Қазақстан Республикасы аграрлық секторын мемлекеттік реттеу шаралары | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Алимкулова, Э. С. Қазақстан Республикасы аграрлық секторын мемлекеттік реттеу шаралары / Э. С. Алимкулова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 16.1 (202.1). — С. 17-19. — URL: https://moluch.ru/archive/202/49770/ (дата обращения: 16.11.2024).



Әрбір тәуелсіз мемлекет үшін басты мәселелердің бірі болып тәуелсіздікті және даму тұрақтылығын сақтап қалу табылады. Ал бұл мақсатқа жету үшін әрбір тәуелсіз мемлекет ең бастысы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін алға қойған жөн болады. Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан азық-түлік дағдарысы азық-түлікті қамтамасыз ету мәселесіне бағытталуда, ол бірінші кезекте отандық ауылшаруашылық өндірісті интенсификациялау үшін қажетті жағдайлар жасау, болып жатқан мәселелердің шешу жолдарын табу және анықтау.

Қазіргі таңда Қазақстанда азық-түлік өндірісінің тежеуші факторларының бірі болып ауылшаруашылық шикізаттарының өнеркәсіптік қайта өңдеуінің төмен деңгейі табылуда, бұл тамақ өнеркәсібінің техникалық-технологиялық қамтамасыз ету деңгейімен, сонымен қатар шикізатты жеткізу сапасымен негізделіп отыр. Шикізат пен дайын өнім қауіпсіздігінің, сапа бақылауының кешенді жүйесінің және өндіріс процестерінің жеткіліксіз даму деңгейі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына кері ықпал етіп отыр[1].

Ауылдық тауар өндірушілер ынтымақтастығының төмен даму деңгейі заманауи аграрлық өндірісті тиімді жүргізуге және ресурстық әлеуетті ұтымды пайдалануына кедергі келтіріп отыр. Бұл жағдайдың басты мәселесі болып өндірушілердің тік және көлденең ынтымақтастығының дамуын ынталандыратынтиімді мемлекеттік механизмнің және аграрлық бизнестің жоқтығы табылады. Бұл ауылшаруашылық кәсіпорындардағы технологиялық өндіріс процестердің дамуын, өзара байланысты өндірістерді жетілдіру деңгейін, ет және сүт өнеркәсібіндегі, сонымен қатар аралас ішкі салалардағы технологиялық өзара байланыстарын пайдалануын және олардың диверсификациялауын тежеп отыр. Сонымен бірге, бұл тиімділігі аз және төмен пайда әкелетін өндірістерді қолдау үшін мемлекеттік қаражаттардың жұмсалуына алып келеді.

АӨК-гі инвестициялық саясат аграрлық сектордың ерекшеліктерін ескере отырып әртараптандырылған болуы керек, аймақтық және халықаралық ауқымдағы ішкі нарыққа және экспортқа бағытталған ауыл шаруашылығының ықтималды бәсекеге қабілетті салалардың жан-жақты негізделген даму мүмкіндіктерінен келіп шығуы тиіс. Бұл жерден туындайтын мәселе болып мемлекеттік бюджеттен,сонымен қатар аграрлық несиелендіру жүйесі арқылы бөлінетін қаражаттарды бөлістіру, қайта бөлістіру және игеру жүйесі табылады.

Бұл мәселелердің шешімі атқарушы органдардың, АӨК даму институттарының қаржыландыру және несиелендіружүйесі ашықтығының күшеюіне, нақты ауылшаруашылық өндіріс түрлерін тиімді субсидиялауды бағалау сапасына деген жауапкершіліктерінің күшеюіне байланысты; экономикалық баланстың жасалуына, нарық қажеттілігін болжамдауға, сонымен қатар азық-түлікке деген сақталып отырған сұранысын, климаттық ауытқуларын, бәсекелестік деңгейін ескере отырып қажетті өндірістік және логистикалық инфрақұрылымды тездетіп құрылуына байланысты. АӨК-нің инвестициялық тартымдылығы баға саясатының сапасымен анықталады. Сонымен қатар, бұл белгілі бір концепциясы әлі де қалыптаспаған АӨК үшін өндіріс салаларындағы өндіріс құралдары ауылшаруашылық өнімдер өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін жалпы нарықтық бесекеде өте маңызды болып есептеледі. Нәтиже ретінде азық-түлік тауарларына деген бағалардың өсуін тежеу туралы жедел шешімдер қабылдау қажеттілігі туындалады.

Азық-түлік өнімдер өндірісінің өсімі үшін ішкі мүмкіндіктерді шектеу мәселелерінің бірі болып жеткіліксіз төлем қабілеттілігі бар сұраныс табылады. Халықтың нақты табыстарының деңгейі азық-түлік бағаларына сәйкес келмейді, ол ішкі нарықтыңсыйымдылығын шектейді.

Халықтың табыстары жайлы мәселелердің шешім табуы төлем қабілеттілігі бар сұраныстың және тұтыну құрылымының өзгеруіне оңтайлы әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей, АӨК-дегі халықаралық еңбек бөлінісіндетабиғи, экономикалық және ғылыми-техникалық артықшылығы бар индустриалды дамыған елдер азық-түлік өндірісіндегі құрылымдық өзгерістерін, сонымен бірге өндіріс көлемінің ұлғаюын қамтамасыз етеді. Дамушы елдер шикізатты және жартылай шикізатты тасымалдаушы жолдарын тандап отыр[2].

Осыған байланысты, АӨК-дегіхалықаралық еңбек бөлінісінде Қазақстанның стратегиялық орны маңызды аграрлық әлеуетті тиімді пайдалану бойынша шаралармен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазақстан ірі масштабты халықаралық азық-түлік саудасыныңқатысушысы болып тырысып жүр. Бұл таңдалған жолдың қажеттілігі әлемдік азық-түлік нарығы жағдайынан елдің азық-түлікпен қамтамасыз етілу байланыстылығын жоғарылату осыған дәлел болып табылады. Отандық агроөнеркәсіптік кешен негізгі ауылшаруашылық өнімдердің, шикізаттардың және азық-түлік түрлерінің қажетті санын өндіру үшін бастапқы шарттарына ие.

Бұл шарттар менауылшаруашылық алқаптарының қорлары есебінен егістіктерді кеңейтуге, сонымен қатар олардың құрылымындағы өзгерістерге алып келуі мүмкін. Бұл жағдай Қазақстанға негізгі ауылшаруашылық өнімдер, шикізаттар мен азық-түлік түрлеріне деген ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар оның экспорттық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешудегі бірінші кезектегі мақсаты болып отандық ауылшаруашылық өндірістің тиімділігін жоғарылату, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту, агроөнеркәсіптік нарықты мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру, сонымен қатар ұлттық өндірушілердің мүдделеріне сәйкес келетін ішкі сауда саясатын жүзеге асыру.

Азық-түлік қауіпсіздігі тек қана өзара байланысты және үйлестірілген ұйымдастырушылық-экономикалық, құқықтық, әкімшілік және әлеуметтік шаралар кешенін жүйелі жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл жерде мемлекеттік шаралардың тікелей салалардағы, кәсіпорындардағы және агроөнеркәсіптік кешеннің шаруашылығындағы ішкі қорларын, олардың шаруа қожалығындағы тез өзгеріп отыратын экономикалық жағдайларға бейімделуін ескеру қажет. Бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру ортасының жақсаруына және өмір сүру сапасының айтарлықтай жоғарылауына ықпал етеді.

Қазіргі экономикалық жағдайларда ұлттық азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі кешенді болуы тиіс, сонымен қатар мемлекеттің тұрақты макроэкономикалық дамуымен тікелей байланысты, халықтың өмір сүру деңгейінің тұрақты жоғарылауына, оның әлеуметтік бағытталған саясатын жүзеге асыру мүмкіндіктеріне, сонымен қатар агроөнеркәсітік өндірістегі халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарына байланысты болып табылады.

Сонымен Қазақстан үшін азық-түлік қауіпсіздігін нығайту негізі болып ең алдымен отандық АӨК-нің және оның бастапқы салаларының қызмет ету тиімділігін ұлғайту келесі жағдайлар есебінен табылады: ел тұрғындарын әлемдік азық-түлік нарығының конъюнктурасына қарамастан отандық азық-түлікпен, бірінші кезекте оның бастапқы түрлерімен тұрақты қамтамасыз етуін кепілдендіре алатын өзіндік агроөнеркәсіптік өндірістің әлеуетін мобилизациялау; бәсекеге қабілетті азық-түлік нарықтарын қалыптастыру. Тиімді даму отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерді әлемдік ауылшаруашылық өнімдер, шикізаттар мен азық-түлік нарықтарының жағымсыз бәсекелестіктен және қолайсыз конъюнктурадан қорғау үшін заңнамалық базаны және инфрақұрылымды жетілдіруді талап етеді.Бірінші кезекте салааралық экономикалық қатынастардың ең алдымен ауыл шаруашылықтағы кеңейтілген ұдайы өндіріс қарқындарының өсімін ынталандыратын ауылшаруашылық және өнеркәсіптік өнімдердің бағалар қатынасына қатысты оңтайландыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр [3].

Қазақстан әлемдегі 25 елдердің аграрлық шикізаттың негізгі өндірушілері қатарына кіреді, астық және басқа да азық-түлік өнімдер нарықтарында салмақты «ойыншы» болып табылады. Қазақстандық диқандар 15,6 ц/га орташа өнімділігі кезінде 2016 жылы 5098,1 мың тонна астық шығымдылығын алды. Ағымдық жылда барлық ауылшаруашылық өнімдердің егістік алқаптары 21,7 млн. га болды, соның ішінде дәнді дақылдардың егістік алқаптары – 15,2 млн. га, сонымен қатар бидайдың егістік алқаптары – 12,2 млн. га. Ауылшаруашылық министрлігінің болжамы бойынша ағымдық жағдайды ескере отырыпалдынғы жылдардың деңгейімен салыстырғанда астық шығымдылығы төмен болмайды (шамамен 18,0 млн. тонна), бұл елдің бидайға деген ішкі қажеттілігін және экспорттық әлеуетті шамамен 7,0-7,5 млн. тонна қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қолдау нарықтық балансқа жетуіне, саланы жасылдандыруына ықпал ете отырып өндірісті ынталандыру үшін, сонымен қатар оны төмендету үшін де қолданылады.

Аграрлық азық-түлік сектордың дамуын мемлекеттік қаржылық реттеу құралдарын кең көлемде пайдалану бірнеше онжылдықта әлемдік кеңестікте ауыл шаруашылығын субсидиялау үлкен дауға, пікір таластарға айналған тақырып болып табылды. Мемлекеттік қолдау ұлттық нарықты қорғау шарасы болып қана қоймай, сонымен бірге басқа елдердің нарықтарындағы алушының бәсекелестік ұстанымдарын күшейтуге ықпал етеді. Бұл заңды, себебі мемлекеттік қолдау ұлттық нарықты қорғау шарасы болып қана есептелмейді, сонымен қатар басқа елдердің нарықтарындағы реципиенттерінің нақты позицияларын күшейтуге ықпал етеді.

Мақала авторы осы уақытқа дейін зерттеу нысанына айналып отырған мәселені тереңірек зерттеді. Зерттеу жұмыстары Аграрлық нарық проблемалары журналдарында жарық көрді [1,2,3].

Әдебиет:

  1. Есмагулова Н.Д. Развитие агропромышленного сектора в РК // Аграрлық нарық проблемалары. – 2014. – №2. – Б.23-29. .
  2. Дощанова А.И. Қазақстан аграрлық секторындағы мемлекеттік реттеу // Аграрлық нарық проблемалары. – 2014. – №1. – Б.15-25.
  3. Баранова Н. Государственная поддержка аграрного сектора экономики // Аграрлық нарық проблемалары. – 2015. – №4. – Б.44-50.
Основные термины (генерируются автоматически): дама.


Похожие статьи

Қазақстан Республикасындағы электоралды мәдениеттің қалыптасуы және дамуы

Қазақстан Республикасындағы жалдау шартының құқықтық реттелуінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру процесін бағалаудың методологиясын жасау

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі бойынша қылмысқа қатысу интитутының белгілері

Қазақстан Республикасының экономикалық өсімін қалыптастырудағы адам ролі

Қазақстан Республикасынды шағын және орта кәсіпорындарды қолдау

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі мәселелері

Оқытудың педагогикалық технологиялары және оқыту технологиясының ерекшеліктері

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» сабағында ҚР Конституциясы мен ҚР Президентінің Жолдауларын қолдану мәселелері

Похожие статьи

Қазақстан Республикасындағы электоралды мәдениеттің қалыптасуы және дамуы

Қазақстан Республикасындағы жалдау шартының құқықтық реттелуінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру процесін бағалаудың методологиясын жасау

Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің дамуы мен қалыптасуы

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі бойынша қылмысқа қатысу интитутының белгілері

Қазақстан Республикасының экономикалық өсімін қалыптастырудағы адам ролі

Қазақстан Республикасынды шағын және орта кәсіпорындарды қолдау

Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі мәселелері

Оқытудың педагогикалық технологиялары және оқыту технологиясының ерекшеліктері

«Қазақстан Республикасының жер құқығы» сабағында ҚР Конституциясы мен ҚР Президентінің Жолдауларын қолдану мәселелері

Задать вопрос