Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау нәтижелері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 30 ноября, печатный экземпляр отправим 4 декабря.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Жуматаева, Ж. Б. Қызылорда облысының орталық-экологиялық аймағында күріштің инновациялық сорттарын сынау нәтижелері / Ж. Б. Жуматаева, Н. Ш. Нургалиев, Э. А. Ержанова, Альбина Адишова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2018. — № 50.1 (236.1). — С. 11-14. — URL: https://moluch.ru/archive/236/54996/ (дата обращения: 17.11.2024).



Қызылорда облысы Республикадағы күріш егісі көлемінің 90%-ын өсіреді десек, соның 70%-ы орталық аймақта өсіріледі. Жыл сайын бұл аймақта 50-55 мың га жерге күріш дақылы орналастырылып, әр гектардан – 55-60 ц-ден өнім жиналады. Сол себепті Қазақстандағы күріш дақылы егісінің жартысы орналасқан бұл аймақта күріштің инновациялық сорттарын сортсынаудан өткізіп, табиғи-климаттық жағдайына бейімделген сорттарды іріктеп, күріш өсіруші шаруашылықтарға олардың сорттық технологиясымен өсіруге ұсыну күріш шаруашылығы саласын онан әрі дамытуға,өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға, сол арқылы облыс экономикасына жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Отандық және шетелдік сорттар тізілімінен рұқсат етілген және келешегі бар 7 күріш сорты зерттеуге алынып, арнайы сортсынау жүргізу әдістемесі бойынша үш жыл бойы (2015-2017 ж.ж.) танаптық тәжірибелер жүргізілді (1-кесте).

Зерттеуге алынған сорттардың 1000 дәнінің салмағы 31,2-41,0 г аралығында болды, ал стандарт Маржанда 33,1 г болды. Дәнінің ірілігі жағынан Ресейдің Анаит сорты ерекшеленді (41,0 г).Себу мөлшерлері 238,8-313,8 кг/га аралығында болды [1].

Кесте 1

Сортсынаққа алынған күріш сорттарының көрсеткіштері (орташа, 2015-2017 ж.ж., орташа)

Сорт атауы

Шыққан елі

Тұқымның егістік қасиеті

1000 дән массасы

Себу нормасы, кг/га

Лаборатория-лық өнгіштігі, %

Тұқымның тазалығы, %

Егу

жарамдылығы, %

Маржан

Қазақстан

98

100

98,0

33,1

253,3

Ару

Қазақстан

97

100

97,0

32,0

247,4

Янтарь

Ресей

98

100

98,0

32,2

245,7

Анаит

Ресей

98

100

98,0

41,0

313,8

КазНИИР-5

Қазақстан

97

100

97,0

32,1

248,2

КазЕр-6

Қазақстан

98

100

98,1

32,0

244,9

АйСауле

Қазақстан

98

100

98,0

32,0

244,9

1-ші кестеде көрсетілгендей, іріктеп алынған сорттар, негізінен орта мерзімде пісетін болып таңдалды. Бұл жерде аймақтың табиғи-климаттық жағдайы, аязсыз күндер, белсенді температура жиынтығы есепке алынды. Себебі, сортсынаудағы маңызды көрсеткіштің бірі –дақылдың, сорттың уақытылы мерзімде толық пісіп-жетілуі, өнімнің сапалы болуы деп есептелінеді. Жыл ерекшелігіне қарай күріш дақылының орталық-экологиялық аймақта тұқым себу мерзімі мамыр айының 1-20 аралығында жүргізіледі. Зерттеулер нәтижесінде сортсынаққа алынған күріштің отандық және шетелдік рұқсат етілген және келешегі бар сорттарының өніп-өсуі мерзімінің ұзақтығы төмендегідей болды (2-кесте).

Кесте 2

Арал өңірінің орталық-экологиялық аймағында зерттелген күріш сорттарының өсу дәуірі кезеңінің ұзақтығы, күн (Қарауылтөбе тірек пункті)

Сорттар

Зерттелген жылдар

Орташа

2015ж.

2016ж.

2017ж.

1

Маржан

105

109

106

108

2

Ару

88

89

84

87

3

Янтарь

108

109

104

107

4

Анаит

102

105

100

102

5

КазНИИР-5

105

106

102

104

6

КазЕр-6

105

109

104

107

7

АйСауле

103

107

103

105

8

ЕКЕА05

6,3

5,7

5,3

2-ші кестеде көрсетілгендей, орталық-экологиялық аймақта күріш сорттарының өсу дәуірі ұзақтығы ауа-райы жағдайына қарай өзгергені мәлім болды. Яғни, өсу дәуірінде ауа температурасы жоғарылаған сайын өсу кезеңдерінің өтуі жылдамдап, өсімдіктің толық пісуі ерте болатыны анықталған. Осы аймақта көп жылдар бойы егіліп жүрген Маржан сорты орташа ауа температурасы көпжылдық ауа температурасынан 2,5ºС-қа жоғары болған 2017 жылы, алдыңғы 2015 және 2016 жылдарға қарағанда үш күнге ерте пісті. Яғни, алғашқы жылдары 109 тәулікте пісіп жетілген жергілікті сорт, соңғы жылы 106 тәулікте піскені анықталды. Шаруашылықтарға егістік алқаптарын сақтандыру мақсатында екінші сорт есебінде ұсынылып жүрген өте ерте пісетін (ультраскороспелый) Ару сорты соңғы жылы 84 тәулікте піссе, 2015 жылы – 88, ал 2016 жылы 89 тәулікте пісіп жетілді. Сорттың ерте пісуінің бір артықшылығы алғашқы күзгі суықтарға ұрындырмай жинау өнімді жоғалтпаудың мүмкіндігі, екінші артықшылығы егінді ерте жинап, күздік дақылдар орналастыруға мүмкіндік болуы.

Жаз айларында ауа температурасының кей күндері 44ºС дейін жетіп шамадан тыс жоғарылауы, Қызылорда облысының оңтүстік және орталық аймақтарында сыналған сорттардың өсу мерзімін 5-6 күнге ұзартты [2].

Қызылорда облысында ең көп өсірілетін Ресейлік күріш сорттарының бірі –Янтарь. Жыл сайын облыста бұл сорттың егіс көлемі 30-40 мың га-ға дейін жетеді. Сорт Қазақстандық Арал өңірінің қатал табиғи жағдайына бейімделген болып шықты. Янтарьдың пісу мерзімі Маржанмен қатар – 107 күн, өсімдіктің биіктігі аласалау және шашақбасы тығыздау болуына және жармасының сапасына қарай сұранысқа ие болып жүр. Ауа температурасы жоғары болған 2017 жылы 104 күнде пісіп жетілсе, алғашқы екі жылда, тиісінше 108 және 109 күнде пісті. Соңғы жылдары облыста таралып келе жатқан ірі дәнді Анаит сорты орта есеппен 102 тәулікте пісті, тиісінше 2015 жылы 101 күнде, 2016 жылы –105 күнде, ал 2017 жылы 100 күнде жетілді.

Зерттеуге алынған соңғы үш сорт, Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы институты ғалымдары шығарған КазНИИР-5, КазЕр-6 және АйСауле сорттары, жергілікті жердің табиғи-климат жағдайларына бейімделген орта мерзімде пісетін сорттар болып табылады. Танаптық тәжірибе жағдайында КазНИИР-5 сорты үш жылда 102-106 тәулік аралығында пісіп жетілсе, КазЕр-6 сорты ауа райы жағдайына қарай 104-109 тәулікте пісті. Институт селекциясының соңғы жетістіктерінің бірі АйСауле сортының пісіп-жетілуі үшін 103-107 тәулік қажет екені анықталды.

Күріштің жатып қалуы негізінен екі түрлі: 1) тамырлық жатып қалу, яғни тамыр мен сабақ жалғасқан ( қиылысқан) жерден иіліп немесе сынып, сабақтар ұзына бойына құлайды, егіс жаппай жатып қалады (мысалы, Қубань 3 сорты егісі); 2) сабақтық жатып қалу, яғни сабақ иіліп, күріш сабақтары біршама биіктікте құлайды (мысалы, Маржан сорты егісі). Бірінші жағдайда жатып қалған егісті орын жинау өте қиын және дән шығыны көп болады [3].

Сортсынау барысында зерттеуге алынған күріш сорттарының жекелеген қасиеттері зерттелді, атап айтқанда олардың жығылуға, төгілуге және ауруларға төзімділігі анықталды (3-кесте).

Кесте 3

Зерттелген күріш сорттарының шаруашылық-биологиялық көрсеткіштері, балл (2015-2017 ж.ж.,орташа)

Сорттар

Төзімділік

жығылуға

төгілуге

ауруларға

1

Маржан

8

9

1

2

Ару

8

9

2

3

Янтарь

9

9

1

4

Анаит

9

9

1

5

КазНИИР-5

8

9

1

6

КазЕр-6

7

9

1

7

АйСауле

7

9

1

Қайсы бір аймақта болмасын, егілетін сорттар жығылуға, төгілуге және ауруларға, зиянкестерге төзімді болуы шарт. Әйтпесе, өсірілген өнімді немесе оның бөлігін жоғалту ғажап емес. Кестеде көрсетілгендей, зерттеуге алынған сорттар ішінен Янтарь мен Анаит жығылуға өте төзімді екенін (Ресей сорттары) көрсетсе, жергілікті отандық сорттар олардан сәл төмен екенін байқатты. Оның ішінде Маржан, Ару және КазНИИР-5 – 8 балл болса, соңғы сорттар КазЕр-6 мен АйСауле 7 балл көрсетіп отыр. Зерттеуге алынған барлық 7 сорт төгілуге бірдей жоғары төзімділік көрсетті. Зерттеу жылдарында барлық сорттар ауруларға салыстырмалы түрде төзімді болып шықты. Жығылуға, төгілуге және ауруға төзімді болып шыққан сорттар салыстырмалы түрде жоғары өнімділік көрсетті (3-кесте).

Кесте 4

Арал өңірінің орталық-экологиялық аймағында зерттелген күріш сорттарының өнімділігі, ц/га

Сорттар

Зерттелген жылдар

Орташа

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

1

Маржан

70,8

60,2

57,3

59,8

2

Ару

40,0

43,5

41,4

42,6

3

Янтарь

59,2

60,0

58,6

59,1

4

Анаит

51,2

53,7

51,5

52,4

5

КазНИИР-5

55,3

58,1

54,9

56,7

6

КазЕр-6

56,2

61,3

58,4

59,5

7

АйСауле

63,5

66,2

62,8

64,4

8

ЕКЕС05

3,4

3,8

3,3

Танаптық тәжірибе жағдайында, жоғары агрофонда зерттелген күріш сорттары жылдар бойына біркелкі өнімділік көрсетіп отыр. Орташа өнім 42,6 центнерден 64,4 ц-ге дейінгі аралықта болды. Ең төменгі көрсеткіш өте ерте мерзімде (90 күнге дейін) пісетін Ару сортында тіркелсе, жоғары көрсеткіш – 64,4 ц/га – АйСауле сортында. Маржан, Янтарь, КазЕр-6 сорттары бірқатар өнімділік, яғни тиісінше 59,8; 59,1 және 59,5 ц/га көрсетіп отыр.

КазНИИР-5 сорты орташа деңгейде 56,7 ц өнімділік көрсетсе, дәні ірі Анаит сорты төмен деңгейдегі өнімділікті – 52,4 ц/га көрсетіп отыр. Жалпы алғанда, орталық аймақтың ескі егіліп келе жатқан суармалы жерлері үшін сорттар жақсы нәтиже беріп отыр.

Әдебиет:

  1. Жұматаева Ж., Бәкірұлы Қ., Тоқтамысов Ә., Елеуова Э., Бимағанбетов Б. Қазақстандық Арал өңірі аймақтарында күріштің инновациялық сорттарын өсірудің ерекшеліктері // «ХХІ ғасырдың зиялылық әлеуеті: Аграрлық ғылымның дамуына жас ғалымдардың үлесі» жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдар жинағы. – Алматы: ҚазҰАУ, 2015. – Т. 1. – 79-83 бб.
  2. Бакирулы К., Абдывалиева К., Ондашов Р., Жанабаев Н., Жуматаева Ж. Результаты зонального испытания допущенных к использованию и перспективных сортов риса // Матер. междунар. науч. конф. «Система создания кормовой базы животноводства на основе интенсификации растениеводства и использования кормовых угодий». – Алмалыбак: ТОО «Асылкітап» (Баспаүйі), 2016. – С. 509-513.
  3. Жайлыбай К.Н. Күріш егіншілігі және экологиясы. - Алматы, 2006.- 182 б.
Основные термины (генерируются автоматически): Ар, себу, сорт, Янтарь.


Похожие статьи

Қызылорда облысында күріштің «новатор» сортын егудің инновациялық технологиясын күріш шаруашылығында қолдану

Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы

Жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану

Лексикалық тұлғалар жасалуындағы көнеленген көмектес септік жалғауының орны

Инновациялық ортаны қалыптастыру негізінде инновациялық қызметті ұйымдастырудың және басқарудың жүйелік тәсілі

Жастардың жыныстық мінез-құлқын қалыптастыруға әсер ететін факторлар

Оқытудың инновациялық технологиялары – шәкірттің тұлғалық болмысын дамыту құралы

Кеңістіктік-уақыттық флуктуациялар және олардың шашырау заңдары

Болашақ мамандардың инновациялық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары

Похожие статьи

Қызылорда облысында күріштің «новатор» сортын егудің инновациялық технологиясын күріш шаруашылығында қолдану

Қазақстанда кәсіптік-техникалық оқу орындарының қалыптасуы және олардың әлеуметтік бағыттылығы

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы

Жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдану

Лексикалық тұлғалар жасалуындағы көнеленген көмектес септік жалғауының орны

Инновациялық ортаны қалыптастыру негізінде инновациялық қызметті ұйымдастырудың және басқарудың жүйелік тәсілі

Жастардың жыныстық мінез-құлқын қалыптастыруға әсер ететін факторлар

Оқытудың инновациялық технологиялары – шәкірттің тұлғалық болмысын дамыту құралы

Кеңістіктік-уақыттық флуктуациялар және олардың шашырау заңдары

Болашақ мамандардың инновациялық іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары

Задать вопрос