Қолайлы инвестициялық климатты қолдау және ел экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) ағынын ынталандыру – Қазақстан үшін маңызды мемлекеттік міндет. Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының мақсаты еңбек өнімділігін арттыруға және қайта өңделген тауарлар экспортының көлемін арттыруға бағытталған өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізуде инвестицияларды тарту, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту маңызды рөл атқарады.
Қазақстанның тәуелсіздігін алған сәттен бастап ел экономикасына 260,8 млрд. доллардан астам қаржы тартылды, бұл елдегі қолайлы инвестициялық климатты білдіреді.
Дереккөз:http://unctadstat.unctad.org
2016 жылы елімізге ТШИ түрінде Қазақстанға 8 406 млн. доллардан астам инвестицияенгізілді. Қазақстан өтпелі экономикасы елдер арасында көшбасшы елдерінің ішіндегі 2-ші орынға және теңізге шығар жолы жоқ елдердің арасында 1-ші орынды алды.
Еліміз шетелдік инвесторларға қарағанда жергілікті инвесторларға қолдау көрсетуіне қарамастан 2016 жылы ТШИ көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 126%-ға артып $9 млрд құрады. Қытай елінің инвестицияларының үлесі артып келеді. Еліміз $500 млн-ға бағаланған Еуразия мұнай барлау жобасын қаржыландыруға шетелдік компанияларды іздестіріп жатыр. Келіссөздердің алғашқы кезеңдерінде ENI, ROSNEFT, CNPC, SOCAR, NEOS Geosolutions, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК »АҚ секілді компаниялар қатысады деп күтілуде.
ТМД елдері |
2012 ж |
2013ж |
2014ж |
2015ж |
2016ж |
Қазақстан |
13337 |
10321 |
8406 |
4012 |
9069 |
Ресей |
30188 |
53397 |
29152 |
11858 |
37668 |
Беларусь |
1429 |
2230 |
1828 |
1668 |
1235 |
Украина |
8175 |
4509 |
847 |
3050 |
3336 |
Қырғызстан |
293 |
626 |
248 |
1142 |
467 |
Тәжікстан |
262 |
168 |
408 |
545 |
434 |
Әзербайжан |
2005 |
2632 |
4430 |
4048 |
4500 |
Түркменстан |
3130 |
3528 |
3830 |
4398 |
4522 |
Өзбекстан |
563 |
629 |
632 |
65 |
67 |
Молдавия |
227 |
243 |
201 |
182 |
143 |
Армения |
497 |
346 |
404 |
178 |
338 |
Грузия |
911 |
950 |
1763 |
1576 |
1661 |
Дереккөз: unctadstat.unctad.org
2017 жылдың 1 тоқсанында ТШИ-ның таза ағыны 2 663 млн.долларды құрады, бұл өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 4,5%-ға артық. ТШИ-ның негізгі драйверлері кен өндіру өнеркәсібі. Атап айтсақ, шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласында едәуір артқан. 2017 жылдың алғашқы жарты жылдығында шикі мұнайды және табиғи газды өндіру саласына тартылған инвестиция көлемі өткен жылғымен салыстырғанда 4,5 есе арту болған. 2016 жылдың 1-ші жартысында 753 млн.долларды құраса, 2017 жылдың 1-ші жартысында 3 409 млн.долларды құрады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму комитетінің (ЮНКТАД) дерегі бойынша Қазақстанда 2016 жылда ТШИ қорланымы 129 773 млн долларды құраған. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей Федерациясынан кейінгі 2-ші орынды иемденді. Ресейде қорланған ТШИ көлемі 379 035 млн долларды құраған, ал 3-ші орында Украина 48 385 млн доллармен орын алған. Негізгі ТШИ ағындарының көпшілігі шикі мұнайды және табиғи газды өндіру, құрылыс, геологиялық барлаулар мен ізденістер бойынша қызметіне тартылған. Шетелдік инвесторлар үшін әлі күнге дейін ең тартымсыз болып келе жатқан экономикалық сектор ол ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығына тартылған ТШИ көлемі жалпы ағынның 1%-на да жетпейді.
Өткен жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының сауда және даму комитетінің дерегі сәйкес, Қазақстан өтпелі экономикасы бар елдер ішінде ТШИ таза ағынының жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша Түркіменстаннан кейінгі 2-ші орынға 508 млн доллармен иемленген. Бұл көрсеткіш бойынша Түркіменстан 832 млн доллармен көш бастап тұр. 3-ші орында Әзірбайжан елі 456 млн доллармен тұр. Қазақстанның ТШИ таза ағынының жан басына шаққандағы көрсеткіші 2015 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық артқан.
Жан басына шаққандағы ТШИ-ның таза ағымы
Аймақтар |
2014 |
2015 |
2016 |
Әлем |
183 |
242 |
236 |
Дамыған елдер |
540 |
941 |
984 |
Дамушы елдер |
116 |
126 |
107 |
Өтпелі экономикасы бар елдер |
186 |
122 |
222 |
ТМД |
178 |
102 |
218 |
Түркменстан |
722 |
818 |
832 |
Әзербайжан |
460 |
415 |
456 |
Қазақстан |
484 |
228 |
508 |
Беларусь |
192 |
176 |
130 |
Ресей |
203 |
83 |
263 |
Қырғызстан |
42 |
192 |
77 |
Украина |
19 |
68 |
75 |
Армения |
135 |
59 |
112 |
Молдавия |
49 |
45 |
35 |
Өзбекстан |
21 |
2 |
2 |
Тәжікстан |
49 |
64 |
50 |
Грузия |
437 |
394 |
417 |
Дереккөз: unctadstat.unctad.org
Doing Business 2017
Дереккөз:World Bank, Doing Business 2017
«Doing Business» есебінесәйкес, Қазақстан 10 жылдатөртретнегізгіреформаторретіндетанылды, Қазақстанныңмемлекеттікоргандарыбизнестіжеңілдетуүшінмаңыздықадамдаржасады (2006 жылданбастап «Doing Business» есебіндекөрсетілгендей 36 реформалар жасалынды). Шыныменде, осыкезеңдеҚазақстан «Doing Business» жылдықесебіндетөртіншіретонреформатордың ең жақсысыретінде танылды – бұлбірегейжетістік.Тек 2015 жылдыңмаусымайынанбастап 2016 жылдыңмаусымынадейінгікезеңдеҚазақстандақаралыпжатқанреттеулердің 8-індежақсаружүргізілді. «Doing Business» есептемесіндеқарастырылғанбасқаелдердіңешқайсысыосыкезеңдекөптегенсалалардареформаларжүргізбеді.
Көптеген жағдайларда Қазақстанның шетелдік инвестицияларды тартудағы табыстары мемлекеттік қолдаудың шаралары мен инвестициялық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздері арқылы қамтамасыз етілді. Осылайша, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша өтпелі экономикасы бар елдер арасында ең жақсы инвестициялық заңдардың бірі болып табылады.
Соңғы жылдары Қазақстанда салық ставкаларын төмендету бағытында салық саясаты айтарлықтай өзгерді. Осылайша, Қазақстанның кәсіпорындарында табыс салығы 20%, Ресей 20%, Қытай 25%. Қазақстан Республикасындағы қосылған құн салығының ставкасы 12% құрайды, бұл осы салықтың стандартты ставкаларының арасында әлемдегі ең төменгі көрсеткіш. Салыстыру үшін Ресейдегі ҚҚС 18%, Қытай 17%. Қазақстандағы жер салығы көрші елдерден де төмен (1 ш.м. үшін 0,03-0,16 АҚШ доллары). Қазақстанда жылжымайтын мүлік салығы 1,5%, Ресейде – 2,2%.
Осылайша, бүгінгі күні Қазақстандағы инвестициялық ахуал тиімді деп бағалануы мүмкін. Дегенмен, оның халықаралық деңгейде танылған ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес одан әрі жетілдіру – бұл МИИД бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары мен құралдарымен жүзеге асырылатын маңызды міндет.
Әдебиет:
- http://www.nationalbank.kz
- https://365info.kz/2017/07/inostrannye-investory-vozvrashhayutsya-v-kazahstan/
- http://unctadstat.unctad.org/wds/ReportFolders/reportFolders.aspx
- http://kidi.gov.kz/public/publications/483