«Ботаника» пәнін қашықтықтан оқытуда көмекші электронды оқыту ресурстарын пайдалану | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 26 октября, печатный экземпляр отправим 30 октября.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Назарова, Г. А. «Ботаника» пәнін қашықтықтан оқытуда көмекші электронды оқыту ресурстарын пайдалану / Г. А. Назарова, Айганым Нурсултанкызы. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 8.1 (246.1). — С. 17-18. — URL: https://moluch.ru/archive/246/56724/ (дата обращения: 18.10.2024).



Жоғары оқу орындарында оқыту үдерісін ұйымдастыру формасының бірі — қашықтықтан оқыту. Қашықтықтан оқыту дегеніміз, оқу үдерісінде заманауи компьютерлер мен телекоммуникациялық технологиялар негізінде сырттай және күндізгі білім беру түрі.

ЖОО сырттай бөлімде оқитын білім алушыларды қашықтықтан оқытуда кейстік технология қолданылады. Кейстік технология, студентке (е-универ сайты арқылы) оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады.

Қашықтықтан оқыту формасы жөнінде сөз болғанда, бір тұтас, яғни ақпараттың электрондық нұсқаларын: виртуальді кітіпхана, электронды оқу құралы, электронды аталастар және т. б. енгізуге болатын ақпараттық-білім беру кеңістігін жасау туралы айтуымыз керек.

Қашықтықтан ботаникалық білім беруде қолдануға болатын тиімді оқыту құралдарның бірі — электрондық энциклопедиялар, цифрлы атластар және анықтағыштар жүйесі.

Электрондық энциклопедиялар — кәдімгі анықтамалық-ақпараттық басылымдар-энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтардың т.б аналогтары болып саналады [1].

Бұндай энциклопедияларды жасау үшін гипермәтінді жүйелер мен гипермәтінді белгілердің тілдері қолданылады, мысалы HTML.Өздерінің қағаз аналогтарына қарағанда олардың қосымша қасиеттері мен мүмкіндіктері бар:

− оларда тірек сөздер мен ұғымдар бойынша іздеудің ыңғайлы жүйесі болады:

− гиперсілтемелер негізіндегі навигацияның ыңғайлы жүйесі;

− аудио және бейне фрагменттерді қамту мүмкіндігі.

Цифрлы атластар және анықтағыштар жүйесі аталған мақсат стандарттарына жетуге мүмкіндік туғызады, оның функционалдық мүмкіндіктері және мазмұнынан туындайды.

Барлық аталған цифрлы атласты анықтағыштар өсімдік атаулары және керек жарақтарын анықтауға арналған құрал саймандар; илюстрациялар және түрлердің сипаттамаларын басқа қолдануға ыңғайлы және оңай белгісіз обьектілерді классификациялаудың компьютерлік бағдарламаларын құрайды, олар қашықтықтан оитын студенттер үшін өте маңызды.

Барлық цифрлы атласты анықтауыштарда іздеуді жүзеге асырудың бірнеше мүмкіндіктері қарастырылған атауы бойынша іздеу, сурет бойынша іздеу және де берілген атлас анықтауыштың барлық обьектілеріне тән белгілері бойынша морфологиялық (сыртқы) анықтауышы бойынша іздеу.

Атлас анықтауыш мүмкіндік береді:

− суретті (кескін) атауы бойынша табуға

− сыртқы түріне және морфологиялық (сыртқы) сипатына байланысты өсімдікті анықтауға.

Сабақ барысында көрсетуге (демонстрация) практикалық және лабораториялық жұмыс өткізуге, табиғатта экскурсия өткізуге арналған өсімдіктердің суреттерінің жеке дара меншікті коллекция (жинақтама) жасауға.

Цифрлы атлас анықтауыш өзгертулермен жаңалауға мүмкіндік беретін құрал. Онымен жұмыс процесінде, жаңа материалдар қосып және өзінің меншікті анықтауыштарында құруға, оның құрамын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Атлас анықтауыштарды оқытушылар ботаника сабағын студенттердің өзіндік (жеке) жұмыстарын ұйымдастыруда қолданылуы мүмкін. Бұл қолданылым ботаника курсын тақырып бойынша меңгеруге, тақырып бойынша білім беру пәндік құзыреттліктерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Атлас анықтауыштар оқытушыға ботаника сабағына жаңа материалдарды түсіндіруге қатысты өсімдіктердің цифрлы кескіндегі көрсетілім жиынтығын жоспарлауға мүмкіндік береді. Ал студенттер практикалық жұмыс барысында мынадай мүмкіндіктерге ие болады:

− биологиялық ақпаратты іздеуді өзі жүргізуге;

− белгісіз биологиялық обьектіні дербес анықтауға;

− тұқымдастардың, түрлердің жалпы белгілерін анықтауға;

− түрлерді анықтауға кірмей қалған суреттер мен кескіндеуді қоса отырып анықтауыштарды толықтыруға және кеңейтуге;

− оқытушы тапсырмасы бойынша тақырыптық іріктеуі құрастыруға.

Осылайша ботаника пәні бойынша атлас анықтағыш жүйесі студенттердің ботаника бойынша дайындық деңгейін құзыреттіліктерге сәйкес қамтамассыз ете алады, мысалға:

− өз (тұрғылқты) аймағының өсімдіктерін морфологиялық белгілері бойынша тани алуға;

− өсімдіктерге байланысты керекті ақпаратты таба білуі, ботаникалық ақпаратты талдауға қатысу

− өсімдіктерді салыстыра білу, оның қай жүйелік топқа жататындығын анықтау(жіктеу жүргізу).

Атлас анықтауыштар оқу үдерісінде төмендегі жағдайларға байланысты кең қолданымға ие болуы мүмкін:

− атауын айқындайтын және қандайда бір өсімдіктің жүйедегі орнын белгілейтін анықтауыш;

− қоры иллюстрацияға бай, оқу кезінде және білімді бекіту және тексеру кезінде қолдануға мүмкіндік беретін;

− атлас анықтауыштарға қосылған түрлер және де таксондарға (түрі, туысқа, кластарға,бөлімдерге, тұқымдастарға) жататын түрлерге толық сипаттама берілген ақпаратты ресурстардың болуы жағдайы;

− өзінде бар материалдарғаа сүйене отырып баяндамаға презентация дайындауға мүмкіндік беретін.

Атлас анықтауыштың көмегімен оқытушы әрбір студентке арналған жекелеген оқу жоспарын іске асыра алады. Сонымен қатар, тірі табиғат обьектілерінің цифрлы иллюстрациялы атлас анықтауыштардың ресурсы (қоры) кең ауқымды болғандықтан, студенттер оны далалық және үй жағдайында сонымен қатар оқу қызметі барысында және табиғатты өз бетінше зерттеуінде материалдарды таңдауға және дайындауға қолдана алады.

Телефонмен түсірілген фотосуреттерден иллюстративті немесе электронды кеппешөп түрлерін құрастыруға болады.

Иллюстративті кеппешөп немесе электронды кеппешөп деп — ол скайнерленген немесе фотосуреті жасалған өсімдік бейнелерінің систематикалық категорияларымен топтастырылған кеппешөптерді электронды бейнесін айтады [2].

Өсімдік сипаттамасы қамтиды:

− морфологиялық сипаттамасы;

− биологиялық ерекшеліктері;

− таралу аймақтары;

− маңызы.

Ұялы телефонды және компьютерді пайдаланып, түрлі ботаникалқ тақырыптар бойынша өздеріне қолайлы анықтауыштарды құрастыруға тапсырмалар беруге болады: жергілікті жер өсімдіктерінің иллюстративті кеппешөптерін, электорнды альбомдар және камераға фенологиялық бақылаулар нәтижесін түсіру арқылы бейнефильмдер т. с.с түсірулеріне.

Әдебиет:

1. Коджаспирова Г. М. Технические средства обучения и методика их использования: учебное пособие для студентов педагогических ВУЗов / Г. М. Коджаспироа, К. В. Петров. — М.: Академия, 2002. — 256 с.

2. http://rifmovnik.ru/lib/4/book07.htm

Основные термины (генерируются автоматически): атлас, ботаник, мена.


Похожие статьи

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Пәнаралық интеграция негізінде оқушының құзырлылығын қалыптастыру

«Физика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының ерекшеліктері

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Қашықтықтан оқыту жүйесін психологиялық тұрғыдан тиімділігін арттыру

«Бұлттық технологиялар» — оқу үдерісін ұйымдастыру барысындағы информатика пәнін оқытудың жаңа заманғы ресурсы

Тотығу-тотықсыздану жүйелерінің электродтық потенциалдарын салыстыру арқылы реакциялардың жүру бағытын болжау

Эксперименттік жұмыстарда проблемалық жағдай туғызу негізінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалай дамытамын?

Похожие статьи

Халықтың тұрмыс деңгейін арттыруда отбасылық бизнестің ықпалын талдау

Пәнаралық интеграция негізінде оқушының құзырлылығын қалыптастыру

«Физика» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасының ерекшеліктері

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы

Орта мектеп оқушыларының бойына аймақтық-өлкетану материалдарын пайдалану арқылы танымдық қабілеттерін дамыту

Жоғары сынып оқушыларының логикалық ойлау мотивтерін дамыту бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар

Қашықтықтан оқыту жүйесін психологиялық тұрғыдан тиімділігін арттыру

«Бұлттық технологиялар» — оқу үдерісін ұйымдастыру барысындағы информатика пәнін оқытудың жаңа заманғы ресурсы

Тотығу-тотықсыздану жүйелерінің электродтық потенциалдарын салыстыру арқылы реакциялардың жүру бағытын болжау

Эксперименттік жұмыстарда проблемалық жағдай туғызу негізінде оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін қалай дамытамын?

Задать вопрос