Күріш ауыспалы егістігіне арналған машиналар жүйесінің техника-экономикалық құрылымын жетілдіру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тажибайулы, Ануар. Күріш ауыспалы егістігіне арналған машиналар жүйесінің техника-экономикалық құрылымын жетілдіру / Ануар Тажибайулы, А. А. Тажибаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 9.1 (195.1). — С. 17-18. — URL: https://moluch.ru/archive/195/48558/ (дата обращения: 18.12.2024).



Күріш ауыспалы егістігіндекүріш өндірудің негізгі машиналар жүйесінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері 1-кестеде берілген [1, 2, 3].

Кесте 1. Күріш өндіруге арналған машиналар жүйесінің кешенді техникалық- экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер аты

Өлшем бірлігі

Машиналар жүйесінің кешені

Типтік (базалы)

Дамытылған

(базалы)

Жаңа (бөлек моделді)

  1. Еңбек шығыны:

1.1. Жер өңдеу, тыңайтқыш енгізу, тұқым себу

сағ./адам

18,77

10,55

8,52

1.2.Күріш егістігіне күтім

сағ./адам

17,26

2,05

1,98

1.3. Күрішті жинау

сағ./адам

20,47

9,14

4,90

Барлығы:

сағ./адам

56,48

21,74

15,40

%

100

38,50

27,27

  1. Жанар-жағар май шығыны:

2.1. Жер өңдеу, тыңайтқыш енгізу, тұқым себу

кг/га

180,54

81,36

27,27

2.2. Күріш егістігіне күтім

кг/га

4,21

4,15

4,35

2.3. Күрішті жинау

кг/га

147,68

70,00

65,07

Барлығы:

кг/га

332,43

155,51

119,81

%

100

46,80

36,00

3.Күріш өнімділігі

т/га

4,20

4,20

4,20

4.Еңбек өнімділігінің өзіндік шығыны

сағ./адам

13,45

5,18

3,67

5. Жанар-жағар майдың өзіндік шығыны

кг/т

79,15

37.03

28,53

Қалыптасқан (базалы) машиналар жүйесінің кешенді құрылымы ортақ пайдалануға арналған негізгі машиналар мен тіркеме құрылымдардан жасақталады. Бұл машина кешені бірнеше операцияларды атқаратын, әр машина-трактор агрегатымен бір операцияны өнімділігі төмен, ал 1 га-ға шаққандағы еңбек және жанар-жағар май шығыны жоғары (56,48 адам/га және 332,43 кг/га). Осыған байланысты негізгі қуатүнемдеу құрылымдарын дамыту тенденциясын қарастыру жолдарын іздестіру керек.

Дамытылған (модернизированный) – базалық машина кешенін құрғанда агротехникалық негіздемемен, күріш егістігінде сынақтан өткізіліп енгізіледі. Оған келесі 1,4; 2; 3; 4 тс класты тракторларға тіркелетін техникалық құрылымдар кіреді: чизелді соқалар – ПЧН-2,2; ПЧН-3,2; ПЧН-4,1; ПЧН-5,1; ротационды қопсытқыш РР-3,2; дискалы тырма БДМ-3х4 түрлері; орталықтан тепкіш сепкіштер СНЦ-500 кіреді. Сондай-ақ, басқа мелиоративтік, арнаулы және қосымша құрылғылармен қондырғыларды да кіргізуге болады. Бұл техникалық құрылымдар бір операциялы және бірнеше операциялы жұмыстарды атқаруда тарту күшіне байланысты схемалы класста тіркеледі. Барлық машиналар жылдам жүретін және жоғары өнімді, қалыптасқан машина кешенімен салыстырғанда еңбек өнімділігі мен жағар-жанар майды аз жұмсап, егістік көлемінің бірлігін 2 есе төмендетеді (21,74 адам-га және 155,5 кг/га).

Базалық машиналар кешенінің жүйесін келешектегі (перспективалы) жаңа кешенді машиналар жүйесіне (2025 жылдарғы күріш егістігін игеруге) ауыстыру қарастырылған. Ол еңбек өнімділігі мен жағар-жанар май шығынын төмендетуге көзделген (15,40 адам/га және 119,0 кг/га), яғни, қалыптасқан базалық машиналар кешенінің шығынын, тиісінше 27,77 және 36,0 пайызға төмендетеді.

Қазіргі кезде, күріштік нарықтағы техникалық құралдарға ауылшаруашылық техникалары «тарту-берілісті-итерілу» концепциясы бойынша Ресейдің энергетикалық тиімді ЛТЗ-155, ХТЗ-121, ХТЗ-16131, ХТЗ-16331 және ВТ-150ДК техникаларын ұсынуда.

Дамытылған моделді принциптегі агрегат тіркемесінің тиімділігі екі құралды (орудий) чизелді соқа – ПРЧН-3,2 мен чизелді культиватор – КЧН-3,8 энергомоделді ХТЗ-16331 тракторына тіркегендегі тиімділігі 2-кестеде келтірілген.

Кесте 2. Жетілдірілген принциптегі агрегат тіркемесінің тиімділігі

Көрсеткіштер аты

Өлшем бірлігі

Бір операциялы агрегат

Аралас агрегат

Т-150+ КЧН-3,8

Т-150+ ПЧН-3,2

КЧН-3,8+ХТЗ-16331+

ПЧН-3,2

Алым ені

м

3.6

3.0

6.2

Жұмыстық жылдамдығы

км/сағ

9.0

9.0

9.5

Ауысымдағы 1 сағаттағы өнімділігі

га/сағ

2.05

1.73

3.5

Ауысымдағы уақытта 1 га-ға кететін шығын

сағ

0.49

0.58

0.29

1 сағ. жұмыстағы жанар-жағар май шығыны

кг

25.52

25.52

29.66

Жанар майдың өзіндік шығыны

кг/га

12.45

14.75

8.48

Материалдардың өзіндік шығыны

т.сағ

га

3.68

4.35

2.36

Зерттеу нәтижелері күріш өсіру кезінде атқарылатын топырақ өңдеу операцияларын біріктіру арқылы агротехникалық талаптарға сай етіп, өңдеу технологиясын бұзбай, уақытылы және аз шығынмен атқаруға қол жеткізуге болатынын көрсетеді.

Әдебиет:

  1. Алшынбай М.Р. Сборник научных статей по механизации сельского хозяйства. - Алматы 1999.
  2. Алшынбай М.Р. Ауыл шаруашылығы машиналарының теориясы. -Алматы, агроуниверситет баспасы, 1999. - 203 б.
  3. Алшынбай М.Р., Алшынбай С.М. Механизация предпосевной обработки почвы, посева семян в орошаемой зоне юга Казахстана. - Алматы: КазНИИМЭСХ, 2000. - 161 с.


Похожие статьи

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Теміржол көлігінде инновациялық қызметті басқарудың жетілдіру жолдары

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негіздері

Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы машиналары жүйесіне жүргізлетін зерттеулер бағыты

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Похожие статьи

ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бюджетаралық қатынастарды жетілдіру

Шетел тілі сабақтарында интегративті оқыту технологиясын қолданудың әдістемелік негіздері

Теміржол көлігінде инновациялық қызметті басқарудың жетілдіру жолдары

Қызмет көрсету сферасындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру

Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негіздері

Жоғары мектептің білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық технологиясын енгізудің педагогикалық шарттары

Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру

Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы машиналары жүйесіне жүргізлетін зерттеулер бағыты

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалаларды әлеуметтік оңалту жүйесін теориялық талдау тәсілдері

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Задать вопрос