Қазіргі таңда Арал өңірінің экологиялық жағдайы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Арал теңізінің табанынан атмосфераға жылына 200 млн тонна тұзды шаң-тозаң шығады. Бұл өзгерістер аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осыған орай, Аралды қалпына келтіру жұмыстары бойынша әлем ғалымдарының ғылыми басқосулары ұйымдастырылып, түрлі ғылыми жобалары жасалуда. Кіші Аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгеті салынды. Нәтижесінде тартылып қалған тұзды көлдің табанын су жауып, тіршілік қайта жандана бастады. Еліміздегі көлемді атқарылып жатқан іс–шаралардың нәтижесінде жергілікті жердің экологиялық жағдайы біршама оңтайландырылып, Солтүстік Арал маңындағы балық шаруашылығы қайта қолға алынды. Қазіргі таңда Аралды қалпына келтіру жұмыстары үшін елімізде көптеген іс-шаралар жасалып, халықаралық деңгейде кешенді жобалар іске асуда [1].
Су мен тіршілік егіз, яғни ол табиғаттың керемет туындысы, өмір арқауы. Адам ағзасы үшін ауыз судағы еріген химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің мәні зор. Ауыз су-барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады [2].
Аталған мәселе Арал маңындағы су көздерінің химиялық құрамын және олардың адам денсаулығына әсерін анықтау мақсатында ғылыми-зерттеулерді жүргізуге арқау болды. Зерттеу жұмысы барысында Арал теңізінің солтүстік жағалауында орналасқан «Жалаңаш» ауылы Арал-Сарыбұлақ су құбырынан алынған судың, құдық суының (грунт сулары) және теңіз суының биологиялық, химиялық құрамына талдау жасалып, су құрамындағы ауыр металдар катиондарының мөлшері анықталды.
Зерттеу жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Экология және химиялық технологиялар» кафедрасының «Физикалық-химиялық анализ әдістері» химиялық зертханасында жүргізілді (кесте 1, 2, 3, 4, 5, 6).
Кесте 1
Арал-Сарыбұлақ су құбырынан алынған судың құрамын зерттеу нәтижесі
Көрсеткіш атаулары
|
Концентрациялық мөлшері |
Нормативтік көрсеткіштері |
20 С иісі 20С Дәмі Түсі Лайлылығы мг\дм 3 станд. шкала бойынша |
0 0 0 1 |
2-ден кем емес 2-ден кем емес 20-дан кем емес 1,5-ден кем емес |
Кесте 2
Теңіз суының құрамын зерттеу нәтижесі
Көрсеткіш атаулары
|
Концентрациялық мөлшері |
Нормативтік көрсеткіштері |
20 С иісі 20С Дәмі Түсі Лайлылығы мг\дм 3 станд. шкала бойынша |
5 2 89 16 |
2-ден кем емес 2-ден кем емес 20-дан кем емес 1,5-ден кем емес |
Кесте 3
Құдық суының құрамын зерттеу нәтижесі
Көрсеткіш атаулары |
Концентрациялық мөлшері |
Нормативтік көрсеткіштері |
20 С иісі 20С Дәмі Түсі Лайлылығы мг\дм 3 станд. шкала бойынша |
2 2 40 11 |
2-ден кем емес 2-ден кем емес 20-дан кем емес 1,5-ден кем емес |
Зерттеуге алынған сулардың химиялық құрамы фотоэлектрокалориметр (КФК-625), спектрофотометр аспаптарымен талданды, қышқылдылығы лакмус индикаторлары көмегімен анықталды. Сулардың тұздылығы кондуктометр аспабы көмегімен анықталды, яғни Арал-Сарыбұлақ су құбырының тұздылығы-450мг\дм3, теңіз суының тұздылығы-700 мг\дм3, құдық суының тұздылығы-550мг\дм3. Судың кермектігін комплексонометрия әдісімен анықталды, яғни 1 л судағы кальций және магнийдің мг- эквиваленттерінің қосындысымен сипатталады [4].
Анализ барысында зерттелетін суды аммоний буферлік қоспасымен рН–10 болғанша сілтіледік. Индикатор ретінде арнайы хромоген қара ЕТ-00 ерітіндісін пайдаланылды, ол Са2+ және Мg2+ иондарымен шарап қызыл түсті ерімтал комплекстерді түзді:
Са2+ + Н2Ind2- → Cand2- +2Н+; 1\К= 3.9∙ 10–6
шарап қызыл
Mg2+ + H2 Ind2- → MgInd2- +2H+; 1\К = 1∙ 10–7
Ca2+ және Mg2+ ЭДТА-мен тұрақсыздық константалары едәуір кіші (2,7∙ 10–11, 2∙ 10–9) Сондықтан ЭДТА ерітіндісімен титрленгенде, ол тиісті комплекстерден индикаторды ығыстырып шығарып, одан да берік комплекстер түзді. Реакциядан босап шыққан индикатордың түсі көк. Эквиваленттік нүктеде ертіндінің шарап қызыл түсі көкке ауысады.
МeInd- + Na [H2 I] = Na2 [MeI]+ Hind2- +H+
шарап қызыл көк
Кесте 4
Арал-Сарыбұлақ су құбырынан алынған судың химиялық құрамы
Көрсеткіш атаулары |
Концентрациялық мөлшері |
Нормативтік көрсеткіштері |
рН Аммиак Нитриттер Нитраттар Кермектілігі Хлоридтер Сульфаттар Темір Фтор Марганец Мыс |
7 0,03 0,003 0,2 1,5 72 150 0,14 0,76 0,2 0,05 |
6–9 2-ден кем емес 3,3-ден кем емес 45-ден кем емес 7-ден кем емес 350-ден кем емес 500-ден кем емес 1,2-ден кем емес 1,2-ден кем емес 0,1-ден кем емес 1-ден кем емес |
Кестеден көріп отырғанымыздай судың рН -7 яғни орта бейтарап, жалпы кермектігі 1,5 демек жұмсақ, нитриттер, нитраттар мөлшері аз және аз хлоридты екені анықталды. Онда улы алюминий, сынап, мышьяк, қорғасын, кадмий иондарының жоқ екенін, яғни судың экологиялық тұрғыдан тазалағын дәлелдейді. Дегенмен химиялық талдау барысында судағы фтор мөлшерінің нормативтік көрсеткіштен төмендеу екенін көруге болады.
Кесте 5
Теңіз суының химиялық құрамы
Көрсеткіш атаулары |
Концентрациялық мөлшері |
Нормативтік көрсеткіштері |
рН Аммиак Нитриттер Нитраттар Кермектілігі Хлоридтер Сульфаттар Темір Фтор Марганец Мыс |
7 2,75 0,011 0,2 12,5 15,3 220 0,32 1,37 22,6 0,15 |
6–9 2-ден кем емес 3,3-ден кем емес 45-ден кем емес 7-ден кем емес 350-ден кем емес 500-ден кем емес 1,2-ден кем емес 1,2-ден кем емес 0,1-ден кем емес 1-ден кем емес |
Кестеден көрсетілгендей теңіз суының жоғары тұздылығы және кермектігі айқындалған, дегенмен суда токсиканттардың құрамы бойынша ауытқушылық байқалған жоқ.
Кесте 6
Құдық суының химиялық құрамы
Көрсеткіш атаулары |
Концентрациялық мөлшері |
Нормативтік көрсеткіштері |
рН Аммиак Нитриттер Нитраттар Кермектілігі Хлоридтер Сульфаттар Темір Фтор Марганец Мыс |
7 1,68 0,0058 0,2 7,8 58 190 0,24 1,2 11,9 0,10 |
6–9 2-ден кем емес 3,3-ден кем емес 45-ден кем емес 7-ден кем емес 350-ден кем емес 500-ден кем емес 1,2-ден кем емес 1,2-ден кем емес 0,1-ден кем емес 1-ден кем емес |
Алынған мәліметтер негізінде төмендегідей қорытындылар алынды, яғни Арал-Сарыбұлақ су құбырының суын зерттеу нәтижесінде су құрамында ауыр металдар жоқ, жұмсақ, экологиялық таза екендігі анықталды. Дегенмен судағы фтор мөлшерінің төмендеуі балалар арасында тіс жегісі ауруын туғызатынын көрсетеді, яғни жергілікті орта мектептің 1–5 сынып оқушыларының 61,4 % тіс жегісімен ауыратындығы анықталды. Сонымен қатар әскерге шақырылған жасөспірімдердің медициналық сараптамалары көрсеткендей 79,3 %-ның тістері бұзылғаны анықталған.
Теңіз суының құрамындағы ауыр металдар иондарының болуы және суда аммоний, сульфаттар, нитраттар және хлоридтер ШРК-дан жоғары екендігі анықталды. Кейінгі жылдары мұндай сулы ортадан камбала, сазан, торта, тісті ақбалық, жайын, шортан, лақалардың аулануы байқалуда, яғни судағы токсиканттардың құрамы бойынша айқын өзгерістердің байқалмағандығын көрсетеді. Сонымен қатар, қорғасын, мыс, мырыш элементтерінің анықталуы Арал теңізінің табанындағы тұздың таралуына тікелей байланысты. Құдық суының құрамы жерасты суларымен байланысқандықтан элементтердің жерасты суларының химиялық құрамына сәйкестігімен түсіндіріледі.
Әдебиет:
- Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. Арал өңірінің экологиясы. -Алматы, 1996.
- Нұрғызарынов А. Аралдың экологиялық тынысы. — Алматы, Ғылым, 2006.
- Михайлов В. Н., Добровольский А. Д. Гидрология. — М., Высшая школа, 2007.
- Мұсабекова А., Шалдыбаева А., Нұртаева Ә., Әділханова С. Аналитикалық химиядан методикалық нұсқаулар. — 1991.