Интернет ортада жоғары оқу орны студенттерінің өзіндік оқу-танымдық әрекетін ұйымдастырудың зерттелуі | Статья в журнале «Молодой ученый»

Отправьте статью сегодня! Журнал выйдет 28 декабря, печатный экземпляр отправим 1 января.

Опубликовать статью в журнале

Авторы: ,

Рубрика: Молодой ученый Қазақстан

Опубликовано в Молодой учёный №24 (262) июнь 2019 г.

Дата публикации: 14.06.2019

Статья просмотрена: 22 раза

Библиографическое описание:

Агбаева, У. Б. Интернет ортада жоғары оқу орны студенттерінің өзіндік оқу-танымдық әрекетін ұйымдастырудың зерттелуі / У. Б. Агбаева, Ш. М. Садуанова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 24 (262). — С. 515-517. — URL: https://moluch.ru/archive/262/60575/ (дата обращения: 18.12.2024).



В статье рассматривается актуальная проблема выстраивания процесса самостоятельной работы студентов вуза с использованием Интернет-ресурсов. Анализируются различные подходы и методики, а также определяются условия их успешной реализации.

Ключевые слова: самостоятельная работа обучающихся, обратная связь, самостоятельная работа, учебный процесс, контроль знаний, процесс обучения, текущий контроль, итоговый контроль, самостоятельная учебно-познавательная деятельность, творческая деятельность.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орны студенттерінің өзіндік оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру үдерісін кешенді, терең жүргізу проблемасы кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы ғалымдарының назарын өзіне аударуда. Кеңес заманының ғалымдары мен қоғам қайраткерлерінің өзіндік оқу-танымдық әрекет мәселесі терең педагогикалық зерттеулер пәні болып табылады. Онымен, М. А. Данилов, Р. Г. Лернер, М. И. Мазмутов, М. Н. Скаткин, И. Ф. Харламов, Т. И. Шамова, Г. И. Щукина, А. Х. Аренова еңбектерінде қарастырылған.

Өзіндік жұмыс дағдылары мен біліктерін қалыптастыру, өзіндік әрекеттің психологиялық құрылымы Л. С. Выготскийдің, П. Я. Гальпериннің, Е. Н. Кобанова-Меллердің, А. М. Матюшкиннің, Н. А. Меньчинскийдің, Ю. А. Самариннің, Н. Ф. Талызинаның еңбектерінде зерттелген.

Интернет ортада білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен оны бақылау мәселесі бойынша жарияланған еңбектерге талдау жасау осы сала бойынша қазіргі зерттеулердің негізгі бағыттарын ерекшелеп көрсетуге мүмкіндік береді. Авторлар жоғары оқу орнындағы аудиториялық сабақтардағы бақылау құрылымының дидактикалық негіздерін, интернет ортада білім алушылардың өзіндік жұмысына бақылауды ұйымдастыру мен өткізудің педагогикалық негіздері зерттелініп жатыр.

Сонымен қатар білім алушылардың білімін ағымдық бақылаудың білім берушілік және дамытушылық қызметтерін күшейту мүмкіндіктері де зерттелінуде. Интернет ортада білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен бақылаудың, білімді бақылаудың, жеке пәндер бойынша білімді бақылаудың, білім алушылардың тұлғалық жетістіктерін бақылаудың кешенді жүйесі қалыптастырылуда және негізделуде. Кейбір зерттеулерде білімді бақылау оқу үдерісін басқару аспектісінде қарастырылады, ал білімді бақылау мен диагностикалау жүйесі ің оқу үлгірімін басқарудың негізі ретінде болады.

Ю. К. Бабанский оқу үдерісінің тиімділігі жайлы мәліметтерді алу үшін бақылаудың қажеттілігі жайлы айтады. Автор бақылауды кері байланыстың орнауын қамтамасыз ететін, оқыту барысын жылдам реттеуге және түзетуге, жаңа нақтыланған міндеттерді қоюға мүмкіндік беретін оқыту үдерісінің ажырамас бөлігі деген тұжырым жасайды [1].

С. И. Архангельский, Ю. К. Бабанский, И. И. Клявин, И. Л. Наумченко, В. М. Полонскй және т. б. еңбектерін қорытындылай отырып интернет ортада білім алушылардың өзіндік жұмысын бақылаудың келесі атқаратын қызметтерін атап көрсетеміз:

− білім алушылардың меңгерген білімдерін және оларды тәжірибе жүзінде пайдалана алуын тіркеу;

− оқытудың шынайы және жоспарланған жай–күйі арасындағы сәйкессіздікті анықтау және оқытудың аталған негізінде түзету;

− білімді меңгеруді кемшіліктерді анықтап, жоюға, сонымен қатар білім алушылардың өзіндік жұмыстың ұйымдпастырудағы кемшін тұстарын анықтауға, оқу үдерісінің қарқыны мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді;

− бақылау үдерісінде студенттерді оқыту (оқыған материалын қайталу, қорытындылау, тереңдету, пайымдау, білімдерін өзгерген жағдайда пайдалана білу, пәнішілік және пәнаралық байланыстарды орнату, оқыған материалдарының бүкіл курстағы орны мен рөлін бағалау және т. с.с.);

− интернет ортада студенттерді дамыту (бақылау процедурасы барысындағы психологиялық ұтқырлығы, ой еңбегін тиімді ұйымдастыру, зейінді тереңдету, есті жаттықтыру, ерікті тәрбиелеу, суыққандылық, өзін–өзі бақылау дағдыларын дамыту және т. с.с.);

− интернет ортада студенттерді өзіндік жұмысқа ынталандыру, оқытушылардың тапсырмаларын жүйелі орындауға үйрету, берілген мерзімде белгілі бір білімдер, біліктер және дағдыларды меңгеріп алуға машықтандыру.

Көріп отырғанымыздай бақылау түрлерінің атаулары мен саны әр түрлі болғанымен олардың ұқсастығы басым болып келеді. Сонымен қатар бақылаудың типтері, әдістері мен формалары да айқындалып отыр. Типі бойынша бақылауды дәстүрлі және модернизацияланған (техникалық құралдардың көмегімен, викториналық, тесттік, іскерлік ойын және т. б.) (И. И. Кобыляцкий) деп бөледі.

Жоғары оқу орнында білім беру тәжірибесінде интернет ортада білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру барысында алдын-ала, ағымдық және қорытынды бақылауды пайдаланған жөн.

Интернет ортада студенттерді даярлау барысында ағымдық және қорытынды бақылауды ұйымдастырудың жалпы талаптары С. И. Архангельский, Е. Л. Белкин, Н. Ф. Талязина, И. И. Клявинь, В. Я. Ляудис, Н. Н. Симонова, Л. М. Фридман және т. б. еңбектерінде талқыланған болатын.

Аталған зерттеулердің негізінде білім алушылардың өзіндік жұмысын бақылау қызметін табысты жүзеге асырудың шарттарын анықтадық:

− объективтілік;

− шынайылық;

− талаптардың бірлігі;

− жекелік және дербестілік;

− жоспарлылық және жүйелілік;

− толықтығы және жан-жақтылық;

− бақылауды жүргізуді ұйымдастыру мен ұйымдастыру формаларының жеңілдігі (оқытушы мен студенттің жұмсайтын уақытын барынша азайту), бақылау процедураларын іске асыру үшін қолайлы уақытты таңдау;

− білім алушылардың білімдері мен икемділіктеріне қойылатын талаптарды біртіндеп, бірізді арттыру;

− оқытушының бақылау жүргізу барысындағы жағымды мінез-құлқы.

Ағымдық бақылау интернет ортада білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Оның мақсаты — кері байланыс орнату, үнемі қол жеткізген нәтижелерді және оқыту жүйесі қызметінің тиімділігі анықтау мен оның негізінде алынған нәтижелерді түзету.

Біз білетіндей кері байланыстың екі ұғымы бар. Біріншісі — үдерістің өзіне кері ықпал жасауы. Үдеріс өзгере отырып сыртқы ортаны өзгеріске түсіреді, үдерістің өзіне ықпал етеді. Екіншісі — басқару үдерісінің барысы жайлы мәліметтерді алу болып табылады.

Оқыту үдерісіне, жалпы интернет ортада білім алушылардың өзіндік жұмысына қатысты екінші берілген мағынадағы кері байланыс ұғымын пайдаланған жөн [2].

Н. Ф. Талызинаның жетекшілігімен жүргізілген зерттеулер эксперименттік мәліметтер бойынша ағымдық бақылауды ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқындауға мүмкіндік берді:

− үдерісті меңгерудің алғашқы кезеңдерінде бақылау жеке операция түрінде іске асырылуы тиіс;

− ауызша жұмыс кезеңінде бақылау әр орындалған тапсырма бойынша жүйелі жүрігізіліп отырылады;

− білімді меңгеру бақылауды кімнің жүргізгеніне байланысты болмайды. бақылаудың жаңалығы мен жарыс түрінде жүргізілуі (жұппен жұмыс жасау, өзара бақылау) жағымды оқу мотивациясын қалыптастыруға ықпалын тигізеді [3].

Жоғары оқу орнының оқу үдерісінде ағымдық бақылау аудиториялық (дәрістік, семинар, практикалық және лабораториялық сабақтар, топтық және жеке кеңес берулер, т.с.с.) және аудиториядан тыс жұмыстардың (мысалы, педагогикалық практика) барлық түрлерімен, сонымен қатар білім алушылардың өзіндік жұмысымен тығыз байланысты.

Адам іс-әрекетінің кез-келген түрі сияқты интернет ортада білім алушылардың өзіндік жұмысында әлеуметтік еңбектің үш түрі көрініс тапқан:

− алғаш пайда болған және шынайы жағдайды өзгертуге әкелетін жеке шығармашылық (өнімді);

− қоғамдағы барлық жағымды құбылыстарды сақтауға және қайта қалпына келтіруге бағытталған өндіру, жасау іс-әрекетінің элементтері (репродуктивті);

− жағымсыз дәстүрлер мен стереотиптерді бекіту, өзгерген жағдайға сәйкес келмейтін қандай да ескірген нәрсені қайталу, жалғандық пен имитацияға итермелейтін формализм [4].

Шығармашылық іс-әрекетте пайдалы продуктивті (өнімді) элементтермен қатар, репродуктивті компоненттер бар, ал әбден тапталған стереотиптер жоқтың қасы деп айтуға болады. Ал шығармашылық емес іс-әрекетте репродуктивті компоненттер бар, ал стереотиптер басым болады.

Жоғарыда қозғалған мәселелердің барлығы егер интернет ортада студент өзіндік жұмыс барысында жасампаздық та, қайта құрушылық та әрекет етуді талап ететін тапсырмаларды орындайтын болса, онда болашақ педагогтардың кәсіби даярлығының тиімділігін арттыруға болатынының айғағы болып отырғландығыян көрсетеді. Бақылау процедураларын іріктеу студенттің өзіндік жұмыс барысындағы танымдық іс-әрекетінің сипатын ескере отырылып жүргізіледі. Нақты бір пәнді оқытуда интернет ортада білім алушылардың өзіндік жұмысын жүйесін қалыптастыру барысында жоғарыда айтылған мәселелерді ескеру қажет екендігі анық.

Әдебиет:

  1. Бабанский Ю. К. Избранные педагогические труды/ Акаде.пед.наук СССР. — М.: Педагогика, 1989.-558с.
  2. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В. А. Сластенин, И. Ф. Исаев, А. И. Мищенко, Е. Н. Шиянов. — М.: Школа-Пресс, 1997.
  3. Талызина Н. Ф. Управление процессом усвоения знаний / М.: Академия, 2003. — 288с.
  4. Жампеисова Корлан Кабыкеновна. К вопросу о проблеме качества педобразования в высшей школе — Алматы. 2004.
Основные термины (генерируются автоматически): мена, интернет.


Похожие статьи

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың өзектілігі

Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Похожие статьи

Жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру

Қызылорда облысының орталық аудандарында күздік бидай сорттарының себу тәсілдерінің өнімділікке әсері

Интербелсенді әдістермен оқытудың білім алушыларға қалыптастыратын әсері

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өзіндік жұмыстары арқылы танымдық біліктерін қалыптастырудағы негізгі бағдар

Тұлғаға бағдарлану тұғырының мектеп жасына дейінгі балалардың еңбек іс-әрекеті субъектісі ретінде тәжірибесін қалыптастыруға әсері

Әдебиеттік оқу пәнінде қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларына адамгершіллік тәрбиені қалыптастыру

Іс әрекеттегі зерттеу: Химия сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану 9-сынып оқушыларының зерттеу дағдыларының дамуына қалай әсер етеді?

Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастырудың өзектілігі

Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде

Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

Задать вопрос