Күріш ауыспалы егістігінде жүгері өсіруде су үнемдеу технологиясы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Спецвыпуск

Опубликовано в Молодой учёный №15 (253) апрель 2019 г.

Дата публикации: 17.04.2019

Статья просмотрена: 137 раз

Библиографическое описание:

Шаянбекова, Б. Р. Күріш ауыспалы егістігінде жүгері өсіруде су үнемдеу технологиясы / Б. Р. Шаянбекова, А. А. Тажибаев. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 15.1 (253.1). — С. 17-19. — URL: https://moluch.ru/archive/253/58195/ (дата обращения: 19.12.2024).



Қазақстанның Арал өңіріндегі егіншілік шаруашылығының жағдайына жасалған талдау, оның болашақтағы дамуы су қорларының катаң шектелуінде және ауылшаруашылығы өндірісіне пайданылатын инвестициялық шығындарға тікелей байланысты болатынын көрсетуде [1].

Өңірдің ауылшаруашылық жүйесінің тұрақты дамуын каматамасыз ететін, өндірістік шығындарды үнемдеуге бағытталған инновациялық технологияларды кеңінен қолдану мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл жағдайда, аймақтың агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағытының негізгі кезеңдері — өңірдегі жер және су ресурстарын пайдалану саясатын өзгертіп, негізгі үлесті күріштен басқа, бәсекеге қабілетті, жергілікті аймактың азық түлік саласының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін дақылдарға беру арқылы жүзеге асырылуға тиісті [1]. Сондықтанда, күріш ауыспалы егістігінде күріш дақылына қарағанда бірнеше есе су ресурcтарын үнемді қажет ететін жүгері және т. б. дақылдарын кең көлемде өсіруді қолға алу керек.

Жүгері біздің елімізде сүрлемдік дақыл ретінде бірінші орында. Оның собықтарын сүттену-балауыздану мен балауызданып пісу фазасында жеке собықтарынан немесе жапырақтары және сабақтарымен қосып сүрлем дайындайды. Жүгері сүрлемінің жемдік қасиеті өте жоғары. Жүгерінің құрғаған жапырақтары мен сабағын малға азық ретінде туралған күйінде, әсіресе шырынды жемдермен араластырып та пайдаланады. Ал жүгерінің жас жасыл жапырақтары мен сабақтары өңдемей-ақ малға жем. Жүгері егісін табиғи-экономикалық аудандарға дүрыс орналастырып өсіргенде және агротехналогиялық талаптарды орындау арқыл одан өте жоғары, түрақты дән және кек балауса өнімі алынады [2].

Қызылорда облысы көлеміндегі күріш ауыспалы егістігінде жүгері дақылы, қазіргі кезеңмен салыстырғанда Кеңес Одағы заманында кең көлемде егілетін еді. Оның себебі, сол кезде малмен айналысатын көптеген шаруашылықтар үлкен ірі қара малдарын өндіретін кешенді фермалардың құрылымы қалыптасып жүйелі жұмыс істей бастаған болатын. Осыған байланысты құрылымдық байланыстар кешендік негізде малға құнарлы жем және сүрлемдік дақыл ретінде жүгеріні өсіру көлемі де көбейе бастаған болатын.

Қазақстан Республикасы болып егемендік алғаннан кейін, ауыл шаруашылықтарыдағы біріктірілген үлкен шаруашылықтар күйреп, жүйе өзгеріп, жер иелімдері, егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар жекешеленіп, нарықтық құрылымдық пайда табу жолы көзделіп, күріш ауыспалы егістігінде тек күріштен мол өнім алыу жолдары қарастырылды. Қызылорда облысының күріш ауыспалы егістігінде жүгері дақылын тек мал азығы бағытында өсіріп, өндіру болып саналады. Еліміз егемендік алған уақытта мал шаруашылығы күрт төмендеп жүгері дақылының пайдалану деңгейі төмендеді. Қазіргі уақытта күріш ауыспалы егістігінде әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мал шаруашылығының өсуіне байланысты жүгері дақылын өсіру жоғарлап келеді. Қызылорда обылысында Қазалы, Жаңақорған аудандарында мал шаруашылығының өсуіне байланысты, жүгері дақылы көптеп егіле бастады.

Күріш ауыспалы егістігінде жүгері дақылының өсіру өте қолайлы ыңғайлы болып табылады. Жалпы жүгері дақылын өсіру үшін оны төрт бес рет суарады, ал күріш ауыспалы егістігінде жүгері дақылын суару екі есеге азайады. Өйткені күріш ауыспалы егістігінде дренаж, шаруашылық аралық каналдардың ылғал мөлшері көп болады. Күріш егілген атыздың бойында жүгері дақылын егу немесе дренаж шаруашылық каналдар бойында жүгері дақылын егу өндірісте кездеседі. Бұның ішінде Қызылорда обылысында көп жерлерде жолақтап (жал салу арқылы) суару тәсілімен егіледі.

Күріш ауыспалы егістігінде жүгері дақылы өнімін арттыру түрінің бірі уақытылы тыңайтқыш берілуі арқылы жердің құнарлы болуы. Оны жеткілікті пайдалану үшін, жүгері дақылының түбін култивациялау арқылы қобысытып отыру қажет. Ылғалды, ауа өткізгіштік қабілеті жоғары, құнарлы бос топырақты, жақсы жылыулықтағы жерлерде жақсы өсіп, жоғары өнім алуға болады.

Сепкеннен кейінгі қопсыту, қатараралықты өңдеу, өсімдікті арамшөптерден тазарту, аурулар мен зиянкестерден химиялық жолмен қорғау жұмыстары жүргізіледі. Дақылдың вегетация кезеңінде КРН-4,2 культиваторымен 3 рет қатараралық өңделеді: бірінші 7–8 жапырақ пайда болғанда 8–10 см тереңдікке, екінші — одан кейін 7–10 күннен соң, 6–8 см тереңдікке, ал үшінші — түтіктену сатысының алдында 4–6 см тереңдікте қопсытып, өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

Барлығымызға белгілі, жер құнарлығының алатын орны орасан, яғни суару жүйесінде тағы бір орын алатын ол топырақ қарашіріндісі көп болса онда жақсы, мол өнім алуға болады. Жүгері қуаңшылыққа, ыстыққа төзімді дақыл. Трансппирациялық коэффиценті 150–200. Жылу сүйгіш өсімдік, 30–35°С температурада жақсы өсіп дамиды, 40°С дейін ыстықты көтереді. Вегетация дәуірінде қажетті температура жиынтығы 2250–2500° С. Жарық сүйгіш және қысқа күн өсімдігі. Сонымен қатар, жүгерінің өнімділігі әрбір өсімдіктің жеке түсімінен және өсіру жағдайына байланысты болады. Сондықтан, белгілі көлемдегі өсімдіктер санымен олардың орналасу тәсілін дұрыс анықтаудың іс-саналық маңызы зор. Сол себепті дақылдың қолайлы тәсілі мен оңтайлы мөлшерін анықтау өнімділік қалыптастырудың басты факторларының бірі болып есептеледі.

Мұнда белгілі мөлшерде су үнемдеу, сондай-ақ басқа ресурстар суару жүйелері, еңбек және энергия шығыны, тыңайтқышты тиімді қолдануға мүмкіншілік туғызады. Жүгерінің өсіп-өнуі кезеңінде байқалатын тамшылатып суғарудың артықшылығы 1-суретте бинеленген. Тамшылатып суару тәсілін Израил мемлекеті, судың өте тапшы болуына байланысты 1950 жылдардан бастап қолдана бастады. Бастапқы кезеңдерде бұндай суару тәсілдері жылы жайларда ғана қолданыста болса, қазіргі кезең де ашық жерлер де қолданыс табылды. Тамшылатып суарудың тиімділігі судың қиын баратын және жетіспейтін учаскелеріне нақты беріледі.

C:\Users\Дархан\Desktop\3 сурет.png

Сурет 1. Жүгерінің өсіп-өнуі кезеңінде байқалатын тамшылатып суғарудың артықшылығы

Тамшылатып суару кезінде дақылды екі жапырақ болған кезден бастап клонкамен жауып тастайды сол кезде фотосинтез процесі жақсы жүреді. Топырақтың ылғалдылығының белгілі шамада және тұрақты қамтамасыз етілуі өсімдіктердің, оның ішінде жүгері дақылдарының өсіп-өнуіне маңызы жоғары. Топырақтың оңтайлы ылғалдылығы зерттеу нысандары ретінде алынып отырған жүгері дақылы үшін — 75–80 % шамасында [3].

Тамшылатып суару — суару тәсілі өсімдік тамырына су құбырлары арқылы қажетті мөлшерде дозаторлар арқылы реттеліп беріледі.

Тамшылатып суару кезінде су мол және тоқтаусыз келіп тұруы маңызды, бұндай процестерде су жүгері өсімдігіне бірдей және бір келкі барады және топырақты эрозияға ұшыратпайды керісінше топырақты ылғалдылықпен байытады. Тамшылату кезінде су шығыны болмайды, су есептеліп беріледі [4]. Тамшылатқыштардың бітеліп қалуына жағдай жасайтын суды тазартуға жоғарғы талаптарды қояды, бұл су көзінен алынатын судың ластану деңгейіне байланысты екі және одан да көп су тазарту жүйесін жоспарлауға мәжбүрлейді, суаратын суға су дайындау желісі құрылымына қосылған гидроқоректендіргішпен тыңайтқыштарды енгізуге мүмкіндік береді.

Қызылорда облысының шаруашылықтарының егістік алқабтарында жүгеріні өсіру әлі күнге дейін осы дәстүрлі суару әдісін пайдаланып егетіндігінде. Қарауылтөбе тәжірибе шаруашылығында жүргізілген зерттеулердің нәтежесі дәстүрлі суару әдісінен көрі тамшылатып суарған тиімдірек болып есептелуде. Құбырдағы тамшылатқыштың су шығыны сағатына 0,5–11,0 л. полиэтиленді құбырлар әр жүйек бойымен тартылады, ал капиллярлық қасиеті жоғары топырақтарда олар бір жүйек тастап тартылады. Тамшылатып суарғанда ең алдымен жер құнарлылығын жоғалтпайды, оның үстіне дәстүрлі суарудан су 2–3 есе аз жұмсалады және топырақтың құнарлылығын арттыратын тыңайтқыштар сумен бірге ағып кетпей алқапта қалады. Нәтижесінде шығын аз кетіп, өнімді молырақ алуға мүмкіндіктер береді.

Әдебиет:

  1. Карлиханов Т. К., Шермагамбетов К., Бакирулы К. Б., Вильгельм М. А. Рекомендации по ресурсосберегающей технологии возделывания риса. — Кызылорда, 2008. — 27 с.
  2. Жанзақов М. М., Мырзабек К. А. Агрономия негіздері. — Қызылорда, Тұмар, 2007. — 496 б.
  3. Әрінов Қ.К., Мұсынов Қ.М., Апушев А.Қ., Серекпаев Н. А., Шестакова Н. А., Арыстанғұлов С. С. Өсімдік шаруашылығы. — Алматы, 2011.
  4. Мұстафаев Ж. С., Рябцев А. Д., Апушев А.Қ., Сағаев Ә.Ә., Қозыкеева, Ә.Т., Қалманова Г.Қ. Суландыру жүйесін пайдалану.Тараз, 2007. — 321 б.
Основные термины (генерируются автоматически): мена.


Задать вопрос