Биологиядан логикалық тапсырмалар құрастыру ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кайырбай, А. Т. Биологиядан логикалық тапсырмалар құрастыру ерекшеліктері / А. Т. Кайырбай, С. Ж. Ибадуллаева. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 18.1 (204.1). — С. 16-17. — URL: https://moluch.ru/archive/204/50083/ (дата обращения: 18.12.2024).



Қазақстан Республикасындағы қазіргі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Әсіресе, гуманитарландыру мен демократияландыру процестері, ең алдымен оқу-ағарту, білім беру салаларының қазіргі заман талаптарына сәйкес болуын қажет етіп отыр [1].

Мектептің алдында тұрған негізгі мақсат – оқушыларға білім бере отырып, ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, оқуға ынтасын ояту. Мектепке алған білімін бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-салдарын анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне бастайды және осы кезеңде оқушының ойлауы нақты-бейнеліден абстракылы ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын дәлелдеуге үйрене бастайды. Логикалық ойлау анықтылығымен, бірізділігімен , дәлелділігімен ерекшеленеді. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту мектепте оқытылатын пәндік білімдіреді және олардың ғылыми мазмұнын меңгеру үдерісінде жүзеге асырылады. Мектеп оқушыларының логикалық ойлауының дамуы екі негізгі саты арқылы өтеді. Бірінші сатыда олардың ойлау әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді [2, 3]. Мұнда көрнекі әсер ету басым болады. Балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларына бейнеленуге сүйенетін. Қорытынды жасау логикалық дәлелдер негізінде емес, қабылданған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады. Бұл кезеңдегі балалар жасайтын жинақтау заттардың көзге түсетін белгілерінің күшті қысымымен болады. Бұл сатыда туындайтын жинақтаулардың көпшілігі заттар мен құбылыстардың бетінде жататын нақты қабылданған белгілер мен қасиеттерді қамтиды. Білімді толық жинақтаудың негізгі критерийі баланың алған білімге сай келетін нақытылы мысал келтіре білуі болып табылады [4].

Осы кезеңде оқытудың көрнекілік ұстанымын кеңінен қолдануға негіз болады. Қазіргі мектеп «Биология» курсында оқушылардың логикалық сауаттылықтарын тәрбиелеуді біріңғай мазмұнды әдістемелік тұрғыда құрудың үлкен мүмкіндігі бар екендігін көрсете отырып, мектеп оқушыларының меңгеруге тиіс мынадай логикалық білім мен дағдалары көрсетіледі: ұғымдарға анықтама бере біру; анықтаманың жәрдемімен ұғымдарды тани алу; ұғымдарды жіктей білу; логикалық байланыс жасайтын сөздердің мәнін ажырата білу; пайымдаулар кезінде жіберілетін қателіктерді таба білу; сипаттау; пікір айту; тәсілдерін меңгеру. Осы аталған білім мен дағды негізінде оқушыларды дұрыс ойлай білуге, ойды жүйелі жеткізе білу дағдылары қалыптастырылады. Сондықтан ой дамытудың логикалық амалдарымен байланысты болады: мәселені талдауға, жалпылауға, нақтылауға, қажетті және жеткілікті шарттарды көрсете білуге, ұғымдарды анықтау, пайымдаулар мен ой қорытындылар жасауға т.б.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үдерісінде оқытудың үш құрамды бөліктерін ескерту қажет деп есептелінеді. Мәселен, оқытудың мазмұндық құрамдас бөліктеріне оқушылардың білуіне тиіс ұғымдар жүйесі, ережелер, заңдылықтар жатады. Оқытудың іс-әрекеттік құрамдас бөліктеріне ақыл-ой қызметінің тәсілдерін меңгеру жатады. Оқушылар не мақсатпе, не үшін оқиды, білім мен дағдылар не үшін қажет деген мәселелерді түсіндіру оқытудың түрткілік аспектісін құрайды. Бұл ойлау үдерісінің құрамды үш бөлігі бір-бірімен тығыз байланысты.

Логикалық тәсілдерді қалыптастыру және меңгерту үшін мектеп пәндік материалдарға сәйкесінше әдістемелік өңдеулер жасау жеткілікті, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің даму деңгейі жоғары болған сайын олардың білімдерінің де жоғары болуына алып келетіні белгілі.

Білім алушылардың логикалық ойлауын дамыту бойынша мұғалімнің жұмысы бұл айтылғандармен біте қоймайды. Пәнді зерттеу ойлау жүйесін дұрыс, бірізділікпен және дәлелді түрде дамуына мүмкіндік береді.

Әдебиет:

  1. Уақбаева С. Логикалық тапсырмаларды сабақта қолдану // Бастауыш мектеп. – 2010. – №3. – 13-14 бб.
  2. Сләмжан А. Логикалық тапсырмалар арқылы ақыл-ойын дамыту // Бастауыш мектеп. – 2010. – №2. – 22-23 бб.
  3. Рустамбекова Ш. Бастауыш сыныптарда пәнаралық байланыстар арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту // Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі. – 2012. – №2. – 5 б.
  4. Биология пәнін оқыту барысында білім сапасын көтерудің технологиясы мен әдіс-тәсілдері // Білім кілті – Ключ знаний. – 2012. – №2. – 6-8 бб.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос