Қазіргі қарқынды дамып келе жатқан әлемде басты бес мәселе: халықтың кедейлігі, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, энергияны тұтынудың өсуі және қазбалы отын қорларының сарқылуы. Сондықтан қазбалы органикалық ресурстарды тиімді пайдалану, баламалы жаңа энергия көздерін дамыту қазіргі кезеңде ең күрделі және өзекті проблемалардың бірі болып табылады.
Адамдардың материалдық, ал нәтижесінде тұрмыс жағдайының деңгейі, өмір сүру сапасы энергияны пайдалануна санына тікелей тәуелді. Бұл проблемаларды шешу екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді. Біріншісі-қоғамның қажеттілігі шексіз, екіншісі-ресурстар шектеулі[1].
XX ғасырда энергия ресурстарының тұтынyының өсуі оның халық санының өсу қарқынынан едәуір артық үрдіспен дамуын көрсетеді. Халықаралық МАГАТЭ мәліметтері бойынша, адамзат XX ғасырдың соңғы ширегінде бүкіл өткен тарихтан 2 есе көп энергия тұтынды. Ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша қазіргі демографиялық үрдіс жағдайында халық саны 40–50 жыл аралығында екі есе өсіп отырса, онда энергия өндіру мен тұтыну әрбір 12–15 жыл сайын осындай есемен артады [2, 18–25 б.].
Адамзаттың энергетикалық қажеттілігі негізінен энергия ресурстарының үш түрі: органикалық отын, су және атом ядросы есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда, органикалық қазбалы отындар басты энергия көзі болып отыр. Қазіргі уақытта осындай отын ресурстарын жағу есебінен энергияның 90 % дейін өндіріледі. Жалпы әлемде энергия теңгерімінің мұнай-40,1, көмір-27,8, табиғи газ-22,9 пайызын құрайды.Бұл ретте өнеркәсіптік дамыған елдерде мұнай мен мұнай өнімдері негізінен көлік отыны ретінде пайдаланылады. АҚШ-та мұнай елдің жалпы энергия теңгерімінде 44 % — ды, ал электр энергиясын алуда 3 % — ды ғана құрайды. Мамандардың болжамы бойынша, 2020 жылға дейін әлемдік энергетикадағы көмірдің үлесі 25 % — ға дейін артады, бұл ретте Қытай мен Үндістан осы отынның 80 % — ға жуық көлемін тұтынады (қазір осы екі елге әлемде тұтынылатын тас көмірдің 45 % — ы келеді) [3].
1-сурет. XX ғасырдағы электр энергиясын өндірудегі жалпы әлемдік энергетикалық ресурстардың үлесі, пайызбен [4, 6 б.].
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары 1 баррель (159 л) мұнайдың бағасы 10,82 долларды құраса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 145,31 долларға жетті. Бұдан 50 жыл бұрын 1 баррелдің қуаты 50 баррель мұнайды өндіруге (1:50) жеткілікті болса, яғни 50 кг мұнай өндіру үшін 1 кг энергияны жұмсалса, 1980 жылдары мұнайды жеткізу шығындарын қоса есептегенде, бұл көрсеткіш 1:5-ге дейін төмендеді. Мамандардың есебі бойынша жақын болашақта бұл ара қатынас 1:1 құрайды, яғни өндірілген мұнай энергиясы оны өндіруге шығаратын энергияға тең болады деп болжамдалуда. Сонымен қатар, қазіргі уақытта әлемнің ірі кен орындарында мұнай мен газ өндіру қуаттарын пайдаланудың қарқындылығы барынша жоғары деңгейіне болып отыр. Энергия ресурстары мемлекеттің экономикалық дамуы мен қуаттылығы үшін маңызы зор және айқын болып cаналады. Кез келген елдің экономикалық қуаты, бірінші кезекте оның отын-энергетика кешені әлеуетімен анықталады. Бұл көрсеткіш энергия ресурстарының тұтынуға қатынасын білдіретін энергиямен қамтамасыз ету коэффициентімен (ҚЕК) сипатталады. Егер ҚЕК < 1 болса, ел энергия ресурстарын импорттайды, егер ҚЕК > 1 болса, онда сауда балансында экспорт басым. Соңғы он шақты жылдар аралығында органикалық ресурстармен өзін-өзі қамтамасыздауда, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания және Канада және мұнайға бай араб елдерінің басымдылығын көрсетті. Посткеңестік республикалардан Ресей (ҚЕК-1,57), Қазақстан (2), Әзірбайжан (1,62), Түрікменстан (3,31) және Өзбекстан (1,1) энергетикалық тәуелсіз болып табылады. ТМД республикалардың ішінде Молдавияның (0,02) және Белоруссияның (0,14) өзін-өзі қамтамасыз етілуі өте төмен деңгейде сипатталанады [5, 9–14 б.].
Жалпы түрде елдің минералдық-органикалық шикізатпен қамтамасыз етілуі мынадай қатынаспен анықталады [6]:
D=Q + R + I = m+E
мұнда, D-ресурстарға экономиканың жалпы қажеттілігі; m-ұлттық шаруашылықтың ішкі қажеттілігі; E-экспорт үшін отын-шикізат тауарларына қажеттілік; Q-өзінің минералдық-шикізат секторы есебінен алатын шикізат пен отын; R-қалдықтардан өндірілетін және пайдаланылатын шикізат және отын (қайталама шикізат); I-сыртқы импортпен алынатан минералды-органикалық шикізат.
Егер қазір жаңартылмайтын көздер есебінен бастапқы энергия ресурстарына әлемдік қажеттіліктің шамамен 40 пайызы жабылса, 2020 жылға қарай жаңартылатын энергетика болжам бойынша сұраныстың 20 пайызын қамтамасыз ете алады. Мамандардың болжамы бойынша жаңғырмалы энергия көздерінен алынатын қуат 2020 жылға қарай қарқынды түрде арзандай береді. 2040 жылы күн батареяларынан алынатын энергия қазіргі деңгеймен салыстырғанда 66 % — ға, жел энергиясы 47 %.-ға арзандайды деп күтілуде. Егер бүгінгі күнде жел және күн әлемдік энергия қуатының 5 %-нын құраса, 2040 жылы олар барлық энергияның қажеттілігінің үштен бір бөлігі қамтамасыз етеді деп күтілуде [7].
Ғалымдар мен сарапшылары болжамы бойынша, қазіргі ауа райы үрдістері сақталып отырса 2100 жылға қарай Жер бетінің температурасы 4 градусқа ұлғаюы мүмкін, бұл әлемдік климаттың өзгеруіне, дауыл мен су тасқыны, құрғақшылыққа әкеп соқтыруы мүмкін [8].
БҰҰ климаттың өзгері бойынша Үкіметаралық сарапшылар тобының «КӨҮСТ» бағалауы бойынша климаттың өзгерісінен әлемдік экономикаға келтірілетін нұқсан шамамен $1,5 трлн құрайды. Осыған байланысты сарапшылар әлемдік қоғамдастыққа температураның өсуін кемінде 2 градус деңгейде ұстап тұру үшін күш салуды ұсынады, бұл «жаһандық апаттардың алдын алуға, ауыл шаруашылығы құрылымдарының шығымдылығы төмендеуін болдырмауға мүмкіндік беріп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді» [9]. Әлемдегі жаңғырмалы энергия көздері жұмсалатын инвестицияның басым бөлігі-27,8 %-ы, Қытай және Индияның үлесінде (Сурет 2).
2-сурет. Парниктік газдардың әлемдік эмиссиясындағы мемлекеттердің үлесі,%
Дерек көз: United Nations Statistics Division, Millenium Development Goals indicators: Carbon dioxide emissions (CO2), thousand metric tones of CO2 (Collected by CDIAC).
Бұл күрделі міндетті шешудің пәрменді тетіктерінің бірі — 1997 ж. Киотода әзірленген Жер бетіндегі климаттың ғаламдық жылынуынан парникті газдар (ПГ) шығарындыларын азайтып, оған нарықтық квота саудасы жүйесін енгізу туралы тарихи келісім болды. Киото хаттамасы қолданған соңғы жылдар ішінде бұл құралдар өздерінің шығындыларды азайтуды ынталандыру қабілетін көрсетті. 2015 жылы 195 БҰҰ-ның мүше-мемлекеттері Парижде өткен саммитте қоршаған ортаның температурасын индустриялды кезеңімен салыстырғанға 1,5оС-қа дейін шектеу туралы климаттық келісімге қол қойды. Париж келісімнің маңызы — жаһандық іс-қимыл бойынша климаттың өзгеруінің алдын алу, ұзақ мерзімді перспективаға арналған стратегиясын анықтау болды [10].
Сонымен, осы климаттық келісім — климаттық өзгерістер үшін дамыған және дамушы елдер үшін бірыңғай жауапкершілікті міндеттеді. Және де, егер Киото хаттамасы жауапкершілікті тек дамыған елдерге артаса, Париж келісімі дамушы елдерге де осы бірыңғай жауапкершілікті міндеттеді. Бұл әлемнің экологялық таза энергияға өтуі мен жасыл экономиканың дамуына жол ашады.
Әдебиет:
- Экономическая теория. Учебник под редакцией В. Д. Камаева // М., Издательство: Владос ИМПЭ — 2002. — С. 24–27.
- Байков Н., Безмельницова Г., Гринкевич Р. Перспективы развития мировой энергетики до 2030г. // Мировая экономика и международные отношения. — 2007. — № 5. — С. 19–25.
- Сигов Ю. Кто будет править миром? // «Деловая неделя». — 2007. — 7.12. — С.12.
- Горшков С. П. Цена энергетического комфорта // Энергетика, — 1987. — № 2 — С.6.
- Безруких П. П. О необходимости развития нетрадиционной энергетики // Электрические станции. — 1991.– № 11. — С. 9–14.
- Беккер Н. А. Оценка экономической эффективности использования возобновляемых источников энергии: на примере ветроэнергетики Германии // Дис. канд. эконом. наук. — М., — 2007. — С. 26.
- Зеленая энергетика способна покрыть энергопотребности Украины © Пропозиція — Главный журнал по вопросам агробизнеса. Электронный ресурс: https://propozitsiya.com/
- IPCC: Summary for Policymakers; Climate Change 2014, Mitigation of Climate Change. Электронный ресурс: https://www.ipcc.ch/
- Доклад ООН «Изменение климата -2014: последствия, адаптация, уязвимость», 2013.
- Парижское соглашения: начало нового пути/ Обзор из Парижа № 3.-«Мосты», 14.2015- Электронный ресурс: https://www.ictsd.org/