Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Тажибайулы, Ануар. Күріш ауыспалы егістігінде жердің тұздануын азайтатын құрылғыны жетілдіру / Ануар Тажибайулы, А. А. Тажибаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 9.1 (195.1). — С. 18-21. — URL: https://moluch.ru/archive/195/48559/ (дата обращения: 18.12.2024).



Арал өңiрiндегі егiншiлiк жүйесiндегі жер асты суының деңгейiнің өзгеруі, топырақтың тұздануы, күріштік инженерлік суғару жүйесінің (ИРОС) бұзылуы зерттеуді ізденуді қажет ететін кешенді шешiлетін күрделі жұмыстар. Жыл сайын жер асты суының деңгейiне байланысты мелиоративтік жағдайы қанағаттанғысыз жердiң көлемi және топырақтың тұздануы 2-3 есеге артуда. Жер асты су деңгейiнен топырақтың тұздануы бойынша 2015 жылы мелиоративтiк жағдайы қанағаттанғысыз жердiң көлемi 92,3 мың/га жеттi. Кейiнгi жылдары суармалы жер жағдайының нашарлауымен қатар жер асты суының деңгейi де өзгерiп, жер асты су деңгейi 0,5-1,3 метрге жететiн жердiң көлемi 4-5 мың/га дейін көбеюде [1, 2].

Қызылорда облысының жерiнiң мелиоративтiк жағдайының нашарлауы, жер асты суының деңгейiнiң өзгеруi, жер асты суының көп мөлшерде минерализацияланған (тұзданған) жердiң көлемiн артуына әкелiп соқтырды. Соның салдарынан жер асты суының тұздануы жоғарылап, 1-3 г/л мөлшерiндегi тұзданған жердiң көлемi 1995 жылы 198,2 мың/га көбейдi. Жер асты суының минерализациялануы5 г/л одан жоғары, жердiң көлемi 2,2 есе артты немесе 1985 жылы 57,6 мың/га болса, 2001 жылы 127,7 мың/га көбейдi.

Арал өңiрiнде күрiштiң ұзақ жылдар бойы өсiрiлуi әсерiнен аймақтағы жер асты суының деңгейi күрiш егiлген суармалы жерлерде және күрiш егiлмеген агрофитоценоздар астындағы су деңгейiнiң де жалпы көтерiлуiне себепкер болды.

Бұған қосымша Сырдария өзенiнiң суы табиғи сапасынан айрылған. Су құрамындағы органикалық бөлшектердiң орнына өсімдікке зиянды қоспалар жылдан жылға көбейiп келедi. Өзен арнасына минерализацияланған, тұздар, пестицидтер және улы заттар қосылған қашыртқы-дренаж су, өндiрiс орындары мен елдi мекендерден шыққан лас судың қосылуы салдарынан дария суының сапасы нашарлауда.

Техника ғылымдарының докторы, профессор С. Қошқаровтың мәліметіне [1] қарағанда соңғы 15-20 жыл көлемінде қайта (екінші мәрте) тұздану, батпақтану коллекторлы–дренаждық жүйенің қанағаттанғысыз жағдайынан 70 мың гектар күрделі тегістелініп инженерлік жүйеге келтірілген жер айналымнан шығып, жарамсыз болып қалған. Оның басты себебі ыза судың көтерілуі және суландыру жүйесінің пайдалану еселеуіші өте төмен, дариядан алынған судың аз пайызы ғана егісті суландыруға жетеді. Қалған бөлігі каналдар бойында шығын болады. Кейінгі жылдары Қызылорда облысында Көкарал платинасы, Қараөзек, Әйтек су тораптары кешендерінің жұмысы дұрыс жолға қойылуы салдарынан дарияның су өткізгіштік қабілеті қайтадан қалпына келтіріле бастады. Дарияның төменгі бөлігіндегі экологиялық жағдайды жақсартуға оң ықпал жасады. Дегенмен, Сырдария өзенінің минералдану жағдайы жылдан-жылға артуда. Бұрын литріне 0,5 г болса, қазір 1,3-2,5 г құрайды. Бұл жағдай дарияның бастапқы және ортаңғы бөлігінде орналасқан елдердің суармалы алқаптарындағы пайдаланылған сулардың өзенге қайта құйылуынан болып отыр.

Жоғарыда келтірілген деректер - ыза судың деңгейінің көтерілуі, жер асты суының тұздануы, өзен суының сапасының төмендеуі, күріштік инженерлік суғару жүйесінің сорланып, тез істен шығуына өз септігін тигізумен қатар, сол жерге егілетін өсімдіктің өсіп-өнуіне де кері әсерін тигізетіндігі дәлелденген. Қызылорда облысының суармалы күріш егуге арналған инженерлік жүйеге келтірген 62 775 мың гектар егістік жер сорланып, егін егуге жарамсыз болып, айналымнан шыққан [2]. Яғни, күріш ауыспалы егістігінде шығатын тұздан (сордан) қиылып өліп қалатын болса, ал осы жерге егілетін жүгері, жоңышқа, бидай және басқа дақылдардың тамырына ыза судың деңгейі жетіп жатса, оның тамырының шіріп, өсімдіктің өлуіне әкеп соғатындығы Арал өңірі агроэкологиялық және ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерінен белгілі.

Осыған байланысты жарамсыз жерді қайта қалпына келтіру үшін ғалымдарымыз әр түрлі жерді қара сордан тазарту жолдарын ұсынуда. Солардың бірі сорды – топырақ қыртысына саңылау тесік салу арқылы, яғни сол із арқылы топырақ сорын сумен шайып ағызып жіберу тиімді әдістердің бірі екендігін айтып келеді. Бірақ осы кезге дейін бұл бағыттағы жасалымгершіліктің, оған арналған техниканың жоқтығы бұл жұмысты шешуге мүмкіншілік бермей келді. Біз осыны шешудің бір жолы ретінде топырақ қыртысына саңылау тесік салуға арналған құрылғының жаңа түрін ұсынғанбыз [3, 4].

Біздің жұмыстың негізгі мақсаты ұсынылған қиыстырмалық құрылғының көмегімен топырақ қыртысына тесік саңылау салу арқылы тұзданған жерді тазарту, бұрынғы қалыпына келтіру.

Бұл жұмыстың басқа ғылыми зерттеу жұмыстарынан артықшылығы ізденісті қазіргі заман талабына сай жаңа бағдарламалармен өңдеу арқылы, құрылғының қиыстырмасын өзгерте, жетілдіре қозғалысқа келтірілгендігінде. Бөлшектерінің қосылыстары мен байланыстарын үш жақты құрылымдық көрсету арқылы, яғни, құрылғының жүру көрінісі 3D Studio MAX бағдарламасымен орындалып, қазіргі уақыт талабына сай компьютерде мультимеди көмегімен қозғалысқа келтіріліп көрсетілуімен және оны түсінікті бейнелеумен ерекшеленеді [5].

Жұмыстың негізгі қиыстырмаларының сызбалары AutoCAD бағдарламасын қолданып сызылса, қозғалыстары 3D Studio MAX бағдарламасының көмегімен атқарылып, құрылымның ішкі жұмыс істеу принциптері мен 12 көріністері қозғалысқа келтіріле жаңа жолдармен, әр түрлі қырларын аша, жаңа жасалымгерлікті пайдалана орындалуында. Жаңа бағдарламамен өңделген саңылау салуға арналған құрылғының негізгі көрінісі 1, 2 –суреттермен бейнеленген.

2

Сурет1. Жаңа бағдарламамен өңделген саңылау салуға арналған құрылғының сыртқы сүлбесі

3

Сурет 2. Жаңа бағдарламамен орындалған құрылғының рентгенді көрінісі

D:\Мои документы\ANUAR\Болашак -1\Лекция\2016-17 ж сабактары\Макала - 2016 ж\Мақала - 2016 ж\Алдынғы құр-ы.pngD:\Мои документы\ANUAR\Болашак -1\Лекция\2016-17 ж сабактары\Макала - 2016 ж\Мақала - 2016 ж\Орт-ы құр-ы.pngD:\Мои документы\ANUAR\Болашак -1\Лекция\2016-17 ж сабактары\Макала - 2016 ж\Мақала - 2016 ж\Артққы құр-ы.png

Сурет 3. Құрылғының алдыңғы, ортаңғы және соңғы бөліктерінің көрінісі

D:\Мои документы\ANUAR\Болашак -1\Лекция\2016-17 ж сабактары\Макала - 2016 ж\Мақала - 2016 ж\Иінді валдың 3 көр-сі.pngD:\Мои документы\ANUAR\Болашак -1\Лекция\2016-17 ж сабактары\Макала - 2016 ж\Мақала - 2016 ж\Иінді вал.pngD:\Мои документы\ANUAR\Болашак -1\Лекция\2016-17 ж сабактары\Макала - 2016 ж\Мақала - 2016 ж\Иіндің валдың 2 көр-ій.png

Сурет 4. Құрылғының иінді білік қиыстырмасының көрінісі

Ұсынылып отырған қиыстырмалық құрылғының ауылшаруашылық саласында жарамсыз жерді қалыпына келтіруге ықпалын тигізумен, тұзданудан құтқарумен қатар, құрылыста дренаж жүйелерін пайдалану саласында, жолдардың астын тесіп өтуге, сондай-ақ әскери техникаларды жетілдіру саласында жер астымен жүріп барлау жасауға, жасырын жер астына қопарғышты қажетті жерге жеткізіп жаруға және т.б. жұмыстарды атқаруға қолдануға болады.

Бұл саңылау із салуға арналған құрылғының артықшылықтары:

- құрылғыны әр түрлі механикалық құрамдағы топырақтарға қолдану мүмкіншілігі туады;

- құрылғының сенімділігі жоғарылайды және қиыстырмасын толық герметикалығын қамтамасыз етудің қажеті жоқ.

Ұсынылып отырған құрылғының экономикалық тиімділігін анықтау әлі мүмкін емес, себебі құрылғы әлі эскиздік техникалық дайындама күйінде.

Қорыта келгенде, топырақ қыртысына саңылау тесік салуға арналған қондырғының ерекшелігі қадамдық - алға басқан қозғалысы итергіш білік арқылы жүргізіледі, жұмыс сенімділігі жоғарылайды, қозғалыс жылдамдығы өседі, корпус топырақ қабатына қалақшалары арқылы жанасады. Қалқаншалар мен корпустар қозғалысы бір ғана иінді білік арқылы жүзеге асырылған.

Әдебиет:

  1. Қошқаров С.М. Мелиорация ландшафтов в низовых реки Сырдарьи. – Алматы: Ғылым, 1997. - 266 с.
  2. Қарлықанов Т. Күріш ауыспалы егістігінің ерекшеліктері // Егемен Қазақстан. 2006. - 27 қантар.
  3. Тәжібайұлы Ә., Тәжібаев Ә. Топырақ қыртысына саңылау салуға арналған құрылғы // Жаршы. – 2006. - № 5. - 52-55 бб.
  4. Тажибайулы А., Тажибаев А. Устройство для прокладки скважин в грунте // Молодой ученый. – 2016. - №19.2 (123.2). – С. 39-41.
  5. Келли Л. Мэрдок. 3ds maх 5, Библия пользователя. Компьютерное издательство «Диалектика». Москва-Санкт-Петербург – Киев, 2003.
Основные термины (генерируются автоматически): MAX.


Задать вопрос