Асханалық қызылшаны Қызылорда облысы жағдайында өсірудің технологиялық ерекшеліктері | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №4 (242) январь 2019 г.

Дата публикации: 31.01.2019

Статья просмотрена: 102 раза

Библиографическое описание:

Косанов, С. У. Асханалық қызылшаны Қызылорда облысы жағдайында өсірудің технологиялық ерекшеліктері / С. У. Косанов, К. Б. Байтуган. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 4.1 (242.1). — С. 10-11. — URL: https://moluch.ru/archive/242/56176/ (дата обращения: 18.12.2024).



Асханалық қызылша құрамына көптеген көмірсулар (тамыржемістерде 8–12 % қант), белоктар, пектинді заттар, клетчаткалар, органикалық қышқылдар бар. Тамыржемістерінде С витаминінен бөлек В тобының (В1, В2, В3, В9) витаминдері, каротиноидтар мен микроэлементтер болады. Қызылшада марганец (өсуші ағза үшін аса қажетті), калий, темір, кальций, кобальт тұздары бар, ал йод құрамы бойынша көкөніс дақылдары арасында алғашқы орынды алады.

Ол диетикалық қасиетке ие: ішек-қарын жұмысын жақсартып, жүрек қызметін белсендендіреді, асқазан ауруларына, түтікшелердің склерозына, гипертонияға өте пайдалы.

Ғылыми зерттеу жұмыстары Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округіне қарасты «Жаса Агро» ЖК жүргізілді. Зерттеудің мақсаты тамшылатып суару технологиясы бойынша асханалық қызылшаны өсіру; отандық селекцияның тұңғыш сорты Қызылқоңырдың суару тәсілдеріне байланысты өнімділігі, тамыржемістерінің сапасы анықталды.

Зерттеу аймағының топырақ жамылғысына агрохимиялық талдау нәтижесі механикалық құрамына байланысты — орташа сазды, тұздану типі — хлоридті-сульфатты, тұздану деңгейі — орташа тұзданған екендігін көрсетті.

Қызылша өзінің пайда болуы бойынша топырақтың жоғарғы тұздылығына қабілетті өсімдік болып саналады. Ол басқа көкөніс дақылдарына қарағанда топырақтағы барынша жоғары тұз концентрациясына төзе алады. Қызылша топырақтың тыңайтқыштармен толықтырылғандығына, сондай-ақ оның қышқылдылық дәрежесіне де жоғарғы талап қояды. Қызылша топырақтың жоғарғы қышқылдылығына төзе алмайды. Мұндай топырақтарда өскіндердің олардың саңырауқұлақтармен зақымдануы кесірінен кесіліп қалуы мүмкін.

Таблица 1

Топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері

Үлгі

Азот, мг/кг

Топырақтағы жалпы үлесі, Р2О5, мг/кг

Топырақтағы жалпы үлесі, К2О, мг/кг

Гумус, %

Үлгі № 1

36,4

14,8

228

0,94

Мұнда азот, фосфор және калий сияқты негізгі элементтер үлесі төмен, ал қарашірік мөлшері бір пайызға да жетпегендіктен, органоминералдық тыңайтқыштар беруді талап етеді.Біз өзіміздің зерттеу жұмыстарында Аммофос 200 кг/га және үстеме қоректендіру мақсатында SOLU Veg (20.20.20.) пайдаландық.

Тамшылатып суару кезінде су, қоректік заттар және басқалары мақсатты пайдаланылады десек болады. Сонымен қатар басқа әдістермен салыстырғанда (жүйектеп, аңызбен, жаңбырлату арқылы) топырақтың шайылуы да төменгі деңгейде болады немесе тіптен болмайды.

Алайда біздің зерттеулерімізде тек өсуіне, өнімділігіне, сапасы мен сақталуына тек суару тәсілдерінің әсерін зерттеу мақсатында, топырақ өңдеу, тыңайту, тұқымды өңдеу шаралары бірдей болды.

капельное орошение столовой свеклы

Сурет 1. Асханалық қызылшаны тамшылатып суару

Жүйектеп суарумен өсіру кезінде тұқымды сепкеннен кейінгі таптау, арамшөптерін кетпендеу, суару сияқты қол жұмыстары өте көп болады. Ал, тамшылатып суару кезінде тамшылатқыш маңайында өскен арамшөптерді (олардың мөлшері көп те болмайды) 2 рет қолмен жұлу жұмыстары ғана қолмен жасалынады. Демек, тамшылатып суару адам күшін аз пайдаланылатындығы жағынан да тиімді болып келеді.

Қорытынды:

1. Қызылорда облысы жағдайында асханалық қызылшаны тамшылатып суарумен өсіргенде су шығыны 43,5 %-ға азайды.

2. Асханалық қызылшаны тамшылатып суару кезінде жүйектеп суарумен салыстырғанда тауарлы тамыржемістердің шығымы 6–7 %-ға және сапалық қасиеттері артты.

Основные термины (генерируются автоматически): SOLU.


Похожие статьи

Қызылорда облысында қауын дақылын өсірудің проблемалары мен келешегі

Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы және көпқатарлы үлгілерінің шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша салыстырмалы талдауы

Қызылорда облысының орталық ауданында жоңышқа дақылының өсуін суару режимінің әсері

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Балалардың рухани үйлесімді дамуындағы мектеп пен ата-ана байланысын жақсарту жолдары

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдердің құқықтық негіздері

Тегіс құрғаған суайрық жазықтарындағы зоналық өсімдіктер туралы түсінік

Қылмыстылықпен күресуде қылмыстылықтың алдын алуды ұйымдастыру жүйесі

Қазіргі отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері

Похожие статьи

Қызылорда облысында қауын дақылын өсірудің проблемалары мен келешегі

Қызылорда облысы жағдайында арпаның екіқатарлы және көпқатарлы үлгілерінің шаруашылық-биологиялық белгілері бойынша салыстырмалы талдауы

Қызылорда облысының орталық ауданында жоңышқа дақылының өсуін суару режимінің әсері

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Балалардың рухани үйлесімді дамуындағы мектеп пен ата-ана байланысын жақсарту жолдары

Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрастырудың әдістемелік негіздері

Жер қойнауын пайдаланушылар төлейтін салықтар мен арнаулы төлемдердің құқықтық негіздері

Тегіс құрғаған суайрық жазықтарындағы зоналық өсімдіктер туралы түсінік

Қылмыстылықпен күресуде қылмыстылықтың алдын алуды ұйымдастыру жүйесі

Қазіргі отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері

Задать вопрос