Валюталық тәртіптемені ырықтандыру – ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағыты | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Абдрашитова, Т. А. Валюталық тәртіптемені ырықтандыру – ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағыты / Т. А. Абдрашитова, М. А. Кулбаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 1-3. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49765/ (дата обращения: 16.11.2024).



Валюталық тәртіптемені ырықтандыру – ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудың перспективалы бағыты

Абдрашитова Тахмина Арыстанбекқызы, магистр оқытушы

Кулбаева Меруерт Амангелдіқызы, э.ғ.к., аға оқытушы

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. (Туркестан қаласы, Қазақстан)

Ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығына жету, инфляциялық процестерді тежеу, қалыпты қолма-қол ақша айналымын ұйымдастыру, елдің банк жүйесінің қызметін жақсарту, экономикалық өсімді қамтамасыз ету әрқашанда валюта саясатындағы басым бағыттар болды. Республика экономикасында жүргізілген реформалардың барысында Ұлттық банктің міндеттері алмасып, кеңейіп, құрамында валюта қатынасы да бар ақша-несие саласын реттеу әдістері мен тетіктері жетілді.

Валюта көлемі бойынша негізінен экспорттаушы кәсіпорындардың валюта түсімін міндетті сатуының мөлшерін белгілеу, айырбас операцияларын жүргізген кезде жеке тұлғадан 1% алым алынуды енгізу, белгілі эквиваленттегі қолма-қол валюта көлемінің сомасын декларациялау түрінде реттеуші сипаттағы уақытша шаралар қолданылды [3].

Республика әлемдік экономикаға неғұрлым көбірек бетбұрса оның ақша-несие және валюта саясатына сыртқы экономикалық факторлардың әсері соғұрлым күшті болатынын Қазақстан экономикасын тәуелсіздік алғаннан бері реформалаудың тәжірибесін көрсетті. Экономикасы шикізатқа бағытталған Қазақстан экспортының дәстүрлі баптары әлемдік бағалар конъюктурасына соғұрлым тәуелді болады. Экспорттық валюта түсімі өте тұрақсыз болғандықтан ол төлем балансының және ұлттық валюта бағамын тұрақтандырудың ахуалына тікелей әсер етеді. Валюталық түсімге тәуелділікті жеңу үшін мемлекеттің ақша саясаты ұлттық экономиканы дамытуға бағдарлануы тиіс. Өнеркәсіптің көпшілік саласында өндірістің өсуі байқалып, қаржы көрсеткіштерінің жақсарғанына қарамастан осы бағдарламаны жүзеге асыру айтарлықтай уақытты талап етеді. Алайда жеткілікті берік және тұрақты емес өсім қарқынын бекіту қажет. Валюта режимін одан әрі ырықтандыру ақша-несие және валюта саясатының бағыты болып, ол валюта реттеуінің өзгеруін және капиталды әкелу мен әкетуге бақылау жасауды ұйғарады. Макроэкономикалық аспектілерді шешу үшін шетел инвестициясы түсімінің маңызына, ақша айналымына, яғни оның әсеріне ерекше көңіл аудара отырып, Қазақстанның банк жүйесінің өтімділік жағдайына валютаның құрамдас бөлігінің ықпалын көзден таса қылуға болмайды [2].

Валюта тәртіптемесін ырықтандыруды үш кезеңмен жүргізу ұйғарылды. 2014-2017-жылдарға есептелген бірінші кезеңде Ұлттық банктің есебі бойынша, мұнай экспортының 40%-ға ұлғаюына қарамастан Теңіз бен Қарашығанақ жаңа мұнай кеніштерін әзірлеуге салынатын тікелей шетел инвестициясы ағынымен байланысты инвестициялық тауарлар мен фактордан тыс қызмет көрсету импортын көбейту есебінен төлем балансының ағымдағы шотының тапшылығы сақталады. Тікелей шетел инвестициясының өсуі ағымдағы шоттың тапшылығын тереңдететін, шетел капитал түсімінің есебінен өтелуге тиісті резидент еместердің қайтарылған табыстарының сомасының көбеюіне апарып соғады. Егер ағымдағы шоттың тапшылығы шетел капиталының таза түсімінен жабылмаса, онда бұл нақты тұлғада теңгенің қымбаттауына жол бермеу үшін қосымша жағдай туғызады.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Ұлттық банк валюталық реттеу және валюталық бақылау аясындағы ынтымақтастықтың алдағы уақытқа арналған жоспарын ұсынып, Еуразиялық экономикалық одақтың елдері арасындағы валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртіптемесін ырықтандырудың жалпы бағыттары көрсетілген. Жоспардың осы жобасы Еуразия экономикалық одағына қатысушы мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері басшыларының Кеңесінің 2015 жылғы қарашада Алматыда өткен отырысында қаралып, мақұлданды.

Қазақстанның жалпы өндірістік қорларындағы мемлекеттің үлесі 20-30% құрайтын болғандықтан нарықтық экономикадағы күштердің үйлесімсіздігіне соқтырмайды. Мысалы, АҚШ, Франция, Швеция сияқты экономикалық жағынан дамыған елдерде бұл көрсеткіштің үлкен мәні бар [4].

Қазақстандағы валюта тәртіптемесін ырықтандыру бірінші кезеңде резиденттердің капиталдарының республикадан жылыстау бағытына ғана жанасып, ол минералды ресурстарды қоспағанда экспортты ынталандырмайтын валюта бағамының жоғары деңгейі секілді «голланд ауруы» қаупін еріксіз қабылдаған.

Қазіргі кезде Қазақстанда шетел капиталының ағынына және резидент еместердің табыстарының қайтарылуына іс жүзінде қойылған шектеу жоқ. Шетел инвестициясының ағынына валюталық шектеу белгілеуге объективті қажеттілік болған жоқ. Тәуелсіздік алған мезеттен бастап Қазақстанның алған, шетелдік қаржы ресурстарының сипаты мен көлемі экономикадағы нарықтық қайта құрудың әр алуан сатыларымен анықталды. Экономиканы құрылымдық реформалауды жүргізуге берілген халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарымен және екі жақты үкіметаралық келісім шеңберіндегі сауда несиелерімен қатар шетел капиталы ағынының құрылымын қалыптастыруда Қазақстанның ірі кәсіпорындарын жекешелендіру айқындаушы рол ойнайды. Инвестиция ағыны мұнай-газ кешені мен Қазақстанның металлургиялық кәсіпорындарының жоғары экспорттық жағдайын қамтамасыз етеді [8].

Қазақстандағы валюта тәртіптемесін ырықтандырудың мәні көбінесе лицензиялануға жататын, рұқсат етілетін сипатқа ие операциялардың бөлігі ақпараттық, тіркеуді талап ететін санатқа ауыстырылатындығымен қорытылады. Операцияларды тіркеудің осы мезеттегі жүйесі шаруашылық жүргізуші субъектілердің еркіндігін шектейді. Алынуына 10 күнтізбелік күнге дейін созылатын тіркеу куәлігі бар болса ғана, олар алынған қаржыларды иемдене алады. Солай болғандықтан операцияларды тіркеудің дискреттік сипаты болмағандықтан Ұлттық банктен тіркеу куәлігін алғанға дейін, мысалы, тіркеу куәлігін алу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық қажетті құжаттарды тапсырғаны жөніндегі хабарламаның негізінде ақшаны пайдалануға мүмкіндік беретін тіркеу тәртібін әзірлеу мүмкіндігі ұсынылады.

Минералдық ресурстардың әлемдік жағдайының нашарлауы себепші болған теңгенің көбірек тұрақтылығына жетудің және ұлттық экономиканың сыртқы талдырмаға (шок) осалдығының әлсіреу мүмкіндігіне қарай қолма-қол ақшасыз ішкі валюта нарығынан сатып алынған шетел валютасының пайдаланылмаған бөлігін міндетті түрде сатудың, яғни қолданыстағы талабының күшін жоюдың алғы шарты құралады.

Валюта тәртіптемесін ырықтандыру жөніндегі негізгі қауіптену мынаған саяды: экспорттаушылардың валюта түсімдерінің Қазақстаннан тыс жердегі шетел банктерінде орнығуы; ішкі жинақ ақшаны ішкі экономикаға емес, шетел активтеріне жұмсау; халықтың жинақ ақшасының шетелдегі шоттарға ағылуы; алыпсатарлық сипаттағы қысқа мерзімді портфельдік капиталдың экономикаға және ішкі валюта нарығына тұрақсыздандырғыш әсері [6].

Біріншіден, егер Ұлттық банктің тиісті лицензиясында өзге ештеңе қаралмаса, бірінші кезеңде валюта тәртіптемесін ырықтандыру валюта түсімін қайтару талабының күшін жоюды, яғни экспорт үшін төлем ретінде қазақстандық кәсіпорындар алған валюталарды уәкілетті банктердегі шоттарға есепке алуды қарастырмайды.

Сондай-ақ резиденттер арасындағы операциялар бойынша төлемдер мен аударымдарды ұлттық валютамен жүргізуді талап ету сақталып, сондықтан ішкі шығындарды бұрынғыша валюта түсімін айырбастау есебінен жабу қажет болады. Одан басқа валюталық қаржылардың негізгі жылыстауы ағымдағы импорт операцияларын қаржыландыруға кетеді. Сондықтан шетел активтеріне жұмсалым үшін еркін валюталық қаржылардың деңгейі кәсіпорындардың инвестициялық тауарлар, шикізат, материалдар, қызмет көрсету импортын ағымдағы қажетсінуімен анықталды. Оған сұраныс жалғаса түсіп, айтарлықтай жоғары күйінде қалады.

Екіншіден, шетелдің бағалы қағаздарын инвестициялау әжептәуір жоғары трансакциялық шығындармен байланысты болып, ол бір жағынан мұндай инвестициялардың табыстылығын төмендетеді. Сондықтан осындай инвестициялау өзінің инвестициялық портфелін ең жоғары деңгейде әртараптандыруға ұмтылатын кәсіпқой инвесторларға (банктер, зейнетақы және инвестициялық қорлар) көбірек тән.

Банктерге қатысты қолданыстағы талап бойынша республиканың ішкі активтеріне банктердің орналастыратын қаржыларының көлемі ішкі нарықтан тартылған сомалардан кем болуға тиіс. Ол халықтың депозитіндегі қаражаттарды қазақстандық банктердің Қазақстан экономикасының нақты секторына емес, өзге елдердің резиденттерін қаржыландыруды болдырмаудың тиімді құралы болып саналады.

Үшіншіден, егер экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде, жоғары деңгейлі несие рейтингісіне ие банктерде ашылатын болса ғана бірінші кезеңде шетелдегі шетел банктерінде есеп шоттар ашуды ырықтандыру үшін лицензиялауды талап етудің күшін жоюды қарастырады.

Осы операциялар Ұлттық банкте тіркелуге жатқызылып, ол резиденттің қаржыларының шетелдік банктеріне орналасу көлемі жөнінде ақпараттың болуын ұйғарады. Осы шараның мәні мынада: бір жағынан, банктің жоғары несие рейтингі жұмсалған қаржылардың ысырап болу қаупін төмендетсе, екінші жағынан, артық әкімшілік тиым салулар мен шектеулерді жою жолымен, шындығында мәнді операцияларға валюталық бақылаудың тиімділігін жоғарылатады.

Төртіншіден, резиденттердің бағалы қағаздарына қысқа мерзімді жұмсалым түрінде капиталдың кетуін валюталық реттеуді шектеудің күшін жоюды тек ырықтандырудың соңғы кезеңінде жүзеге асыру ұйғарылды. Ұлттық банктің бағалауы бойынша шетел активтеріне жекеменшік сектордың жалпы инвестициясы 2014 жылдың аяғындағы жағдайы бойынша 1,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Олардан 233 млн. доллар резиденттерінің тікелей және портфельдік инвестицияларының үлестеріне тиесілі, қалғаны операциялық қызметпен (дебиторлық бережақ, корреспонденттік шоттар және шетел банктеріндегі депозиттер) тікелей байланысты активтерді құрайды. Валюта тәртіптемесін ырықтандыру банктерді, сақтандыру компанияларын, зейнетақы қорларын пруденциялық қадағалау талаптарын жоюды қарастырмайтындықтан алдағы уақытта портфельдік капиталдың кетуіні елеулі ұлғаюын күтудің қажеті жоқ.

Оның көлемі қаржы институттарында тәуекелдікті басқарудың тиімді ішкі жүйесінің болуына, инвестицияның табыстылығына, кәсіптік тәжірибеге, сондай-ақ ішкі экономикалық саясатқа сенім білдіруге тәуелді. Одан басқа ұзақ мерзімді инвестициялар басым болатын капитал ағынының құрылымы сыртқы төлем қабілеттілігіне қауіп туғызбайды. Әрине, қаржы құралдары нарығының дамуына қарай шетелдің портфельдік инвесторларына оның тартымдылығы жоғарылайды. Сондықтан, қысқа мерзімді капитал ағымының айтарлықтай өсуінің орнықты беталысы жағдайында, тым жұмылғыш алыпсатарлық капиталдың тұрақсыздандырғыш әсерін барынша азайту үшін тікелей және жанама реттеудің оған қолайлы барлық шаралар алдын ала қолданылады [7].

Жалпы алғанда шектеудің бірте-бірте күшін жоюмен және валюталық бақылау жүйесін ықшамдаумен валюта заңының талаптарын орнатып өтуге валюта операцияларын жүргізудің қажеттілігі төмендеп, ол валюта операциясының көбірек айқындығы мен жариялылығына апарады. Валюта операцияларын әкімшілік бақылау шараларын қысқартуды және қызметтің экономикалық еркіндігін кеңейтуді шетел инвесторлары елдің инвестициялық ахуалын жақсартатын факторлары ретінде қарастырып, ұзақ мерзімді келешекте елге шетел капиталының ағынын көбейтуге қабілетті болады.

Әдебиет:

  1. Г.Т.Әбдiқaдыровa. Вaлютноe бойыншa рeглировaниe в РК. Оқy құрaлы 2014ж.
  2. доллaры Доллaн нecиe Э.Дж. и дрyгиe. Дeньги, жылдaры бaнковcкоe дeло жылжымaйтын и дeнeжно-крeдитнaя политикa.- Л., 2015. - 448 c.
  3. Фeйт Н. Вaлютноe жeкeлeгeн рeгyлировaниe в пeрexодной вaлютa экономикe // Проблeмы cтрaтeгияны тeории и прaктики eceп yпрaвлeния.-2015, № 3.- C. 28-33.
  4. Вecтник бaнктeр Нaционaльного бaнкa eмeн Кaзaxcтaнa зa 2012-2015 годы, -Aлмaты.
  5. Зaкон тyындaйтын Рecпyблики Кaзaxcтaн aрeнaдa от 24 дeкaбря 2015 годa №54-1 “О жылы вaлютном рeгyлировaнии” (внeceны acырy измeнeния Зaконaми caтып РК от 11.07.14г № 154-1; eгeр от 09.07.15г №277-1; aйырбac от 16.07.16г №431-1; eмeн от 30.01.16г №154-II).
  6. Прaвилa тaлaп провeдeния вaлютныx тayaр опeрaций в Рecпyбликe acырылaтын Кaзaxcтaн. Утвeрждeны cипaттaйтын Поcтaновлeниeм Нaционaльного опeрaциялaр Бaнкa Рecпyблики вaлютa Кaзaxcтaн от 29 октября 2015 годa №134.
  7. Моиceeв C.Р. Политикa вaлютныx интeрвeнций цeнтрaльныx бaнков: cyщноcть, тeнeвыe мexaнизмы и эффeктивноcть опeрaций Бaнкa Роccии / Финaнcы и Крeдит, 2012г., №11(101).- C.46-53.
  8. Концeпция рaзвития финaнcового ceкторa Рecпyблики Кaзaxcтaн нa пeриод до 2015 годa. - Aлмaты, НБРК, 2016г.
Основные термины (генерируются автоматически): валюта, Казахстан, мена, оса.


Похожие статьи

Оқытудың инновациялық технологиялары – шәкірттің тұлғалық болмысын дамыту құралы

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың негізгі құралы

Жастардың жыныстық мінез-құлқын қалыптастыруға әсер ететін факторлар

Отбасы психологиясында тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың теориялық мәселесі

«Болашақ» университетінің халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жетістіктері

Тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуының әлеуметтік- психологиялық негіздері

Қазақстанда жаңа құрылымдық аймақтық экономикалық саясатын қалыптастыруды дамыту бағыттары

«Бұлттық технологиялар» — оқу үдерісін ұйымдастыру барысындағы информатика пәнін оқытудың жаңа заманғы ресурсы

Қазақстанда индустриялды-инновациялық саясаттың қалыптасуы

Қазақстанның экономикасына жаhандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы

Похожие статьи

Оқытудың инновациялық технологиялары – шәкірттің тұлғалық болмысын дамыту құралы

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың негізгі құралы

Жастардың жыныстық мінез-құлқын қалыптастыруға әсер ететін факторлар

Отбасы психологиясында тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастырудың теориялық мәселесі

«Болашақ» университетінің халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жетістіктері

Тұлғаның мінез-құлқының қалыптасуының әлеуметтік- психологиялық негіздері

Қазақстанда жаңа құрылымдық аймақтық экономикалық саясатын қалыптастыруды дамыту бағыттары

«Бұлттық технологиялар» — оқу үдерісін ұйымдастыру барысындағы информатика пәнін оқытудың жаңа заманғы ресурсы

Қазақстанда индустриялды-инновациялық саясаттың қалыптасуы

Қазақстанның экономикасына жаhандық қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалы

Задать вопрос