Бейнелеу шығармаларын бағалау өлшемдері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Ералин, Куандык Ералыулы. Бейнелеу шығармаларын бағалау өлшемдері / Куандык Ералыулы Ералин, А. К. Ералина, Г. Қ. Ералина, А. К. Сабырова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 5.1 (191.1). — С. 33-36. — URL: https://moluch.ru/archive/191/48240/ (дата обращения: 16.11.2024).



Елімізде рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде ел тарихын бейнелеген шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасап, оны халықтың назарына ұсынудың орны ерекше. Ұлы Дала елінің тарихындағы ақтаңдақ беттері болып келген тақырыптарды ел ішіндегісуретшілер қолға алып, олардың көркем образдардан тұратын көріністерден құрамдалған картиналар салу дəстүрі соңғы кезде басталды. Орбұлақ шайқасы кескіндемелік картинасы осындай туындылардың бірі. «Орбұлақшайқасы» кескіндемесінің көркемдік ерекшеліктері арқылы жастарға өнертану білімін беру мен эстетикалық тəрбие беру мүмкіндіктері мол. Бірақ осы мүмкіндік орынды пайдаланылмай келеді. Тарихи шығармаларды пайдалануға деген сұраныстың артуы мен оған қажетті картиналардың өнертанымдық талдауларының жоқтығы арасындағы қарама–қайшылық проблеманы «Орбұлақшайқасы» картинасын талдау арқылы жастарды отансүйгіштікке тəрбиелеу- деп алуымызға негіз болды. «Орбұлақшайқасы» атты кескіндемелік шығармада тартымды көріністер мен табиғат аясындағы оқиға қылқалам құдыреті арқылы ашып көрсетілген. Полотнода тарихи мекенжай көрінісі жоғары деңгейдегі дəлдікпен жəне сенімді берілген. Жеке бөлшектерге ерекше көңіл бөлінген. Картинаны жазуға майлы бояу техникасы таңдап алынған. «Орбұлақшайқасы» – Ұлы Даладағы болған тарихи оқиға ізі мен жазылған кескіндеме. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне кіретін шайқас көрінісі картина сюжетін құраған. Шығарманың идеясы – қазірге дейін ел тарихындағы белгісіз болып келген. Ұлы даладағы «Орбұлақ жеріндегі тарихи шайқастың» көркемдік образын бейнелеу мүмкіндіктері арқылы жазу болған. Осы картина сюжеті арқылы көрерменді ел тарихымен таныстыру болған. Туындының композициясы өзіндік дара ерекшеліктері мен сипатталады. Бояу түстері мен жарық деңгейі нысанның табиғи қалпына жақындатып алынған. Зат көлемі мен кеңістік жарық пен көлеңке, түстану заңдылықтарынасайшынайықалпынажақындатыпалынған. Түстер, жарық, көлем, кеңістік, колорит картинаның көркемдік деңгейін көрсетеді. Картинаның алдыңғы жəне ортаңғы көрінісінде қазақтар мен жоңғарлардың шайқас сəті бейнеленген. Мұздай қаруланған əскерлер мен аттылы батырлар шайқасы картинаның алдыңғы көрінісінде көзтартады Бұлшығарманың композициялық орталығын құрайды. Композициялық негізгі элементтер – аттылы əскер, жауынгерлердің кескілескен шайқасы болып табылады. Қосалқы композициялық элементтерретінде алыстағы көріністегі бейнеленген табиғат тау бөктері тағы басқа көріністер тартымды көрінеді. Шығарма колориті суық түстердің бірлігіне құрылған. Көктемгі мезгіл – жасыл көк түстер басым болып берілген. Аспан – ақшыл көк түстер бірлігіне құрамдалуымен ерекшеленеді. Картинада негізінен суық түстер басым болғанымен жылы түстер жоқ деп айтуға да болмайды. Мұнда жылы түстердің реңдері де кездеседі. Суық түстердің бірлігі – суық колоритті құрамдаған. Шығарманың орында техникасы бойынша реалистік бейнелеу əдістері таңдалған. Композициядағы көріністер өмірдегі шынайы болмысы мен кеңістіктегі қалпындағы жағдайын сақтай отырып бейнеленген. Түстер суық түстердің əртүрлі бірлігіне тізбектеліп құрамдалған. Туындының эмоциалық деңгейі өзіндік ерекшеліктерін қабылдау салмағы мен білінеді. Туындының – түстер бірлігі көрерменді тарихи оқиғаның ортасына тартқандай болады. Шайқастар көріністері көрерменді бей жайқалдырмай үнемі форма мен колорит ерекшелігіне назар аударуға мүмкіндік туғызады. Картинада ішкі дүние иірімдері, көңілкүй сезімдері, аспан əлемі мен астарласа көрініс табады. Суретші қарапайым аспан əлемін көрсету арқылы табиғат əсемдігі мен мен оның поэтикалығын береді. Шығарманың пəндік деңгейі батырлардың шайқасы, кеңістік көріністері, аспан мен жердің реңдік қатынастары алғашқы қарағаннан ерекше көз тартады. Картинадағы жағымды жағдай автордың əрбір деталді мұқият мəнберіп зерттеу нəтижесінде жазуынан, соғыс көріністерінің бейнелерінен салқындық сезіледі. Ол салқынды қадам сезіміне қозғау салады. Жүрекке əсеретіпесте ұзақ сақталады. Картина оқиғаны терең зерттеу мен нұсқаға қарап бейнелеу əдістерін қолдану мен салынған. Туындының сюжеттік деңгейінің өзіндік ерекшелігі бар. Картинаның түстік шешімі жалпы көңілкүйге бағындырылған. Ол қарапайым көңіл күйді бояутүсі мен жарықгар мониялық қозғалысы мен бірлігі арқылы берген. Орбұлақ бойындағы жарықтың гармониялық рет пен орналасуы еріксіз көзге түседі. Туындыдағы бояу түстерінің бірлігі – кейіпкерлердің ішкі сезімдерін ашуға қызмет еткен. Суық түстердің туынды сюжетінде қатарласа қолданылуы арқылы жауынгерлердің шешімділігін көрсеткен. Шығарма идеясы, композициясы, колориттік шешімдері бір-бірімен үйлесімділік тауып, тұтастық өлшемін көрсеткен. Картинаның символдық деңгейі – көріністер молдығы мен сипатталады. Олар аттылы əскер, жаяу, əскер, батырлар образы, символдық түрде ел қорғаушы ретінде танылады. Шығарма бейнелеу өнерінің реалистік бейнелеу əдісі бойынша салынған мен көріністер жеңімпаз қазақ тұлғасын марапаттауға құрылған. Жауынгерлердің киім үлгілері сол кездегі ежелгі киім үлгілерін еске түсіріп, көз алдымызға елестетеді. Картинада суық түстердің басым берілуі арқылы суретші соғыстың сұрапыл көрінісін көрсету əдісін күшейте түсуге ұмтылған. Суретші Мұрат Шаханбаев көптеген тарихи жанр бойына шығармалар жазған. Солардың ішіндегі елеулі туындының бірі осы – «Орбұлақшайқасы» болып табылады. Кескіндеме шебері қазірге дейін тарихтағы оқиғалардың бірі болып келген Орбұлақ шайқасының көркем образын жасау жолында көп еңбектенген. Суретші ерекше кескіндеме стилін таңдаған, жарық – көлеңкеге баса назар аударатын суретшінің зор сүйіспеншілікпен орындаған жұмыстарынан табиғат сұлулығын адам мен қоршаған орта арасындағы үйлесімділік байқалады. Шығарма Ұлы Дала тарихының жоңғар шапқыншылығына байланысты оқиғасын визуальдық мүмкіндіктермен сомдаған кескіндемелік туынды. Шығарма оқиғаларын құрамдайтын көріністер композиция элементтері ретінде құрамдалған. Негізгі композициялық элементтер композициялық орталыққа орналастырылған. Шығармадағы салқын түстердің жиынтығы қазақ жауынгерлерінің жеңісін символдық түрде білдіріп тұрғандай. Картинадағы бейнеленген туған жер табиғаты əрбір азаматты елін, Отанын сүюге шақырады. Пейзаж шығармаларына тəн картинадағы айрықша касиет – өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдық пен қабылдап, соған сəйкес əсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Суретші шығармалары қазақ бейнелеу өнеріне жаңа мазмұны мен образдық сипат беріп, көркемдік жаңана қыштарымен тың тақырыппен байытат үскен. Бейнелеу өнері шығармаларының көркемдікер екшеліктерін талдау туралы академиялық түсініктер болғанымен бейнелеу өнері шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін бағалаудың өлшемдері өнер танымдық əдебиеттерден ақтыанықталмаған, олардың өлшем бірліктері туралы түсініктер аз [1.18.] Бұл жағдай өнертанушылардың шығарма талдауы туралы пікірлерін сараптап, тəжірибедегі кескіндеме шығармасын бағалау өлшемдерін анықтау қажеттігін көрсетті. Бейнелеу өнері шығармаларын бағалау қажеттігі мен оны өлшеу бірліктерінің жоқтығы бізге зерттеу тақырыбымызды «Бейнелеу өнері шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін бағалау өлшемдерін анықтау» деп таңдауымызға негіз болды. Өнер шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін талдаумен көркемдігін білдіретін өлшемдерді өнер танымдық əдебиеттердегі өнер зерттеушілерінің пікірлерінен көруге болады [2]. Өнертанушы О.В.Батуринаның «Основные тенденции и этапы развития пейзажного жанра в живописи Казахстана (1920 – 1980)» атты еңбегінде Қазақстандағы пейзаж жанрының дамуындағы негізгі тенденциялар ашып көрсетіледі. Сонымен қатар пейзаж шығармаларының даму үдерістерімен бірге туындының идеялық мазмұнын бағалау өлшемі жəне өз отанымыздың табиғатының сұлулығын көрсеткен. Осы зерттеушінің «Художественные стилевые особенности развития портретного жанра в Казахстане (1970-1980 ж.)» деген еңбегінде 1970-1980 жылдар арасындағы Қазақстандағы портрет өнерінің дамуы мен қалыптасу үдерісіне көркемдік талдау жасалған. Портрет өнері шығармаларының басты көркемдік элементі кейіпкердің ойын ашу, образын шығару деп таныған. Бұлармен қатар шығарма композициясы көркемдік талдау өлшемі ретінде алынған. Өнертанушы С.Ж.Көпжанованың «Кескіндеме əлемінің көркемсурет дəстүрлері» атты зерттеуінде кескіндеме шығармаларының көркемдік ерекшелігінің бірі композициялық құрылым ретінде қарастырылған. Композиция портрет шығармаларының көркемдік ерекшелігін танудың маңызды өлшемі ретінде қарастырған. Композицияның симметриялығы ассиметриялығы, ритмі, динамикасы мен статикасы құрамдаушы элемент ретінде қарастырылған.ӨнертанушыА.К. Юсупованың «Основные тенденций в развития живописи Казахстана 1930-1980 г.г.» атты зерттеуінде ұлттық бейнелеу өнері шығармаларын бағалаудың өлшем бірліктері ретінде шығарманың колористикасы, яғни бояулар үндестігі маңызды орын алатындығына көңіл аударған. Бояулар үндестігі картина идеясын ашуға да мүмкіндік беретіні көрсетілген. Сонымен қатар көркемдік ерекшелігін құрамдайтын сапаның бірі ретінде орындау техникасына назар аударылған. Зерттеу жұмысында шығарманы орындау көпқырлы үдеріс, онда композиция, колорит, идея өзара бірлікте шешілуі тиіс екендігі көрсетіледі.ӨнерзерттеушісіА. Ж. Жадайбаева «Портретная живопись Казахстана (1970-1990ж.ж.)» атты зерттеу нəтижесінде автор портрет жанрының дамуында кейіпкердің ерекше образын анықтауға көңіл бөліну керектігі көрсетілген. Суретшінің даралық белгілерін, іс – əрекеттерін, өмірдегі орнын анықтау маңызды бағалау өлшемі ретінде қарастырылған. Бұл нұсқау өнер шығармаларын талдау барысында суретшінің де шеберлік деңгейі туралы талдаудың болу қажеттігі айқындалған.ӨнертанушыХ.Ж. Түсипбекованың «Авангардные идей ХХ века в пути развития Казахского искусства» атты өнертанымдық зерттеуінде автор шығарма идеясын өнертанушының ашып көрсетуі маңызды көркемдік талдау өлшем бірлігі ретінде қарастырған.ӨнертанушыС.Беккулованың «Служание любви и красоте» атты өнертану еңбегінде cуретшінің картина мазмұнында нені бейнелегендігі мен оның идеясының арасындағы байланысқа көңіл бөлу қажеттігі көрсетілген. Өнерді тану өнер шығармасының мазмұнын тану. Суретшінің ойы қоғамдық құбылысқа деген көркемдік талдаушылық қатынасы ретінде алынған.ӨнертанушығалымР.А. Ергалиеваның «Феномен степи в живописи Казахстана» атты зерттеуінде өнер шығармасының мазмұны қазақ даласының ерекшелігінің бейнеленуі философиялық қырынан ашылу қажеттігін көрсетеді. Кеңістік пен дала ұғымы бір – бірімен ажырамас ұғымдар ретінде танылады. Дала құбылыс. Дала өмір үдерісі. Дала үдеріс нəтижесі ретінде танылады.ӨнерзерттеушіЖ. Таникееваның «Знаки и символы в традиционной Казахстанской культуре» деп аталатын еңбегінде белгілер мен символдар көркемдік бейнелеу мүмкіндіктері екендігі дəлелденген. Сонымен қатар бұлар орындаушылық шеберлік өлшемдерін білдіретін мүмкіндік ретінде танылған.ЗерттеушіС.Көпжанова «Қазақ кескіндеме өнерінің дамуындағы əлемдік көркемсурет дəстүрлері (1930-1980 ж.)» атты зерттеу нəтижелері шығарманы талдау барысында форма мен бейне, кеңістік пен уақыт, адам мен табиғат байланыстарына көңіл бөлу қажеттігін көрсеткен [3]. Қорытындылай келе айтқанда, бейнелеу өнері шығармаларын бағалау көркемдік танымдық үдеріс. Бұл өнертанушының танымдық шығармашылық ізденісі, талдау мен интерпретация жасау іс – əрекетінің нəтижесі. Бейнелеу өнері шеберінің шығармасын оның ішінде кескіндеме туындыларын бағалаудың маңызды көрсеткіші – шығарманың идеялық мазмұны болып табылады. Бейнелеу шығармасын бағалаудың негізгі бір өлшемі картинаның композициялық құрылымын талдаудың маңызы ерекше. Кескіндеме шығармашылығының назар аударатын өлшемінің бірі – туындының түстерінің бірлігі мен олардың өзара байланыстары болып табылады. Сонымен қатар бағалаудың маңызды көрсеткіштері шығарманы орындау технологиясы мен суретші шығармасының даралығы, тұтастығы, шығармашылық жаңашылдығы болып табылады.

Əдебиет:

  1. Ералин Қ. Қазақстсан бейнелеу өнері. Оқу құралы. А.Ясауиуниверситеті.Түркістан.- 2009,- 225 б.
  2. Ералин Қ. Қазақстан өнертануы.//Қазіргі қоғамда білім берудің көкейкесті мəселелері. А.Яасауиуниверситеті. Ғылыми-практикалық конференция материалдары. А.Ясауиуниверситеті, Түркістан – 2015.- 87-93 беттер.
  3. Герчук К. Язык изобразительного искусства. Учеб.литература, М. -2006. С.-286
Основные термины (генерируются автоматически): мена, атта, картина, пена, форма мен.


Задать вопрос