Еліміздің Ата заңына барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістілігі жазылса да, өкінішке қарай, ерекше білімділікті қажет ететін балаларды оқыту өзекті мәселе болып тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан,ерекше білімділікті қажет балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет. Инклюзивті білім беру-ерекше білімділікті қажет ететін балаларды және дамуында ауытқушылықтары бар балалардың дені сау балалармен бірге білім алып,тәрбиеленуі мақсатындағы бірлескен оқыту процесі.
Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалық кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген. Атап айтсақ мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.
Бұл бағдарламаның басты міндеттерінің бірі — еліміздің инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады. Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігінде ескерген жөн. Ал бұл процессті жүзеге асыру үшін мектепте балаға психологиялық-педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына атап айтсақ оның бірі психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшелігі шаршағыштығымен, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында бұзылыстар байқалады. Психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық-педогогикалық қолдау (ППҚ) қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады, мұндайда әр маман өз бағыттары бойынша жұмыс істейді.
Жалпы инклюзивті білім беру — мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудін бір формасы. Нағыз инклюзия білім берудің 2 жүйесін: жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне қарама-қайшы қоймай, қайта жақындатады.
Инклюзивті оқыту — мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту — барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді. Кемтар балаларың ата-анасы көмекші не арнайы мектептер мен мектеп интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттер мен кластарға балаларын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК-ның қорытыңдысы бойынша көрсетілген, яғни баланың денгейіне қарай жеңілдетілген бағдарлама бойынша инклюзивті оқытуға міндетті. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы мұғалімдер — психолог, әлеуметтік мұғалім, олигофрено мұғалімі, логопед мұғалімдері болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш кластың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін мүмкіндігі шектелген кемтар, мүгедек балаларды инклюзивті оқыту курыстарына оқытып алулары қажет. Инклюзивті оқыту — негізгі принцептері:
- Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
- Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
- Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
- Барлық адам бір-біріне қажет.
- Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
- Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
- Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
- Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Еліміздің Ата заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы тиістігі жазылса да, өкінішке орай мүмкүндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе күйінен түспей тұр. Олардың қатары жыл сайын өсіп жатқандықтан, жарымжан балаларға білім беру жүйесін жетілдіру қажет. «Білім туралы» ҚР-ның Заңының 21-тармағының 3 тармақшасына сәйкес инклюзивті білім беру — оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу. Сондықтан мамандар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту қажет екендігін алға тартады.
Инклюзивті білім берудін мазмұны:
Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:
− жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары;
− мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары;
− мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті оқыту арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісін дамытуға болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ.
Әдебиет:
- Искакова А. Т., Мовкебаева З. А.,Закаева Г., Айтбаева А. Б., Байтурсынова А. А. Основы инклюзивного образования: Учебное пособие. -Алматы: L-Pride, 2013. — 280 c.
- Мовкебаева З. А., Денисова И. А., Оралканова И. А., Жакупова Д. С. Инклюзивное образование. Учебное пособие для ВУЗОВ. — Алматы, 2013. — 200 с.
- Декларация о правах инвалидов. Резолюция 3447(XXX), принятая Генеральной Ассамблеей 9 декабря 1975 года.
- Мовкебаева З. А., Денисова И. А., Оралканова И. А., Жакупова Д. С. Методические рекомендации по подготовке педагогов к внедрению инклюзивного образования. — Алматы, 2013. — 165 с.
- Закон Республики Казахстан «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан». 05.07.2011 г.