекетінде қосылған құн салығы жоқ, сатудан түскен салық (налог с продажа) бар, мұнда сіз сатылған өнімнің 6%-ын төлейсіз, ешқандай бухгалтер жалдамайсыз.
Бюджет бойынша шағын бизнестегі ауыл шаруашылығындағы салықтар маңызды емес, өйткені 1%-дан кем. Ауыл шаруашылығын тіпті түгел салықтан босатса да түкте болмайды. Иә, бюджет үшін маңызды емес, статистика үшін төлеуге болады. Бірақ, қаражат жағынан маңызды емес, маңыздысы 400 – 500 кәсіпорын. Бұларға қандайда бір жеңілдік беруге қарсымыз. Неге десеңіз, цифларды айта кетейік. Құдайға шүкір қазақ күннен күнге өсіп, көбейіп жатыр. Бізде 4 жасқа дейінгі балаларымыздың саны 300 600. Оларға балабақша керек, мектеп керек болжам бойынша жылына 20 000 мұғалімдерді қабылдау керек, ол түгіл аурухана керек. Біз енді ірі компанияларымызға жеңілдік беретін болсақ, ертең қарызымызда өседі, ұлттық қорымыздан оданда көп алуымызға тура келеді. Сондықтан, осындай жеңілдіктерге қарсымыз. Ал 2018 жылғы жаңа салық кодексінде 500 ірі компанияларға 11 жеңілдік қарастырған, экономисттердің айтуынша ол 500 млрд. тг. Осы жеңілдікті бұл компанияларға бергеннен көрі, ауыл шаруашылығына беру керек деп ойлаймыз. Себебі, халқымыздың 50%-ы сол ауылда тұрады, бюджетке түсетін салық түсімдер көлемі 38 млрд тг және шағын бизнестегі ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлер тұтас төленетін салық бюджет бойынша 1%-ақ болса, мүмкін мемлекеттік макроэкономикалық деңгейде маңызды емес толығымен босатса дұрыста шығар.
Салықтан қашуды қалтасы қалың кәсіпкерлер қолданады. Заңды тұлғалар, шаруашылық жүргізуші субьектілері өздерінің жылдың соңында төлейтін корпаративтік табыс салығын төмендету мақсаты үшін шығындарды көбейтіп, қосымша қолдан жасалған кәсіпорындарға ақшаларды аудару арқылы мемлекеттік бюджетке салықтардың түсімін төмендету арқылы түсіріп жатады. Корпорациялық табыс салығы салық салынатын табыс сомасын мөлшерлемеге көбейту жолымен есептеледі. Салық салынатын табыс = жылдық жиынтық табыс – шегерімдер [4].
Жалпы интернет арқылы мыңдаған адам сауда жасайды. Алдағы уақытта салық төлеуге міндеттеледі. Статистикаға сүйенсек жылына 2 000 – нан аса адам ғаламтор арқылы керегін сатып алады. Ол Қазақстандық сайттар емес, шетел интернет дүкендерінен. Сол шетелдік дүкендер тапқан табысы үшін Қазақстан Республикасына 1 тиында төлемейді, өйткені Қазақстан аумағында тіркелмеген. Мысалы: бізге бір ғана белгілі сайтты алатын болсақ, ecco.kz сайтында күніне 140 000 адам сауда жасайды, былтыр 11 млрд. тг пайда тапқанымен бірде – бір салық төлемеген. Біздің ұсынысымыз бойынша интернет-дүкендерге де салық салуды қолға алу керек.
Жалпы біздерді ең қызықтыратын мәселе, ол жеке табыс салығы дегеніміз бар. Сол 10% қойылған, бүкіліне кім жұмыс істесін, қандай айлық алмасын, барлығына сол зейнетақы. Енді одан зейнетақыға өткізілген ақша шегеріліп тасталынады да, біздегі жеке табыс салығы кейбір адамдар үшін 9%, кейбір адамдар үшін 8,5% ғана болады. Осы мәселе бойынша ғылыми ортада өте үлкен таластар туып жатыр. Себебі, өте төмен айлық алатын адамдар 8-9% төлейдіде, жоғарыда отырған олигархтар өте үлкен жалақы айлық алатындарда 8-9% -бен отыр. Әлемде мұндай тәжиірбе жоқ. Бір ғана мемлекет жасап отыр, ол Қазақстан. Біз бірнеше мемлекетті талдап көрдік, қаншалықты табысы көп, осы салықты тым болмағанда адамдар төлеуге үйрену керек, Біз жеке табыс салығын 15-20%-ға өткізу мәселесін қозғасақ деп едік. Мәселен, айлығыңыз 300 000-нан көп болса 15%-ын төлейсіз, 500 000-нан асатын көбірек болса 20%-ын төлейсіз. Мысалы кей Еуропа мемлекеттерінде 40% төлейді, ойнап-күліп жүре береді. Ал біздегі олигархтар барлығын қалтаға салу керек па? деген сұрақ туады.
Қарызын, несиесін, салығын төлей алмай жүргендер көп бізде, соларға арнайы сайт, бағдарлама ашуды қолға алу керек, мысалы: Араб мемлекеттерінде әлеуметтік жағдайы төмен кісі дәріханадан қарызға дәрі алатын болса, сол дәріханашы қарызға алған кісінің аты – жөнін, алған дәрілерінің атын, неше дана алғанын және барлық алған дәрісінің соммасын журналға тіркейді. Арада бірнеше уақыт өткен соң, қалталы, бақуатты, бай кісілердің бірі немесе бірнешеуі кіріп сол жазылған сомманы өз қалтасынан төлеп ізгі амал жасайды. Бізге оралсақ, біздегі бай кісілер әлеуметтік жағдайы төмен мектеп оқушысын іздеп тауып, бір ғана қара сөмкесін дәптер, қаламсабымен әпередіде, онысымен қоймай мектепте арнай линейка жасап, жұрттың көзінше береді, ол бала онсызда қысылып жүргенде одан сайын достарының алдында ыңғайсыз жағдайда қалады. Бұл дұрыс емес, «оң қолың берген садақаны, сол қолың көрмесін» деген сөз бар. Біздіңше, сол қарызын, несиесін, салығын төлей алмай жүргендерге арнайы сайт ашу, жарайды сайт ашылды делік, ол қалай жұмыс жасайды десек, ол былай төлей алмаған кісі сайт әкімшілігіне өзінің жеке куәлігінің көшірмесін, нені төлей алмай жатқандығын дәлелдейтін құжаттың көшірмесін және сол сайтқа өтініш хат жазып жіберу керек. Ал сайт әкімшілігі сол алынған құжаттарды тексеріп, халыққа қызмет көрсету орталығымен, салық органдарымен, банктермен мәлімет алмасса. Шынымен сондай адам бар ма? Бар олса төлей алмаған қарыз соммасы неше? екенін ресми түрде барлығын анықтап болғасын ғана сайтқа шығарылып, жомарт жандарға жіберіледі, ал олар шамасы жеткенше көмектеседі. Ал егер өтініш берілген адам өзінің төлей алмаған қарыз соммасын дәлелдейтін құжаттарды таба алмаса немесе қолдан жасаса, одан бөлек жіберілген мәліметтер халыққа қызмет көрсету орталығымен, салық органдарымен, банктегі мәліметпен сәйкес келмесе, кері қайтарылады. Себебі біз олай жасамасақ қолдан жасалған құжаттар көбейіп, қаражат діттеген жеріне емес, алаяқтардың әмиянына кетуі бек мүмкін. Ал сайт ешқандай коммерциялық мақсатта құрылмауы тиіс және ол сайтта ешбір жарнама болмауы тиіс. Жалпы сайт құрылған сәтінен бастап немесе болашақта мемлекеттің қолына өтуі керек деп ойлаймыз. Және мемлекет осындай ізгі бастамаға қолдау көрсетсе деген ұсынысымыз бар.
Қорытындыдай келе, айтарымыз ауруын жасырған ауырмай өледі, дейді қазақ. Жалпы телеарналардағы экономикалық мәселелерді зерттейтін бағдарламаларды көбейту керек. Министр мырзалар қоғам қайреткерлерімен, белсенділерімен кішігірім дебатқа шықса. Жоғарыдағы мәселелерді түгел халықпен ақылдасып талқылау керек, сол кезде ғана дұрыс шешім қабылданады деп сенеміз. Халық айтады: «Біз салық төлеп, үкіметті асырап отырмыз» – деп, тағыда айтады «Ұлттық арнада салық есебінен шығып тұр, олай болса біздің сөзімізді сөйлесін». Орынды уәж әрине. Өйткені, халыққа салық жүйесін күңгейі мен теріскейін, оңы мен терісін халыққа түсіндіру керек. Ол үшін әрбір азамат сауатты болу керек. Ол әрбір адамзаттың құқығы, осы құқықты орынды пайдалану керек. Бұл үлкен сын, сын алған сәтте сыр беріп қалмауымыз керек.
Әдебиет:
- Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М., Байжұмаев Е., Экономикалық теория негіздері – Алматы – 1998 – С. 391.
- Т. Н. Крамаренко, А. М. Қомбарова; Салық және салық – Астана: Фолиант – 2007 – С. 104
- Бекболсынова А.С. Салық жүйесінің негіздері – Астана: Фолиант – 2007 – С. 31.
- Б.Нұржанова, Т. Крамаренко. Салық органдарының бақылау қызметі – Астана: Фолиант – 2011 – С. 96.