Қазақстандағы жасыл экономиканың жарқын болашағы | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Библиографическое описание:

Кенешбаев, Б. Ж. Қазақстандағы жасыл экономиканың жарқын болашағы / Б. Ж. Кенешбаев, Камбар Мусабеков. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 17.1 (255.1). — С. 12-14. — URL: https://moluch.ru/archive/255/58577/ (дата обращения: 18.12.2024).



Bloomberg New Energy мәліметтері бойынша 2026 жылдан бастап әлем бойынша көмірді тұтыну қысқарып, атмосфераны көмір қышқыл газымен ластануы төмендейді деп күтілуде [1].

Париж Саммитінде Қазақстан жаһандық климаттың өзгеру қарқынын азайту мақсатында, парниктік газдар шығарындыларын 2030 жылға дейін 1990 жылдың деңгейінен көлемінен 15 %-ға төмендетуге және 25 %-ға шартты мақсатта шектеуді қамтамасыз етуге міндеттеме алды. 2030 жылға қарай Қазақстан шығарылатын СО2 көлемін 330 миллион тоннадан асырмауы керек. Осы міндеттемені жүзеге асыру аясында елімізде парник газдарын шығаруды азайтуға ықпал ететін жобаларды қолдау, қалдықтар шығаруға квотаны сату, «жасыл» қаржы нарығын дамыту сынды шаралар қолға алынуда. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін энергия көздерін әртараптандыру іс-шараларын келесі бағыттар бойынша жоспарлауда: энергияның жаңартылатын көздерін дамыту, энергия тиімділігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, қоршаған ортаға антропогендік жүктемені азайту. Бұл пәрменді тетіктердің бірі көміртекті төмен жасыл экономикаға көшу.

Қазақстанда 2009 жылы ТМД елдерінде бірінші болып «Жанғырмалы энергия көздерін дамытуды қолдау туралы» арнайы заң қабылдап, оған қол жеткізудің нақты мақсатты индикаторлары мен атқарылатын шараларын айқындады. Ел экономикасының дамуының «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы өткен «ЭКСПО-2017» көрмесі қуатты серпіліс берді. Көрмеде ғылым мен техниканың баламалы энергия көздерінің үздік әлемдік жетістіктері ұсынылды. Көптеген қазақстандықтар осы зманауи қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алды.

Қазақстандағы дәстүрлі емес энергия көздерінің әлеуеті елдегі электр тұтыну мөлшерінен айтарлықтай асып түседі. Елімізде жан басына шаққанда балама энергия ресурстары бойынша әлемде бірінші орынды алады, оның ішінде жел энергиясының әлеуеті жылына 1820 млрд. кВт-сағат деңгейінде бағаланады. Қазақстан күн және жел энергетикасын дамытуға қолайлы елдердің бірі болып табылады. Жел энергетикасының тиімділі еуропалық одақ елдерімен салыстырғанда екі есе тиімді. Күн энергетикасы жөнінен әлемнің ең үздік аймақтарымен теңдесе алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңғырмалы энергия өндіретін 65 нысан, нақты айтқанда 12 жел стансасы, 19 күн стансасы, 33 гидроэлектрстанса, 1 биогаз қондырғысы жұмыс істеп тұр.Соның арқасында Париж келісімі бойынша міндеттемелерді орындауға мүмкіндік артып келеді. Өткен жылдың қорытындысына көз жүгіртсек, пайдаланылған энергия ресурстарының 68 проценттен астамы көмірден 20 проценттен астамы газдан алыныпты. Гидроэлектрастансалардан алынған энергияның үлесі 10 процент шамасында.Алайда республикасындағы экологиялық жағдай күрделі проблема күйінде қалып отыр. Қазақстанда 1 доллар жалпы ішкі өнімғе 500 грамм табиғи қазба отын жұмсалады. Бұл көрсеткіш дамыған елдерге қарағанда бес есе көп. Ал жалпы ішкі өнімнің бірлігіне парниктік газдардың шығарындылары бойынша Қазақстан көрші елдерге қарағанда екі есе көп. Осы деңгейде парниктік газдар шығарындыларын төмендету үшін жаңа технологияларды енгізу саласындағы Қазақстанның әлеуеті жеткілікті. Бұл, біріншіден, адами капитал: БҰҰ-ның соңғы мәліметі бойынша, республика халқының 70 %-ы білімді, еңбекке қабілетті. Екіншіден, Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуеті. Үшіншден, елде жаңғырмалы энергетика белсенді дамуы [2].

Жасыл экономика — бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика. Ол табиғи ресурстарды «табиғи капитал» ретінде қарастырады. Жасыл экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. Жасыл экономика климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді. Сонымен Жасыл экономика бұл — Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін табиғи шикізат қорларын тиімді және рационалды қолдану арқылы тұрғындардың әл-ауқатының артуына жеткізетін табысты экономика болып табылады. Электр және жылу энергиясының генерациясы, газ өндіру, су ресурстарын пайдалану, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, өнеркәсіп қалдықтарын басқару мен тұтыну, көлік және жол инфрақұрылымы жасыл экономиканың негізгі секторлары болып саналады. Жасыл экономикаға көшу тиімділігінің бірнеше факторы бар. «Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және ішкі жалпы өнімнің өсімін, елдің табыстарын ұлғайтуға, елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді. Қазақстанның «Жасыл» экономикаға көшу конвенциясында көрсетілгендей, еліміздің баламалы энергияның үлесі 2020 жылға қарай 3 %, 2030 жылы-30 %, 2050 жылы 50 пайызға жетуі керек. Халықаралық сараптама бойынша, жасыл жобаларға салынған инвестицияның 2/3-і өзін-өзі ақтаса, 1/3-і бес жыл көлемінде шығынсыз деңгейге қол жеткізеді. Энергия тиімділігінің артуына қарай инвестицияның тиімділігі 50 пайызды құрайды, оның өзін-өзі ақтау мерзімі екі –үш жылдан аспайды.

2012 жылы Қазақстанда парниктік газдар шығарындыларына квота бөлудің бірінші Ұлттық жоспары қабылданды. Ұлттық жоспарға сәйкес 2014–2015 жылдарға арналған квотаның бөлінетін бірлік саны 2014 жылға арналған базалық желінің 0 %-ы мөлшеріндегі және 2015 жылға арналған базалық желінің 1,5-ы мөлшеріндегі көміртек қос тотығының шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерді ескере отырып есептелген (1-сурет).

Еуропалық тәжірибені назарға ала отырып Қазақстан өзінің ұлттық көміртегі нарығын-қалдықтарды саудалау жүйесін жолға қойды. Бұл жүйе парник газдарын шығаруды реттеп отыруға және көміртегі аз шығатын технологияларды дамытуды қолдауға, жаңғырмалы энергия көздерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

1-сурет.2014–2015 жылдарға арналған парниктік газдар шығарындыларына квота бөлу

2013 жылы ел үшін стратегиялық құжат — Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі жөніндегі Тұжырымдама қабылданды. Тұжырымдамада шығарындылардың негізгі көлемі тиесілі секторлар айқындалды: олар қазба отынды-көмір, электр энергетикасы, тау-кен және көлік саласы. Сондай-ақ онда Қазақстанда негізгі парниктік газдарға: көміртек диоксиді ( 78,23 %, метан — 17,72 %, азот қышқылы () — 3,26 % жататыны көрсетілді. Гидрофтор көміртек (ГФУ) және перфтор көміртек (ПФУ) парниктік газдардың жалпы эмиссиясында бірігіп, 0,84 %-ды құрайды [3].

Сонымен қатар Ұлттық жоспар шеңберінде қазақстандық компаниялар әр жылдың квоталарын пайдалана отырып немесе керісінше келесі жылға жинақтай алады. Бір жағынан мұндай шаралар квоталар бағасын іркілістер мен құлдыраулардан сақтандыра отырып, тұрақтандырады. Екінші жағынан — кәсіпорындар шығарындыларды азайтуға арналған бүгінгі және келешектегі шығындарын барынша азайтуға мүмкіндік беретін бизнес-стратегия жасай алады. Жалпы алғанда, қазақстандық кәсіпорындардың шығарындыларға квота сатуға қатысу ұлттық экономиканы ұзақ мерзімді келешектегі кен тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал жасайды. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының және республиканың бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруінің негізіне салынған қағидаттар табысты іске асырылуда. Елдің 2020 жылға дейінгі жаңа индустриялық бағдарламасын қабылдау энергия ресурстарын пайдаланудың энергия тиімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Жасыл экономика бұл күрделі сұрақтардың басты шешімі болып табылып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жарқын болашағының негізі болып табылады. Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және ішкі жалпы өнімнің өсімін, елдің табыстарын ұлғайтуды қамтамасыз етеді. Оны дамыту арқылы зиянды қалдықтардың ауаға таратуға, табиғи қорларды үнемдеп тұтыну, энергия тиімділігін арттыруға қол жеткізуге болады. Сарапшылардың бағалауы бойынша, болашақта жасыл энергия әлеуеті Қазақстан экономикасына шамамен 30 % — ға энергия тұтыну қамтамасыз етеді[4].

Әдебиет:

  1. Согласно отчету Bloomberg New Energy Finance за 2017г. Электронный ресурс: www.bloomberg.com–
  2. Парижское климтическое соглашение: особенности и перспективы для Республики Казахстан.-Астана-2016.
  3. Концепция по переходу Республики Казахтан к «зеленой экономике». –Астана, 2013
  4. Сырлыбаева Б. Энергосбережение как вектор развития энергетики Казахстана: европейский опыт// Analytic Информационно аналитический журнал. 2011/3 (61), С.121–125
  5. Кайсарбекова Б.Т. Доклад на тему “ЭКСПО-2017” Халықаралық көрмесі: маңыздылығы, экономикалық тиімділігі және келешекке көзқарас» // Дар учителя. Казахстанский интернет-журнал. URL: http://dar-uchitelya.ru/?p=2204
Основные термины (генерируются автоматически): энергия, экономика, Париж.


Задать вопрос